Өндірістік оқыту пәні бойынша Әдістемелік нұсқау Тақырыбы



жүктеу 3,67 Mb.
бет1/9
Дата25.11.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1594
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

Ә. Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі

«Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік»

циклдық комиссиясы

Өндірістік оқыту пәні бойынша

Әдістемелік нұсқау


Тақырыбы:

«Былғарыдан кітап мұқабасын көркемдеп

өңдеу технолгиясы»
Арнай пән оқытушысы: Сүлейменов Қуаныш Оралович


Шымкент -2013 жыл.
Орындаған:

Арнайы пән оқытушысы

СҮЛЕЙМЕНОВ ҚУАНЫШ ОРАЛОВИЧ


былғарыны көркемдеп өңдеу тәсілдері.

(әдістемелік нұсқау) - Ә.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН КОЛЛЕДЖІНІҢ БЫЛҒАРЫНЫ КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ СУРЕТ ШЕБЕРІ

мамандығына арналған – 2013 желтоқсан, 15 бет.

Дәстүрлі қазақ халқының өнерін дамыту және оны жеткілікті меңгеру, әлемдік өнер тәжірибелерінің негізгі бастысын оқып үйрену, сол тәжірибелердің негізінде пайда болған өзіндік әдіс-тәсілдерді жас шеберлерге жеткізу барысында қосқан үлесімізді көрсету болып табылады.

Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер саласындағы былғарыны көркемдеп өңдеу барысында жаңа технологияларды пайдалану.

Пікір берушілер:

Циклдың аға оқытушысы –Желдібаев Әшірбек Досбергенвич,

Базарбаев Жеңісәлі Бабақұлович.


«Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» циклдық комиссиясының мәжілісінде талқыланып қаралған


Циклдық комиссия төрағасы: Қ.О.Сүлейменов

Хаттама №___ , « ___» __________2013 жыл.

Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген.

Хаттама №___ , « ___» __________2013 жыл.


Әдістемелік нұсқаудың жоспары


  1. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты.

  2. Былғарыдан кітап мұқабасын көркемдеп өңдеу.

  3. Құрал-жабдықтар және қосымша қажеттіліктер.

  4. Кітапша бетін даярлау.

  5. Тәсілдер.

  6. Қағазбен жұмыс.

  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.




«Былғарыдан кітап мұқабасын көркемдеп өңдеу технологиясы»
Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі қолөнері бұйымдарын жасаудың әдіс амалдарын меңгеру, эстетикалық талғамдарын арттыру.

Әдістемелік нұсқау
Оқытушы дәстүрлі қолөнерде былғарыдан жасалатын бұйымдардың құндылықтық қасиеттері, табиғи түр сипаты жайлы сипаттама береді. Оның дәстүрлі технологияда дамытудың жолдарын сабақтастыра отырып, білім алушыларға өзіндік тапсырма беру арқылы меңгертеді. Қазақтың дәстүрлі қолөнерінде былғарыдан көптеген бұйымдар жасалады. Мысалы, былғары шеберлері, мал терісін өңдеп, оны үй тұрмсында пайдаануды ертеден –ақ игерген, киіз үй жасауда, торсықтың неше түрлері, саба, таспа тіліп онымен тігу әдістерін, киімдер де тіккен.

Былғарыдан ойылар оюдың да өзінді әдіс тәсілдеріне байланысты түрлері де болған.

Ал қазір ат әбзелдері, белдіктер, т.б. ұлттық бұйымдар жоғары деңгейде жасалып дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Сол бұйымдарды өзіне тән технологияларын пайдаланып жасау үшін жастар тәрбиесінекөп көңіл бөлінуде. Осы ұсынып отырған әдістемелік нұсқау соның кішкене бір бөлігі болады деп есептеймін.

Қолөнер шеберлеріне өте бай қазақ халқының тұрмыстық өмірге қажетті бұйымдары дерлік шебер қолдарынан шыққан. Бұйымдарды істеуде қолөнерші асқан шеберлікпен әрлендіріп, оның пайдалы жақтарын қарастырған.

Олар әрі тиімді, әрі ұзаққа шыдайтын қазақ қолөнерінен шыққан бұйымдар болып табылады. Атап айтсақ торсық, көнек, саба, ер-тұрман, кесеқап т.б. Осы сияқты бұйымдар осы уақытқа дейін тұрмыстық жағдайда өз қажеттіліктерін жойған жоқ. Мысалы төрінде домбыра мен қамшы ілмеген қазақ үйі кемде-кем.

Шебер қолдарынан шыққан заттар, тіпті бірнеше ғасырлардан кейін, қалпын жоғалтпаған күйі жер асты қазбаларынан баршамызға аян. Ата-бабаларымыздың қолы тиген осынау қолөнер бұйымдарын бүгінде ғалымдар жан-жақты зерттеу үстінде.

Қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографилық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Халық қолөнер дәстүрін мәпелеп сақтау және олардың сан алуан салаларын қазіргі жағдайда шығармашылық түрде дамытумәселесіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Сол қолөнер бұйымдарын жасайтын шикізаттың бірі –былғары.

Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқкиім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерия, техникалық бұйымдар т.б жасалынады. Соның бірі жазу кітапшасының сыртын былғарымен қаптап безендіру. Кітапшаны былғарымен безендіру-қай жағынан болса да тиімді. Біріншіден, кітапша әдемі көрінсе, сонымен қатар кітапша өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

Жазу кітапшасының сыртын былғарымен қаптап безендіру барысында қандай құрал-жабдықтар,сондай-ақ өзге заттарды қосып қалай көркемдеу әдісін пайдаланып жасалатындығы жайында мынадай мағлұмат атап өтсек болады.
1. Былғарыдан кітап мұқабасын көркемдеп өңдеу.

Көркемдеп өңдеу үшін көбіне өсімдіктер көмегімен иленген бығарылар пайдаланады. Былғарының су сіңіріп алатын созылмалы тығыз үстіңгі қабаты

көркем өңдеудің әр алуан түрлері гравирлеуді, ойып түсіруді сызықтың және

қол мөрін алтындату интарсия, батик т.б. пайдалануға мүмкіндік береді.

0,8-1,2мм қалындықтағы былғарыны гравирлеу, сызықтық және қол мөрі

үшін пайдаланады.

Хромды және өсімдіктер көмегімен иленген терілер бұзау, торпақ, шошқа, қой, ешкі және құлын терілерінен өңделеді.

Бұзау терісі негізі –сүтпен қоректенген бұзау терісі.

Торпақ терісі-өсімдіктермен қоректенуге толығымен өткен үлкенірек бұзау терісі. Бұзаулар терісінен өсімдіктердің көмегімен иленген терілер өзінің сапасы жағынан көркемдеп өңдеу үшін теңдесі жоқ материал болып табылады.

Табиғи күйінде ол ашық қоңыр түске ие. Жұқа тері әсіресе ойып түсіру мен гравирлеу үшін жақсы.


2.Құрал-жабдықтар және қосымша қажеттіліктер.

Құрал-жабдықтарды мұқият сақтау қажет, өйткені нашар құрал-жабдықтардан ойдағыдай жұмыс болмайды, яғни жұмыс жақсы шықпайды.

Әсіресе құрал-жабдықтардың өткірленген ұшы оңай құртылуы мүмкін, сондықтан оны былғарыдан жасалған футлярда сақтауға кеңес беріледі.

Былғарыны, қағазды, картонды кесу үшін арнайы пышақтар пайдалылады. Көркемдеп өңдеу үшін арнайы пышақтар сатылмайды. Әдетте осы мақсатқа пайдаланылуға ыңғайлатылған немесе шеберханада қатты құрыштан жасалған пышықтар қолданылады. Енді осы пышақпен жұмыс жасау ыңғайлырақ болу үшін оның кескіш жағы қысқа, ал түп жағы өткір етіп жасалады. Өткір жағын ұзартып және қысқартып пайдалануға болатын пышақ былғарымен кесу үшін пайдалады.



Түптеу не былғары жұқартуға арналған пышақтарды қолдан жасап алуға болады. Ол үшін пышақтың тек оң жағынан ғана өткірлейді.



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау