Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет59/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

7.6. Басқа салалық арнайы машиналар жасау
Жапонияның аса ірі танкерлер мен алып жүк кемелерін жасауға маманданған ірі орталықтары Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалаларында орналасқан.
Дүниежүзінде жасалатын кемелердің жүк сыйымдылығының жалпы көлемі жөнінен Жапонияға 42%-ы сәйкес келеді.
Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника жасау мен электроника саласының орталығына айналды. Ғарыштық техника жасауда “Юнайтед технолоджис” компаниясы көзге түседі. Елдің оңтүстігіндегі Даллас және Хьюстон қалаларында ірі әуе-ғарыш өндірісі шоғырланған. Елдің солтүстік-батысындағы Сиэтл қаласында 1916 жылы “Боинг” фирмасының алғашқы авиациялық зауыты ашылған болатын. Қазіргі кезде мұнда алып “Боинг” ұшағы ғана емес, вагондар мен кемелер, тоңазытқыштар да жасалынады. Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар - “ІВМ”, “Дженерал электрик”, “Хьюлетт Паккард” компаниялары.
Өңдеуші өнеркәсіптің басты салалары - машина жасау, ағаш өңдеу, отын-энергетика, түсті металлургия. АҚШ-та жаңа, ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ авиациялық техника жасаудан дүниежүзінде бірінші, телекоммуникациялық жабдықтар мен микросхемалар жасаудан екіншіі, ал санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан үшінші орын алады.
Ұшақтар шығару жөнінен Ұлыбритания тек АҚШ-қа ғана жол береді. Авиациялық зауыттар Лондонда, Бирмингем, Ковентри қалаларында орналасқан. Франциямен бірге дыбыстан жылдам ұшатын “Конкорд” әуе лайнерін жасайды. Жалпы авиаракеталық-ғарыштық техника жасауда “Бритиш аэроспейс” компаниясының үлесі жоғары: оның өнімінің 60% сыртқа жөнелтіледі. Компания зауыттарында жолаушы және жүк таситын, әскери ұшақтар, ғарыштық байланыс құралдары жасалады.
Авиазымыран-ғарыш өнеркәсібі. Машина жасаудың бұл саласы бұрынырақта құрылған авиация өнеркәсібін және жаңадан пайда болған зымыран-ғарыш өнеркәсібін біріктіреді және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстарға көп шығынды және капитал салымын қажет етеді. Саланың құрылымында ұшақ және тікұшақ, сонымен қатар зымыран жасау, ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру, қозғалтқыштар өндірісі, авиациялық аспап жасау және т.б. бар.
Авиазымыран-ғарыш өнеркәсібінің барлық өндірістері – капиталды, ғылымды және еңбекті көп қажет ететін өндірістер. Осы өнеркәсіпте инженерлік-техникалық қызметкерлердің және біліктілігі жоғары жұмысшылардың үлесі жоғары. Саланың капитал сыйымдылығының жоғары дәрежесі оның жоғары монополиялануын анықтайды. Әлемнің жетекші дамыған елдерінде де осы сала өнімдерін өндіретін тек 3-4 қана фирма бар. Аэроғарыш индустриясындағы жылдық айналымы бойынша: «Боинг» (АҚШ), «ЕАДС» (Франция), «Локхид-Мартин», «Юнайтед Текноледжиз», «Нортрон грумман» (АҚШ) сияқты трансұлттық компаниялар көзге түседі.
Авиазымыран-ғарыш өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарын жекелеген елдер ішінде орналастыру үшін ғылыми-зерттеу орталықтары бар ірі қалаларға тартылу тән. Басқа факторлар да, мысалы, фирмалардың қызығушылығы, әскери-стратегиялық түсініктер әсер етеді. Әртүрлі елдер авиациялық және зымыран-ғарыш техникасын шығару көлемі бойынша да, өндіріске қатысатын фирмалардың саны бойынша да ерекшеленеді.
Саладағы аса ірі фирмалардың саны және олардың сатылым көлемдері бойынша Америка Құрама Штаттары көш бастап келеді, бұл ел азаматтық авиация құралдарының әлемдік нарығының айтарлықтай үлесін бақылап отыр (көшбасшы – «Боинг» компаниясы). Еуропа елдері және олардың фирмалары өзінің авиазымыран-ғарыш өнеркәсібін дамытуда ғылыми-техникалық және өндірістік потенциалды кооперациялану мен мамандану негізінде біріктіруді жолға қойған.
Еуропа аэроғарыш концерні (European Aeronautic Defense and Space – EADS) құрылған. Еуропалық «Эйрбас индастри» (“Airbus”) консорциумына Франция, Германия, Ұлыбритания, Испанияның авиация компаниялары енген. Бүгінгі күні бұл әлемдегі ең ірі азаматтық лайнерлерді өндірушілердің бірі. Бұл ретте оның акцияларының 80%-ы – Еуропа аэроғарыш концерніне, 20% – Британдық “BAE Systems” компаниясына тиселі.
Авиазымыран-ғарыш өнеркәсібінің өнімдерін әлемнің 20 еліндегі 80-нен аса фирма өндіреді. Жетекші фирмалар мақсаты бойынша әртүрлі әскери және азаматтық авиатехника шығарады.
2003 жылы «Боинг» компаниясының тапсырыс берушілерге тек 280-ге жуық машина жеткізуді жоспарлауының арқасында ол алғаш рет «Эйрбасқа» (300-ге жуық авиалайнер шығарған) жол берді. 2005 жылы еуропалық консорциум, «Боинг» корпорациясын басып озып, 1110 жаңа лайнер жасауға тапсырыстар алды.
Сарапшылардың болжамдарына сәйкес, жолаушылар мен жүк тасымалдарының көлемі арта түсетін болады және жақындағы 20 жылда әлемдегі азаматтық ұшақтар паркі артады (қазіргі кезеңмен салыстырғанда екі еседен аса). Оның ішінде жаңа ұшақтардың ішінде олардың көпшілігі жолаушы ұщақтары болады. Бірақ жүк ұшақтарының паркі де өсе түседі. Авиация көлігінің ерекшелігі сенімділікке және қызмет көрсетудің қауіпсіздігіне деген жоғары талаптар болып табылады. Бұл жаңа әуе кемесіне сертификат алу жер бетіндегі және ұшу сынақтарының көп көлемін өткізу қажеттігін туындатады. Осындай жұмыстарды орындау ұзақ мерзімді ұшақ үшін, пилотаж-навигация кешені және агрегаттар үшін 5-7 жылдан бастап қозғалтқыш үшін - 10-12 жылға дейін ұшақ жасап шығарудың мұндай кезеңдері ұзақ мерзімді көп капитал салымдары қажет.
Әлемдік авиақұрылыста күн өткен сайын көбірек маңызға әртүрлі мақсаттарға арналған жеңіл азаматтық ұшақтар өндірісі ие бола бастауда. Жеңіл де арзан ұшақтарды ірі фирмалардың лицензиялары бойынша әлемнің көптеген елдері шығаруда. Жеңіл автомобильдерге арналған моторларды дәл осылайша көптеген елдер шығарады, бірақ авиалайнерлер мен әскери ұшақтарға арналған қозғалтқыштар шығаратын фирмалардың саны шектеулі. Оларды өндіруге тек ірі фирмалар ғана маманданады.
Барлық типтердегі әскери ұшақтар шығаруда екі ел – АҚШ мен Ресей. Отандық фирмалар авиазымыран-ғарыш өнеркәсібінде әлемдік көшбасшылармен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Аэрокосмостық өнеркәсіптің кәсіпорындары Париж округі мен Тулуза, Бордо қалаларында орналасқан. Оның өнімдерінің жартысы экспортқа шығарылады. Мемлекеттік “Аэроспасъяль” және “Снекма” компаниялары шетел компанияларымен бірге ішкі әуе тасымалына пайдаланылатын “Каравелла”, “Конкорд” реактивті ұшағын және вертолеттер жасайды. Сонымен қатар, дүниежүзінің көптеген елдері Францияның “Мираж”, “Мистер”, “Рафаль” тәрізді әскери ұшақтарын сатып алады. Ғарыштық техника (ракеталар, жасанды серіктер мен ғарыштық байланыс құралдары) жасау бағытында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Дамушы елдерде машина жасау кешені салаларының әртүрлі топтарының дамығандығына қарамастан, саланың даму масштабтарын көрсететін маңызды көрсеткіші АҚШ, Жапония және Германияда өте жоғары болып келеді. Басқа дамыған елдер оларға айтарлықтай орын беріп отыр. Дамып келе жатқан елдер арасында машиналар мен жабдықтар шығару бойынша Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Үндістан көзге түсуде. Осында машина жасау өнеркәсібі тек қана экспортқа жұмыс істейтін (өндірістің 100%-ына дейін) және жергілікті арзан жұмыс күшін пайдаланатын шетелдік фирмалардың филиалдарымен көрсетілген бірқатар елдер бар. Машина жасау тек қана ішкі нарық үшін шетел фирмаларының өнімдерін құрастырумен және жөндеу кәсіпорындарымен көрсетілген елдер тобы өте айтарлықтай.
Қазіргі әлемдік экономикада және халықаралық еңбек бөлінісінде ерекше орынды Қытай алып отыр. Ірі машина жасау державасы бола отырып, жоғары технологиялық деңгейдегі кәсіпорындарға иелене отырып, Қытай машина жасау өнімінің көптеген түрлері бойынша әзірге өз қажеттіліктерін қанағаттандырмай отыр. Бұл ретте ол қазірдің өзінде әлемде машина жасау саласының бірқатар өнім түрлерін шығару бойынша бірінші орынды иемденуде және өнімдерді әлемдік нарыққа экспорттауын арттыру үстінде. Қытайда арзан жұмысшы күшінің бар болуы (жағалаудан қашықта орналасқан аудандарда құрастыру операцияларында жұмысшы күшінің құны – сағатына 0,5 долларға жуық), ол Жапонияға қарағанда 75%-ға төмен болып отырған. Қытай өндірісінің өзіндік құны Тайванға қарағанда 10%-ға, Жапониядан 20-25%-ға, Еуропа елдері мен АҚШ-тан 30-35%-ға төменірек.
Әлемдік машина жасауда Жапония, Қытай, Үндістан және Азиялық «Жаңа индустриалды елдердің» маңызы арта түсуде.
Машина жасау кешенінің қазіргі күйі және салалық даму келешегі.
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жапсарлас салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі сан мәрте арта түседі және осылайша жалпы алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.
Салааралық кешендердің сан көбімен өзара байланыста Қазақстанның машина жасау кешенінің өнім өндіру көлемі 2010 жылы 106 млрд. теңге құрады, физикалық көлемнің индексі 2009 жылдың қаңтармен-мамырмен (ИФО) салыстырғанда 187% құрады, оның ішінде: компьютер, электронды және оптикалық өнімді өндіру - 6,2 млрд. теңге, ИФО - 46%; электр жабдығын өндіру - 14,6 млрд. теңге, ИФО -250%; басқа категорияларға енгізілмеген машина және жабдық өндіру - 18,9 млрд. теңге, ИФО - 206 %; өзге көлік құралдарын өндіру -6, 3 млрд. теңге, ИФО - 189 %; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату -57,9 млрд. теңге, ИФО - 100,4%.
2 кестеге сәйкес 2005 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде отандық өнім өндірушілер шығаратын өнімнің өсуі байқалады, алайда 2009 жылы, әлемдік экономикада келген дағдарысқа байланысты өндірістің құлдырауы байқалады. Импорт пен экспорттың көрсеткіштері осыған ұқсас көлемдердің артуын және олардың 2009 жылы құлдырауын көрсетіп отыр.
Кесте 2. Машина жасау нарығының динамикасы

Көрсеткіш

2005 ж.

2006 ж.


2007 ж.


2008 ж.


2009 ж.


Өндіріс көлемі, млн. долл.

1 350, 8

1 814,0

2 244,5

2 473,0

1 915,2

Экспорт, млн. долл.

358, 7

673,6

938,0

1 284,3

399,7

Импорт, млн. долл.

7 595,2

10 708,0

15258,6

15475,0

11 225,2

Нарық сыйымдылығы, млн. долл.

8 587, 3

11 848,4

16565,2

16663,7

12 740,6

Ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі, %

11,6

9,6

7,9

7,1

11,9

Бәсекеге қабілеттік коэффициенті

0,79

-0,79

-0,81

-0,78

-0,81

Қазіргі таңда машина жасау кешенінде Қазақстанның 2010-2014 жылдарға Мемлекеттік индустриалдандыру Картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 жылы 10 жоба жүзеге асырылды, бұл кешен кәсіпорындарын ел аумағында бірқалыптырақ орналастырудың географиясын айтарлықтай кеңейте түсті. Мыналар өндіріске қосылды және пайдалануға берілді:


«Газ-турбина қондырғыларын және жабдықтарын жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету жөніндегі завод тұрғызу» жобасы – жобаны мәлімдеуші - «ҚазТурбоЖөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Атырау облысы – инвестиция көлемі - 5 250 млн.теңге;
«Баутино ауылындағы шағын кемелерді жөндеу жөніндегі завод» жобасы – жобаны мәлімдеуші «Маңғыстау облысының кеме жасау заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Маңғыстау облысы – инвестиция көлемі - 2 250 млн.теңге,;
«Астық тасымалдауға арналған жабық вагон-хоппердің (астық тасығыштың) келешектегі үлгісін жасап шығару және оны өндіріске енгізу» жобасы – жобаны мәлімдеуші «ЗИКСТО» Акционерлік Қоғамы, Солтүстік Қазақстан облысы – инвестиция көлемі – 108 млн. теңге, тәжірибелі үлгі жасап шығарылған және «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» Акционерлік Қоғамына сынап көруге берілген;
«Қарағанды құю-машина жасау заводында «ҚазБелаз» техникасыныңқосалқы бөлшектерін өндіру және жинау» жобасы – «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – жобаны мәлімдеуші – «ҚазБелАз» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды облысы – инвестиция көлемі - 10 500 млн.теңге;
«Күш және бақылау кабельдерін өндіруді ұйымдастыру» жобасы – жобаны мәлімдеуші «EAST INDUSTRI COMPANI Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шығыс Қазақстан облысы – инвестиция көлемі - 753 млн.теңге.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау