Ағаш дайындау жұмыстары.
Бұрынғы кездері ағашты таңдап кесетін, қалғаны пайдаланбай қалатын. Қазіргі кезде ағашты белгіленген жерде тұтасымен кеседі, тек жас ағаштарды ғана қалдырады. Ағаш кесілген жер одан кейін түгел тазартылады., ол жас ағаштардың өсіп жетілуіне мүмкіндік туғызады. Ағаш дайындау негізінен: ағашты кесу, тасымалдау, ағашты бұтақтардан тазалау сияқты үш жұмыстан тұрады. Ағашты алып жүруге қолайлы бензин двигателі бар мотоаралармен кеседі. Ағаш кесілгеннен кейін оны бұтақтарынан тазарту үшін қол инструменттерімен қатар жеңіл машиналар қолданылады. Ағаш кесінділері бір-бірімен қосып байланып, ағаш таситын теміржолдар келетін жоғарғы қоймаларға тракторлармен тасып жеткізіледі. Онда ағаш бөренеге кесіледі, ол ағаш түрлеріне, биіктігі мен еніне қарай сұрыпталады. Соңғы жылдары кесілген ағашты бұтақтарымен тасу тәсілі қолданылуда. Соның нәтижесінде топырақ пен жасөспірім ағаштар жақсы сақталады, бұтақтарын өңдеуге қолайлы келеді. Қазіргі кезде ағаш дайындау өнеркәсібінде ағаш кесу және тасымалдау жұмыстарын жүргізетін аса қуатты кесу- тасымалдау машиналары енгізілген.
Ағаш тасу. Дайындалған, тазартылған ағашты ағаш таситын автомашиналар және тракторлармен қоймадан магистралды жолдарға шығарады. Тасымалдауды тездету үшін ағаш (лежневые), темір бетон плиталар төселген жылжымалы ленталы, мұздақ (қыста) жолдар салынады. Таулы жерлерде аспалы канат жолдармен тасылады. Ағаш тасу магистралды жолдарға жақын келген жерді төменгі қойма дейді. Онда да ағаш тазартылады , бөренеге кесіледі, сұрыпталады.
Ағашты су жолдарымен тасымалдау. Ағаш тұтынушыларға негізінен өзендермен жеткізіледі. Ағашты сумен ағызу теміржолмен тасығанға қарағанда, 8-10 есе арзан. Ағашты плот жасап ағызады. Плот құруда жеке бөренелер аумағы ондаған куб метр пакетке сым, трос,шынжырлармен бекітіп біріктіреді, солардан плот құралады. Бұл өте ұқыптылықты қажет ететін ауыр жұмыс.
Қазіргі кезде плот құратын машиналар қолданылады. Бұрын плот су ағысымен іске асырылған. Қазіргі кезде магистральды өзендермен тәулігіне 70-150 км жылдамдықта буксирлермен тасылады. Плот арқылы көлдер мен теңіздерге тасылады.
Достарыңызбен бөлісу: |