19
Қазақ
станда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 1:
Нақты ұрымтал топтарға қызметтер көрсетуге қатысты заңдар және стандарттар
Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірле-
скен бұйрығы, 2009 жыл
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасы-
ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754
Қаулысы
Протездік-ортопедиялық көмек, есту және көру құралдарын, гигиеналық өнімдерді, қол ар-
баларды және кепілдендірілген шипажайда ем қабылдауды ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу
стандарттары, 7 сәуір 2011 жыл (№ 394)
Үйде оқитын мүгедектігі бар балалаларға материалдық көрсету үшін құжаттарды ресімдеу стан-
дарттары, 7 сәуір 2011 жыл (№ 394)
Ондай өмірлік қиын жағдайларға жататындар:
•
жетімдік;
•
ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
•
кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз
қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
•
кәмелетке
толмағандардың
ерекше
режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында
болуы;
•
үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан
бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің
шектелуі;
•
әлеуметтік мәні бар аурулардың және
айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың
салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
•
жасының егде тартуына байланысты,
ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан
өзіне-өзі күтім
жасай алмауы;
•
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік
депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
•
баспанасыздық;
•
бас бостандығынан айыру орындарынан
босау; және
•
қылмыстық-атқару
инспекциясының
пробация қызметінің есебінде болу.
1.2. Зерттеу мақсаты және
сұрақтары
Осы зерттеудің жалпы мақсаты:
Балалары бар табысы төмен және ұрымтал
отбасылардың тұрмысы төмен топтарға арналған
атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы
әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуде тап болатын
кедергілерді анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанның үш
аймағында сандық және сапалық әдістер
біріктірілген зерттеу жүргізілді: Астана қаласы,
Қызылорда облысы және Маңғыстау облысы.
Зерттеудің сандық компоненті аясындағы басты
зерттеу жүргізу тәсілі – үй шаруашылықтары
арасында сауалнама жүргізу.
Сандық зерттеу жауап беретін басты зерттеу
сұрақтары келесілер:
1.
Балалары бар үй шаруашылықтары
тұрмысы төмен топтарға арналған атаулы
әлеуметтік көмекті және арнаулы қызметтерді
алуда тап болатын негізгі кедергілер қандай?
2.
Балалы
отбасылар
әлеуметтік
қызметтерден және көмектен не күтеді және
қандай талап қояды?
Бүгінгі таңда және біздің білуімізше, осы
факторлар әлеуметтік көмектен немесе арнаулы
әлеуметтік қызметтерден қағылуға қаншалықты
септесуі мүмкін екені туралы репрезентативтік
сандық деректер жоқ.
Сапалық компонент қызмет көрсетушілермен
және
мемлекеттік
органдармен,
сонымен
қоса, табысы төмен отбасылармен жартылай
құрылымдалған сұхбаттар жүргізуден тұрады.
Басты көңіл интернаттарда тұратын, сондықтан,
20
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 2:
Әлеуметтік көмек беру туралы өтініш бергендер тап болған қиындықтар
Әлеуметтік көмек алу саласында қолжетімділікті шектейтін бірнеше факторлар анықталды:
• Процедуралар және талаптар туралы ақпарат жетіспеушілігі
• Өтініш беру үлгілерін толтырудағы немесе барлық қажетті құжаттарды жинаудағы
қиындықтар
• Құжат жинауға
көп уақыт пен қаражат жұмсау
• Өтініштерді қарау уақытының ұзақтығы (мысалы, медициналық/мүгедектікті куәландыру)
• Кезекте ұзақ уақыт бойы күтуге, бірнеше мәрте келуге, жол жүруге қатысты қолайсыздықтар
• Әлеуметтік көмекке жауапты әкімшілердің жақтырмай және мейірімсіз қарауы
• Қоғамдық стигма
Дереккөз: Бабаджанян Б, 2015
арнаулы қызметтер алуда түрлі кедергілерге
тап болуы мүмкін балаларға (мысалы, баланы
медициналық
куәландыруға
апару
үшін
қызметкерлердің
бірге
баруына
қаражат
жетіспеушілігі) қарағанда, отбасында тұратын
балаларға арналған қызметтерге көбірек бөлінеді.
Сапалық компонент жауап беретін басты зерттеу
сұрақтары келесілер:
1. Балалары бар табысы төмен отбасылары
арнаулы әлеуметтік қызметтерге және тұрмыс
төмен отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік
көмекке қол жеткізуде қандай кедергілерге тап
болады?
2. Мемлекеттік органдар және қызмет көрсетуші-
лер өмірлік қиын жағдайда қалған табысы төмен
балалы отбасыларға арнаулы қызметтер, соның
ішінде, әсіресе, арнаулы білім беру, әлеуметтік
оңалту және күтім қызметтерін көрсету кезінде
қандай қиындықтарға тап болады?
1.3. Қазақстанда әлеуметтік
көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі
кедергілер: қолданыстағы әдебиеттен
жасалған қорытынды
Қолданыстағы
әдебиетке
жасалған
шолу
нәтижесінде Қазақстанда әлеуметтік көмекке және
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді
шектейтін өзара байланысты бірқатар факторлар
бар екені анықталды. Аталмыш фактордар түрлі
салаларға қатысты, соның ішінде, өтініш беруге
қойылатын талаптар, әлеуметтік көмек алу құқығын
анықтау тәртібі, көмекке мұқтаждықты тексеру,
қызметтердің бар-жоғы және қолжетімділігі,
қоғамдық стигма. Біз осы аталғандарды төменде
толығырақ талқылайтын боламыз.
Өтініш беруге қойылатын талаптар
және тәжірибе
Шолу жасалған әдебиетке қарағанда қолданыстағы
өтініш беру процедуралары және жолдары туралы
білу және оларды орындай алу Қазақстанда
қызметтердің/көмектің пайдаланылуына және
оларды алуға/алмауға әсер етеді. Бір сапалық
зерттеуде адамдар әлеуметтік көмек алуға
жүгінгенде тап болған көптеген қиындықтар
туралы баяндайды (Бабаджанян Б. 2015). Өтініш
беру тәртібі қолайсыз, көп күш салуды талап етеді,
көмек алушыларға уақыт пен қаражат шығынын
келтіреді. Көптеген респонденттер өтініш толтыруға
және беруге қатысты ақпарат пен ақпараттандыру
жетіспейтінін және әлеуметтік көмекке жауапты
әкімшілердің өтініш беру барысында ешбір көмек
көрсетпейтінін айтты. Бұл құжаттарды дұрыс
тапсырмау қаупін ұлғайтты – яғни, құжаттарда
жіберілген қателер немесе құжаттардың мүлдем
болмауы – осының салдарынан әлеуметтік көмек
алудан қағылу да мүмкін. Көптеген респонденттер
әлеуметтік көмекке жауапты әкімшілердің
мейірімсіздігі олардың өз-өзіне деген құрметіне
көлеңке түсіргенін және стигманы арттырғанын
жеткізді. Респонденттер мүгедектік жәрдемақысын
алу үшін мүгедектікті куәландыру (және жиі-жиі
қайта куәландыру) рәсімін ең қиыны деп тапқан.
Аталмыш рәсім үшін медициналық-әлеуметтік
сарапшылық консультация (МӘСК) керек, мұндай
консультация, өз кезегінде, көп уақыт алады,
қажытып, титықтатады, әрі көптеген отбасыларды
тіркеуге тұрудан тежейді.
Басқа зерттеулер әлеуметтік көмекке және
әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті шектейтін
осыларға ұқсас факторларды атайды:
•
Қажетті құжаттарды жинаудың қиындығы
(Томини және т.б. 2013). Өтініш беру тәртібі көп
еңбектенуді қажет етеді, уақыт пен қаражат