ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
ӨНДІРІСТЕГІ МҰНАЙ, ГАЗ,
СУДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі оқу құралы ретінде ұсынған
Алматы
, 2013 ж.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
2
ЖОК 621.6 (075.8)
ББК 33.16Я73
И 88
И 88 А.А.Исмаилов, Г.Ж.Смаилова, Т.Н. Жарқынбеков. Өндірістегі
мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау: Оқу құралы.
– Алматы: ҚазҰТУ, 2013. 278 б.
Сурет –103. Кесте –32. Библиографиялық тізім –27 атау.
ISBN 978-601-228-535-2
Оқу құралында – өндірістегі мұнай, газ және судың негізгі
құрамы келтірілген. Мұнай, газ және судың өнеркәсіптік
дайындау процестерінің негізгі мәліметтері, құбырлар жұмыс
істеу процесінде өнеркәсіптік тасымалдау және сақтаудың
теориялық негіздері келтірілген. Гидравликалық есептеулердің
негізгі принциптері келтірілген.
“Мұнай газ ісі” дипломды мамандарын дайындау бағыты
бойынша оқытылатын жоғары оқу орындарының студенттері
үшін.
ЖОК 621.6 (075.8)
ББК 33.16Я73
Пікір жазғандар:
Д.Ж. Абдели – техн.ғыл.докторы,
профессор, ҚБТУ;
С.К.Муратова – техн.ғыл.кандидаты,
профессор, КҚУ;
К.С.Нурбекова – техн. ғыл. кандидаты,
доцент.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2013 жылғы жоспары бойынша басылды.
ISBN 978-601-228-535-2
© Исмаилов А.А.
Жарқынбеков Т.Н.
Смаилова Г.Ж.
© ҚазҰТУ, 2013.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
3
КІРІСПЕ
Ұңғымадан шығатын өнім бірфазалы жүйе, мұнай және газ
болып табылмайды. Ұңғымадан мұнаймен бірге қабат суы,
ілеспе (мұнайлы) газ, механикалық қоспалардың, таужыныс-
тарының және қатайған цементтің қатты бөлшектері келіп
түседі.
Мұнай және газ кен орындарының ұңғыма өнімдері
көпфазалы көпқұрамды жүйелерді ұсынады.
Келесі ұғымдарды енгіземіз.
Қабат мұнайы – екіфазалы газсұйықтықты жүйе.
Мұнай шикізаты – құрамында мұнай, ерітілген газ, қабат
суы және механикалық қоспалары бар үшфазалы жүйе.
Өткізетін таза мұнай – жұмыс істейтін нормативтік және
техникалық документтердің талаптарына сәйкес тұтынушыға
жеткізуге арналған бірфазалы мұнай жүйесі.
Жұмыс істейтін МЕСТ Р 51858 – 2002 бойынша мұнай
үшінші ең нашар сапа тобына сәйкес келетін, егер құрамында
1%-дан төмен су және 900 мг/л төмен хлорлы тұздар болса, онда
ол сапалы (тауарлы) болып табылады.
Осы екеуінен басқа да көрсеткіштер бар. Сондықтан
мұнайды магистральды құбырға жіберуден бұрын оны келесі
процестерге негізделген арнайы өңдеуден өткізу керек.
1. Еркін
немесе
ерітілген
күйдегі
яғни
сепарация
процесінде болған мұнайдың құрамындағы жеңіл көмірсутекті
газдарды жою.
2. Мұнайдан суды бөліп алу – мұнайды сусыздандыру
процесі.
3. Мұнайдан құрамында еріген тұздарды шығару –
тұзсыздандыру процесі.
Мұнайды
дайындау
процесінде
жекеленген
немесе
өндірілген табиғи газ оған негізделген талаптарға сай болу үшін
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
4
магистральды құбырға жіберуден бұрын оны процестерге
негізделген арнайы өңдеуден өткізу қажет.
1. Газдан механикалық қоспаларды, тамшылы суды және
конденсатты бөліп алу – сепарация процестері.
2. Газ құрамындағы су буларын жою. Бұл процесс газды
құрғату және бір уақытта гидрат түзілуді сақтап қалу процесі
деп аталады, өйткені газды құрғату кезінде гидраттардың түзілу
процесі төмендейді.
3. Газдан ауыр көмірсутектерді шығару – абсорбциялық
шығару.
Өндірістік орналастыру күрделі қаржыландыруды талап
етеді, оның түбегейлі еншісі мұнай және газды тасымалдау
және
жинақтау
жүйелерінің
жасақтарына
жұмсалады.
Сондықтан мұнай мен газдың кең ауқымды дайындығы күрделі
қаржыландыруды және тасымалдау шығынын төмендету үшін
сонымен қатар кен орнына орнығу мерзімін қысқарту үшін
сәйкесінше жаңа кен орындарының жұмысын енгізуді үдеулету
үшін аса маңызы зор.
Қазақстанда мұнай өндірудің перспективалық көлемі
негізінде
әлемдік
мұнай
бағасының
деңгейімен,
салық
шарттарымен және кен орнын өңдеу мен барлауда ғылыми –
техникалық жетістіктерімен сонымен қатар, барланған шикізат
базасының сапасымен анықталады.
Табиғи газ елдің жаңармаған ресурстарына жатады.
Экономиканың дамуын анықтайтын маңызды шара негізінде ол
шикізаттың ең бағалы түрлерінің бірі.
Отынның тапшылығы және елдің экономикасының
дамуында табиғи газ рөлінің артуы кезінде табиғи газдың
жойылу түрлерінің төмендеуімен және технологиялық
қажеттіліктерге газ шығындарының қысқаруымен байланысты
өзекті мәселелер болып табылады.
Көбінесе
газдың
жойылулары
(90%
дейін)
газ
тасымалдаушы жүйелерде болады.
Магистральды
тасымалдауға
өндірілген
көмірсутекті
шикізатты дайындау кезінде заманауи кәсіпорындарында нақты
күштердің:
гравитация,
инерция
және
т.б.
жұмыстары
нәтижесінде сұйық және газ фазаларына қабат қоспасын бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |