Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет19/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Дүниежүзілік энергетиканың дамуының географиялық аспектілері
Отын мен қуатты әлемдік өндіру мен тұтынудың анық байқалатын географиялық аспектілері, аймақтық айырмашылықтары да бар. Осындай айырмашылықтардың бірінші сызығы экономикалық жағынан дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдер арасында, екінші сызығы – ірі аймақтар арасында, үшінші сызығы - әлемнің жекелеген мемлекеттері арасында өтеді.
Отын мен қуатты әлемдік өндіру мен тұтынудағы Солтүстік пен Оңтүстік елдерінің ара қатынасы соңғы уақытта елеулі өзгерді. Солтүстіктің Оңтүстіктен басымдығы біртіндеп азая бастады, мұны келесі мәліметтер куәландырып отыр. Мәселен энергоресурстарды өндіру мен тұтыну мәселесінде, 1990 жылдың басында «Экономикалық дамыған елдердің» оның үлесі 40%, тұтынудағы 64% болса, ал 2000 жылдардың соңында бұл көрсеткіштер 33% және 55 %-ке сәйкестілікке дейін кеміген.
Осы көрсеткіштерді талдау негізінде екі маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Біріншіден, 90-жылдардың басына қарай-ақ қуат көздерін өндірудің абсолюттік өлшемдері бойынша Оңтүстік елдерінің Солтүстік елдерінен асып түскендігінен тұрады, бұл ретте одан әрі осы басымдық арта түсті және ХХІ ғасырдың басында арта беретін де болады. Бұл бір жағынан Оңтүстік елдерінің өзінде отын мен қуатты арта түскен тұтынумен, екінші жағынан – олардың Солтүстік елдерінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруда ойнаған және ойнауын жалғастырып отырған рөлімен түсіндіріледі. Оңтүстік елдерін де, Солтүстік елдерін де баяғыдан бері дамып келе жатқан елдерден дамыған елдерге осылар бойынша қуат ресурстары жеткізілетін қуатты және жалпы алғанда айтарлықтай тұрақты энергетикалық «көпірлер» байланыстырып тұрғандығы кездейсоқтық емес; бірінші кезекте мұның, әрине, мұнайға қатысы бар.
Екінші қорытынды, бастапқы энергетикалық ресурстарды тұтынудағы Солтүстік пен Оңтүстік елдерінің ара қатынасының да біртіндеп өзгеріп отырғандығынан тұрады: 1990 жылдың өзінде-ақ ол 64:36 құрады, ал есептеулер бойынша, 2015 жылға қарай енді 50:50-ге жетеді. Бұл уақыттың аталған кезеңінде бастапқы энергетикалық ресурстарды тұтынудың абсолюттік көлемдері дамып келе жатқан елдерде шамамен 2,4 есе өседі дегенді білдіреді. Оңтүстік елдеріндегі осындай «энергетикалық шу» бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олардың арасында экономикалық өсудің осы елдердегі (әсіресе, кейбір Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріндегі, жаңа индустриалды елдердегі) және ОПЕК-ке мүше елдердегі жоғарырақ қарқындарын, оларда өнеркәсіптің қуатты көп қажет ететін негізгі салаларының дамуын, қуатты көп қажет ететін технологиялардың енгізілуін, қазіргі инфрақұрылымның құрылуын атауымызға болады.
Отын мен қуатты тұтынудағы әлемнің ірі аймақтарының ара қатынасы да соңғы онжылдықтар ішінде айтарлықтай өзгерді. 80 жылдың өзінде-ақ осы көрсеткіш бойынша бірінші орынды Солтүстік Америка, екінші орынды – шетелдік Еуропа, үшінші орынды – шетелдік Азия, төртінші орынды – КСРО алып отырды, әрі қарай Латын Америкасы, Африка және Океаниямен бірге Австралия келе жатты. Бұл ретте, әрине, осы аймақтардың әрқайсысында қуат көздерін пайдалану құрылымының өз өзгешелігі бар екендігін көкейде ұстау қажет. Мысалға, шетелдік Еуропаның, Солтүстік Американың, Африканың қуат тұтынуында (40-45%) және одан да көп дәрежеде Латын Америкасының (60%-дан аса) қуат тұтынуында бірінші орынды мұнай алып отыр, Аустралияда бірінші орында көмір, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде – табиғи газ тұр. Осы құрылымда екінші орынды шетелдік Еуропада, Африка мен Аустралияда көмір, Солтүстік Америка мен Латын Америкасында – табиғи газ, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде – мұнай алып отыр.
Енді әлемнің жекелеген елдерінде бастапқы энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтыну туралы мәліметтерге жүгінейік. Бұл жағдайда ең көп қызығушылыққа отын мен қуатты аса ірі өндірушілермен және тұтынушылармен танысу ие болып отыр. Аса ірі өндірушілер туралы түсінікте
Бұл жерде талдаған кезде өндіруші елдердің тізіміне Батыс елдерінің «үлкен жетілігінің» бес мемлекетінің, дамушы әлемнің тоғыз ірі мұнай шығаратын елінің, сонымен қатар Ресейдің, Қытайдың, Үндістанның, Аустралияның, Оңтүстік Африка Республикасының және Норвегияның кіретіндігі назар аударады. Осы жиырма елден кейін Жапония, Польша, Нидерланды, Украина, Қазақстан, Ливия, Аргентина, Бразилия, Корей Халық Демократиялық Республикасы және Малайзия келе жатқандығын қоса айталық.
Осылай деп күтуге болатынындай, отын мен қуатты тұтынудың абсолюттік көлемдерінің көрсеткіші бойынша елдердің кезектілігін анықтаған кезде олардың белгілі бір тәртібі біршама өзгеше болып шығады
Бұл жерде «үлкен жетіліктің» барлық елдерінің, негізгі дамушы елдер деп аталатындардың (Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика), жаңа индустриалды елдерден - Корей Республикасы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен – Ресей мен Украина, сонымен қатар әлемнің әртүрлі аймақтарында орналасқан тағы бірнеше мемлекеттің кездесетіндігін анықтау қиынға соқпайды. Осы жиырма елден кейін Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка Республикасы, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Венесуэла, Таиланд, Түркия, Қазақстан, Аргентина және т.б. келе жатыр.
Осылар жекелеген елдер арасындағы өте үлкен айырмашылықтар туралы куәландырып тұрған, отын мен қуатты жан басына шаққандағы тұтыну туралы мәліметтер одан да көбірек қызығушылық тудырады (65 сурет). Жан басына шаққандағы өте жоғары тұтыну бар топқа Америка Құрама Штаттары, Канада, Аустралия, Шығыс Еуропа елдерінің жартысы, кейбір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері кіреді. Жан басына шаққандағы жоғары және орташа қуат тұтыну бар топта Еуропаның қалған елдері, Латын Америкасы елдері, сонымен қатар Азия мен Африканың аздаған елі орналасқан. Жан басына шаққанда төмен қуат пен отын тұтыну бар елдер тобында Азия елдері басым, бірақ олардың арасында Африка елдері де бар.
Ақыр соңында, жан басына шаққанда отын мен қуатты өте аз тұтынатын елдер тобына, осыны күтуге болатынындай, көбінесе тропиктік Африка елдері кіреді. Осы мазмұн бойынша топшыласақ, осы бір аса маңызды көрсеткіш бойынша айырмашылықтардың диапазоны шын мәнінде орасан зор: Америка Құрама Штаттарындағы жан басына шаққандағы 11 300 кг-нан Чадтағы жан басына шаққандағы 7 кг дейін. Бірақ іс жүзінде бұл айырмашылықтар одан да зор, өйткені мұнай шығаратын шағын елдерде жан басына шаққанда қуат тұтыну көрсеткіштері Америка Құрама Штаттарына қарағанда одан да жоғары болып шығады: Катарда ол 35 мың кг-ға, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Бахрейнде, Кувейтте және Брунейде жан басына шаққанда 11-17 мың кг шартты отынға жетеді.
Қуат көздерін негізгі экспорттаушылар мен импорттаушылар туралы түсініктер біршама толық мектеп географиясын береді.
Отын мен қуатты экспорттаушы жетекші елдердің арасында мұнайды экспорттаушылардың басым болып отырғандығын және тек Аустралия (ішінара сонымен қатар Канада мен Ресей де) ғана отынның басқа түрлерін де экспорттайтындығын байқау қиын емес. Он жетекші импорттаушы елдердің арасында қуат ресурстарын импорттауға тәуелді, Батыстың жоғары дамыған елдері басым болып келеді.
ТМД елдері, оның ішінде Ресей Кеңестер Одағынан өте қуатты отын-энергетика кешенін мирасқа алды, алайда, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында елдегі бастапқы энергетикалық ресурстарды өндіру ¼ бөліктен есе азайды. Бір мезгілде бастапқы энергетикалық ресурстарды өндіру құрылымы өзгерді, мұнда көмір мен мұнайдың үлестері азайды және табиғи газдың 50%-дан асып түскен үлесі артты. Осындай төмендеуге қарамастан, мамандардың пікірінше, Ресейдің отын-энергетика кешені реформа жылдарында да ел экономикасының ең тұрақты дерлік секторы болып қалуда. Онымен қоймай, оның жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 1991 жылғы 11-12%-дан 90 жылдардың екінші жартысындағы 30%-ға дейін арта түсті. Ресейдің қолынан сондай-ақ отынның әлемдік нарығындағы өзінің бұрынғы орындарының бір бөлігін сақтап қалу келді: дәл осы отын-энергетика кешені елдің бүкіл валюта түсімдерінің 40%-ына дейінін (жылына 30-40 млрд доллар) береді. Ресей Федерациясының «Отын және энергетика министрлігінің» болжамына сәйкес, қолайлы жағдайлар болған кезде 2020 жылға қарай елдегі мұнай шығару 350 млн тоннаға дейін, көмір шығару – 400 млн тоннаға дейін, ал табиғи газ шығару – 750 млрд м3 дейін артуы мүмкін.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау