4. Тәсілдер.
Бұрыштарды реттеудің бірнеше тәсілдері бар.
1.Тәсіл (8а сурет)
Былғарымен қаптағаннан кейін дөңес пайда болмас үшін жақтардың бұрыштарын бір жағына қиғашынан кеседі.
Жақтар бұрышынан 3-4мм қалдыра отырып, былғары мұқаба бұрыштарын қырқады.
Жоғарғы және төменгі жиектерін орайды.
Бұрыш басындағы қатпарларды тегістейді.
Бүйірлік жиегін орайды.
2.Тәсіл (8бсурет)
1. Картон жақтардың бұрыштарын тік сызықта қырқады.
2. Жуан былғарыны қолдану, жағдайында былғары бұрыштарын
дөңгелектейді.
3. Барлық жиектерін орайды.
4. Жинақтауға арналған стекпен немесе пышақ ұшының көмегімен
бұрыштарды пішінге келтіреді.
3.Тәсіл (8 в сурет)
1. Жақтар жиегінің айналасындағы былғары жиектерінің барлығын иеді.
2. Жиектерді стекпен үйкейді, мұның нәтижесінді вертикальді қатпар пайда
болады.
3. Қайшымен бұл қатпарды қырқады.
4. Жиектерді бірінің үстіне бірін қоя отырып тегістеп үйкейді.
5. Дайын болған мұқаба ішіне бет қағаздарын орналастыру керек.
5. Қағазбен жұмыс.
Қағаздарды майыстыру. Майыстыру қағаздарды бір немесе бірнеше рет ию болып табылады. Қағаздың иілген жері нығыз басылып игенннен кейін парақ шеттері дұрыс түсуін қадағалау қажет. Ию үлкен және сұқ саусақтар арқылы ұстайтын стектер көмегімен жүргізіледі. Стек барлық уақытта таза болуы тиіс және қағазға мыж түсіретіндей тым өткір болмауы тиіс.
Қағаз шеттерін тегістеу. Бұл жұмыс қағаз шеттерін немесе иілген дәптерлерді тегістеу үшін қажет қағаздарды екі қолмен ұстайды, үлкен саусақтар үстіңгі жақта тұруы тиіс, ал қалғандары төменнен табылады. Оның төменгі жағын осылай ұстап тұрып үстелге ұрады. Соққы кезінде жеке парақтар басқалармен бірдей тегістелуі үшін саусақтарды босаң ұстау қажет, барлық парақтардың төменгі жағы тегістелгенше жұмысты қайталай береді. Осылайша қағаздың барлық шетін тегістеп шығады. Иілген дәптерлерді тігер алдында да осылай тегістейді.
Қазғаздарды берік үстелде өткір пышақпен кеседі. Қағаздың астына жуан тығыз қатты картон қояды. Барлық уақытта бір бағытта кесу қажет, әйтпесе пышақ ізі қиылысады және төселген қатты картон жарамсыз болып қалады. Кесу орнын жиі ауыстырып тұруы керек, пышақ бір орынға бірнеше рет түспеутиіс, өйткені төменгі парақтардың шеті тегіс болмай шығуы мүмкін.
Қағазды кесу кезінде металлдан жасалған сызғыш қолданылады. Пышақты оң қолға тікеленген сұқ саусақ пышаққа тіреліп тұратындай етіп ұстау керек. Сызғышты сол қолдың тікеленген сұқсаусақ пышаққа тіреліп тұратындай етіп ұстауы керек. Сызғышты сол қолдың тікеленген ортвншы, сұқ саусақ және бармақтармен қысып ұстайды. Сызғышты тіптен қатты қысып ұстауға болмайды. Өйткені ол сырғып кетуі мүмкін. Қағазды кесуді оның үстіңгі шетін бірнеше см жоғарыдан бастау керек. Бір парақты кесуде пышақты 1-2рет, ол жуан болса 10-15рет жүргізу жеткілікті.
Алғаш кескенде пышақты үстел бетінен 30-45 градус бұрышта ұстай отырып, абайлап жасайды. Егер де бұрышты тік ұстаса, онда қағаз жыртылатын болады. Пышақ қозғалысын тоқтатпау қажет, өйткені қисық кесілуі мүмкін. Осындай жолдармен кесілген қағаздарды біріктіре отырып, сол жақ шетін тігеміз.
Әрі қарай кітапшаны түптеудің соңғы кезеңі дайын болған парақтарды, былғарыдан жасалған кітапша сыртына қосып орнату болып табылады.
Жақ іштерін мұқият желімдеп, дайын болған парақтарды жабыстырамыз. Жабыстыру кезінде парақтар мен жиектері,бұрыштары бір-біріне сәйкес келуі керек.
Енді жақтар жақсы желімделуі үшін кітапша бетінің үстіне екі сағаттай уақыт аралығында бастырамыз.
Толық кепкеннен кейін кітапты босатады және түптеу сапасын толығымен тексереді. Осылайша туптеуден кейін, соңында кітапша бетін лактеу немесе балауыз жағу, дақтарын тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, қорыта айтсақ, қазақ халқының қолөнер шеберлері былғарыдан әртүрлі бұйымдар жасайтын болған. Олар үй шаруашылығына өте керек болғандықтан көптеп жаслатын. Мысалы: торсық, аяққап, сондай-ақ ат әбзелдері, етік т.б. заттар сындас күнделікті тұрмыс қажеттіліктері. Заманымыздың өзгеруіне яғни даму сатылауына байланысты қазақ шеберлері өздерінің істейтін бұйымдарын әрқалай етіп дамытып, әсемдеп безендіре білді. Сондай кезеңде туындаған бұйымдардың бірі кітапша сыртын әсемдеп безендіру.Безендіру барысындаәртүрлі әдістер қолданылады, мысалы, тастардан көздер де қоюға болады. Ол да қолөнер шеберінің өзінше әсемдеуіне жатады. Әртүрлі етіп әсемдеуге болатын кітапша сырты бүгінде дамып, шебер қолдан шыққан былғары кітапша сырты бүгінде халық мүдделеріне жарап, сұранысқа ие болып жатыр.
Былғарымен жасалған кітап сыртын қалай жасауды оқырман қауым, соның ішінде жас шеберлер оқып өз игіліктеріне жаратса құба-құп. Өз жұмыстарын дамытып, былғарымен әртүрлі түрде кітапшалар сыртын безендіре жасап, өз шеберліктерін әрі қарай өркендетсін деген ниетпен осы әдістемелік нұсқау жазылды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Х. Махмутова «Текстиль и кожа» Москва -2011ж
Д. Шоқпаров «Қазақтың қолданбалы қол өнері»
Алматы кітап -2002ж
3. Ө. Жәнібеков «Жаңғырық» Алматы -1991ж
4. В. Пушкина «Кожа практическое рукаводство» М-2003ж
5. Е.П.Клюмов , К.К.Кирмов,К.К.Реймов,К.Суматовой
«Технология художественных изделий из кожи».М-1982ж
6. Э.Н. Литвинец «Сделай сам» Москва -1991ж
Достарыңызбен бөлісу: |