Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
153
гидраттың пайда болу үрдістерімен, сонымен қатар коррозия
белсенді қоспалардың болуымен анықталады.
3.8.1. Газды механикалық қоспалардан тазалау
Табиғи газды механикалық қоспалардан тазалау үшін екі
түрлі аппараттар қолданылады:
«ылғалды» шаңды аулау жұмыс принципі бойынша
майлы шаң аулауыштар;
«құрғақ» шаң бөліну жұмыс принципі циклондік шаң
аулағыштар;
3.32-суретте цилиндрлік ыдыстың сфералық түбімен тік
майлы шаң аулағыштың құрылымы көрсетілген. Шаң
аулағыш үш бөлімшеден тұрады: жуғыш А (астыңғы түбінен
жапқышқа дейін 5), оның ішінде майдың тұрақты деңгейі
болады; тұндырғыш Б (5 жапқыштан 6 жапқышқа дейін), оның
ішінде газ майдың ірі бөлшектерінен босайды. Шаң аулағыш
келесідей жұмыс істейді: тазартылатын газ аппаратқа түтікше 10
арқылы кіреді. Қалпаққа 9 аға отырып, ол өзінің жүру бағытын
өзгертеді. Механикалық қоспалардың, шаңның және сұйықтың
үлкен қоспалары инерциямен көлденең қозғалысын жалғастыра
береді. Қалпаққа соғылу кезінде олардың жылдамдығы
баяулайды және ауырлық күші әсерінен олар майға шығады.
Кейін газ байланыстыру 4-түтікшелеріне бағытталады, олардың
астыңғы жағы майдан 20…50 мм жоғары орналасқан.
Осы кезде газ өзімен бірге майды байланысу түтікшелеріне
алып кетеді, онда ол шаңның өлшенген бөлшектерін қамтиды.
Тұндыру бөлімшесінде газ жылдамдығы күрт төмендейді.
Осы кезде түзілетін шаңның және сұйықтың ірі бөлшектері
дренаждау түтікшелері 11 арқылы астына қарай ағады. Тұндыру
бөлімшесінен ең жеңіл бөлшектері газ ағынымен жоғарғы
скрубберлі бөлімшеге В алынып кетеді. Оның негізгі элементі
– скруббер, ол шахматты түрде орналасқан бірнеше жапқыш
қатарларынан тұрады 8. Жапқыштар лабиринтінен өтіп, газ
қозғалу бағытын көп рет өзгертеді, ал май бөлшектері
инерциямен жапқыштарға соғылады да, алдымен скруббердің
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
154
түп жағына ағады, ал кейін дренаждау түтікшелері арқылы шаң
аулағыштың 11 астыңғы бөлігіне барады. Тазартылған газ
аппараттан газ шығару түтікшеден 7 шығады.
3.32-сурет. Тік майлы шаң аулағыш:
1- ластанған майды шығару түтікшесі; 2- жаңа майды құю
түтікшесі; 3- деңгей көрсеткіш; 4- байланысу түтікшелері;
5, 6- жапқыштар; 7- газды шығару түтікше; 8- скруббер; 9- қалпақ;
10- газды енгізу түтікшесі; 11- дренаждау түтікшелері; 12-шламды
жою люгі
Шаң аулағыштың түбіне тұнған шлам уақыт ішінде (2–3
айда бір рет) 12 люк арқылы жойылады. Ластанған май 1
түтікшесі арқылы тұндырғышқа құяды. Ластанған майдың
орнына шаң аулағышқа 2 түтікшесі арқылы май құйылады. Май
деңгейін бақылау деңгейді көрсеткіш шкала 3 бойынша
жүргізіледі.
«Ылғалдымен» қатар газды қатты және сұйық қоспаларды
тазарту үшін «құрғақ» шаң аулағыштар да қолданылады. Ең көп
таралғаны – циклонды шаң аулағыш.
Циклонды шаң аулағыштың жұмыс істеу түсіндірмесі 3.33-
суретте келтірілген. Газ аппаратқа түтікше 2 арқылы кіріп,
циклон батареясына 3 түседі. Ортадан тепкіш күші әсерінен
қатты және сұйық бөлшектер шеткі аймаққа лақтырылып,
қабырғаларынан тежеліп, аппараттың төменгі бөлігіне түседі,
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
155
бұл жерден түтікше 6 арқылы шығарылады. Тазартылған газ
қозғалыстың бағытын өзгерте отырып, аппараттағы жоғарғы
бөлігіне түседі, ол жерден түтікше 7 арқылы шығарылады.
Тауарлық газда механикалық қоспалардың мөлшері 0,05 мг/м
3
аспау керек.
3.33-сурет. Циклонды шаң аулағыш:
1-тұрық; 2-газды кіргізуге арналған түтікше; 3-циклон; жапқыштар;
4-шлакты жоюға арналған түтікше; 6-газды шығаруға арналған
түтікше; 7-винттік қанатшалар
3.8.2. Газды кептіру
Мұнай газы құрамында су буы болады, оның мөлшерін
номограмма бойынша анықтауға болады (3.34-сурет). Олар
газды сулы будың қанығу қысымына тең қысымға дейін
қанықтыруы мүмкін. Берілген температурадағы су буының болу
шегі тамшы нүктесі деп аталады. Егер су буының мөлшері бұл
нүктеден жоғары болса, су буы конденсациялана бастайды, яғни
оның сұйық күйге өтуі байқалады.
Газдың ылғалдылығы абсолютті және салыстырмалы
болып қарастырылады. Абсолюттік ылғалдылық – деп су
буының массалық санын айтады, қалыпты жағдайда 1 м
3
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
156
газдағы мөлшері. Газдағы су буының массалық саны г/м
3
көрсетіледі немесе газдың кг / 1000 м
3
.
Салыстырмалы ылғалдылық – деп газдағы су буының
нақты мөлшерінің берілген қысым мен температурада оның
максимальды болу мөлшеріне қатынасы болып табылады.
Газдың салыстырмалы ылғалдылығы ( ) газдағы су буының
(р
а/г
) парционалды қысымның мына температурадағы қаныққан
су буының қысымына (Р
в.п
) қатынасы арқылы анықталады:
= р
а/г
/Рв. п ∙ 100%,
(3.39)
Қаныққан су буы үшін
= р
а/г
/Р
п.в
= 1 болады.
3.34-сурет. Газдағы су буының мөлшерін анықтайтын номограмма
Достарыңызбен бөлісу: |