Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет61/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Машина жасау кешенінің басты ерекшеліктері қандай?

  2. Электрондық және энергетикалық машина жасаудағы басты

принциптері

  1. Көліктік машина жасаудың орталықтары

  2. Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері

  3. Аспаптар мен құрал-жабдықтар жасаудағы ерекшеліктер

  4. Басқа салалық арнайы машиналар жасаудың түрлері

  5. Машина жасаудың негізгі аудандары

8.Көліктік машина жасаудан дүниежүзінде жетекші мемлекеттер
9.Машина жасау өнеркәсібі шығаратын негізгі өнім түрлері 10.Машина жасау саласындағы мамандану мен шоғырланудың басты себептері
11.Жаңа индустриялық елдерде неліктен машина жасаудың ғылым мен еңбекті көп қажет ететін салалары
12.Машина жасау өнеркәсібі салалары
13.Машина жасау өнеркәсібін неліктен кешенді деп атаймыз?
14.Ауыр машина жасау орталықтары
15.Машина жасау кешені қазіргі кезде қалай дамуда?


8. Химия өнеркәсібі
8.1. Химия өнеркәсібінің географиясы
Химия өнеркәсiбi. Бұл сала ХIХ ғасырдың соңында Германияда пайда болды. Химия өнеркәсiбiнiң “Алтын ғасыры” 50-жылдар мен 70-жылдардың басына келедi. Осы кезеңде мұнай-газ шикiзаты өндiрiсiнiң өсуi және оны пайдалануға байланысты сала жоғары қарқынмен дамыды. Машина жасау саласы сияқты химия өнеркәсiбi де бiрнеше негiзгi iшкi салалардан тұрады. Оның iшiнде жетекшi орынды мұнай-газ шикiзаты және мұнай-химияға негiзделген органикалық синтез өнеркәсiбi алады. Осыған дейiнгi дәстүрлi бейорганикалық химия екiншi орында қалды. Оның үлес салмағы кейбiр елдерде химия өнiмдерiнiң 10—25%-ын ғана құрайды.
Химия өнеркәсiбi бiздiң заманымыздың индикаторы болып саналады. Себебi ол әр елдiң экономикасының қаншалықты жаңғырғанын және ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiнiң пайдаланылу деңгейiн көрсетедi.
Химия өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің үлесі тек машина жасауға ғана жол береді. Әлемнің химия өнеркәсібінде өте елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Шикізат базасы өзгеруде, қолданылатын техника мен технологияда елеулі өзгерістер бар, бұл ретте осының барлығы химия өнеркәсібі кәсіпорындарының елдер деңгейінде де, әлем аймақтары деңгейінде де орналасуындағы өзгерістерге ықпалын тигізуде.
Химия өнеркәсібінің құрамына: тау кен-химия өнеркәсібі (шикізат шығару, байыту және бастапқы өңдеу); негізгі химия (тұздар, қышқылдар, сілтілер, минералды тыңайтқыштар өндіру); полимер материалдарды негізгі органикалық синтездеу (синтетикалық шайырлар мен пластикалық массаларды, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучукты және т.б. өндіру) және оларды дайын өнімге қайта өңдеу; сонымен қатар химиялық реактивтер мен ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, лактар, тұрмыстық химия, резина-техникалық өнімдер шығару; фармацевтика өнеркәсібі және т.с. кіреді.
Саланың спецификасына қолданылатын шикізаттың, пайдаланылатын техника мен технологияның үлкен алуан түрлілігі жатады. Химия өнеркәсібінің салалары үшін шикізат базасы болып жанатын пайдалы қазбалардың барлық түрлері (мұнай, газ, сланецтер), минералды шикізат (калий және басқа да тұздар, фосфориттер, апатиттер, күкірт), сонымен қатар қара және түсті металдар өндірісінің және химия өнеркәсібі өзінің қалдықтарының көптеген түрлері қызмет етеді.
Республиканың химия өнеркәсiбiнiң салалық құрылымы — тау-кен химиясынан, негiзгi химиядан және химия өнеркәсiбiнiң маңызды саласы органикалық синтезден және полимерден тұрады.
Елiмiз химия өнеркәсiбiнiң орасан зор шикiзат кендерiне бай. Олар: мұнай өңдеу және мұнай айырудан қалған қалдықтар, кокс-химия, фосфорит, күкiрттi колчедан, бром, ас тұзы, калий тұздары, борат және натрий сульфаты. Қазақстан аумағында 40-тан астам химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
Қазiргi кезде машина жасау сияқты химия өнеркәсiбi дүниежүзiнде негiзгi 4 аймаққа бөлiнедi. Олар: АҚШ, Шетелдiк Еуропа, Шығыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия, ТМД елдерi. Осы елдердiң барлығында химия өнеркәсiбiнiң кен химиясы, минерал тыңайтқыштарды өндiру, негiзгi химия өнiмдерi, әсiресе органикалық синтез және полимер материал­дарын шығару ерекше орын алады.
90-жылдардың ортасында дүниежүзi бойынша өндiрiлген химия өнiмдерiнiң 20%-ы АҚШ-тың үлесiнде болды және ол экспортқа шығарылатын өнiмдердiң 15%-ын құрады. Бүкiл Батыс Еуропа елдерiне химия өнiмдерiнiң 24%-ы, Жапонияға 15%-ы тиедi.
Ал 90-жылдардың соңында АҚШ пен Жапонияда химия өнеркәсiбi өнiмдерi төмендей бастады. Алдыңғы орынға Батыс Еуропа елдерi (бүкiл химия өнеркәсiбi өнiмдерiнiң 40%-ы тиесiлi) шықты. АҚШ екiншi орында қалды. Маңызы жағынан үшiншi аймақ саналатын Шығыс, Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi, негiзiнен, синтетикалық өнiмдер мен жартылай шикiзаттар өндiрдi.
Химия өнеркәсiбiнiң тағы бiр аймағы — Парсы шығанағындағы елдер. Бұларға дүниежүзiндегi химия өнiмдерiнiң 5-7%-ы тиесiлi. Химия өнiмдерiнiң дүниежүзiлiк өндiрiсiндегi экспорттық үлесi 2000 жылы 27% болды.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау