3. Мен енді сенейін ...
4. Менде көп білім пайда болды ...
5. Мен қуаныштымын ...
Оқу жаттығулары:
1. Мониторинг және бағаны анықтау үшін миға шабуыл әдісін қолдану.
2. Тақырыпты талдау: АҚТҚ, ЖЖБИ-дың алдын алу шаралары бойынша оқыту процесінің
мониторингі мен бағалануы.
Оқытушыға нұсқау:
“Тас, қағаз, қайшы” ойынын жүргізу, сергіту:
1. Қатысушыларды екі топқа бөлу.
2. Әр топ жұмыс үстіндегі конфиденциалды сақтау екенін ескерту.
3. Әр топтың ішінде қатысушылар берілген үш атаудың біреуін таңдайды тас, қағаз
немесе қайшы. Барлық топ аталған таңдаумен келіседі.
4. Барлық қатысушылар өз таңдауларын жасағаннан кейін топ жетекшісінен басқа топтың
мүшелерінің таңдауын жазып беруін сұраңыз.
5. Екі топ мүшелерінің ортаға шығып қандай да бір таңдауды айтуын сұраңыз.
Топтар мына критерий бойынша бағаланады:
!
Егер бір топ «қайшы», екінші топ «тас» десе, «тас» деген топ 1 ұпай алады
!
Егер бір топ «қайшы» деп, екінші топ «қағаз» десе, «қайшы» деген топ 1 ұпай алады
!
Егер бір топ «қағаз» деп, екінші топ «тас» десе, «қағаз» деген топ 1 ұпай алады
!
Егер екі топ та бір сөзді айтса, онда ойын тоқтатылады, екі топ та ешқандай ұпай
алмайды.
Сіз бұл жаттығуды бірнеше рет қайталатып , жеңімпазды анықтай аласыз.
Жеңіске жеткен топ сыйлық алуы тиіс.
Бұл жаттығуды жүргізген кезде мұғалім мынаған көңіл бөлу керек
Мониторинг пен бағалау құрылымы жұмыс пен оның мақсатына байланысты
объективті және субъективті болуы мүмкін
Қарым-қатынас пен дағды да, білім мониторингтердің бірнеше тәсілдері бар. Олар:
тестің бірнеше нұсқаулары, салыстыру парақтары, басқару мен бақылау жүргізу
түрлері.
Кейбір принциптер мен ережелер бағалау тәсілінің сәйкестігін анықтайды.
Тест қойылған міндетті бағалауға көмектескенде ғана тиімді болады.
Бағаны алдыға қойған мақсатқа жету үшін қолдану керек.
Ондай тестер әр класс оқушыларының қарым-қатынасы мен дағдыларын, білімін
бағалау үшін қолданылмау керек.
11. 1 ЖАТТЫҒУ
Мониторинг пен бағалау көрсеткішін анықтау
Уақыт:
2 академиялық сағат
Қажетті құралдар: қағаз, маркерлер, желім.
Дайындау:
Талқылауға басшылық (ресурстық материал 11. 1 жоба)
Кіріспе:
білім беру бағдармаласының бағалау критериі тиімді болып табылады:
1. Оқушыларды АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесі туралы хабардар ету деңгейін жоғарлату.
2. АҚТҚ, ЖЖБИ мен жұқтыру қаупіне байланысты мінез құлқының өзгеру деңгейінің
қалыптасуын қадағалау.
166
МОНИТОРИНГ
ЖӘНЕ
АЛДЫН
АЛУ
ШАРАЛАРЫ
ТУРАЛЫ
БІЛІМ
БАҒДАРЛАМАСЫН
БАҒАЛАУ
Тапсырма:
Берілген жаттығудан кейін болашақ мұғалімдер істей алады:
1. АҚТҚ/ЖҚТБ, ЖЖБИ профилактикалық оқытуға көзқарастары мен дағдылары туралы,
білім бағалау туралы көрсеткіштер тізімін дайындау.
2. Бағалау тәсілін жасағанға дейін көрсеткіштерді анықтау не үшін өте қажет екенін
сипаттау.
Мазмұны: Оқушыларды бағалау көрсеткіштерін анықтау мақсатындағы жеке тапсырма
және миға шабуыл.
Өткізу барысы:
1. Әр оқушыға 2-3-тен карточка үлестіріп, оған жауап беруін сұрау:
АҚТҚ, ЖЖБИ және әдепті жыныстық тәрбиенің алдын алу шаралары бойынша білім
берудің тиімділігін анықтау үшін қандай нақты білім, өмірлік біліктілік, қарым-қатынас пен
мінез-құлық болу керек?
2. Карточкаларды жинап алып, әрқайсысын дауыстап оқып, мақұлданған жауаппен
келісетін, келіспейтіндерін сұрау.
3. Үлкен қағаздағы керек емес карточкаларды алып тастау.
4. Қатысушыларды 3 топқа бөліп, оларға А жобасы 11.1 ресурстық материал берілуінің
мазмұнын тарату. Олардан берілген материалдарды қысқаша талдауларын сұрау.
5. Топта талданған материалдарды презентациялауын сұрау.
6. Презентация мен талқылау нәтижесін қорытындылау.
Нәтижесін шығару:
Қатысушылардан мониторинг пен бағалау көрсеткіші анықтау бойынша жаттығу орындауда
нәтижесінде қандай жаңа нәрселерді білгендерін жазуларын талап ету.
Күтілген нәтиже:
Мониторинг пен бағалау өткізуде қолданылған көрсеткіштер тізімі (білім, дағды, мінез-құлық
және көзқарас).
Оқытушылар ұсынысы:
Берілген жаттығу нәтижесінде қатысушылардың көзқарасы мен қарым- қатынасы, өмірлік
дағдылары, білімдерін тестілеу көрсеткіштерінің тізімін жасау.
11. 2 ЖАТТЫҒУ
Бағалау құралдарын жасау
Уақыт:
1 академиялық сағат.
Қажетті құралдар: 11.1 ресурстық материалдары. АҚТҚ, ЖЖБИ-дың алдын-алу
шараларын оқытуда қолданылатын бағалау құралдары 11. 1 а «Озық тест жасау этапы», 11. 1 б
«Нақты бағалау инструментін қолданудың жағымды, жағымсыз жағы» үйлестіруші
материалдар.
Дайындық:
1. Сол саладағы 2-3 экспертті жүргізуші ретінде шақырыңыз. Топта талқылаудан бірнеше
күн бұрын оларға шақыру жіберіңіз.
2. Қатысушылардан баға мен мониторинг құралдарына қатысты сұрақтар әзірлеуін талап
ету. (Мұны талқылауға бірнеше күн қалғанда жасау).
3. Бұл сұрақтарды шақырылған эксперттерге беріңіз, олар талқылауға қатыса алатындай
болу керек.
4. Екінші топты құру үшін үйренушілерден еріктілерді шақырыңыз, олар қызу талқылау
жүргізу үшін сұрақтар береді. Кейде басқа қатысушылар да қалауы бойынша сұрақтар беруге
болады.
5. Қалауы бойынша оқушыларға мұғалім ролінде сөйлеуді ұсыныңыз.
6. Үстелді әр топ мүшелері бір-біріне қарама-қарсы бағытта отыратындай етіп қою керек.
167
МОНИТОРИНГ
ЖӘНЕ
АЛДЫН
АЛУ
ШАРАЛАРЫ
ТУРАЛЫ
БІЛІМ
БАҒДАРЛАМАСЫН
БАҒАЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |