Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет63/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

алуан түрлі, құрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдалануылуы;
құрылымы жағынан өте күрделі болуы;
энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі;
кейбір салаларда судың көп мөлшерде пайдаланылуы;
ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамассыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
шығаратын өнім түрлерінің көптігі сияқты бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар.
Химия өнеркәсiбiнiң орналасу факторлары бойынша мына төмендегi өндiрiс топтарын бөлуге болады:
• шикiзатқа бағдарланған өндiрiстер кен химия өнеркәсiбi, сондай-ақ тасымалға қолайсыз шикiзатты пайдаланатын өндiрiстен (күкiртті, коксты газдар) не оларды жоғары мөлшерде шығындайтындар (мысалы, кальциленген сода шығару).
•отын-энергетикалық бағдарланған салалар (синтетикалык каучук, химиялық талшық, пластмассаның кей түрi және синтетикалық смола).
•Тұтынушыға бағдарланатын салалар тасымалдауға қолайсыз өнiмдердi шығаратын өндiрiстер (карбамид смоласы) не шикізатты шығару мөлшерiмен сипатталатындар (мысалы, азот және күрделi тыңайтқыш).
Химия өнеркәсiб:
фосфориттің мол қорын игеру және фосфор тыңайтқыштарын өндiру;
-қара және түстi металлургиялық күкiрттi газын толық пайдалану;
-мұнай химиясы синтездiк өнiмдерiн шығару;
шаруашылық айналымға түрлi тұздардың қорларын тарту бағыттары бойынша дамиды.
Химия өнеркәсiбi шаруашылықтың дамуында үлкен роль атқарады. өнеркәсiптің түрлi өнiмдерiн химиялық жолмен өңдеу сол өнеркәсiптiң өнiмiн мен көлемiн ұлғайтады. Бұл халық шаруашылығында энергетикалық ресурс пен енiмдердi дамытуға бейорганикалық мүмкiндiктер ашады. Шаруашылықты химияландыру интенсификациялауға қол жеткiзетiн өнеркәсiптiк процестiң толықтай қатарын ашуға мүмкiндiк бередi. Осының барлығының жиынтық көрсеткiшi болып, химия өнеркәсібінің үздiксiз жаңа материалдар өндiруi болып табылады.
Қазiргi заманғы химиялық технологияның көптеген артықшылықтары бар:
Алуан түрлi шикiзат қорларын аса бағалы өнеркәсiп өнiмдерiне айналдырады. Оған химиялық минералды шикiзаттар: апатит, фосфорит, калий тұзы, миробилит, ас тұзы, күкiрт, минералды отындар, әсiресе мұнай, газ, көмiр, жанғыш тақтатас, су және ауыл шаруашылығы шикiзаттары жатады.
Техникалык прогрестi пайдаланудың негiзiнде өндiрiске шикiзаттың жаңа түрлерi енгiзiлуде.
Қымбат және тапшы шикiзаттарды арзан және көп тараған шикiзаттармен алмастырады.
Шикiзатты пайдалануға жағдай туғызылады. Мысалы, мұнайдан жанар жағармай, мазут және көптеген органикалық синтез өнiмдерi алынады.
Өндiрiстiк қалдықтарды пайдаланудың негiзiнде жаңа өнiмдер алынады (кокс газына аммиак, күкiрттi газдан күкiрт қышқылы).
Бiр шикiзаттан әртүрлi өнiмдер, керiсiнше, бiр өнiмдi әртүрлi шикiзаттардан алуға болады. өндiрiстiң химиялық әдiсi - осы заманғы техника талабы, көп түрлі және жоғары температураға сай келетiн материалдар алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа химиялық материалдар химия өнiмдерiн шаруашылықтағы тоқыма, машина жасау, шлак жасау, радиоэлектроника салаларын кеңiрек енгiзуге жол ашады.
Химия ғылымының жетiстiгi және химиялық әдiстердiң өнеркәсiбiндегi мүмкiндiктерi, көптеген заттарды өңдеп, синтетикалық материал жасауға, сол арқылы бағалы кешендi азық-түлiк шыгаруға жағдай туғызады.
Сондықтан қазiргi заманғы техникалық прогресте химия өндiрiсiнің маңызы өте зор. Химия өнеркәсібі дамуының көрсеткiшi мұнай химиясымен байланысты жоғарғы сападағы отын түрлерi, iштей жанғыш қозғалтқыш, аммиак, метил спиртi, глицерин, ацетон, фенол болып табылады. Мұнай химия саласында синтетикалық каучук, пластмасса, талшық, минералды тыңайтқыш, жуғыш заттар шығарлады.
Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның құрылымын шарты түрде 3 топқа бөлуге болады:
негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару);
өңдеуші өндіріс (бояғыштар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке) – техникалық бұйымдар жасау;
жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі
8.2.Полимер химиясы (химиялық талшық, синтетикалық смола және каучук, пластмассалар)
Полимер материалдарын өндіру. Әлемнің химия өнеркәсібіндегі соңғы онжылдықтардағы аса маңызды өзгерістер органикалық синтез химиясының, ал оның шикізат базасында - мұнай-химия шикізатының арта түскен маңызымен байланысты болып отыр.
Негізгі органикалық синтез өзіне спирттер, органикалық қышқылдар, еріткіштер шығаруды қосады. Одан кейін органикалық синтездеу өнімдерін – полимерлер (пластикалық массалар, синтетикалық шайырлар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук) өндіру және полимер материалдарын қайта өңдеу (шиналар, резинатехникалық өнімдер, пластмассалардан өнімдер және т.с.с. шығару), сонымен қатар лактар, синтетикалық бояғыштар, тұрмыстық химия өнімдерін және т.с. өндіру келеді.
Органикалық емес химиялық өнімдер өнеркәсібімен салыстырғандағы негізгі органикалық синтез өнеркәсібінде бастапқы өнімдердің шағын санынан, құрамында көмірсутектер бар шикізаттан оларды синтездеу арқылы көптеген органикалық қосылыстар алынады. Химия индустриясының осы шағын саласы өнімдерінің ішінде мыңдаған атау бар.
Полимерлер – осылардың молекулалары қайталанатын буындардың көп санынан тұратын заттар. Синтетикалық полимерлер полимерлендіру және поликонденсациялау әдістерімен алынады. Бұл - пластмассалардың, химиялық талшықтардың, резеңкенің, желімдердің, лак-бояу материалдарының негізі. Полимерлер, негізгі органикалық синтез өнімдерін (этилен, пропилен, бензол және т.б.) және олардан жартылай өнімдер (стирол, винилхлорид, фенол және т.б.) алуға әлемнің экономикалық жағынан дамыған мемлекеттерінің химия өнеркәсібі өнімі құнының 30%-дан 45%-ға дейінгісі келеді.
Полимер материалдар шығару артып келеді. Олардың өндірістерін құру ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен пайдаланумен сипатталды. 1938 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең ішінде химиялық талшықтар мен жіптер жасау әлемде 0,85-тен 41 млн тоннаға дейін; пластмассалар мен синтетикалық шайырлар шығару – 0,35-тен 130 млн тоннаға дейін, ал ең «жас полимер» - синтетикалық каучук шығару – 0,08-ден 11 млн тоннаға дейін артты.
Химиялық талшықтар өндіру. Химиялық талшықтар табиғи полимерлерден алынатын жасанды (целлюлозалы) және оны өндіру үшін шикізат болып көмірсутектер қызмет атқаратын синтетикалық болып бөлінеді.
Химиялық талшықтарды жалпы шығару 1950 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде 1,7-ден 41 млн тоннаға дейін артты. Қолданылуының көпшілік салаларында синтетикалық талшықтар жасанды талшықтармен салыстырғанда бәсееклестікке көбірек қабілетті болып келеді.
Экономикалық жағынан дамыған елдерде синтетикалық талшықтарға химиялық талшықтардың бүкіл көлемінің 4/5 бөлігі келеді. Синтетикалық талшықтардың негізгі түрлерінің арасынан: полиэфир (лавсан), полиолефин (полиэтилен, полипропилен), полиамид (нейлон, капрон), акрил (нитрон) және т.с.с. талшықтарды бөлінеді.
Синтетикалық талшықтардан жүн, жібек, штапель түріндегі маталар, сонымен қатар техникалық маталар мен қабықтар шығарылады. Басында жетекші түр полиамид талшықтар (нейлон және капрон) болды, бірақ одан кейін бұларды қазірде басым болып отырған (60%-дан аса) полиэфир талшықтар (оның ішінде ласан) ығыстыра бастады.
Синтетикалық талшықтар шығарудың әлемдік көлемінде (38,5 млн тонна) Азия елдерінің үлесі 2005 жылға қарай 75%-ға дейін өсті. Бұл ретте Қытайдың үле салмағы әлемдік өндірістің 40%-ынан асып түсті.
Қазіргі уақытта химиялық талшықтар шығару бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына дамыған елдер де, дамушы елдер де кіреді Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау