Орман-өндірістік шаруашылық
Ағаш дайындау
Целлюлоза зауыты
Ағаш тілу зауыттары
Гидролиз зауыттары
Қалдық-тар
Целлюлоза
Тілінген материалдар
Қағаз фабрикасы
Картон фабрикасы
Фанер зауыттары
Жиһаз фабрикасы
Үй-құрылыс комбинаттары
Қалдықтар
Орман-өндірістік кешен құрамы
Орман өнеркәсібі әлемдегі көптеген елдерде ауыл шаруашылығы саласына тәуелді сала болып есептелінсе, кей елдерде жеке министрлік сиатына ие.
Жалпы орман өнеркәсібі табиғи және қолдан өсірілген орман ағаштарын кесу және оның қабығын, жапырағын, жемісін, шырынын мәнерлеу арқылы көптеген өнімдерді өндірумен халық шаруашылығының қажетін қанағаттандырумен айналысады. Соңғы жылдары әлемнің дамыған елдері орман шаруашылығына және оның өңдеу технологиясына танымдық және техникалық жақтан жаңалықтар енгізіп, ғылыми зертеу мен өндірісті өзара ұштастырып отыр. Сол арқылы экономикалық және экологиялық тиімділікке бірдей қол жеткізу мақсат етілуде. Қазіргі кезде орман ағашының діңдері мен қабығына, жапырағына ғана емес, оның химялық құрамына да зерттеулер жасалып өндірісте пайдалануда.
Алайда, орман ағаштарының күн санап азаюына байланысты, орман өнеркәсібіне деген көз қараста күн сайын жаңарып келеді. Қазіргі кездегі басты даму бағыт орманды өсіру, кесу, мәнерлеу және өнім өндіру мен сатуды бір жүйеге келтіру болып табылады.
Орманның халық шаруашылығы үшін басты маңызы — топырақты және оның қүнарлы қыртысын жел мен су эрозиясынан қорғау. Орман таулы жерлерде топырақты судың шайып кетуінен сақтайды. Далалық өңірлерде көшкін құмдардың жылжуына, желдің күшіне тосқауыл болып, топырақ ылғалын сақталу арқылы егістікті, бау –бақшаны қорғайды.
Түрлі орман ағаштарының халық шаруашылығындағы маңызы әртүрлі. Мысалы, целлюлоза - қағаз өнеркәсібі үшін әзірге шыршадан артық зат жоқ. Қағаз өнеркәсібінің қауырт өркендеуіне байланысты шыршаның маңызы соған сай артып отыр.
Орман шаруашылығын зерттеуші ғалым М.Е. Ткаченконың мәліметіне сәйкес, жылына жержүзінде шығатын ғазеттерге жыл сайын 19 миллион тоннадан артык қағаз жұмсалып келеді. Әр тонна қағаз жасау үшін 6 текше метр ағаш кетеді десек, сонда 19 милион тонна қағазға жылына 114 миллион текше метрден артығырақ ағаш жұмсалады екен. Мұның дені шырша ағашы. Егер бір гектардан 150 текше метр ағаш өндіріледі десек, сонда бұл газеттерді қағазбен қамтамасыз етудің өзіне ғана жыл сайын 360 мыңнан астам гектар жердің ағашын кесу керек деген сөз,
Ағаштың теміржол қатынасы үшін маңызы жұртқа ертеден белғілі. Жолаушы таситын вагондардың ішкі құрылысы мен жүк таситын вагондардың қабырғалары кілең ағаштан жасалынатынын былай қойғанда, теміржол шпалдарының өзіне көп ағаш жұмсалады. Оның себебі ағаш құрылымы серіппелі болғандықтан поезд жүргенде вагонның соққысы жұмсарып, дүрсілі азаяды.
Бір кезде су кемелерінің құрылысына ағаштан басқа материал табу қиын болатын. Қазір алып кемелерден бастап шағын катерлерге дейін негізінен болат материалдардан жасалатын болды. Соған қарамастан әрбір мұхит кемесін жасауға 4000 мың текше метрге дейін ағаш жұмсалады.
Шаруашылықта және тұрмыста тұтынылатын алуан түрлі бұйымдар шығаруға жұмсалатын ағаш мөлшерінде қисап жоқ. Бір ғана сіріңке шырпыларын жасауға жылына мыңдаған текше метр ағаш кетеді
Халық шаруашылығына ағаш біткеннің бәрі бірдей пайдаланыла бермейді. Мәселен, құрылыс үшін ең бағалы ағаш қарағай, шырша сияқты қылқанды орман ағаштары.
Дүниежүзінде орман өнеркәсібінің қалыптасып дамуы сол елдегі орман түрлері және орман қорына байланысты болған. Қазақстанда орман қорының көпшілігі сексеуіл. Алайда, оған деген дұрыс көзқарас қалыптаспағандықтан сексеуіл алқаптары жойылып кетудің аз алдында тұр. Себебі, адамдар оны тас көмірден кейінгі қызуы күшті отын ретінде бағалап, отын орнында пайдаланып келеді. Алайда, оның ең негізгі қасиеті және басты міндеті шөлді аймақтың экологиясын тұрақты сақтау.
Біздің заманымызда орман зерттеуші ғалымдар орманға экономикалық жағынан қарап зерттейді және баға береді. Орман қоғамға өзінің ағашы, өсетін өсімдіктері, оны мекендейтін жан-жануарлары арқылы мол пайда келтіреді. Оның үстіне жергілікті климатқа, топыраққа пайдалы әсерін тигізеді. Бірақ орман байлығының мөлшері қоғамының орманға сіңірген еңбегінің көлеміне байланысты. Егер қоғамның орманға сіңірген еңбегі көлемді де нәтижелі болса, онда орман қоғамның сіңірген еңбегін есесімен қайтарады.
Қазақстан Республикасындағы орман жағдайы
Қазақстанның орман қорына ормандар, сондай-ақ орман өсімдігі қамтылған, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша орман қорына жалпы ауданы, уақытша пайдалануға берілген ормандарды қоса есептегенде 28419,4 мың га. (Қазақстан аумағының 9,8 %), оның ішінде орманмен қамтылған аудан 12293,8 мың га. (1-кесте) бұл республиканың жер көлемінің 4, 5 % - ы ғана. 1993 - 2010 жылдар аралығында орманмен қамтылған аудандар біртіндеп өскен. Мысалы, 1993 - жылы - 42, 7 % болса, 2010 жылы - 46,0 % болған. Орман қорының 18782,2 мың га-сы, ( жалпы орман корының 70,2 %) орманды алқап болса, 7988,3 мың га-сы (29,8 %) ормансыз алқаптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |