Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет13/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Табиғи газды бүкіләлемдік саудалау. Газ шығару саласының географиясындағы өзгерістер осы шикізатты әлемдік саудалауда өзгерістер туғызуда. Бірақ, мұнай ағындарынан ерекшелігі, табиғи газдың экспорттық ағындары көбіне көп аймақ ішілік болып табылады. Газ құбырлары бойынша (үлкен қысым астында үлкен диаметрдегі құбырларда), сондай-ақ қойылтылған күйінде арнайы танкерлерде (газгольдерлерде) су жолымен тасымалданады. Оның үстіне экспортталатын газдың негізгі бөлігі газ құбырлары бойынша жүреді.
Газ құбырларының ұзақтығы жылдам артып отыр және бүгінгі күні әлемде 900 мың км жуық құрайды. Тек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларында ғана магистральды газ құбырларының ұзақтығы шамамен алғанда 140 мың км құрайды (оның ішінде 80 мың км – Ресей бойынша). Ресейден табиғи газ Балтия мемлекеттеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне және іс жүзінде Шығыс Еуропаның барлық дерлік елдеріне (Албаниядан өзге), сонымен қатар Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне (Германия Федеративтік республикасына, Австрияға, Италияға, Францияға, Грекияға, Финляндияға) тасымалданады.
Ірі мемлекетаралық газ құбырлары сонымен қатар Солтүстік Америкада (Канада мен Америка Құрама Штаттары арасында) және Батыс Еуропада ( мысалға, аса ірі голланд кен орны Гронингеннен Германия Федеративтік республикасы мен Швейцария аумағы арқылы Италияға; Солтүстік теңіздің норвегиялық секторының кен орнынан Германия Федеративтік республикасына, Бельгияға және Францияға) газ тасымалдайды. 1982 жылдан бастап Алжирден Тунис арқылы және одан әрі қарай Жерорта теңізінің түбі бойынша Италияға газ тасымалдайтын газ құбыры жұмыс істеп келеді).
Ресей шикізаттың осы түрінің әлемдегі ең ірі экспорттаушысы болып табылады. Ресей газының Батыс Еуропаға теңіз көлігімен қойылтылған түрде жеткізілетін, Алжирден және Таяу Шығыс елдерінен әкелінген шикізатқа қарағанда, төменірек өзіндік құны бар.
1964 жылдан бастап табиғи газды қойылтылған күйінде экспорттай бастады және сол кезден бастап арнайы газ аситын танкерлерді – газгольдер кемелерді пайдалана отырып, қойылтылған табиғи газды мемлекетаралық теңізбен тасымалдаулар өсіп келеді (экспорттың 1/4-і). Әзірге қымбат тұратын, қойылтылған табиғи газды сату жылдам қарқынмен дамуда. Қойылтылған табиғи газдың ірі экспорттаушылары болып бүгінгі күні Индонезия, Алжир, Малайзия, Австралия, БАӘ (Абу-Даби), ал ірі импорттаушылар болып – Жапония (2/3-ке жуық), Корей Республикасы, Тайвань аралы табылады. Болжамдарға сәйкес, қойылтылған табиғи газды тұтыну жуырдағы 10-15 жылда екі еселенеді, десек, оның жүк ағыны арта түсетін болады.
Жалпы алғанымызда, табиғи газдың әлемдік экспорты (құбырлар бойынша және қойылтылған түрінде) 2006 жылы 7000 млрд м3 асып түсті (бұрынғы КСРО республикаларындағы аймақ ішіндегі жеткізілімдерді ескере отырып). Әлемдегі табиғи газдың аса ірі экспорттаушылары Ресей (30%-ға жуығы), Канада, Алжир, Норвегия, Нидерланды, Түрікмения, Индонезия табылады.
Дүниежүзінің көмір өнеркәсібі
Көмір адамға баяғыдан таныс және қолданылып келеді, алайда бүгінгі күні де ол өзінің аса маңызды қуат таратқыш ретіндегі маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі таңда көмірдің есебінен әлемдік жылу және электр қуатының 23%-ы өндіріледі. Онымен де қоймай, көмірдің рөлі жуырдағы жылдары тіптен арта түсуі мүмкін – бұл басқа аса маңызды қуат таратқыштардың – мұнай мен газдың қымбаттауымен және тиісінше, тартымдылықтарының төмендеуімен байланысты.
Көмір өнеркәсібі әрқашан да отын өнеркәсібінің капиталды және еңбекті ең көп қажет ететін салаларының бірі болды. Отынға деген арта түскен қажеттілік әлемнің көптеген елдерінде (оның ішінде көптеген дамып келе жатқан елдерде) көмір өнеркәсібін құруға және көмір шығарудың жалпы көлемінің артуына себепкер болды. Қара металлургия мен химия өнеркәсібі үшін отын ретіндегі және шикізат ретіндегі көмірдің (тас көмірдің де, қоңыр көмірдің де) маңызы зор.
Көмір өнеркәсібіндегі техникалық прогрестің негізгі бағыттары шығаруға арналған жаңа және жетіле түскен жабдықты, тау-кен технологиясының жаңа жүйелерін және негізгі мен қосалқы процестерді кешенді механикаландыру құралдарын пайдаланумен байланысты. Көмір шығарудың ашық тәсілінің техникасы мен технологиясындағы прогресс себепкер болған, көмірді ашық тәсілмен өндірудің (шахталық шығарумен салыстырғанда) ең жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштері дәл осы тәсілдің одан арғы басым дамуын күн ілгері анықтап отыр. Механикаландыруға орай өндіріс тиімділігі арта түсуде және шахтерлер жұмысының жағдайлары жақсаруда.
Бүкіл әлемдік көмір өнеркәсібінің дамуына ХХ ғасырдың екінші жартысында мұнай өнеркәсібінің дамуы (әсіресе, дамып келе жатқан елдерде мұнай шығару) пәрменді әсер берді. Отын өнеркәсібінде индустриалдық елдердің (бірінші кезекте Батыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ Жапонияның) шаруашылығының арзан импорт мұнайға қайта бағдар алуы болды. Бұрынырақта көмір шығару бойынша жетекші болған елдердің көпшілігінде (Ұлыбританияда, Францияда, Герман Федеративтік Республикасында, Жапонияда) ол жылдам төмендей бастады. Дәл сол уақытта әлемнің басқа елдері (ҚХР, АҚШ, КСРО, Үндістан, ОАР, Аустралия, Польша) көмір шығару артуын жалғастыра берді.
Бірақ мұнайға деген бағаның өсуімен ілесе жүрген, 1970-1980 жылдардыңі мұнай дағдарыстары көмір шығару мен оны пайдаланудың өсуін қайтадан ынталандыра түсті. Бұл тек тас көмірге ғана емес, қоңыр көмірге де қатысты болды, бұл оны шығарудың өсуіне және көмірдің энергетикалық сорттарын (олардың төмен сапасына қарамастан) экспорттаудың артуына алып келді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау