Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет52/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71

ЖАТТЫҒУ  8.2.
Қарым-қатынас  дағдыларын  қалыптастыру.
Уақыт:  1  академиялық  сағат
Керектілер:  қағаз,  маркер,  АҚТҚ,  ЖҚТБ  ақпарат  материалы,  8.2.ресурстық  материал.
Кіріспе:  АҚТҚ,  ЖҚТБ  туралы  сұрақтарды  талдау  барысында  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынас  қиындайды.  Анықталатын  мәселе,  аудитория  дайындығы,  оқушылар  жасы  қарым-
қатынас  барысында  ескеріледі.
Тапсырмалар:
Берілген  жаттығуларды  орындағаннан  кейін  қатысушылар  білу  керек:
1.
АҚТҚ,  ЖҚТБ  туралы  мағлұматтары  білім  беретін  материалдар  арқылы  қарым-қатынас 
дағдыларын  меңгерту.
2.
АҚТҚ,  ЖҚТБ  мағлұматтары  арқылы  адамдармен  қарым-қатынас  шарттарын  анықтау.
Мазмұны:
1.
Өмірдегі  жағдайларға  негізделген  рөлдік  ойындар.
2.
АҚТҚ,  ЖҚТБ,  ЖЖБИ  мәселелері  туралы  мәліметтік  білім  беретін  материалдарды 
айқындау.
Үйрететін  жаттығулар:
1.
“Мен  қалжыңбаспын”  ойынын  өткізу.
2.
Сыныпты  ойыннан  соң,  4-5  топқа  бөлу.
3.
Әр  топтың  өз  волантерін  таңдауы.
4.
Ойын  ережелерімен  танысып,  дайындыққа  уақыт  беру.
5.
Рөлдік  ойын  барысында  қарым-қатынас  дағдыларын  талдау.
6.
Оқушыларды  рөлге  бөліп,  сахналық  көрініс  жасауды  өтіну.
7.
Тексеру  қағазы  арқылы  іріктеліп  алынған  оқушыларды  тексеру.
Нәтижені  қорытындылау:
1.
Рөлдік  ойыннан  соң,  қатысушылардан  пікірталас  қорытындысы  нәтижесін  талдау.
2.
Сезімдерін,  әсерлерін  талқылау.
3.
Өткізілген  жаттығу  туралы  өз  ойларын  тыңдау.
Оқытушыға  ұсыныстар:
“Мен  қалжыңбаспын”  ойынының  ережесі:
Барлық  ойынның  қатысушылары  дөңгеленіп  тұруы  керек.
Өз  есімінің  бастапқы  әріпінен  басталатын  сын  есімдарді  қолданып,  өзін-өзі  таныстыру.
Мысалы:  Менің  атым  Шура  Шутящий,  себебі  мен  қалжыңды  жақсы  көремін.
Осы  ретпен  (басқа  да)  өзге  де  ойыншылар  өзін  таныстырады.
Мысалы:  Қуанышты  Витя,  оқымысты  Ұлан  т.б
Тренинг  барысында  бірін-бірі  есімімен  атау,  оқушыларды  жақындастыра  түседі.
1.
Рөлдік  ойын  мақсатын  оқушыларға  түсіндіру.  Ойын  мақсаты-  қатысушылардың  қарым-
қатынас  дағдыларын  қалыптастыру.
Түзету  ақпараттарымен  салыстырыңыз.
Білмейтін  болсаңыз  мойындау.
Оқушылармен  қарым-қатынас  барысында  мағлұмат,  білім  беретін  материалдарды 
қолдану.
Сіздің  берген  кеңесіңізге  ұсынысыңызға  қатысушылар  тарапынан  қарсылық  болған 
жағдайда,  көпшіліктің  пікірімен  санасыңыз,  бірақ  жаттығу  шартынан  ауытқымау  керек. 
Немесе  ойынды  әрқайсымен  жеке  жүргізіңіз.
2.
Бақылау  қағаздары.
125
123
АҚТҚ-НЫҢ
 АЛДЫН-АЛУ
 ЖҰМЫСЫНА
 ҚОҒАМДЫ
 ҚАТЫСТЫРУ
 (КІРІКТІРУ)


ЖАТТЫҒУ  8.3.
АҚТҚ,    ЖЖБИ  таралумен  күресудегі  қоғамның  рөлі
Уақыт:  1  академиялық  сағат
Керектілер:  байланыс  мекені,  адамдар  телефондары  ұйымдарының  телефондары.
Дайындық:
1.  АҚТҚ/ЖҚТБ,  ЖЖБИ  сұрақтарының  алдын-алу  мен  мекемелерінің  мамандарына, 
қоғамдық  бөлімшелерге,  түрлі  қоғам  топтарына  шақыру  хатын  тарату.
2.  Мұғалім  ретінде  шығып,  мақсатты  айқындайтын  ойыншыны  анықтау.
Спикерді  таныстыру  (шешен)
Пікірталастың  басталуы
Пікірталас  қортындысы
Тапсырмалары:
1.
АҚТҚ/ЖҚТБ  мәселелерін  түрлі  қоғам  топтарына  міндеттеу.
2.
АҚТҚ  пен  өмір  сүретін  отбасыларына  қалай  көмек  беретіндіктерін  анықтау.
Мазмұны:
1.
Қоғам  топтарының  рөлі  мен  жауапкершілігі
2.
Қоғам  мүшелері  өткізе  алатын  іс-шаралар.
3.
АҚТҚ  пен  өмір  сүретін  отбасыларға  көмек  беру  формасы.
Өткізу  барысы:
1.
“АҚТҚ,  ЖЖБИ  тарауына  қоғамдық  топтың  күресі  мен  рөлі”  атты  тақырыптағы 
пікірталастарға  тренингке  қонақтарды  шақыру.
2.
Әр  топ  мүшесінің  көрінісі,  іс-шара  өткізіп,  рөлін  дәлелдеу.
3.
Тренингтің  түрлі  міндеттерін  пікірталастар  өткізу  барысында  анықтау.
Мысалы:  Тренинг  қонақтарымен  таныстыру,  талқылау  барысында  сұрақтардың  қойылуы, 
пікірталас  қортындысы  және  т.б.
4.
Үйренушілерден  пікірталастың  қортындысын  сұрастыру.
Қорытынды  шығару:
Қоғамдағы  әр  түрлі  топтарды  анықтау,  АҚТҚ  және  ЖЖБИ  алдын-алу  жұмыстарының 
ұйымы,  АҚТҚ  мен  өмір  сүретін  адамдар  көмегін  және  қолдауын  презентацияға  негізделіп 
көрсету.
Шығатын  нәтиже: 
1.
Қоғамдық  ұйымдар  мен  АҚТҚ  -мен  өмір  сүретін  адаммен  отбасына  көрсетілетін 
көмектердің  рөлі  туралы  білім  алу.
2.
АҚТҚ  /ЖҚТБ  мен  күресетін  ұйымның  рөлін  бағалай  білу.
Оқытушыларға  ұсыныстар:
Қоғамдағы  топтардың  барлығының  пікірталастарға  шақырылғандықтарын  өз  уақытында 
тексеру.
Мұғалімдер
денсаулық  сақтау  қызметкерлері;
Аймақтық  көшбасшылары
АҚТҚ  -мен  өмір  сүретін  аурудың  отбасы  мүшелері;
ата-анасы;
жас  көшбасшылар;
ҮЕҰ  ұсынушылары;
кәсіпкерлер  өкілдері;
басқа  топтың  өкілдері:  билік  құрылымы;
126
АҚТҚ-НЫҢ
 АЛДЫН-АЛУ
 ЖҰМЫСЫНА
 ҚОҒАМДЫ
 ҚАТЫСТЫРУ
 (КІРІКТІРУ)


8.4  ЖАТТЫҒУ  ӨМІРДЕГІ  ЖАҒДАЯТТАР
Уақыт:    1  академиялық  сағат
Керектілер:  АҚТҚ  /ЖҚТБ  туралы  қағаз  беттеріне  өмірдегі  жағдайлардың  жазылуы.
Тапсырмалар: 
Жаттығуды  орындап  біткеннен  кейін  қатысушылар  істей  білу  керек:
1.
Әр  түрлі  өмірдегі  жағдайларды,  соның  ішінде  АҚТҚ  мен  бірге  тұратын  адамдарға  талдау 
жасау.
2.
АҚТҚ/ЖҚТБ  мен  ауыратын  адамдарға  қатысты  мәселелерді  дұрыс  шеше  білу.
Мазмұны:   
АҚТҚ/ЖҚТБ  мен  күрес  жүргізудегі  ықпал  ететін  шаралар.  Жағдаяттарға  талдау  жасау  (8.4 
қорлық  материалдар)
Жүргізу  барысы:
1.
Қатысушыларды  4-5  адамнан  тұратын  әр  топқа  бөледі.
2.
Егер  отбасы  мүшелерінің    бірі  АҚТҚ  жұқтырған  болса  онда  қандай  әрекеттер  жасар  еді. 
3.
Қатысушыларды  рөлдерге  бөлу:
1-ші  қатысушы:  АҚТҚ  жұқтырған  ауруды  бейнелейді.
2-ші  қатысушы:  Ол  диагнозды  хабарлаушы  болып  бейнелейді.
3-ші  қатысушы:  Осы  қойылымға  қосыла  береді.
4.
Топтарға  стигма,  дискриминация,  изоляция  сұрақтарын  қарастыруды  ұсыну.
5.
Қойылым  біткеннен  кейін  қатысушылар  қандай  сезімде  және  қандай  әсерде 
болғандарын  айтады.
Қорытынды  шығару: 
Рөлдік  ойынды  бақылағаннан  кейін,  бағасын  шығару  “Актер”  әр  түрлі  жағдайлармен  және 
қиыншылықтардан  қалай  шыға  алғанын  сипаттайды.
Күткен  нәтижесі: 
АҚТҚ/ЖҚТБ  мен  өмірде  кездейсоқ  кездесіп  қалса,  сасқалақтамай  және  қандай  көмек 
көрсету  туралы  қатысушыларда  әсер  қалыптасады.
Мұғалімдерге  ұсыныс: 
1.
Қатысушылар  берілген  рөлдің  мақсатын  ұққанына  көз  жеткізу.
2.
Қатысушыларда  негізгі  рөлдерді  ойнап  болғаннан  кейінгі  жайсыз  сезімде  қалдырмауды 
ұмытпаңыз.
Қордағы  материалдар  8.1 
Рөлдік  ойындардың  көрінісі
1-көрініс
Кешке  жұмыстан  үйге  келе  жатып,    сіз  кафеде  достарымен  шай  ішіп  отырған  К-ны  көресіз.  К-
сіздің  көршіңіз,  ол  фабрикада  жұмыс  істейді.  Оның  әйелі  сізге  жақында:  күйеуім  соңғы  кезде 
өзгерді,  ішімдікке  салынып  және  жыныстық  қатынаспен  айналысып  жүргенін  айтады.  Сізде  оған 
және  оның  достарына  АҚТҚ/ЖҚТБ,  ЖЖБИ  жайлы  ақпарат  беруге  деген  ниетіңіз  бола  ма?  Оны 
не  істейсіз?
2-көрініс
Ф-жас  әйел.  Ол  жақында  көрші  елден  қайтып  келді.  Елдің  айтуы  бойынша  Ф-ң  келу  себебі 
АҚТҚ  жұқтырып  келген.  Оны  үйдегілері  қуалайды.  Өйткені  АҚТҚ  мен  ауыратынмен  бір  үйде 
тұрмаймыз,  жұғуы  мүмкін  және  көршілерімен  қарым-қатынасты  бұзбау  үшін  осылай  ұйғарды. 
Сіз  оларға  мынандай  жағдайда  қалай  көмектесесіз?  Осы  кезде  қандай  сөйлесудің  әдістерін 
қолдануға  болады.
3-көрініс
Сіз  үй  шаруасындағы  әйелдерге  АҚТҚ/ЖҚТБ  жайлы  ақпарат  бар  демексіз.  Олар 
АҚТҚ/ЖҚТБ  -мен  ауырмайтындарына  сенімді.  Өйткені  ол  аурумен  ақылы  жыныстық  қатынас 
127
АҚТҚ-НЫҢ
 АЛДЫН-АЛУ
 ЖҰМЫСЫНА
 ҚОҒАМДЫ
 ҚАТЫСТЫРУ
 (КІРІКТІРУ)


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау