Өнеркәсіп географиясы


Кесте -32. Химия талшықтарын өндіру бойынша көшбасшы елдер, (1970-2005жж.), млн т



жүктеу 2,97 Mb.
бет64/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Кесте -32. Химия талшықтарын өндіру бойынша көшбасшы елдер, (1970-2005жж.), млн т



Мемлекет

1970 ж.

Мемлекет

1990 ж.

Мемлекет

2005 ж.

1

АҚШ

2,2

АҚШ

3,9

Қытай

15,0

2

Жапония

1,6

Жапония

1,8

АҚШ

4,2

3

ГФР

0,7

Тайвань

1,8

Тайвань

3,3

4

КСРО

0,6

Қытай

1,7

Корея Республикасы

2,3

5

Ұлыбритания

0,6

КСРО

1,5

Үндістан

2,2

6

Италия

0,4

Корея Республика

1,4

Жапония

1,2

7

Франция

0,3

ГФР

1,0

Индонезия

1,2

8

ГДР

0,2

Италия

0,7

ГФР

1,1

9

Тайвань

0,2

Үндістан

0,7

Түркия

1,1

1

Бельгия

0,2

Мексика

0,4

Таиланд

0,9




Дүние жүзі бойынша

8,6




19,7




41,1



Сонымен қатар Қытайда тікелей химиялық талшықтар мен жіптер тұтыну да өсіп келеді, ол бұлардың әлемдегі тұтынылуының 40%-ына жақындап келеді. Болжамдарға сәйкес, Қытайда аталған сала өнімдерін тұтынудың өсімі жалғасын табатын болады, сондықтан бүгін де, келешекте де Қытай химиялық талшықтардан жасалған өнімдерді ең үлкен экспорттаушы ғана емес, сонымен қатар оларды тұтынудың ең ірі нарығы да болмақ.


Қазіргі таңда өнеркәсіп салалары тұрғысынан химиялық талшықтарды негізгі тұтынушы тоқыма өнеркәсібі болып табылады. Бұл ретте химиялық талшықтарға барлық пайдаланылатын тоқыма талшықтарының 60%-ына жуығы келеді (салыстыру үшін: мақтаға – 32%, жүнге - 2%-ға жуық, жұт - 4%-дан аса, зығыр - 1%, жібек - 1%-дан азырақ). Химиялық талшықтар мен жіптердің тұтынушылары болып сонымен қатар шина және резеңке-техника өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы (оның ішінде балық кәсібі шаруашылығы), жол шаруашылығы мен құрылыс және т.б. саналады.
Химия талшықтарын халық шаруашылығында және тұрмыста қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Ғылымның ең жаңа жетістіктерінің арқасында бұл талшықтарға осыларға табиғи талшықтар ие емес, мүлдем жаңа физикалық-химиялық қасиеттер беруге болады. Оларды суға және отқа төзімді, термотөзімді және беріктігі жоғары етуге болады, олар түстерін өзгерте және жылу сақтай алады. Осындай түрдегі талшықтар пласмассалар, металдар және керамика негізіндегі композициялық материалдарды арматуралау үшін қолданыла алады.
Синтетикалық шайырлар мен пластмассалар өндіру. Синтетикалық шайырлар – бұл шағын молекулалық массасы бар полимерлер, химиялық талшықтар алу үшін негіз. Пластикалық массалар (пластмассалар) – қысым астында қыздырған кезде белгіленген пішін қабылдауға және оны салқындатқан кезде сақтап қалуға қабілетті, табиғи немесе синтетикалық полимерлердің негізіндегі материалдар. Пластмассалар көбінесе бастапқы конструкциялық материалдар болып табылады. Олар халық шаруашылығының барлық дерлік салаларында және тұрмыста: құрылыста, электротехника мен электротехника және электроникада, көліктік машина жасауда, тұрмыстық өнімдердің, аяқ киімнің және ойыншықтардың көптеген алуан түрлерін шығарған кезде, ыдыс пен орама материалдар және т.б. шығарған кезде қолданылады.
Өнімнің жекелеген түрлерін модификациялау үшін кең мүмкіндіктер бар. Шайырлар мен пластмассалардың бірнеше ондаған базалық түрлерінен олардың ондаған мың әртүрлі сорттары мен композицияларын алады. Полимер материалдардың полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және т.б. секілді түрлері ең кең танымал. Бұл осылардың үлесіне шығарылатын өнімнің 90%-ына жуығы келетін термопластикалы полимер материалдар. Олардан өнімдерді қалыптастырғаннан кейін бұларды қайтара қайта өңдеу мүмкіндігі сақталып қалады (бұл металдарға да тән болып отырғанындай). Соңғы жылдары электр өткізетін және биоыдырайтын полимерлерді, термо- және отқа төзімді пластмассаларды, сонымен қатар алдын ала белгіленген қасиеттері бар материалдарды жасап шығаруға және өндіруге көп маңыз берілуде. Көміртек талшықтарынан және оларды байланыстыратын органопластиктерден тұратын композиттер осындай болып шықты. Олар болаттан 4-5 есе жеңіл және одан 15 рет берігірек. Композиттер – бұл шыны пластиктің маңызды конструкциялық материалы және жасанды тас (оның ішінде авиация және ғарыш индустриясы үшін).
Мұнай-химия өнеркәсібінің дамуы әлемнің көптеген аймақтары мен елдерінде шайырлар мен пластмассалар өндіруге арналған бастапқы өнімдер алуға мүмкіндік берді. Синтетикалық шайырлар мен пластмассалардың әлемдік өндірісі 130 млн тоннадан асып түсті. Қуаттылықтардың көпшілік бөлігі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада шоғырланған. Бүгінгі таңда көшбасшылар қатарына әлемнің жоғары дамыған елдері ғана емес, дамып келе жатқан елдерде кіреді. Пластмасса өндіру бойынша АҚШ, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания, Бельгия алда келеді.
8.2.1. Сода, бояулар, резеңке, т.б.
Синтетикалық каучук және резеңке өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларында кең қолданыста. 30-шы жылдардың аяғына дейін әлемдік резеңке өнеркәсібі Оңтүстік-Шығыс Азияның (өндірістің 2/3 бөлігі) және Латын Америкасының елдерінде шығарылатын табиғи каучук жеткізумен қамтамасыз етілді. Барлығы жылына 1 млн тоннаға жуық каучук өндіріліп отырды. Табиғи каучукты каучук бар өсімдіктерден алынды. Табиғи каучукты вулканизациялау шиналар, амортизаторлар, санитария мен гигиена өнімдерін және т.б. өндіруде қолданыланылады. Қазіргі уақытта табиғи каучукты өндіруші негізгі елдер Таиланд, Индонезия, Малайзия.
Синтетикалық каучук – бұл резеңкеге жылдам қайта өңделуі мүмкін созылмалы синтетикалық полимер.
Синтетикалық каучук өндірісі алғаш рет 1932 жылы КСРО-да, жүздеген спирт-арақ зауыттары көп мөлшерде беріп отырған тағамдық этил спиртін қайта өңдеу негізінде құрылды.
60-шы жылдардың өзінде-ақ әлемдегі синтетикалық және табиғи каучук өндіру көлемдері теңесті. Қазіргі уақытта синтетикалық каучуктың үлес салмағы (жылына 11 млн тоннадан аса) - әлемде шығарылатын каучуктың 2/3 бөлігі. Синтетикалық каучуктардан бүгінде 50 мың атауға жақын өнімдер алынады. Оны әлемнің көптеген мемлекеттерінде шығарады.
Дүниежүзілік шаруашылықта синтетикалық каучук өндіру бойынша АҚШ, Жапония, Қытай, Германия, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Тайвань, Бразилия, Ұлыбритания көшбасшылар болып саналады.


жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау