Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет43/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
157 
 
 
3.35- сурет.  Ағынды бөлетін камера 
 
Ылғалды  газдың  құрамында  су  буының  максимальды 
мөлшері берілген температурада  болған кезде ол  қаныққан деп 
аталады.  
Газ  желілері  арқылы  мұнай  газының  қозғалысы  кезінде 
температуа  мен  қысымның  төмендеуі  нәтижесінде  көмірсутегі 
мен  су  конденсаты  түзіледі,  олар  газ  құбырларының  деңгейі 
төмен  жерлерінде  осы  құбырлардың  өнімділігін  төмендететін 
сұйықтықты тығындар пайда болады. 
Бұдан  басқа,  белгілі  бір  термодинамикалық  шарттарда 
сумен  байланысқанда  газдар  гидрат  түзуі  мүмкін.  Соңғысы, 
құбыр қабырғаларында жабысып, газ құбырының қимасын және 
өнімділігін төмендетеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
158 
4. ҰҢҒЫ ӨНІМІН ЕСЕПТЕУ. ҰҢҒЫ ӨНІМІН
ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН  ҚОНДЫРҒЫЛАР.  
МҰНАЙДАҒЫ СУДЫҢ, МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОСПАНЫҢ 
ЖӘНЕ ТҰЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ 
Кен орнын игеру  барысында өндіру ұңғыларының жұмысы 
мұнай,  газ  және  судың  шығымымен;  бірқалыпты  (немесе 
бүлкілдеу  режимінде)  өнім  берумен;  мұнайдың  сулану 
қарқынымен  және  жеке  ұңғылар  бойынша  газ  факторының 
ұлғаюымен сипатталады.  
Осылайша,  жеке  ұңғылар  бойынша  мұнай,  газ  және  судың 
мөлшерін  өлшеудің  –  ұңғы  өнімін  жинау  және  дайындау 
техникасы    мен  технологиясы  үшін  де,  сондай-ақ  кен  орнын 
игеру  үрдісін  (процесін)  бақылау  және  реттеуді  талдау  үшін  де 
маңызы  өте  зор.  Ұңғылар  өнімін  өлшеу  барысында  ұңғы 
шығымын өлшеумен қатар әрбір ұңғы бойынша газ факторының 
өзгеруіне,  мұнайдың  сулану  қарқынын  өлшеуге  және  талдауға 
ерекше  көңіл аударылуы керек. Әртүрлі кен орындарында ұңғы 
өнімін  әртүрлі  өлшейді.  Мұнай  мен  судың  шығымын  өлшеудің 
анағұрлым  дәл  және  қарапайым  әдістері  –  көлемдік  және 
массалық тәсілдер болып табылады. 
Көлемдік  тәсіл  –  бірфазалық  сұйық    жағдайында 
қанағаттанарлық  нәтиже  береді,  ал  массалық  тәсіл  –  мұнай-газ 
қоспаларын  өндіру  барысында  шығымды  дәлірек  есептейді, 
өйткені  газ  массасы  аз  болғандықтан  өлшеу  дәлдігіне  елеулі 
әсер етпейді.  
Ескі кен орындарында мұнайды жинаудың өздігінен ағатын 
жүйесінде  ұңғы  өнімін  операторлар  өлшеу  тарапында  немесе 
ашық  цилиндрлі  өлшегіштерде  бөліктерге  бөлінген  рейка 
арқылы   немесе су өлшегіш әйнектің көмегімен өлшейді.  
Газ  мөлшері  жүйесіз  өлшенеді,  өнімнің  сулану  пайызы 
ұңғы  өнімінен  алынатын  сынаманы  талдау  арқылы  анықталады 
және ол мезгілдік сипатқа ие болады, бұл жалпы кен орны және 
жеке  ұңғылар  бойынша  да  сулану  қарқындылығының  қандай 
деңгейде екені туралы нақты мәлімет бере алмайды.  


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
159 
 
Нақты  жағдайларға  байланысты  мұнай  және  газды  жинау 
жүйесінде 
ұңғы 
өнімдерін 
өлшеу 
үшін 
әртүрлі 
автоматтандырылған қондырғылар қолданылады: 
 ТӨҚ – топтық өлшеу қондырғылары; 
 АТҚ – автоматтандырылған топтық  қондырғылары; 
 АТӨҚ – автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары; 
 «Спутник» түріндегі блокты автоматтандырылған өлшеу  
қондырғылары. 
Қазіргі  уақытта  мұнай  кен  орындарында  ұңғы  өнімдерін 
өлшеуге  арналған  автоматты  құрылғылары:  А-Спутнигі,  Б-
Спутнигі  және  В-Спутнигі    кеңінен  қолданылады.  Олардың 
жұмыс  принципі  бірдей.  Қондырғылар  бір-бірінен  келесі 
көрсеткіштері  бойынша  ерекшеленеді:  жұмыс  қысымымен, 
қосылатын ұңғы санымен, ұңғылардың максимальды өлшенетін 
шығымымен,  өлшенетін  параметрлер  санымен,  қолданылатын 
жабдықтар мен аспаптардың жинақтылығымен. 
А-Спутнигі  (4.1-сурет)  –  бұл  өлшеу  қондырғысы, 
ұңғыларды  өлшеуге  автоматты  түрде  қосуға,  сондай-ақ 
Спутникке қосылған ұңғылар шығымын автоматты өлшеу үшін, 
сұйықты  беру  шамасына  қарай  ұңғы  жұмысын  қадағалауға 
(бақылауға)  және  апаттық  жағдай  кезінде  ұңғыны  автоматты 
түрде ажыратуға  арналған.  
А  –  Спутнигі  екі  блоктан  тұрады:  өлшеу  –  қосқышынан 
және жергілікті автоматика блогынан (ЖАБ). Бұларда, ұңғының 
өлшенген  шығымы  автоматты  түрде  тіркеліп  және  ұңғылар 
өлшеуге  қосылады.  А  –  Спутнигі  берілген  қатаң  уақыт 
аралығында,  ұңғыларды  өлшеуге  кезек-кезегімен  қосылуын 
қамтамасыз  етуге  берілген  бағдарлама  бойынша  жұмыс 
жасайды.  Ұңғыларды  өлшеу  ұзақтығын    жергілікті  автоматика 
блогында  (ЖАБ)  орнатылған  уақыт  релесінің    көмегімен 
анықтайды. 
А  –  Спутнигінің  кемшілігі  –  бұл  гидроциклонды 
айырғышта  мұнайдан  газдың  нашар  бөлінуіне  байланысты, 
есептегішке  сұйықтармен  бірге  газ  көбіктері  де  түседі,  осының 
әсерінен  турбинді  есептегіштен  өтетін  мұнайдың    шығынын 
өлшеу дәлдігі жоғары болмайды. 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
160 
В  –  Спутнигі  (4.2-сурет)  бұл  А  –  Спутнигі  сияқты 
ұңғыларды  берілген  бағдарлама  бойынша  өлшеуге  автоматты 
түрде  қосуға  және  еркін  газдың  шығымын  автоматты  өлшеуге 
арналған. 
Сұйықтар  шығымы  жоғарғы  және  төменгі    деңгейден  –9 
мәлімет  беретін  гамма-датчиктер  арасындағы    көлемге 
жинақталған  сұйықтардың  массасын  өлшеу  және  сұйықтардың 
осы  көлемді  толтыру  уақытын  тіркеу  жолымен  анықталады. 
Таза мұнайдың шығымы берілген көлемдегі сұйықтар массасын 
таза судың массасымен салыстыру арқылы анықталады. 
4.1-сурет. А-Спутнигінің жалпы сұлбасы: 
1- ұңғыдан өнімді лақтыру (шығару) желісі; 2- кері клапаны;  
3- көпжүрісті ұңғыларды қосқыш; 4- ұңғының роторлық  
қосқышының (ауыстырғышының) жылжымалы кареткасы (қорабы); 
5- бір ұңғыға арналған өлшегіш келте құбыр; 5а- жинау коллекторы 
(құбыры);  
6– гидроциклонды айырғыш; 7- тосқауыл жапқыш (яғни, заслонка);  
8- турбиналы есептегіш; 9- қалқымалы деңгей реттегіш;  
10- электрқозғалтқыш; 11- гидрожетек; 12- күш цилиндрі;  
13- ажыратқыштар (отсекателдер)
 
ЖАБ 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау