Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет2/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

(сепарация)  принципін  қолдануға  негізделген  технологиялық 
процестерді кең ауқымда қолдануды алға қойды. 
Мұнай 
жүйелерінің 
күйлері 
мен 
қасиеттері 
түрлі 
параметрлердің: 
қысым, 
температура, 
меншікті 
көлем, 
фазалардың 
компонентті 
құрамдарының 
әсерлерімен 
анықталады. 
Барлық тізбек бойынша  көмірсутек жүйелерінің қозғалысы 
кезінде    “қабат  –  ұңғыма  –  дайындау  мен  жинау  жүйелері  – 
магистральды құбыр” үздіксіз температура мен қысым өзгеріп 
отырады. Нәтижесінде жүйелердің фазалық күйлері, фазалардың 
компонентті  құрамы  сонымен  қатар  бақыланатын  физика  – 
химиялық құрамдары өзгеріп отырады. 
Өндіріс ішіндегі  құбыр тасымалдау және ұңғыма өнімдерін 
сақтау  (мұнай    және  газдың)  бойынша    қазіргі  заман  инженері 
көпқұрамдас көпфазалы жүйе ретінде мұнай, газ, судың физика 
– химиялық  қасиеттері  мен  құрамдарын,  негізгі  принциптерін
ұңғыма  өнімдерін  дайындау  және  тасымалдау  процестерінің 
заңдылықтарын білу қажет. 
Бұл білімдері мұнай мен газды дайындау, тасымалдау және 
сақтаудың қазіргі технологиясын дұрыс бағалауға  және  оларды 
жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  «Ұңғы  өнімдерін  жинау  және 
дайындау» пәнін игеру кезінде алынған кешенді білімде ұңғыма 
өнімін  дайындау,  тасымалдау  және  оны  сақтау  жүйелерін 
мүлтіксіз жобалаудың жаңа жолдары негізделеді. 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА, ТМД
МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ МҰНАЙ 
ӨНДІРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ  
ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
Қазақстан 
Республикасының 
мұнай 
өнеркәсібі 
– 
экономиканың жетекші саласы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  қазіргі  таңда  дүниежүзіндегі  ірі 
мұнай  өндіруші  елдердің  қатарында  есептеледі.  Қазақстан 
дәлелденген  қоры  және  мұнай  өндіру  көлемі  бойынша  ТМД 
елдерінің  арасында  екінші,  ал  газ  бен  конденсаттың  қоры 
бойынша – төртінші орын алады.  
Еліміздің  территориясында  214-тен  астам  мұнай  және  газ 
кен орындары бар. 
Өнеркәсіптік  категориядағы  мұнай  қоры  Қазақстанның 
алты  әкімшілік  облысында  шоғырланған.  Еліміздің  батыс 
аймағының  төрт  облысында  алынатын  мұнай  қорының  90%-ы 
шоғырланған.  Атап  айтсақ  осы  аймақта:  Теңіз,  Қарашығанақ, 
Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты  және мұнай-газ қоры 100 млн. 
тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған. 
Табиғи  газдың  негізгі  қоры  екі  облыста  шоғырланған: 
Батыс  Қазақстандағы  (Қарашығанақ)  және  Ақтөбедегі  (Жаңа 
жол).  Мұнай  кен  орындарындағы  ілеспе  мұнай  газының 
потенциялы зор.  
Қазақстан  Республикасындағы  шикізаттардың  дәлелденген 
мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық. 
Республикамыздағы  мұнайдың  құрлықтағы  болжамды 
алынатын  қоры  7,8  млрд.  тонна  және  оның  2/3  бөлігі  Батыс 
Қазақстанда  шоғырланған,  ал  табиғи  газдың  болжамды  қоры 
7,1 трил.м
3
 болып табылады.   
Каспий  теңізінің    Қазақстандық    секторындағы    мұнай  газ 
қоры  да  мол.  Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  бөлігіндегі 
Шығыс  Қашаған  құрылымына  бұрғыланған  барлау  ұңғылары 
нәтижесінде  мұнай  мен  газдың  өнеркәсіптік  мол  қоры 
дәлелденген. 
Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік  Үстіртте, 
Маңғышлақ  пен  Оңтүстік  Торғай  ойпатында  орналасқан  60-қа 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

жуық  кен  орны  игерілуде.  Қазақстан  Республикасында  мұнай 
және  конденсатты  өндіру  көлемі  2011  жылы  80,06  млн. 
тоннадан  асты,  ал  газ  өндіру  көлемі  39,5  млрд.  м
3
  құрады 
(1.1-кесте). 
Мұнай  өнеркәсібінің  қарқынды  дамуына  байланысты  ұңғы 
өнімін  кәсіпшілікте  жинау,  тасымалдау  және  дайындау  жүйесін 
жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет 1.1–1.3-суреттерде 
Қазақстандағы  ірі  кен  орындарының  ұңғы  өнімдерін  жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйелерінің сұлбасы келтірілген. 
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді;  мұнайды 
жинау, дайындау және тасымалдауды;  мұнай газын жинау және 
дайындауды; 
қабат 
қысымын 
ұстап 
тұру 
жүйесінде 
пайдаланылатын  тұщы  және  қабат  суларын  қабатқа  айдау  үшін 
дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді 
атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.  
1.1-кесте 
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісі 
Қаңтар 
Нақты 
көлемінің 
индексі, %-
бен 
2011 
жыл 
2010 
жыл 
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру 
Мұнай, газ конденсатын қоса, 
мың тонна 
7 072,4 
6 603,9 
107,1 
соның ішінде: 
шикі мұнай, мың тонна 
5 892,8 
5 585,2 
105,5 
газ конденсаты, мың тонна 
1 179,6 
1 018,7 
115,8 
Табиғи газ, млн. текше метр 
3 565,7 
3 195,6 
111,6 
соның ішінде: 
газ тәрізді күйдегі табиғи газ, 
млн. текше метр 
1 774,1 
1 560,0 
113,7 
одан: 
тауарлық газ, 
млн.текше метр 
902,4 
893,2 
101,0 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

1.1-кестенің жалғасы 
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 
Мұнай отыны (мазут) және 
газойльдер (дизельдік отын); 
мұнай дистиляттары, мың 
тонна 
1 030,4 
1 112,2 
92,6 
соның ішінде: 
мотор отыны (бензин, соның 
ішінде авиациялық), мың тонна 
233,7 
284,4 
82,2 
керосин, мың тонна 
36,7 
45,0 
81,6 
газойльдер (дизельдік отын), 
мың тонна 
365,9 
354,6 
103,2 
отындық мазут, мың тонна 
310,1 
336,1 
92,3 
Көмірсутекті сұйытылған 
газдар, мың тонна 
35,5 
39,9 
89,0 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  ақпараты 
бойынша (16.02.2011). 
1.1-сурет. Теңіз кен орнындағы ұңғы өнімін жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйесі 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау