Тапсырмалар:
1. АҚТҚ/ЖҚТБ және ЖЖБИ ға анықтама беру.
2. АҚТҚ инфекциясы тармақтарын талқылау.
3. АҚТҚ инфекциясының жұқпалы түрімен таныстыру.АҚТҚ-ның таралмайтын жолдарын
айту.
4. Оқушыларға АҚТҚ-мен ЖЖБИ -ға қарсы тұратын жолдарын айту.
Мазмұны
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуы жайлы ақпаратты мәлімдеу.
Шолу: Салауатты өмір салты негізін тәжірибеде қолдану АҚТҚ инфекциясын жұқтыру
қаупінен сақтайды.
Жасына, жынысына қарамастан өзінің ұстанымсыз мінез құлқынан АҚТҚ инфекциясын
жұқтыруы мүмкін. Оқушылар әр түрлі жағдайда таза адамгершілік бағалылықты ұстай білсе,
олар АҚТҚ жұқпалы ауруынан сақтана алады.
Көрінісі: Оқушылар АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына өмірдегі әртүрлі жағдайлардың себеп
болатындығын білуі міндетті.
Көрнекілігі:
Проектор;
Теледидар және бейнетаспа;
Проекторға тұнық пленка;
Тақта;
“Иммундық жүйенің АҚТҚ/ЖҚТБ-ның әсері” жайлы бейнефильм;
Қағаз;
Бор;
Әртүрлі формадағы түрлі-түсті қағаздар;
Қаламсап;
Жалпақ скотч;
Тәсілдері:
А. БЕЙНЕТАСПА КӨРСЕТУ.
Фильмнің басты кейіпкері Сэм Гудбой. Ол АҚТҚ/ЖҚТБ-ға түсінік беріп, иммундық жүйеге
адам қорғаныш тапшылығының қалай әсер ететінін түсіндіреді. АҚТҚ инфекциясы қай жолдар-
мен таралып, одан қалай қорғану керектігін айтады. Ол өзінің әңгімесінде көрермендердің
назарын қатерлі және жауапсыз тәртіптердің, АҚТҚ инфкциясына әкеп соқтыратынын
түсіндіріп, оны жұқтырмайтын жолдарын қарастырады.
Білім беруші бейнефильмді көру үстінде тақтаға төмендегі сұрақтарды жазуы керек.
Оқушылар көрген фильмдерінен осы сұрақтарға жауап табады.
1. АҚТҚ/ЖҚТБ дегеніміз не?
2. АҚТҚ инфекциясы туралы не білесіз?
3. АҚТҚ -ны таралу жолдары және қауіпсіз жолдарын ата?
4. Қалай АҚТҚ/ЖҚТБ ның таралуын қысқартуға болады.?
Б. КІШІ ТОП АРАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ
1. Оқушыларды бейне фильм көріп болғаннан кейін 4 кіші топқа бөлу.
2. Әрбір топтан көшбасшы таңдап,бірінші жақтың көшбасшысы кіші топтың жұмысын ұйым-
дастырып, ал екінші жақтың көшбасшысы оны жазып отырады.
3. Көрсетілген бейне таспаға байланысты әрбір топқа сұрақ беріп, жауап алу.
4. Сұраққа жауап беруге әрбір топқа 5 мин. уақыт беріледі.
143
ЖҰҚПАЛЫ
АУРУЛАРДЫҢ
АЛДЫН-АЛУ
ЕМДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
СҰРАҚТАРЫ
МЕН
ОҚУ
ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
КЕЗЕҢІ
5. Әрбір топтың лидерінен презентация өткізуді сұрап, дайын топтың жауабын, қорытынды-
лауын үйрету, әңгімеден негізгісін проектор және т.б техникаларды қолдану арқылы көрсету.
Оқушылардың іскерліктерін ұйымдастырып, презентация біткеннен кейін әрбір топтан сұрақ
берулерін өтіну.
6. Барлық 4 топқа презентацияларын аяқтағаннан кейін, оқушыларға өздерінің ойларын
айтуға мүмкіндік беру.
7. Өзінің жұмысы бойынша ойын қорытындылау.
В. “ЖОЛ ТАҢДАУ”
1. Түрлі-түсті қағаздарды әр түрлі көлемде қиып, оқушыларға тарату.
2. Оқушылардан беттің бір жағына АҚТҚ-ның берілу жолдарын, ал екінші жағына АҚТҚ-ның
қалай берілмейтінін жазуын тапсыру.
3. Оқушылардан жазғандарын бағаналарға жапсыруын тапсыру.
I-бағанаға. АҚТҚ-ның қалай таралуын жапсырады?
II-бағанаға. АҚТҚ-ның қалай таралмау жолдарын жапсырады?
4. Оқушыларға жазғандарына, өздерінің жұмыстарын тексеруге, қатесі болса түзетуге уа-
қыт беру.
5. Істелінген жұмыстары бойынша екі жақтың оқушыларына қорытынды жасау тапсырыла-
ды.
Г. “ҚОРҒАНЫШ ПИДЖАГІ”
1. Түрлі-түсті қағаздардан әр түрлі фигуралар қиып, оқушыларға тарату.
2. АҚТҚ инфекциясынан қорғауға мүмкіндік болатын тәсілдерді және әрбір қорғаныш үлгі-
сін түрлі-түсті қағазға жазу.
3. Оларға қағаздарындағы жазылғандарды қыстырғышпен пиджагтарына бүкіл
аудиторияның көзінше қыстыруға мүмкіндік беру
4. АҚТҚ инфекциясынан қорғайтын «Пиджак», әрбір қиқым АҚТҚ инфекциясынан
қорғанудың бірден-бір жолы т.б. Пиджагтің мағынасы мен қажеттілігін қарастыру.
*Ескерту: Тақырыпқа байланысты әр түрлі аудио және видио материлдарын қолдануға
болады.
Баға: Келіседі/Келіспейді: Оқушылардан төмендегі сұрақтарға келесі үлгі бойынша жауап
беруін өтіну.
1.Егер оқушы осы жағдаймен келіссе, орнынан тұру.
2.Егер қатысушылар жағдаймен келіспесе, орындарында отыра беруін және не үшін
келіспейтінін түсіндіріп беруін өтіну.
Бекіту:
1. АҚТҚ құрт-құмырсқа тістегенде беріледі.
2. АҚТҚ инфекциясы әрқашан ЖҚТБ-ға апарады.
3. ЖҚТБ-ны емдейтін егулер немесе дәрі дәрмектік құрал-саймандар жоқ.
4.Адамның АҚТҚ-ны жұқтырғанын оңай анықтауға болады.
5. АҚТҚ адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы.
6.Татуаж жасау – бұл яғни АҚТҚ-ны жұқтырудың ең жоғарғы қаупі.
7.Адамдар АҚТҚ-ны көпшілік бассейндерде жұқтыруы мүмкін.
8. ЖҚТБ жұқтырғыш қорғаныш тапшылығының белгісі.
9. АҚТҚ-мен ауырған екіқабат әйелдің де баласы ауруы мүмкін.
10.Егер сіз АҚТҚ-мен ауыратын адаммен құшақтассаңыз, сіз де АҚТҚ-ны жұқтырасыз.
11.АҚТҚ – бұл организмдегі инфекциядан қорғап тұратын Т-жасушасын құртатын қоздыр-
ғыш.
12.Анаша қолданбау- бұл өзіңді АҚТҚ инфекциясына апармау.
13.Донорлық қан алған кезде АҚТҚ инфекциясы белгісіз жағдайда үлкейіп өсіп кетуі мүмкін.
144
ЖҰҚПАЛЫ
АУРУЛАРДЫҢ
АЛДЫН-АЛУ
ЕМДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
СҰРАҚТАРЫ
МЕН
ОҚУ
ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
КЕЗЕҢІ
Достарыңызбен бөлісу: |