Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет39/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
142 
 
Қабатқа айдалатын суды дайындау мыналарды қарастырады: 
  Коагулирлеу арқылы таза емес суды жарықтандыру
  Декарбонизациялау; 
  Темірсіздендіру; 
  Ингибирлеу. 
Кәсіпорында суды дайындау мынадай бөлімдерден тұрады: 
  Мұнай мен газдан бөліну; 
  Микроағзаларды жою. 
Коагулирлеу арқылы таза емес суды жарықтандыру өте 
кішкентай  өлшенген  бөлшектерді  жою  мақсатында  жүзеге 
асады,  олар  ауырлық  күшінің  әсер  етуінен  тұнбайды.  Ол  үшін 
суға  реагенттер  қосады:  күкірт  қышқылды  алюминий,  хлорлы 
темір,  темірлі  купорос  және  басқа  да  коагулятор  атаулылар. 
Коагуляция  реакциясының  нәтижесінде  өлшенген  бөлшектер 
үлкейіп мақта тектес байланыс құрып суда тұнады.  
Декарбонизацияны  судан  кальций  немесе  магний 
бикарбонатын  жою  үшін  қолданады.  Қарсы  жағдайда  олар 
қабатта  тұнып,  кальций  мен  магнийдің  тұзы  мұнай  мен  газдың 
фильтрациясын  айтарлықтай  төмендетеді.  Декарбонизацияның 
мәні  керек  емес  қоспаның  коагуляциясын  шақыру  үшін  суда 
қайнатылған әктасты сілтілендіруден тұрады.  
Темірсіздендіру  –  деп  темір  жарылымдарымен  ұңғының 
фильтрлеуші  бетін  былғауды  тоқтату  мақсатында  судағы  темір 
тұзын  жою  процесін  айтады.  Бұл  үшін  аэрацияны,  әктауды 
және т.б. тәсілді қолданады. 
Аэрация  барысында  темір  тұзынан  суды  ауа  оттегімен 
байыту  процесі  барысында  ерімейтін  темір  қышқылының 
гидраты  түзіледі  (Fe(OH)
3
),  жарғы  ретінде  суда  тұнады.  Бірақ 
та,  аэрация  кезінде  судағы  барлық  темір  тұзы  жойылмайды,  ал 
процестің  өзі  үлкен  және  күрделі  құрылғыны  қолдануды  талап 
етеді.  Мұнымен  қоса  аэрация  судың  коррозиялық  активтілігін 
арттырады.  
Әктеу  кезінде  суға  әктік  сүтін  қосады,  ол  өз  кезегінде 
ерімейтін 
темір 
қышқылының 
гидрат 
жарылымының 
қалыптасуына алып келеді. 
Ингибирлеу  –  деп  суды  ингибиторлы  заттармен  өңдеуді 
атайды,  ол  коррозия  процесін  бәсеңдетеді.  Бағыты  бойынша 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
143 
 
ингибитор  әрекетін  көмірсутекті,  оттекті  және  көмірқышқылды 
коррозияға бөлінеді.  
Реагент-бактерецидтерді,  сульфатты  қалпына  келтіру 
бактерияларының  өмір  сүргіштігін  төмендету  үшін  қолданады. 
Аса әсерлі реагенттердің бірі болып – формалин саналады.  
Табиғи  суды  дайындау  қондырғысын  типтік  сұлбасы  3.27-
суретте көрсетілген. Сорғы 1 суды алып оны араластырғышқа 3 
жібереді.  Жол  жөнекей  мөлшерленген  құрылғы  2  оған 
коагулянтты  енгізеді.  Араластырғышта  3  коагулянт  сумен 
араласады,  содан  соң  өңделген  су  жарықтандырғышқа  4  барып 
түседі,  онда  жарғы  қалыптасады  және  ұсталады.  Қорытынды 
суды  жарғыдан  тазалау  фильтрде  5  жүргізіледі,  ол  жерден 
өздігінен  ағу  арқылы  резервуарға  бағытталады  6.  Содан  кейін 
сорап  7  суды  шоғырланған  сорапты  станциясына  айдалады 
(ШСС).  Сорап  8  өлшенген  бөлшектерден  периодты  түрде 
фильтрді  5  өзінен    таза  су  айдау  арқылы  тазалау  үшін  қызмет 
етеді. 
 
 
3.27-сурет. Табиғи суды дайындаудың принципиалды схемасы: 
1,7,8-сорап; 2-мөлшерленген қондырғы; араластырғыш; 5-фильтр;  
6-І резервуар-дайындалмаған табиғи сулар; ІІ-коагулянт;  ІІІ-сорап 
станциясына арналып дайындалған су; фильтрді тазалауға арналған су 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
144 
 
Коррозияны  ескерту  үшін  судың  химиялық  құрамының 
орнығуы 
үшін 
оған 
мөлшерленген 
сорап 
көмегімен 
гексаметафосфат  натрий  реагентін  2-3  г/м
3
  мөлшерде  қосады. 
Микро  организмдер,  бактерияларды  жою  мақсатымен  хлорлау, 
суды хлормен өңдеуін қолданады. 
Кәсіпте  дайындалған  ағыс  суларын  ашық  және  жабық 
типтес  сұлбасын  қолданады.  Қабаттық  ағыс  суын  тазалаудың 
ашық түрінің принципиалды сұлбасы 3.28-суретте көрсетілген. 
 
 
3.28-cурет. Ағыс суын дайындаудың ашық типтес қондырғысының 
технологиялық сұлбасы 
 
Техникалық су құм ұстағышқа бағытталады 1, сонда үлкен 
механикалық  қоспалар  тұнады.  Құм  ұстағыштан  ағынды  су  өз 
бетімен  ағу  арқылы  мұнай  қақпаға  түседі  3,  ол  судан 
механикалық  қоспалар  ІІ  мен  негізгі  мұнай  массасын  бөлуге 
арналған.  Оның  жұмыс  істеу  принципі  ағыс  суының  кіші 
жылдамдықта  қозғалуы  кезінде  гравитациялық  бөлінуіне 
жүгінеді (0,03 м/с кем емес), диаметрі 0,05 мм-н кем емес мұнай 
тамшысының  қалқып  шығуына  жеткілікті.  Қақпада  жиналған 
мұнайды  ІІІ  мұнай  жинағыш  құбыр  арқылы  өткізіп  сорғы  2 
арқылы  мұнай  дайындау  қондырғысына  екінші  мәрте  өңделу 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
145 
үшін келіп түседі. Мұнай қақпадан кейін ағыс сулары мұнайдан 
және 
механикалық 
қоспадан 
тазалануға 
дейін 
қалдық 
жиналатын  орынға  4  келіп  түседі,  тұру  ұзақтығы  бірнеше 
сағаттан  екі  тәулікке  дейін  созылуы  мүмкін.  Өлшенген  қатты 
бөлшектердің  тұнуы  немесе  ағыс  суын  нейтрализациялау 
процесін  тездету  үшін  қалдық  жиналатын  орынға алдында  суға 
химиялық заттарды қосады: әктас, күкірт қышқылды алюминий, 
аммиак және т.б.  қалдық жинайтын орыннан кейін ағыс судағы 
мұнай  құрамы  30-40  мг/л  құрайды,  ал  механикалық  қоспалар 
20–30 мг/л құрайды. Ағыс суын мұндай дайындау тереңдігі оны 
жұтылу  қабатына  айдауға  жеткілікті,  бұл  жағдайда  су  5  және  6 
камералар  арқылы  сорғы  7  қабылдауына  түседі,  оның  жұту 
ұңғысына айдалуын іске асырады.  
Айдау  ұңғымаға    судың  айдалуы  –  оның  терең  тазалануын 
талап  етеді.  Бұл  жағдайда  ағыс  су  камерадан  6  сорғы  8  арқылы 
жұмыс  істеп  тұрған  9  және  10  фильтрге  жіберіледі.  Фильтрлеуші 
материал  ретінде  кварцты  құмды  қолданады  (фракциясы  0,5–1,5 
мм),  антрацитті  қоқым,  керамзитті  құм,  графит  және  т.б. 
фильтрден тазаланған су ыдысқа 11 түседі, ол жерден сорғының 
үлкен қысымымен 14  үрейлендіргіш ұңғымаға  айдалады. 
Фильтрге  түсетін  судың  құрамында    мұнай  40  мг/л  және 
механикалық қоспа 50 мг/л көп емес болу керек. 
Мұнай және механикалық қоспаның қалдықтық сақталымы 
2–10 мг/л құрайды.  
12-16  сағат  жұмыстан  кейін  фильтр  бұлғанады  және  ағым 
басқа фильтрге ауысады, ал былғанған фильтрді жууға жібереді. 
Фильтрді  шаю  таза  сумен  іске  асырылады,  ыдыс  11  сорғы  13 
арқылы  алынып  фильтр  арқылы  қайта  бағытта  айдалады. 
Шайылудың  ұзақтығы  15–18  минут.  Шайылған  балшықпен 
бірге су  тұнба жинағышқа 12 түседі.  
Ағыс  суын  дайындау  қондырғысының  жабық  түрі  судың 
ауа оттегімен әрекеттесуін шектеп жаңа қышқылды реакцияның 
болуын  тоқтатады.  Жабық  типтес  қондырғының  әрекет  ету 
принципі  бойынша  қалдықты,  фильтрлі,  флотационды  және 
электрфлотационды болып бөлінеді.      


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау