Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
165
Барлық құбырлар сұйыққа толық толтырылған және
сұйыққа толық толтырылмаған құбырлар болып бөлінеді.
Қимасы сұйыққа толық толған құбырларды арынды деп
атайды, ал толық толмаған құбырларды арынды деп те
арынсыз деп те атайды. Лақтыру желілері және мұнай жинау
коллекторлары әдетте сұйықтармен толық толмайды. Өйткені
олардың қимасының бір бөлігі газбен толтырылады.
Ұңғы өнімдері лақтыру желісінен автоматты топтық
өлшеу қондырғысына (АТӨҚ) дейін сағадағы және АТӨҚ-дағы
қысымдардың айырмашылығы есебінен қозғалады. Ұңғы
өнімдеріне байланысты лақтыру желілерінің диаметрлері 75-
150 мм аралығында қабылданып және де жерасты арқылы
төселеді. Олардың ұзындығы техника – экономикалық есептер
арқылы анықталады және қашықтығы 4 км-ге дейін жетеді.
АТӨҚ-нан сығымды сорап станциясына (ССС) дейін немесе
мұнай дайындау қондырғысына (МДҚ) дейін әдетте диаметрлері
200–500 мм болатын жинау коллекторлары төселеді және
қашықтығы 10 км-ге дейін жетеді. Кен орындарында
мұнайдан бөлінген газды жинау және дайындау үшін газ
құбырлары төселеді.
Мұнай
кен
орындарындағы
жинау
жүйелерін
гидравликалық есептеу кезінде ұңғы өнімінің құбыр бойымен
қозғалысының әртүрлі жағдайларымен кездесеміз. Қабат
энергиясының әсерінен өнімді тасымалдау кезінде ұңғының
лақтыру желісінде екі фазалы газ-сұйықты қоспаның қозғалысы
байқалады, ал сулану кезінде үш фазалы қоспаның қозғалысы
болады. Сығымды сорапты станцияларынан соң құбырлар
желісі бойынша келесі фазалар қозғалады: мұнай немесе сулы-
мұнай эмульсиясы, газ, кей жағдайда су. Сулы-мұнай
эмульсиясы көп жағдайда тұтқырлы созылымды сұйықтық
болып табылады. Ағынның құрамында қатты бөлшектердің –
механикалық қоспалар, парафиндер және асфальтендердің
болуы өнімнің қозғалысын қиындатады. Мұнайды тасымалдау
кезінде пештерді қолдануды немесе қоршаған ортаға жылудың
табиғи жоғалуын ескере отырып, процестің изотермиялық емес
екенін ескеретін гидравликалық есептерді жүргізуге тура келеді.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
166
Келешекте өндірілетін мұнай мен газға есептелген
құбырлар желісінің жобалық өткізгіштік қабілетін, осы
құбырлар желісі салынып болған соң, біраз уақыт өткеннен
кейін ғана толық пайдаланады. Осылайша, құбырлар желісі
бірнеше жыл бойы толық жүктелмей жұмыс жасайды.
Техникалық-экономикалық
есептеулер
нәтижесінде
кіші
диаметрлі құбырлар желісінің құрылысын мұнай өндірудің
ұлғаю шамасына қарай біртіндеп жүзеге асыру тиімді болуы
мүмкін. Үлкен диаметрлі бір құбыр желісін екі немесе бірнеше
кіші диаметрлі құбырлармен алмастыру сулы және сусыз
мұнайды бөлек жинау кезінде дұрыс болуы мүмкін. Коррозия
белгілері байқалған кезде сұйықтар мен газдарды бөлек
тасымалдайтын құбырларды пайдаланғанымыз жөн, себебі
ағын жылдамдығы өскен сайын құбырлардың ішкі бетінің
коррозияға ұшырауы азаяды. Қоспаның жылдамдығы баяу (аз)
болса, минералды су (яғни, құрамында әртүрлі тұздары бар су)
құбырдың төменгі бетімен өзінше жеке ағын ретінде қозғалып,
сол төңіректегі коррозияның әрекеттілігін арттыра түседі.
Жылдамдық пен турбуленттіліктің (яғни, құйынды ағынның)
өсуіне байланысты коррозияның қарқындылығы азаяды, себебі
агрессивті орта құбыр қабырғаларынан оқшауланады, ал
қабырғалардың өзі мұнаймен үнемі майланып тұрады. Мұнай-
газ қоспаларын үлкен диаметрлі құбырлармен, әсіресе жергілікті
жер бедері тегіс емес (яғни, ойлы-қырлы) жерлермен
тасымалдау кезінде газды тығындар пайда болып, ағыс
бірқалыпты болмайды.
Үлкен диаметрлі бір құбырды бірнеше кіші диаметрлі
құбырлармен алмастыру мұнайды жинау және тасымалдау
жүйесінің сенімділігі мен икемділігін арттырады, себебі
апаттық жағдай бола қалған кезде ұңғыны тоқтатпай жөндеу
жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Құбырдың диаметрін және жинақтаушы коллекторлардың
санын дұрыс таңдау үшін нақты шарттарды тиянақты
қарастырып, техника-экономикалық талдау жүргізу керек.
Мұнай кәсіпшілік коммуникацияларын салу барысында
пісірілуі жақсы, шыңдалған болаттан жасалған құбырлар
қолданылады. Бұл құбырларды жіксіз, электр
пісірілетін,
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
167
спиральды-пісірілетін және тағы басқа конструкциялар түрінде
шығарады. Үлкен диаметрлі тігіссіз құбырларды ыстыққа
шыңдап, ал кіші диаметрлі құбырларды суыққа шыңдап
дайындайды. Үлкен диаметрлі пісіріліп жасалған құбырлардың
жігі ұзына бойына немесе спиральды болып түседі, ал кіші
диаметрлі құбырлардың жігі тек ұзына бойына түседі.
Мұнай кен орындарын тұрғызу барысында, көп жағдайда
сыртқы диаметрі 57–426 мм, ұзындығы 4-тен 12,5м дейінгі
мартенді болаттардан жасалған (маркасы ст.10, ст.20, және 4
сп.) ыстыққа шыңдалған жіксіз құбырлар кең қолданыс табуда.
Кен орнының ауданы бойынша төселетін құбырлар желісін
салу кезінде келесідей тәртіпті ұстанады: құбырлар желісі өтетін
жер пайдаланушымен келісіп, уақытша қарауға алынады. Содан
соң жерді тоң қабатынан төмен тереңдікке дейін қазып және
құбырларды траншеяға жақындатады, одан кейін құбырларды
құбыр төсегіштермен ұстап тұрып, құбырлардың жалғасқан
жерлерін қолмен (диаметрі 800 мм-ге дейінгі құбырларды)
немесе автоматты түрде (диаметрі 800 мм-ден жоғары
құбырларды)
пісіріп-дәнекерлеп
жалғайды.
Құбырлардың
сыртқы бетін балшық пен қақтан тазартып, битумды жабынмен
қаптайды, одан кейін құбырды электркоррозиядан сақтайтын
гидроизоляциялық лентамен орайды.
Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң пісірілген және
оқшауланған (яғни, сыртқы беті қапталған) құбырларды құбыр
төсегішпен траншея түбіне түсіреді де, осы траншеяны қазу
барысында алынған топырақпен кері көмеді. Көміп болған соң
жер бетін грейдермен тегістеп, рекультивация жүргізеді, яғни
топырақтың құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары
атқарылады. Егер жер ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге
жарамаса, рекультивация жүргізілмейді.
Кейбір жағдайларда құбыр желісінің бір бөлігін немесе
толықтай су астымен төсеу қажет болады. Бұл кезде
құбырларды коррозиядан сақтау үшін асбоцементті немесе
битумды изоляция қолданылады. Ал сулы кедергілерден өту
Достарыңызбен бөлісу: |