1.
|
Билік органы
|
Жер қатынастар басқармасы, Петропавл қ. және аудандар жер қатынасы бөлімдері, ауылдық округ әкімдері
|
2.
|
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру
|
1.Мемлекеттік корпорация
2."электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3.
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Жеке және заңды тұлға
|
4.
|
Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі
|
Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні
|
5.
|
Төлем
|
Ақылы
|
6.
|
Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
|
Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есеп айырысу шотына, нысан бойынша ақы төлеу мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) беретін Мемлекеттік корпорация филиалының ғимаратындағы кассаларда қолма-қол ақшасыз аудару нысанында жүзеге асырылады
|
7.
|
Құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1-кезең:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталға:
1-кезең:
1) нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
түпкілікті жер таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды
|
8.
|
Өтініштер үлгісі
|
|
9.
|
Корсетілетін қызмет нәтижелері
|
Жер-кадастр жоспарын және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім
|
10.
|
Бас тарту үшін негіз
|
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаса;
6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі негіз болады
|
11.
|
Шағым жасау
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі
|
12.
|
Консультация
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
|