|
Өнеркәсіп географиясы
|
бет | 60/117 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 2,97 Mb. | | #44894 | түрі | Оқулық |
| Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясыКөліктік машина жасау географиясында «АЗИЯ АВТО» Акционерлік Қоғамында жеңіл автомобильдер мен жинақтаушылардың құрама өндірісін ұйымдастыру мақсатында 2010 жылы Астана қаласында «General Electric» (Америка Құрама Штаттары) компаниясымен ынтымақтастық аясында, «Lokomotiv-leasing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі EVOLUTION сериясындағы 11 дана локомотив өндірді. Петропавлоск қаласындағы «ЗИКСТО» Акционерлік Қоғамы 20 дана жүк жартылай вагондарын, сонымен қатар оларға 40 дана теміржол арбасын өндірді.
Қазақстан Республикасын Индустриалдандыру картасына енген жобалардың аясында «ЗИК СТО» Акционерлік Қоғамы вагон-хопердің тәжірибелік үлгісін жасап шығарды және «Қазакстан Teмip Жолы» ҰҚ» Акционерлік Қоғамының комиссиясына апробацияға жіберді.
Шығарудың жылдық көлемі 30 мың тонна болатын, теміржол машина жасау қажеттіліктері үшін ірі габаритті құйма өндірісін ұйымдастыру бойынша «Востокмашзавод» Акционерлік Қоғамы инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсаттарында, Индустрия және сауда министрлігі аталған жобаны жүзеге асырудың мақсатқа лайықты екендігі туралы қорытынды берді.
Ауыл шаруашылық машина жасау географиясында «Гомсельсмаш» РУП-ымен (Беларусь Республикасы) қол қойылған шарттың нәтижелері бойынша, «Агромашхолдинг» Акционерлік Қоғамы 400 дана комбайн жасап шығарды, оларды кеңейтуді одан әрі жоспарлай отырып, елдің ірі облыстарында тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылды. «Минск трактор заводы» РУП-ымен (Беларусь Республикасы) қол қойылған шарттың аясында Семей қаласының «Семей автоқұрастыру заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Белорус дөңгелекті тракторларының 700 данасын шығарды.
Мұнай-газ машина жасау географиясында «ҚазТурбоРемонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасын Индустриалдандыру картасына енген, Газ-турбина қондырғыларын және жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі завод құрылысы» инвестициялық жобасы іске қосылған. Газ-турбина қондырғыларын және жабдықтарын жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру жоспарлануда.
Тау кен-руда машина жасау географиясында прокат стандарын, рольгангтар, шахталық гидробағандар, гидроысырмалар өндірісін дамыту және гидравликалық пен пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-тасымалдау жабдығын өндіруді игеру жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|