А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
150
перфорацияланған кұбыр мен түтікше 9 және 10 арқылы
шығарылады. Тазаланған су сақиналы перфорацияланған
сақиналы коллектор мен түтікше 8 арқылы шығарылады.
Резервуар-флотатор саңылаусыздандырылған, сондықтан судан
бөлінетін газ резервуардың жоғары бөлігіндегі түтікше 7
арқылы шығарылады.
Резервуар-флотаторға тазалануға келетін судың құрамындағы
қоспалардың мөлшері мұнай үшін 300 мг/л, механикалық қоспалар
300-ге дейін болады. Резервуар-флотатордан шығатын тазаланған
судың құрамындағы қалдық қоспалар мұнай үшін 4-30 мг/л,
механикалық қоспалар 10-30 мг/л құрайды.
Электрфлотация – электролиз нәтижесінде түзілетін
газбен флотациялау үрдісі. Су электролизі кезінде оттегі мен
сутегі
көпіршіктері
түзіледі.
Электрфлотациясының
газ
флотациясына қарағанда артықшылығы – мұнайлы судың
жылдам түссізденуіне алып келетін электролиз кезінде
16∙10
7
шт/(м
2
∙мин)-қа дейін жететін жұқа дисперленген газ
көпіршіктерін алу мүмкіншілігі.
Электрфлотациялық
тазалау
әдісінде
су
электрод
орнатылған және тұрақты электр тогын өткізетін технологиялық
сыйымдылыққа бағытталады. Электролиз кезінде электродтарда
мұнайлы судың өңделетін қабатынан жоғары қарай өтетін газ
көпіршіктері бөлінеді. Судағы көпіршіктердің қозғалуы кезінде
суда өлшенген дисперсті бөлшектермен соқтығысады және
оларға жабысып, сүзеді. Осылайша дисперсті бөлшектер
қырғыш транспортер көмегімен жойылатын көпіршіктер
түрінде ыдыстың жоғарғы бөлігінде жиналады. Тазаланған су
аспаптың төменгі бөлігінде орналасқан түтікше арқылы
шығарылады. Суларды электрфлотациялық тазалау үрдісіне
электродтардың орналасуы үлкен әсер етеді. Электродтардың
бірін аспапты түбін толықтай жауып тұратындай етіп оның
төменгі бөлігіне орналастыру тиімді.
Бұл
электролиз
кезінде
электродтардан
бөлінетін
көпіршіктер өңделетін суды толық көлемінде тесіп өтуі және
дисперсті бөлшектердің флотациясын қамтамасыз етуі үшін
қажет. Екінші электрод дисперсті бөлшектердің флотациясына
кедергі жасамайтындай етіп тік жағдайда орналастырады.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
151
Электродтар пластина және тор тәріздес жасалады, араларын
реттеуге
мүмкіндік
беретін
қозғалмалы
электродтарды
қолдануға болады. Флотация және электрфлотация үрдісінің
тиімділігін арттыру үшін өңделетін аққаба суларға химиялық
реагенттерді қосады, олар дисперсті бөлшектерге әсер ету
механизміне байланысты екі топқа жіктеледі: коагулянтты және
флокулянтты.
Коагулянттар – суға қосқан кезінде ұсақ дисперсті
айтарлықтай ірі бөлшектерге біріктіретін және кейін шөктіретін
электролиттер.
Мысалы,
күкірт
қышқылды
алюминийлі
коагулянт сумен әсерлесу кезінде гидролизге ұшырайды:
Осы кезде түзілетін алюминий гидрототығы шөге отырып,
өзімен бірге дисперсті бөлшектерді (мұнай және механикалық
қоспа) тартып кететін мақта тәріздес салқын шөгінді болып
келеді. Осы үрдіс сілтілі ортада белсенді жүретіндіктен,
коагулянтпен қатар аммиакты су немесе әктасты сүтті (әктасты
сөндіру кезінде алынатын) қосады. Күкіртті алюминийден басқа
коагулянт болып – хлорлы темір, темір купорос және т.б.
табылады.
Флокулянттар – бұл жоғары молекулярлы суда еритін
полиэлектролиттер. Полиэлектролит молекуласының ұзын
тізбегі өздерінің белсенді ортасымен дисперсті бөлшектердің
бетінде адсорбцияланады, бұл мақта түзілуге (флотацияға) алып
келеді. Коагуляцияға қарағанда флокуляция кезінде дисперсті
бөлшектер бір-бірімен байланыспайды, олар флокулянттың
молекулярлы тізбегінен тұратын көпірмен бөлінеді. Флокулянт
ретінде суда еритін полиакриламид полимері қолданылады.
Коагулянттар мен флокулянттардың тиімділіктері оларды
ақаба суларды тазалау үрдісі кезінде бірге қолданғанда өседі.
Бұл жағдайда флокулянттардың мөлшері коагулянттарға
қарағанда он немесе жүз есе аз болады.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
152
3.8. Газдың өндірісті дайындауы
Мұнай қойнауынан немесе мұнаймен бірге алынатын
мұнайлы газ өз құрамында әртүрлі қатты бөлшектерге (құм),
ауыр көмірсутекті конденсатқа, су буларына, сұйық күйдегі
суға, көмірқышқылға (СО
2
), күкіртсутекке (H
2
S), азотқа (N
2
)
және гелийге (He) ие бола алады.
Газдағы
қатты
бөлшектердің
болуы
құбырлардың,
арматураның
және
сорапты
құрылғылардың
күйреуіне,
бақылағыш өлшегіш құрылғылардың кірленуіне әкеліп соғады.
Мұнай
кен
орындарындағы
серіктес
газдың
және
газконденсатты кен орындарының газ құрамында ауыр
көмірсутектер бола алады, тіпті C
25
дейін, олар қалыпты
жағдайда сұйық күйде болады. Бұл сұйық көмірсутектер әртүрлі
өнімдерді алу үшін құнды шикізат болып табылады. Сол себепті
газдан әртүрлі әдістермен көбірек сұйық көмірсутектерді
шығаруға тырысады. Оған қоса, ауыр көмірсутектердің
конденсатын газ құбырларының төменгі нүктелерінде тұнады,
соның нәтижесінде оның өту қимасы азаяды.
Газдағы су буларының болуы құбыр өткізгіштерінің және
құрылғылардың коррозиясына әкеледі, сонымен қатар құбыр
өткізгіштерде гидраттардың – құбыр қимасын толығымен жаба
алатын қар тәрізді зат, пайда болуына әкеледі.
Күкіртсутек зиянды қоспа болып табылады. 1л ауадағы
жұмыс алаңында оның мөлшері 0,01 көп болған жағдайда ол
улы болып саналады. Ал ылғалдылық болған кезде күкіртсутек
күкіртті қоспаны және күкірт қышқылын туғыза алады. Олар
құбырлардың,
арматураның
және
құрылғылардың
тез
коррозиясына әкеліп соғады.
Көмірқышқыл газ – газдың жану жылулығын
азайтуымен зиянды және құрылғылардың коррозиясына әкеледі.
Сондықтан оны кәсіпте бөлген дұрыс болады.
Газды механикалық қоспалардан, ауыр көмірсутектерден,
су буларынан, күкіртсутектен және көмірқышқыл газдан тазарту
газды кәсіптік дайындаудың міндеті болып табылады. Мұнай
газының тасымалдауға дайындау тереңдігі конденсат және
Достарыңызбен бөлісу: |