Отын-энергетика кешенінің индустриалды-инновациялық кәсіпорындарының географиясы
2010 жылға Қазақстан Республикасының мұнай өндіретін саласының кәсіпорнының географиясында мұнай мен газ конденсатын өндіру 2,9 трлн. Теңгеден сәл асты, оның ішінде шикі мұнайды шығару көлемі 2888,3 млрд. теңге, газ конденсатын шығару көлемі 22,2 млрд. теңге құрады.
Жоспарлы шығаруға «Теңізшевройл», «ҚуатАмлонМұнай», АйданМұнай», «СаутсОйл», «Маерск Ойл» және «Бозашы Оперейтинг» ЖШС секілді кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілген.
Қашаған кен орнын игеру географиясының кеңеюі жалғасын табуда. Құрманғазы, Түп-Қараған, Аташ, Жамбай, Оңтүстік-Оңтүстік Забурунье, Жемчужины теңіз жобаларында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан мұнайын шығарудың жоспарланып отырған өсуін және Каспий шельфінде жаңа кен орындарының ашылу географиясының кеңеюін ескере отырып, қазақстандық көмірсутек шикізатын әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін мұнай-көлік инфрақұрылымын дамытуға орасан зор мән беріліп отыр. Мұнай ресурстарын пайдаланудың тиімді болу мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ түріндегі Қазақстан жағы қазақстан мұнайын тасымалдау үшін ең тартымды бағыттарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл ретте мұнай экспортының қуаттылықтарын және бағытын дамыту мұнай шығару мен ішкі тұтынудың келешектегі көлемдеріне, транизттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың бар-жоқтығына, сұраныс деңгейіне және тұтынудың әлемдік нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуге тиіс.
Бұл кезде 2009 жылғы ішкі нарықтағы қазақстандық өнімдердің үлесі 62,3% құрады.
Аталған өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші соңғы 5 жыл бойына оң болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ келесі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп отыр:
- Каспий Құбыр Консорциумының мұнай құбырының географиясын кезең-кезеңмен кеңейту;
- Қазақстан – Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру;
- Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбырына қоса отырып, Қазақстанның Каспийлік Тасымалдау жүйесін құру.
Мұнайды қайта өңдеу көлемдерінің өсуін қамтамасыз ету қазақстандық инновациялық технологиялардың мұнай өңдейтін заводтарында жүзеге асырылады.
Экспорт пен импорттың динамикасы 2005 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде тұрақты өсуімен сипатталады, бұл ретте 2009 жылы құлдырау байқалды. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |