Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет62/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Химия өнеркәсібі - қазіргі кезде мұнай өндіру саласының дамуына байланысты жедел дамып отырған салалардың бірі. Оған осы сала өнімдеріне деген сұраныстың артуы және мұнай мен газдың тас көмірді ығыстыра бастауы әсер етті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі жөнінен Франция дүниежүзінде төртінші орын алады. Негізгі химияның кәсіпорындары көбінесе, шикізат көзінде (Эльзаста - калий тыңайтқыштары, Лотарингияда - тұздар және т.б.), ал сырттан әкелінетін шикізатты пайдаланатындары портты қалаларда орналасады. Мұнай химиясындағы аса ірі компанияла “КФП-Тоталь” және “Эль-Акитен”. Табиғи газды өнеркәсіптік өңдеу саласында дүниежүзінде алдыңғы орын алатын “Эр ликит” компаниясының 50 шақты елде өз кәсіпорындары бар. Өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Олардың қатарына аэрокосмостық, электр техникасы мен электроника салалары жатады. Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды азайту және халықаралық нарықтағы бәсекеге төтеп беру мақсатында Еуропалық Одақ аясындағы ынтымақтастық артып келеді. Оның айқын мысалы ретінде Франция, Ұлыбритания, ГФР қатынасқан “Аэробус” бағдарламасын айтуға болады. Сыйымдылығы 500 адамға жететін ең жаңа А300 аэробусы осы ынтымақтастықтың нәтижесі деуге болады.
Химия өнеркәсібі сырттан әкелінетін (мұнай, табиғи газ, фосфорит, күкірт, целлюлоза) және жергілікті шикізатқа негізделген. Мұнай химиясының ірі кәсіпорындары солтүстікте шоғырланған. Елдің оңтүстігіндегі Приоло, Неаполь, Кальяри қалаларында да ірі комбинаттар салынған. Мұнай химиясының өнімдері де алуан түрлі. Әсіресе пластмасса, химиялық талшықтар жасаудан Италия дүниежүзілік нарықта елеулі орын алады. Резеңке бұйымдарын шығаратын “Пирелли” бірлестігінің өнімдері дүниежүзіне әйгілі, оларды Қазақстаннан да кездестіруге болады. Италияның лак-бояу өндірісі мен фармацевтика өнеркәсібі де Еуропа елдері арасында айрықша көзге түседі. Сондай ақ, байырғы салалардың бірі – гүлдер мен жемістерден табиғи эссенциялар мен эфирлі майлар алу сақталып қалған.
Химия өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 15%-ын береді. Бұл саланың 350 компаниясында (аса ірілері - “Шелл Кеми”, “АКЗО-Нобель”) 90 мың жұмысшы істейді. Тыңайтқыштар мен фармацевтика шикізатын өндіру, дәрі-дәрмек, бояулар мен сабын, пластмассалар өндірісін және т.б. қамтитын химия өнеркәсібі 50 мыңнан аса өнім түрін шығарады. Өнімнің 3/4-і экспортқа жөнелтіледі.
Өндірісті орналастыру факторлары. Химия өнеркәсібінің өндірістері мен кәсіпорындарын орналастыруға өндірістік процестердің спецификасы себепкер болған көптеген факторлар әсер етеді. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарын шикізатты, суды және қуатты көп қажет ететін өндірістерге жатқызады. Су сыйымдылығы бойынша химия өнеркәсібі электр энергетикасын қоспағанда, барлық салалардан басып озады. Бұл кезде судың айтарлықтай бөлігі технологиялық процесте пайдаланылады, бұл оның химиялық ластануына алып келеді.
Қандай да болсын факторлардың кәсіпорындарды орналастыруға әсері химия өнеркәсібінің әртүрлі салалары үшін бірдей емес. Бұрынғы кезде химия өндірісі көбіне көп осында кокс-химия өндірісі іс жүзінде, әсіресе қышқылдар, сілтілер, азот тыңайтқыштар, синтетикалық бояғыштар алған кезде химия өнеркәсібінің шикізат және жартылай өнім базасын жасаған көмір-металлургия аудандарында қалыптасып отырған болатын. Мысалға, химия кәсіпорындары Германияда Рейн-Вестфаль ауданында, АҚШ-та Ұлы көлдер маңында, Донбасс пен Кузбасста (ТМД-да) және т.б. орналастырылған.
Осы өнеркәсіптік аудандардан тысқары жерде химия өндірістерінің құрылуына тек географиялық орынның жайлылығы, білікті кадрлардың болуы және сала өнімдеріне деген сұраныс қана ықпал етіп отырды. Мысалға, химия өнеркәсібінің жекелеген шағын салалары, аталған өндірістердің химия саласының өнімдеріне (пластмассалар, химия талшықтары және т.б.) деген қажеттігін ескере отырып, машина жасау және тоқыма өнімдерін шығару орталықтарында қалыптасты.
ХХ ғасырда химия өнеркәсібінің жаңа шикізатқа (мұнай мен табиғи газды пайдалануға) көшуі саланың өндірістік қуаттылықтарын орналастырудағы өте елеулі өзгерістерге алып келді.
Мұнай мен табиғи газ шығару аудандарында, осы ресурстарды отын ресурстарын шығару орындарынан өнеркәсіп жағынан дамыған елдерде орналасқан зауыттарға тасымалдау жолдарында, сонымен қатар осында мұнайды танкерлерден құйып алу жүрген айлақтарда кәсіпорындар пайда болды. Орналастырудың осы бір түрі, мысалға, Таяу Шығыс мұнайын жеткізуге тәуелді болып отырған Еуропа мен Азияның көптеген теңіз маңындағы елдеріне тән. Мысалы, Роттердам (Нидерланды), Сингапур және басқа да қалалар ірі мұнай өңдейтін және мұнай-химия орталықтарына айналды. Алайда, осында мұнай мен газ бұрынғы шикізат базасын күшейтуге және толықтыруға, ал бірқатар жағдайларда тіптен оны өзгертуге мүмкіндік берген ескі аудандарда да химия өндірістері қалып отырды.
Дүниежүзі химия өнеркәсібі өнімдерінің барлық түрлерінің ассортименті де, өндіріс көлемдері де артып келеді. Химия өнеркәсібінің еңбек сыйымдылығы бастапқы материалдарды өңдеу мен қайта өңдеу дәрежесінің артуына қарай өсе түседі. Ең жаңа, ғылымды көп қажет ететін салалар жұмысшы күшінің біліктілігіне жоғары талаптар қойып отыр.
Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндірісіке жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібі:

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау