Сабаќтыњ таќырыбы: Аяќ жетегімен ж‰ретін тігін машинасыныњ ж±мыс істеу



Дата17.01.2020
өлшемі51 Kb.
#26991
түріСабақ

Ашық сабақ

3.11.10


6 сынып

Мұғалімі:Болысбаева Қ



Сабақтың тақырыбы: Электр жетегімен жүретін тігін машинасының жұмыс істеу

қызыметі.Астыңғы және үстіңгі жіпті реттеуіш.

Тігін машинасының инесінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:Білімдік; оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын

Тігін машинасының жұмыс істеу қызыметімен таныстыру.


Тәрбиелік:Жұмыс кезінде зейінді және шыдамды болуға

тәрбиелеу, мәшинеде жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.


Дамытушылық: тігін машиналарын бір-бірінен ажырата

білуге, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

.

Сабақтың типі; жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі; аралас сабақ

Сабақтың әдісі; тірек сызбалары арқылы көрсету

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалары, мата, тігін машинасы,

астың ғы ж/е үстіңгі жіпті реттеуіш, тігін машина инесі



Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

1.Оқушыларды түгендеу

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын ж/е құрал жабдықтарын түгендеу

3.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру



ІІ Үй тапсырмасы

Жүн және жібек маталар туралы түсінік.Маталар тоқыма фабрикаларында иірімжіптерден дайындалады.Талшық иірімжіп алатын шикізат болып табылады.Матаның сапасы мен қасиеті талшыққа байланысты. Талшық табиғи ж/е химиялық болып екі топқа бөлінеді. Табиғи талшықты табиғаттан, ал химиялық талшықты жасанды жолмен алады.

Табиғи талшық;өсімдіктекті (мақта,зығыр,кенеп,қалақай,қарасора), жануартекті(жібек,жүн), минералды(асбест) болып бөлінеді..Біз өсімдіктекті мақта, зығыр маталары туралы 5 сыныпта өткен болатынбыз. . Енді 6 сыныпта жануартекті жібек ж/жүн маталары туралы өтіп жатырмыз.минералды талшық асбест туралы 7 сыныпта өтеміз.Осы тоқыма талшықтарын жіктеу бес аялдамға бөлінген.Осы аялдамадағы тапсырмаларды тірек сызбалары арқылы зерделейік.



1-аялдама: Табиғи талшықтар. Тірек сызбасы көрсетіледі.

Жібек ж/е жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындайды.Табиғи жүн қой, ешкі, түйеден алынады.Жүн матаны көбінесе қой жүнінен жасайды,өйткені еліміздің барлық бөлігі қой шаруашылығымен шұғылданады.

Қой жүнін арнайы қайшымен н/е машинкамен қырқады.Мұндай жүн алғашында өте қатты,кір,ұйпалақтанған болады.Тоқыма фабрикасына жөнелтпей тұрып,жүнді алғашқы өңдеуден өткізеді.Өңдеу жұмыстары мыналардан тұрады:жүнді сорттайды-талшықтары сапасы бойынша іріктейді; қоқымнан тазалап, т үтеді,қопсытады, ыстық сабын сумен жуады; арнайы машиналарда кептіреді.

Табиғи жібек тұт жібек құртының қуыршағынан алынады.Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 м-ге дейін жетеді.Жібек жіп өте жіңішке, нәзік болады.Жіп өте жіңішке болғандықтан бір емес бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді.Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды.

Жібекті алғашқы өңдеу жұмысы былайша орындалады: жібекті қуыршағынан айыру мақсатында бумен немесе ыстық ауамен кептіреді; бұл операция жібек орау фабрикасында орындалады.
2-аялдама: Талшықтардың құрылымы. Тірек сызбасы арқылы көрсету

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрылымына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы, жуандығы (жіңішкелігі), мықтылығы, жұмсақтығы иірілуі секілді қасиеттер әсер етеді.


3-аялдама:Матаның құрамы. Тірек сызбасы арқылы.

Матаның кұрамы талшықтардың қандай ерекшеліктеріне байланысты.Матаның құрамы талшықтардың құрылысына, ижіптердің айқасуына, сәндік ерекшелігі (бояуына) байланысты.

Маталардың негізгі құрамына қандай қасиеттер кіреді.

Физикалық-механикалық, гигиеналық ж/е техникалық қасиеттері кіреді.

Бұл құрамдар бұйымның сәнін таңдағанда,өңделуде ескеріледі.



Физикалық-механикалық құрамына матаның мықтылығы, қыртыстануы, төзімділігі жатады.

Матаның гигиеналық құрамы ауа өткізгіштігімен , жылу сақтағыштымен, ылғал мен щаң өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Матаның техникалық құрамы тігін бұйымдарын дайындау кезінде байқалады. Ол матаның отыруы, тез сетінегіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы ж/е ылғалды-жылумен өңдеуде пішіннің өзгеруі арқылы білінеді.
4-аялдама:Матаның құрылысы. Сурет көрсету

Мата негізгі ж/е арқау жіптің айқасуынан тоқылады. Тығыз тоқылған арқау жіп пен негізгі жіпті бойлай матаның шетінен жиек пайда болады.Осы маталарды одан әрі жақсарту үшін (НЕ ІСТЕЙДІ)өңдеу цехтарына жібереді.Ол жерде ағартады, бояйды,суреттер салады. Матаның (неше жағы болады)екі жағы болады. Оң жағы ж/е теріс жағы, матаның өңі мен теріс жағын қалай ажыратуға болады.


5-аялдама:Екі түрлі талшықтың ерекшілігін салыстыру

Жүн жібек маталардың түрлерін жинап келу




Талшық түрі

ерекшелігі



Сыртқы көрінісі

Қолмен ұстағанда

Жүн

Жібек


Төзімді,аз мыжырылады,жылуды жақсы сақтайды
Жылтыр, өте әдемі, салқын тартады,

Қалың,түкті,жұмсақ, жуан талшықты

Жеңіл, сусылдақ, тайғақ, жұмсақ

жұқа


Әр аялдамаға берілген тапсырмаларды орындау арқылы жүн ж/е жібек маталар туралы толық түсінік алдық деп ойлаймын . Олай болса бүгінгі сабағымызға көшейік.



Жаңа сабақ. Сабақты бастамас бұрын ТҚЕ еске түсіру.

(интерактивті тақтада көрсету,т м түрлерін)



Тұрмыстық тігін машинсы қолжетекті ж/е аяқжетекті, электржетекті деп үш түрге бөлінеді.Ал тігін фабрикаларында жылдамдығы жоғары тігін машиналарымен жабдықталған.Тұрмыстық тігін машиналарының жақсы жұмыс істеуі құлағы жеңіл,тігісі түзу болуы үшін оны мезгіл-мезгіл майлап отыру қажет.Машинаны пайдалану ережесін бұзу-иненің сынуына, жіптің үзілуіне, тігістің аттап түсуіне ж/е басқа да ақаулардың пайда болуына әкеп соғады.Иненің сынуы, майысуы кейде баспа табанының дұрыс тұрмауына бай-ты ж/е қалың матаны жіңішке инемен тіккенде пайда болады.Машинамен тігуді бастамас бұрын, өзімізге қажетті тігіст ің ұзындығын реттеп алған жөн. Өте жұқа маталарды майда тігіспен, ал қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.Сонымен қатар сәндік тігістерді реттеуіштің көмегімен тігіс ұзындығын таңдап аламыз.

(интерактивті тақтада көрсету)



Тігін машинасында тігіс астыңғы ж/е үстіңгі жіптің айқасуынан пайда болады.Үстіңгі жіпті өткізгенде жіп,үстіңгі жіп реттеуіштен өтіп,серппенің тесігінен өткізіп, иненің қөзінен өткізеді.

Үстіңгі жіп реттеуіш пен үстіңгі жіп реттеуіштің құрылысы.(интерактивті тақтада көрсету)



Тігн машинасы инесінің құрылысы.(интер тақта көрсету)

Тігін машина инесінің басты міндеті- тігіс жүргізу.Ине жылтыр болат темірден жасалады, оның жуандығы біркелкі болмайды.Ұшы жіңішке, үшкір де жоғарғы жағы жуан, бір беті тегіс келеді. Иненің жоғарғы бөлігі колба деп атайды. Колбадан төмен ұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьнің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стерженьнің бір жағы ойық болады, ол жүріс кезінде жіпті үйкелуден сақтайды. Жіпті осы ойық жағынан сабақтайды. ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады.Машина инесінің номерлері болады, оны мата түріне қарай таңдайды. Жұқа маталарды жіңішке инемен 70-80-90 нөмірлі инемен тігеді. Қалың маталарды 100-120 нөмірлі инемен тігеді.



Сарамандық жұмыс; тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Қозғалтқыш ричакты қосып, машинаны жұмыс жүрісіне қою. Астыңғы, үстіңгі жіпті өткізіп тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру. Тігетін матаны табанның астына қойып инемен шаншып, жұмысты бастау.



Бекіту сұрақтары.

  1. Тұрмыстық тігін машинасының қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өздігіңнен машинаға жіпті сабақтай аласыңба?

  3. Тігін машинасында тгіс қалай пайда болады?

Қорытынды. Сөзжұмбақ.

1.Киім неден тігіледі? (мата)

2.Мата неден тұрады?(талшық)

3.Екі басты жалмауыз, кейіп аузын ашады,

Алдына түскен нәрселер, өзінен өзі қашады. (қайшы)

4.Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі. (түйме)



5.Ұзына бойы жатқан жіпті не деп атайды? (негізгі жіп)

Бағалау.

Үйге тапсырма. Оқулықтағы машина тігістерін мұқият оқып шығып, кестені дәптерге сызып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау