Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет1/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71



АҚТҚ  инфекциясының  алдын 
алу  бойынша  педагогтік  колледж 
оқытушыларына  арналған 
әдістемелік  нұсқау
Алматы,  2006  жыл


Алғашқы  сөз
Қысқарту  тізімі
Кіріспе:
Модуль-1
Модуль-2
Модуль-3
Модуль-4
Модуль-5
Модуль-6
Модуль-7
Модуль-8
Модуль-9
Модуль-10
Модуль-11
Қайраткерлік  бағыты
Қолданған  әдебиеттер  тізімі
Кіріспе
1.  Бөлім.  Нұсқауды  іс  жүзінде  асыру
Кіріспе
Оқытушы  рөлі
Оқытушы  шеберлігі.
Қосымша  А: 
Колледжде/мектепте/  АҚТҚ/ЖҚТБ  бойынша  сауықтыру  білімінің 
бағдарламасы.  Жаттығуды  өткізуге  берілетін  ұсыныс  сызбалар.
Қосымша  Б: 
Ойлану
Қосымша  В: 
Ашық  сабақты  қалай  өткізуге  болады
Қосымша  Г: 
АҚТҚ/ЖҚТБ  эпидемиясына  қарсы  тұруға  бағытталған  сауықтыру 
бағдарламасы.  Бақылау  парағын  жазу.
Қосымша  Д: 
Бағалау  сауалнамасы.
2.  Бөлім.  Модульдер
Кіріспе.
Модуль 
Есею  жасөспірімнің  анатомо  -  физилогиялық  және  психологиялық 
ерекшелігі.
Модуль
  Қажетсіз  жүктілік  пен  жыныстық  қатынас  арқылы  берілетін  инфекция.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  жайлы  негізгі  мәлімет.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  эпидемиясы  және  әсері.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  және  есірткі  қолдану.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  және  адам  құқығы.
Модуль
АҚТҚ  мен  өмір  сүретін  адамдарға  көмек  және  оларды  қорғау.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  эпидемиясының  таралуына  қарсы  қоғам  қарсылығын- 
ың  ықпалы.
Модуль
Оқу-білім  беру  үрдісіне  АҚТҚ/ЖҚТБ  -  ның  білімдік-сауықтыру  бағдарла-
масын  енгізу.
Модуль
Өмір  сүру  бейімділігіне  үйрету.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ  білімдік-сауықтыру  бағдарламасы.  Бағалау  мен 
мониторинг.
Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі
3
МАЗМҰНЫ


Құрметті  оқытушылар!
Жаңа    мың  жылдықтың  келуі,  жаңа  ақпараттық  техногологиялардың  дамуы,  қоғам  мен 
адам  санасындағы  қайта  құру,  тек  қана,    қоғамның  сана  сезімінің  қарқынды  дамуына  ғана  емес, 
сонымен  қатар  адамзаттың  денсаулығына  қатер  төндіретін  мәселелердің  пайда  болуына 
әсерін  тигізді. 
АҚТҚ/ЖҚТБ  ауруының  таралуына  жол  бермеу  және  оның  алдын  алу  жұмыстары  -  өзекті 
мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  АҚТҚ/ЖҚТБ  ауруы  өмір  шындығы  болып 
отыр,  оған  назар  аудармау  мүмкін  емес.  Жылдан  жылға  АҚТҚ/ЖҚТБ  ауруы  барлық  әлем 
континенттеріне  таралып,  коғамға  қиын  қыстау  кезеңін  тудыру,  отбасы  мүшелеріне  қайғы  әкелу 
мәселесі  оған  шындықпен  қарауды  талап  етіп  отыр.  Балалар  мен  жасөспірімдер  арасында  жеке 
тұлғалық  алдын  алу  жұмысын  жүргізу  болашақ  мамандардың,  мұғалімдердің  міндеті.  Ата-
аналардың,  мұғалімдердің,  қоғамның  АҚТҚ/ЖҚТБ  инфекциясының  таралуының  алдын  алу 
жұмыстарына  бағытталған  өзара  тығыз  байланысы,  осы  мәселенің  шешілуінің  негізгі 
себептерінің  бірі  болып  табылады.
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігімен  мемлекеттік  және  мемелекеттік 
емес  ұйымдардың  бірігіп  жұмыс  жасауы  АҚТҚ  инфекциясының  алдын  алу  шараларының  тиімді 
жүргізілуіне  ықпалын  тигізеді. 
АҚТҚ  инфекциясының  таралуы  мен  алдын  алу  жолдары  туралы  білімі  мен  қалыптасқан 
дағдыларының  арқасында  әр  адам  өзін  ауру  жұқтырудан  сақтай  алады.  ЖҚТБ  -  бұл  жай  ғана 
статистика  емес,  жай  ғана  санау  емес,  адам  өмірі  екендігін  оқушыларға  түсіндіру  қажет.   
Осы,  ақпараттық  және  оқытатын  мәселелерді  көтеретін  нұсқау,  болашақ  педагогтарға 
оқушылардың  қауіпсіздігі  және  мінез  -  құлқының  жауапкершілігін,  салауатты  өмір  салтын, 
алғашқы  алдын  алу  шараларын  қалыптастыруына  көмек  көрсетіп,  сауатын  көтеретініне 
сенеміз.  Берілген  нұсқау  АҚТҚ-ның  ақпараттық  талдау  жұмысына  оқушыларға  рухани  және 
мәдени  байлығын  арттыруға,  салауатты  өмір  салтына  үгіттеуіне,  туыстары  мен 
айналасындағыларға  құрметпен  қарауға  көмектесуге  бағытталған.
Құрметті  оқытушылар,  сіздерге  денсаулық,  бақыт,  оқу-тәрбие  жұмысында  шығармашылық 
табыс  тілейміз.
Мектепке  дейінгі  және  орта  білім  беру
Департаментінің  орынбасары 
К.Бөрібеков.


Үкіметтік  және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  соңғы  екі  он  жылдықтағы,  АҚТҚ-ның  алдын  алуы 
жайлы  көптеген  материалдары  жарияланғанына  қарамастан  оқу  жоспарларын 
құрастырушыларға,  әдіскер-  педагогтарға,  оқытушыларға  оның  стратегиясы  мен  тиімді  оқыту 
әдістерін  дамыту  әлі  де  қажет. 
Жоба  деңгейінде,  қаржыландырушы  Жапон  Үкіметі  мен  БҰБҒМЖҰ  “Тынық  мұхит  аймағы, 
Азия  елдерінде  есірткі  қолдану  және  АҚТҚ  инфекциясының  алдын  алу  мәселесі  бойынша  оқыту 
материалдары  мен  оқу  жоспарын  жетілдіру”,  БҰҰ  ғылым  мен  білім  және  мәдениет  мәселесі 
бойынша  Оңтүстік  Шығыс  елдерінің  білім  министрлігі  Азия  тынық  мұхитының  жалпыға  білім 
беру  бағадарламасы  мен  аймақтық  ұйымдар  жүйесі  бірлесе  қоғамдық  денсаулық  сақтау  және 
тропикалық  аурулар  бойынша  шұғылданатын,  колледж  оқытушыларына  арналған  нұсқау 
әзірледі.  Нұсқаудың  жұмыс  түрі  1998  жылы  аймақтық  кездесуде  сарапшыларға  берілді. 
Нәтижесінде  әрбір  елдің  әлеуметтік  ерекшелігі  мен  мәдениетін  ескере  отырып,  жеке  қажеттілігі 
мен  басшылықтың  соңғы  жобасын  заман  талабына  сай  бейімдеу  туралы  шешім  қабылданды.
Нұсқаудың  соңғы  жобасы  2000-2002  жылдары  9  елдің  педагогтік  колледж 
оқытушыларының  жұмысына  аударылып,  бейімделе  қолданылды. 
Нұсқаудың  соңғы  жобасы  2003  жылы  қабылданған  ұсыныстарға  сәйкес  өзгертіліп,  қайта 
қаралды.
Осы  нұсқаумен  жұмыс  жасауды  іске  енгізген  аймақтардан  пікірлер  түсті,  яғни  оқыту 
бағытының  өзектілігін,  жыныстық  тәрбие  сұрақтарына  бейімделген  және  өмірлік  дағдыларды, 
сонымен  қатар,  оқыту  үрдісінде  түрлі  әдістерді  қолданып  жиі  іске  асыратынын  көрсетеді.
БҰҰ  құрамындағы  БҰБҒМЖҰ,  БҰҰБҚ  және  БҰҰ  елдерінің  қоры  сияқты  көптеген 
бөлімдерімен  талқыланған.  Яғни,  БҰБҒМЖҰ  жыныстық  тәрбие  мен  репродуктивті  денсаулық 
сұрақтары  бойынша  білімді  енгізу  мәселесімен  білім  министрлігіне  ұлттық  бағдарламаны  іске 
асыруға  көмектесу  мақсатында  БҰҰ  елдерінің  қоры  айналысады.
АҚТҚ  инфекциясының  алдын  алуын  дамыту  мәселесін  күшейтуге  бағытталған,  педагогтік 
колледж  жүйесіне  қажетті  өмірлік  дағды  мен  12  елде  дамыған  жобаны  Жапон  Үкіметі  және 
қосымша  қаржыландырды.
АҚТҚ  инфекциясын  сауықтыру  мәселесімен  айналысатын  2004-2005  жылдары  БҰБҒМЖҰ 
мамандары  оқушылардың  денсаулығы  мен  сауықтыру  бағдарламасын  насихаттап  сонымен 
қатар  техникалық  көмек  көрсетті.  БҰБҒМЖҰ  қызметкерлері  БҰҰБҚ  және  БҰҰ  елдерінің 
қорымен  тығыз  бірлікте  жұмыс  жасады.  БҰҰ  агенттігіне,  денсаулық  сақтау  министрлігінде 
жұмысқа  қызығушылық  танытатын  және  білім  министрлігі  қызметкерлеріне,  оқу  жоспарын 
құрастырушылар,  педагог  кадрларының  біліктілігін  көтеру  аумағында  жұмыс  істеуші 
қызметкерлерге  техникалық  көмек  көрсетілді.
Осы  кезеңде  Нұсқаудың  нәтижеге  жету  жолдары  жаңартылып,  жақсартылды.  Оған 
қосымша  бөлімдер  қосылды,  мысалы:  “Есею.  Жасөспірімдердің  анатомо-физиологиялық  және 
психологиялық,  ерекшелігі”,  “АҚТҚ/ЖҚТБ  және  есірткі  қолдану”,  “АҚТҚ/ЖҚТБ  және  адам 
құқығы”,  “АҚТҚ-  пен  өмір  сүретіндерге  көмек  және  оларға  қолдау  көрсету”.
Паттай  қаласындағы  аймақтық  семинарда  Нұсқаудың  қосымша  ұсынылған  жобалары  2004 
жылдың  қыркүйек  айында  сарапшылармен  тағы  да  бағаланды.
Студенттер  мен  оқушылар  арасында  АҚТҚ/ЖҚТБ  эпидемиясын  төмендету  қиындығы 
бойынша  Нұсқаудың  соңғы  жобаларына  барлық  ескертулер  мен  ұсыныстар  енгізілді.
Мен,  Нұсқауды  түзетуге  қатынасқандардың  барлығына  алғысымды  білдіргім  келеді.
БҰҰ/ЖҚТБ,  БҰҰБҚ,  БҰҰ  елдерінің  қоры  -  мен  бірлесіп  осы  Нұсқауды  іске  асыра  отырып,  біз 
Тынық  мұхит  пен  Азияның  жастарына  АҚТҚ  инфекциясының  алдын  алу  білімін  жоғарылатуға 
жағдай  жасай  алатынымызға  шын  ықласыммен  сенемін.
Доктор  Шелдон  Шефер,
БҰБҒМЖҰ  ның  білім  бойынша  Азия  -Тынық  мұхит  бюросы  Директоры    Бангкок,  Тайланд
5
КІРІСПЕ  СӨЗ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау