Кітапша бетін даярлау.
Тұтас былғары түптеудегі жазба кітапша мынадай бөлшектер тұрады: Кітапшаның былғары мұқабасы, екі картон жақтар мен қондырмалардан тұрады.
(7-сурет)
Кітапша сыртын былғарымен бедерлеп ою барысында, мына төменгі тохнологиялық орындалу кезеңдерімен жоспарлауға болады.
Эскиздер жасау.
Картондар кесу.
Картонға ою түсіру.
Картонды бедерлеп ою.
Былғарыны пішу және жұқарту.
Жақтарды былғарымен жабу.
Сәндеу.
Дайын болған мұқаба ішіне парақ беттерін орналастыру.
Бояу жұмыстарын жүргізу.
8 а,б,в -суреттер
Енді осы кезеңдер бойынша жеке –жеке тоқталайық. Қандай жағдайда болсын заттарды жасау алдында міндетті түрде эскидері болуы тиіс. Сол сияқты жазу кітапшасын былғарымен қаптап безендіру барысында, ең бірінші өзіне тән эскизі болады. Бұл эскизде заттардың өлшемдері, кіші бөлшектері, былғарыға ою басу технологиясы,сонымен қатар сол былғарының түр-түсін анықтап алған жөн. Былғарыны безендірудің түрлеріне келер болсақ оның мынандай түрлері бар:
-арнайы прессте басу,
-бедерлеп ою,
-былғары бетін арнайы аппаратқа күйдіріп безендіру,
-алтындату,
-аппликация жасау т.б.
Енді осы безендіру жолдарының , былғарыны бедерлеп ою түрін қалай жасауды төмендегідей атап өтуге болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей бедерлеп ою барысында алдымен қағазға бірнеше эскиздер жасаймыз. Эскизде жасалатын заттың ыңғайлы, әдемі, көптеп жасап шығаруға жарамды жағын қарастырған жөн. Табылған эскизді планшетке көшіріп сызып алғаннан кейінүоның түр-түсін анықтап бояу қажет. Бояу кезінде бояудың өзіне тән бірнеше жолдары бар. Әрине, ол барынша ұқыптылықтарды, тазалықты қажет етеді, ең алдымен акварельдегі белгіленген бояу түрлерін алып су қосып дайындап аламыз. Енді бояудың қылқаламның көмегімен планшеттегі эскиздің үстін толық бояймыз. Бояуды кептіріп осы жолмен бірнеше рет бояп, оның былғарыға дайындалғвн бедерлі ою екенін көрсетіп жарық көлеңкесін анықтау қажет.(1- сурет)
Әрі қарай осы табылған эскиз бойынша жазу кітапшасының мұқабасына арнап картонда кесіледі. Ол картондарды, темір сызғызтарды қоя отырып арнайы кескіш құралмен белгілеп кесеміз. Картондарды бір-бірімен беттестіре желімдейміз. Желімденген картонды бастырып қою қажет. Дайын болған картон бетін эскизді арнайы жасалған жасалған құралдар көмегімен ою керек. Кескіш құрал пышақ болғандықтан жұмыс кезінде барынша сақ болғвн жөн. (2-сурет)
Былғарыны көркем өңдеу кезінде қолданылатын саптардың барлығы әрқашан таза және тәртіпті сақтау қажет, өйткені аспаптардағы кепкен желім дақтарының белгілерін былғары бетінде мүмкін емес.
Былғарыны көркемдеп өңдеу кезінде кейбір қалың былғарыны жұқартуға тура келеді. Былғары бұйымдарды жұқартуды былғарының астыңғы жағынан бастайды. Мұны арнайы жүзі бір жағынан өткірленген жұқартқыш пышақтардың көмегімен жасайды. Былғары кіші бөлшекті тас плитаға(тақтайша) былғарының астыңғы жағын жоғарыға қаратып қояды. Болмаса тегіс ағаш тақтайда да жұмыс жасауға болады. Бөлшек шетін 20 мм-ге жуық ендікте жұқартады. Кесу кезінде пышақ өзіңнен сыртқа қарай бвғытталуы тиіс. Былғарының қалыңдығын осылайша жартылай, ал қажет болса қағаздың қалыңдығына дейін жұқартуға болады.
Егер былғары жуан болса сәндеу және қабықшаны ою орындарын да жұқарту қажет. Ойып түсіруден өңделген жерлерін үстіңгі бетінен жұқартады. Жұқарту өткір пышақпен орындалады.
Былғарыны жұқарту кезі дағдыны қажет етеді. Жұмыс кезінде былғарыны кесудің және былғары қабатын кіші бөлшек шеттерінің жуандығы бірдей болатындай етіп кесу маңызды.
Былғарыны пішу кітапты тұтастай былғарымен түптеу үшін былғарыны қондырмамен жақтарды жауып тұратындай және жақтардың жиектерін 2см асып тұратындай шамадағы көлемде былғары кесіп алады. (3-сурет)
Ойылған картон жақтарды пішілген былғарыға қоя отырып бірінші кезекте мұқабаның алдыңғы бедерлеп ойылған бетін желімдеп, былғары сыртынан стекпен басып оюды сәнді етіп шығарамыз.(4 а сурет). Екінші кезекте жоғары және төменгі бос жерлерді, бұрыштарды сонымен қатар бүйірлік бос жерлерді орап желімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |