Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет66/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

8.3.3..Калий тыңайтқышы
Калий тыңайтқыштарын өндіру (95% - хлорлы калий, сондай-ақ магнезий калийі және калий сульфаты) калий тұздарының кен орындарының маңында орналастырылады. Ол отын мен электр қуатының көп шығындалуын қажет етпейді. Шикізаттың әлемдегі жалпы қорлары орасан зор, бірақ іс жүзінде тасымалдауға келмейді. Калий тұздары әлемнің 15 елінде шығарылады. Әлемде шығарылатын калий тұздарының 90%-дан астамы тыңайтқыш шығаратын елдерде тұтынылады.
Калий тыңайтқыштарын ең көп өндірушілер Канада (әлемдік өндірістің 1/3), Ресей (20%-ға жуығы), Белоруссия (15%-ға жуығы), Израиль. Әлемдік өндіріс көлемі 30 млн тоннадан асып түседі (100% пайдалы затқа қайта есептегенде).
Үш жетекші аймақтың калий тыңайтқыштарын өндіруге және шығаруға ерекше жоғары мамандануы өнімді жалпы шығарудың 70%-ына дейін өскен, саланың өте үлкен экспорттылығына себепкер болды. Солтүстік Америкаға әлемдік экспорттың 1/3 бөлігінен астамы, Батыс Еуропа елдеріне – 1/3 бөлігіне жуығы және Шығыс Еуропаға – 1/6 бөлігі келеді. Осы үш аймақ калий тыңайтқыштарын әлемдік нарыққа әлемдік жеткізудің 90%-ын дерлік қамтамасыз етеді.
Калий тұздарын шығару бойынша әлемде екінші орын алып отырған Ресейден қазіргі уақытта өндірілетін тыңайтқыштардың 80%-ына жуығы шығарылады. Қытай және басқа да Азия елдері сала өнімін сатудың маңызды нарығы болып табылады.
Химия өнеркәсібі бойынша әлемдегі аса ірі трансұлттық компаниялар Германиялық – «БАСФ», «Баер», «Хехст», Америкалық – «Доу Кемикал» мен «Дюпон» (фармацевтика индустриясында: «Пфайзер», «Джонсон энд Джонсон», «Мерк»), Ағылшынның «ИКИ» корпорациясы және т.б. болып саналады.
Дүниежүзі елдерінің шаруашылығында химия өнеркәсібінің дамуы ғылыми-техникалық прогрестің дамуының магистральды бағытымен, сала өнімдерін шығарудың артуымен, сондай-ақ тиімділігі жоғары технологиялық процестерді жасап шығару мен құру жөніндегі шаралармен және бүкіл әлем бойынша жаңа өндірістік қуаттылықтарды іске қосумен байланысты болып отыр.
Химия өнеркәсiбi болашақта да жергілікті шикiзатта жұмыс iстеп, экономикалық дербес экспортқа бағдарланған жоғары технологиялы сала ретiнде қалыптасып, қосымша күн тiзбесі бойынша өндiрiстің жасалуын қамтамасыз етеді.
Химия өнеркәсiбi - шаруашылықтың техникалық прогресiн анықтайтын маңызды салалардың бiрi. Ол шаруашылық салаларын әртүрлi шикiзаттармен, дайын химиялық өнiмдермен қамтамасыз етедi.
Фосфор және калий тұздары, ас тұзы, апатит бояу, кiр жуатын ұнтақ дайын химиялық өнімдерге жатады.
Тыңайтқыштарды өндіру технологиясын шаруашылықта кеңінен қолдануға мүмкiндiк мол. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі тез қарқынмен дамып келеді. Мұнай-химиясы өндiрiсi үшiн барлық мүмкiндiк жасалынған; жеткiлiктi шикiзат көлемi (мұнай, газ), халықаралық ауқымдағы мұнай химиясының технологиясы жеткілікті дамыған.
Химия өнеркәсiбiн дамыту үшiн өте мол шикiзат базасы - фосфорит, күкiрт колчеданы, барит, бром, ас және калий тұзы, натрий сульфаты, мұнай өңдеу және кокс химия қалдығы, түстi металлургияның күкiрттi газы. қазiргi кезде кен-химия өнеркәсiбi және негiзгi химия жақсы дамып, ол химиялық пайдалы қазбаларды өндiру минералдық тыңайтқыш, органикалық емес фосфор және күкiрт қышқылын өндiруге әсерін тигізеді. Химия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары сары фосфор тыңайтқыш, хромды тұз, синтетикалық жуу заттарын шығарады.).
Химия өнеркәсiбiнiң мүмкiндiктерi және резервтерi өте жоғары. Бұл оның 40 мыңнан астам бұйым шығаратындығынан көруге болады. Мысалы, егiстiктен мол өнiм алу минералды тыңайтқыштармен, соның iшiнде фосформен тығыз байланысты.
Сонымен, химия өнеркәсiбiнiң дамуының алдында ғылыми техникалық проблемалар тұр. Оның шешiмi өнiм базасын ұлғайту, жеңіл, тамақ және тағы басқа өндiрiстерді кеңейтуде негiзгi фактор болып табылады.
Химия өнеркәсібінің минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі ең жаңа салаларын орналастыру географиясы.
Оңтүстік-Қазақстан облысында қазіргі таңда «Қазақстан минералдық ресурстары» тау-кен рудасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі МАФ/ДАФ (моноаммонийфосфат/диаммонийфосфат) минералдық тыңайтқыштарын өндіру» жобасын жүзеге асыру аясында МАФ/ДАФ (моноаммонийфосфат/диаммонийфосфат) минералдық тыңайтқыштарын өндіру жөніндегі Кешен құру бойынша дайындық жұмысын жалғастырып жатыр.
Бекітілген қорлары 500 млн. тонна болып отырған, Оңтүстік-Қазақстан облысындағы «Үшбас» және «Герес» кен орындарын өңдеудің тау-кен – геологиялық жағдайлары қолайлы ретінде сипатталады. Байытылған фосфорит концентратының құрамында Р2О5-тің 31-33 % белсенді заты болады.
Жобаға қатысу үшін «Қазақстан минералды ресурстары тау-кен рудасы кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобаға қатысу үлесі - 80%, «Оңтүстік СПК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамының үлесі - 20% (тек қана тау-кен өндіру жобасына ғана қатысады).
«Көк Жон (Аралтөбе және Кесіктөбе) және Гиммельфарбский кен орындарының базасында минералды тыңайтқыштар өндірісі жөніндегі завод құру» жобасы.
2010 жылғы 22 маусымда «Казахстанская правда» газетінде Жамбыл облысындағы Көк Жон (Аралтөбе және Кесіктөбе) және Гиммельфарбский кен орындарыКөк Жон (Аралтөбе және Кесіктөбе) және Гиммельфарбский фосфорит кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жарияланған конкурстың нәтижелері жарияланды. Конкурстық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешіміне сәйкес, конкурс жеңімпазыболып «ЕуроХимТыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарияланды.
2010 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлгінің Жауапты хатшысында жоспарланып отырған минералды тыңайтқыштар заводының қажеттіліктері үшін газ жеткізу мәселесі бойынша кеңес өтті, оның нәтижесінде мынандай шешім қабылданды:
- «Қазмұнайгаз» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы – Жаңажол кен орнының газын жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берсін;
- ЕуроХимТыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – егер газ субсидияланатын немесе бекітілген баға бойынша жеткізілетін жағдайда, минералдық тыңайтқыштардың жіберілетін бағасы бойынша Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтарын көрсете отырып, экономикалық үлгіні жасап шығарсын және ұсынсын.
«Самұрық-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамында қазіргі таңда аталған жобаның аясында «ОХК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «МХК Еурохим» Ашық Акционерлік Қоғамы арасында «ЕуроХимТыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысу үлесін сатып алу арқылы бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөздер жүргізілуде.
Аталған жобаны жүзеге асыруға қатысу мақсатында «ОХК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011-2013 жылдардағы кезеңде Республика бюджетінен капиталдандыруға өтініш берді.
«Степногорск қаласындағы калий сульфаты мен поливинилхлорид өндірісін дамыту жөніндегі кешен» жобасы.
Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан, «ОХК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі калий хлоридін өзіндік құнына жақындастырылған баға бойынша жеткізудің алтернативалы вариантын ұсынды. Қазіргі күні аталған мәселе белорус жағымен жете ойластырылуда.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпараты бойынша,ГЭЭ қорытындысымен:
Шымкент қаласында минералды тыңайтқыштарды өндіру жөннідегі завод құрылысының жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы;
Көксу және Көк Жон фосфорит кен орындарын суспензиялық-флотациялық байыту технологиясын және «Қаратау» МӨК «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалының суспензиялық байыту фабрикасын және ұсақтау-тарту фабрикасын техникалық қайта жарақтандыру жобасын жасап шығару» техникалық-экономикалық негіздемесіне алдын ала ОВОС; «Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шымкентфосфор» Жабық Акционерлік Қоғамының №2 сары фосфор қоймасында құрамында фосфор бар шламдарды утильдеудің қазіргі технологиясын реконструкциялау ОВОС-ы;
«Шиелі фосфорит кен орнының негізінде фосфорит тыңайтқыштарын шығару жөннідегі өндірісті ұйымдастыру» жобасының ОВОС-ы келісілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі агротехникалық жұмыстарды жүргізу және отандық химия өнеркәсібін дамыту, отандық тыңайтқыш өндіруші заводтардың тыңайтқыштардың жаңа түрлерін өндіруді жасауы және енгізуі үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің отандық өндіруші заводтардан сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың өзіндік құнын арзандату бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.
2010 жылдан бастап ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің отандық минералды тыңайтқыштар өндірушілерден де, осылардың өндірісі Қазақстан Республикасында жоқ тыңайтқыш түрлерін сатуды жүзеге асыратын, минералды тыңайтқыштарды жеткізушілерден де сатып алуы арқылы, өндірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін және сапасын арттыруына қолдау көрсету.
Облыстардың ауыл шаруашылық басқармаларының мәліметтері боынша, 2010 жылдың 15 маусымына қарай ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер: отандық тыңайтқыш өндіретін заводтардан 63,1 мың тонна, оның ішінде қарапайым аммофос пен суперфосфат («Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) - 29,1 мың тонна, аммиак селитрасы («ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) - 34,0 мың тонна және «Б» маркасының МЭРС сериясының микротыңайтқыштарының 645 литрі (««Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) - 1 756 707,7 мың теңге субсидия сомасына; тыңайтқыш жеткізушілерден ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өтелуге тиісті 2 600 мың теңгеге 52 тонна калий сульфаты сатып алды.
Қазіргі күні «Каустик» Акционерлік Қоғамының мемлекеттік экспертизадан өткен «Хлор мен каустикалық соданы мембраналық әдіспен өндіру» (Павлодар қаласы) жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы жасап шығарылды.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ГЭЭ-нің 2009 жылғы 1 маусымдағы қорытындысымен аталған жобаға «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы келісілген.
«Uhdenora» компаниясы 43 257 мың АҚШ доллары сомасына жабдық жеткізді, завод алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
«Самұрық-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамы, «ОХК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келісімінің шарттары туралы ұсыныстарды жасап шығару мақсатында «Каустик» Акционерлік Қоғамының акцияларын тәуелсіз бағалауды, «Каустик» акционерлік қоғамының активтерінің қаржылық, салықтық және заңдық бағалануын қоса отырып, «Каустик» Акционерлік Қоғамының актвитерін инвестиция алдындағы кешенді сараптауды жүргізді, Еуропа Реконструкция және Даму банкінің тапсырысы бойынша «NEXANT» компаниясы «Каустик» Акционерлік Қоғамының техникалық аудитін жүргізді.
Қазіргі уақытта «ОХК» Акционерлік Қоғамы «Каустик» Акционерлік Қоғамымен «Каустик» Акционерлік Қоғамының акцияларын келісімнің барлық жақтарын қанағаттандыратын келісім варинттары ойластырылуда.
Тұздысор көоінің кен орнында шикізат (ас тұзын» өндіруге кен орындарын пайдалануға құқық беру туралы мәселе Павлодар облысының Әкімшілігінде қарастыруда тұр.
Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібінің географиясында қазіргі сәтте күкірт қышқылын өндіру үшін негізгі шикізат болып табылатын күкіртті өндіру мен сақтаудың негізгі көлемі масштабты көлемдерде Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орнының «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңдарында жүзеге асырылады. Жуық келешекте (2013 жылдан кейін) Солтүстік-Каспий жобасында күкірт өндіру күтілуде.
2010 жылға жағдай бойынша «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің карталарындағы күкірттің қорлары 6,45 млн. тонна құрайды. Күкірттің негізгі көлемі әлемнің 50 еліне экспорттық жеткізілімдерге кетеді, 2009 жылы сату үшін 3,2 млн. тонна, ал 2010 жылдың аяғына қарай 1,5 млн. тонна (орташа алғанда айына 299,8 мың тонна) күкірт тиеп-жөнелтілді. 2013 жылдан бастап «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күкіртті сатудың жыл сайынғы көлемдерін 2-ден 3,5 млн. тоннаға дейін айтарлықтай арттыруды жоспарлауда. «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күкірт бойынша қуаттар мен инфрақұрылымды кеңейту жоспарларына 200 млн. АҚШ долларынан 350 млн. АҚШ долларына дейінгі сомада бағаланатын айтарлықтай күрделі шығындар енгізуді жоспарлап отыр.
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің географиясын кеңейту үшін күкіртті ішкі нарыққа жеткізу мәселесі «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетинг саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы сәтке «Бозашышевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАтомПром» және «Сұңкар Ресорсез» компанияларымен осы компанияларға кесек күкірт сату туралы хаттамаларға қол қойды,сондай-ақ келесі қазақстандық компаниялармен: ҚазАтомПром Степногорск (60 мың тонна/жыл), Сұңкар Ресорсез (900 мың тонна/жыл), ҚазАтомПром СКЗ-У БК (180 мың тонна/жыл), ҚазАтомПром Инкай БК (160 мың тонна/жыл) күкірт сатып алуға ниет ету туралы хаттамаға қол қойды.
Күкірт қышқылы өндірісінің географиясын кеңейту мақсатында келесі жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда:
«Степногорск қаласында өндірістік қуаты жылына 180 000 тонна күкірт қышқылы заводын реконструкциялау» жобасы.
Жоба «СКЗ-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан өндірістік алаңдарында жүзеге асырылады, жобаны жүзеге асыру 2008 жылдың тамызында басталды, 2011 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.
«Жаңақорған қаласында қуаты жылына 500 мың тонна күкірт қышқылы заводы» жобасы.
«Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «қуаты жылына 500 мың тонна күкірт қышқылы заводы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысында уранды жер астында скважиналық сілтіден айыру әдісімен шығару үшін реагент ретінде пайдалану үшін күкірт қышқылын өндіру жоспарланған.
Жобаның құны 32,5 млрд. теңгеге бағаланады. Жобаны қаржыландыруды қазақстандық, жапондық және канадалық жақтар жүзеге асыруда.
Күкірт қышқылы заводын пайдалануға енгізу 2011 жылдың IV тоқсанына белгіленген. Құрылтайшылары болып «ГРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазатомпром» ҰАҚ» Акционерлік Қоғамы - 49 %, Марубени корпорациясы (Жапония) - 32 %, Uranium One (Канада) компаниясы - 19 % табылады.
«Шахтинск қаласындағы түйіршіктелген ұнтақ тәріздес синтетикалық жуғыш заттар өндіретін заводты сауықтыру» жобасы.
Жобаның мақсаты Шахтинск қаласында қуаты 60 000 тоннаға дейінгі түйіршіктелген ұнтақ тәріздес синтетикалық жуғыш заттар өндірісін жаңғырту болып табылады («Монета Дитержденс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).
«Алматы қаласында синтетикалық жуғыш заттар өндірісін жаңарту» жобасы. Аталмыш жобаның мақсаты «Алматы синтетикалық жуғыш заттар заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаты 24 000 тоннаға дейінгі синтетикалық жуғыш заттар өндірісін жаңарту болып табылады. Бұрынырақта завод «Айша» сауда белгісімен, сонымен қатар итальяндық мамандармен бірлесе жасап шығарылған «RA» сауда маркасымен өнім шығарып келді.
Осылайша, химия өнеркәсібінің географиясында 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өндірістің қор қайтарылымы индексі 148,4 %, 2010 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда - 167,5 % құрады, бұл жалпы алғанда шаруашылықты қарқынды химияландыруға ықпал етуде және жаңа жоғары технологиялық материалдар жасауда техникалық және экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау