Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
161
В – Спутнигінің көмегімен сұйықтардың шығымын өлшеу
барысында мұнай мен судың тығыздықтарын тұрақты деп
есептейміз. Өлшеу нәтижелері сыйымдылықтың т/тәуліктегі
толу уақытын ескере отырып, қайта есептеледі және жергілікті
автоматика блогында (ЖАБ-БМА) тіркеледі.
Ұңғылардың шығару желілерінде парафин жиналған
жағдайда, оларды тазалау үшін ұңғы сағасынан бастап
резиналы шарларға арналған сыйымдылыққа
–2 дейін мұнай
ағынымен ығыстырылатын резиналы шарларды қолдану
қарастырылған.
4.2-сурет. В-Спутнигінің жалпы сұлбасы:
1-тарату батареясы; 2-резиналы шарларға арналған сыйымдылық;
3-штуцерлер; 4-үш жүрісті клапандар; 5-жеке ұңғылардың өнімін
өлшеу үшін бағыттайтын құбыр (линия); 6-үш жүрісті кран;
7–суланған мұнайдың коллекторы; 8-сусыз мұнайдың коллекторы;
9-деңгейді реттейтін гамма-датчик; 10-айырғыш; 11-диафрагма;
12-тосқауыл жапқыш (заслонка); 13-сифон; 14- тарирленген
сыйымдылық; 15-тарирленген серіппе
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
162
В – Спутнигінің кемшілігі мынада, яғни парафинді
мұнайларды өлшеу кезінде тарирлі сыйымдылыққа жиналған
парафиндер оның анықтау дәлдігін едәуір төмендетуі мүмкін.
Б-40 – Спутнигі (4.3-сурет) бұл, жоғарыда айтылған
қондырғылар сияқты ұңғыларды берілген бағдарлама бойынша
өлшеуге автоматты түрде қосуға және ұңғылар шығымын
автоматты өлшеуге арналған.
4.3-сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы:
1-кері клапандар; 2-ысырмалар; 3-көпжүрісті ұңғыларды қосқыш
(ауыстырғыш); 4-ұңғының роторлық қосқышының
(ауыстырғышының) жылжымалы кареткасы (қорабы); 5- бір ұңғыға
арналған өлшегіш келте құбыр; 6-жинау коллекторы (құбыры);
7- ажыратқыштар (отсекателдер); 8-суланған мұнай коллекторы;
9, 12-жабық ысырмалар; 10, 11-ашық ысырмалар; 13- гидроциклонды
айырғыш; 14- қысым құлауын реттегіш; 15- газ шығынын өлшегіш;
16, 16а-золотниктер; 17-қалытқы; 18-сұйық шығынын өлшегіш;
19- поршеньді клапан; 20-ылғал өлшегіш; 21-гидрожетек;
22-электрқозғалтқыш; 23-сусыз мұнай коллекторы; 24-ұңғыдан
өнімді лақтыру (шығару) желісі
Б-40 – Спутнигі А-Спутнигімен салыстырғанда анағұрлым
жетілдірілген, себебі онда мұнай ағынындағы судың пайыздық
мөлшерін үздіксіз анықтап отыратын мұнайдың автоматты
ылғал
өлшеуіші
орнатылған,
сондай-ақ
гидроциклонды
айырғыштағы мұнайдан бөлінетін еркін газдың мөлшері
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
163
турбиналы шығын өлшегіш көмегімен автоматты өлшенеді.
Сұйықтың турбиналы шығын өлшегіші (ТОР) гидроциклонды
айырғыштың
технологиялық
сыйымдылығындағы
сұйық
деңгейінен төмен орнатылған.
Б-40 – Спутнигінің көмегімен суланған және суланбаған
ұңғылардың шығымдарын жеке өлшеуге болады.
Өлшеуге қойылған кез келген ұңғының сұйығы, ұңғының
роторлық қосқышы (ауыстырғышы) – 4 арқылы гидроциклонды
айырғышқа –13 бағытталады. Газдың айырғыштан шығарында
қысым құлауын реттеуіш –14 орнатылған, ол газ шығынын
өлшегіш –15 пен айырғыш арасындағы тұрақты қысым
құлауын (өзгерісін) ұстап тұрады. Қысымның тұрақты құлауы
золотниктер –16 және 16 а арқылы поршеньді клапанға –19
беріледі.
Мұнайдағы су мөлшерін анықтауда, мұнай мен судың
диэлектрлік қасиеттерінен су-мұнай қоспасының диэлектрлік
өткізгіштігінің тәуелділігіне негізделген мұнайдың сулануын
өлшеудің жанама әдісі көбірек тараған. Бізге белгілі болғандай,
сусыз мұнай диэлектрлі болып табылады және оның диэлектрлік
өткізгіштігі ε=2,1÷2,5, ал бұл көрсеткіш (яғни, диэлектрлік
өткізгіштік – ε) минералданған қабат суларында 80-ге дейін
жетеді.
Қазіргі кезде қолданылатын ылғал өлшегіштер –
талданатын сумұнайлы ортаға батырылған, екі электродтан
құралған конденсатор сыйымдылығын өлшеу негізінде жұмыс
жасайды. Мұнайдағы немесе мұнай эмульсияларындағы су
мөлшерін анықтау үшін кен орындарында Дина-Старк
аппараты кеңінен қолданылады.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
164
5. КӘСІПШІЛІК ҚҰБЫРЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындаудың барлық
элементтері бір-бірімен құбырлар арқылы байланысады.
Мұнай кен орындарында көптеген әртүрлі құбырлар кездеседі.
Мұнай кен орындарындағы алаңдарда ұңғы өнімдерін
тасымалдайтын құбырларды келесі түрдегідей жіктейді:
тағайындалуы бойынша – мұнай құбырлары, газ
құбырлары, мұнай-газ-су құбырлары және су құбырлары;
арыны бойынша – арынды және арынсыз;
жұмыс қысымы бойынша – жоғарғы (6,4 МПа және
одан жоғары), орташа (1,6 МПа) және төменгі (0,6 МПа)
қысымды;
төселу тәсілі бойынша– жерасты, жерүсті және су асты;
атқаратын функциясы бойынша – ұңғы сағасынан топтық
өлшеу қондырығысына дейінгі лақтыру желісі (ішкі кәсіпшілік
құбырлары); кен орындарынан ұңғы өнімдерін жинау және
орталық жинау пунктіне (ОЖП) немесе газ өңдеу зауытына
(ГӨЗ) тасымалдауға арналған кәсіпшілік аралық құбырлар;
магистральды – тауарлы өнімді тұтынушыға беруге арналған
ұзынынан созылған мұнай және газ құбырлары;
айдалатын өнімнің құрамы бойынша – мұнай, газ,
мұнай-газ және су коллекторлары; тауарлық мұнай құбырлары.
жұмыстың гидравликалық сұлбасы бойынша – тармақ-
талмаған қарапайым құбырлар, тармақталған күрделі
құбырлар (оларға тұйықталған сақиналы құбырлар жатады).
Қабат қысымын ұстау үшін суды айдау ұңғыларына
тасымалдауға арналған құбырлар былай бөлінеді:
магистральды су құбырлары – қысымды көтеретін
сорапты станциялардан;
жеткізетін су құбырлары – магистральды су құбырынан
шоғырлы сорап станциясына (ШСС) дейін;
тарататын су құбырлары – ШСС-нан айдау ұңғыларына
дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |