228
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ҚАУЛЫ:
1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың
теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын.
2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін
атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00
– әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну
жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын.
Мәжіліс төрағасы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев
Мәжіліс хатшысы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Хаттама дегеніміз не?
2. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
3. Хаттаманың қанша түрі бар?
4. Хаттаманың мәтіні неше бөліктен тұрады?
Тілдік бірліктер:
• Хаттама
• Жиналыс
• Мәжіліс
• Кеңес
• Күн тәртібі
• Күн тәртібі бойынша
• Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
• Тыңдалды
• Жарыссөз
• Жарыссөзге шығу
• Қаулы
қабылдау
• Шешім шығару
• Хаттамадан үзінді
• Денсаулығына байланысты
• Баяндама
• Баяндамашы
• Хабарлама
• Бірлескен мәжіліс
• Кеңейтілген мәжіліс
• Қорытынды
• Тізім
• Сұрақ
• Жауап
• Талқылау
• Мақұлдау
• Дауыс беру
229
Орынғазы Әбутәліп
• Төраға
• Хатшы
• Қатысқандар
• Қатыспағандар
• Себепті
• Себепсіз
• Дәлелді себеппен
• Дәлелсіз себеппен
• Іссапарға
кетуіне байланысты
• Дауыс беру нәтижесі
• Ашық дауыс берілді
• Жасырын дауыс берілді
• Қарсы
• Қарсы емес
• Бірауыздан
• Жақтап
дауыс бергендер
• Қарсы дауыс бергендер
• Қалыс қалғандар
1-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Жиналыстың күн тәртібіне... 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе
бойынша С.Ермековтың ... . 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойын-
ша үш адам ... . 4. С.Ермековтың пікірін көпшілік ... . 5. Бірінші мәселе
бойынша ... . 6. Дауысқа салған кезде ... болған жоқ. 7. ... директордың
орынбасары А.Халықов хабарлама жасады.
Керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды,
жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды,
бірауыздан мақұлданды, екінші мәселе бойынша.
2-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. тыңдалды / баяндамасы / факультет / С. Алдамжаровтың / деканы.
2. қосымша / тіркелді / хаттамаға / баяндама / мәтіні.
3. сұрақтар / бойынша / баяндама / қойылды.
4. берілді / толық / сұрақтарға / жауап.
5. жасады / ісі / хабарлама / қысқы / С. Қарымсақов / туралы / жөніндегі
/ сессияға / орынбасары / оқу / дайындық / деканның.
6. емтихан / тестке / маңызды / көрсетілді / мәселелер / қатысты / мен
/ ауызша / атап.
7. пәндер / тест / емтихан / өз / бермей / нәтижесін / алу / арқылы /
бойынша / кейбір / отыр.
3-жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
1. шешім
□ сообщение
2.
қорытынды
□ информация
3. мәжіліс
□ доклад
4. ақпарат
□ отчет
230
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
5. хабарлама
□
заключение
6. жарыссөз
□ решение
7. қаулы
□ постановление
8. баяндама
□
заседание
9. есеп
□ прения
4-жаттығу. Көмекке төменде берілген сөйлемдерді пайдалана оты-
рып, хаттаманы толтырыңыз.
Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы
__________ қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты
конкурстық комиссиясы отырысының
№ _____ ХАТТАМАСЫ
________________ қаласы 20__ жылғы «___» ___________
Қатысқандар:
Төраға:
_______________
Хатшы:
_______________
Комиссия мүшелері: _______________
_______________
КҮН ТӘРТІБІ:
1. ___________ қаласы (__________ ауданы) әкімі аппаратындағы
бос тұрған 3 әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурсқа
қатысушылардың
құжаттарын қарау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
Комиссия хатшысы _______________ комиссия мүшелерін бос
орынға берілген хабарландыру бойынша келіп түскен конкурсқа
қатысушылардың
1. Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4»
санатты бас бухгалтер лауазымына
1.1. ____________________
1.2. ____________________
1.3. ____________________
құжаттарымен таныстырды.
2.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің «Е-4» санатты бас
маманы лауазымына
2.1. ____________________
2.2. ____________________
231
Орынғазы Әбутәліп
2.3. ____________________
2.4. ____________________
құжаттарымен таныстырды.
3. Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1. ____________________
3.2. ____________________
3.3. ____________________
құжаттарымен таныстырды.
Ұсынылған құжаттарды саралай келе, байқау комиссиясының
шығарған
ШЕШІМІ:
1. Төмендегі қатысушылар тестілеуден өтуге жіберілсін:
1. Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4» са-
натты бас бухгалтер лауазымына:
1.1. ____________________
1.2. ____________________
2. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің «Е-4» санатты бас
маманы лауазымына:
2.1. ____________________
2.2. ____________________
3. Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1. ____________________
3.2. ____________________
Үміткерлер _______________, ______________, _____________,
_______________, ______________, _____________
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
қызмет
істері
жөніндегі агенттігі басқармасының ______________ қаласы бо-
йынша __________________ жылы тестілеуден өткендіктері туралы
анықтамаларын «_____» ________ ____________________ дейін хатшыға
тапсырсын.
Комиссия төрағасы
__________
Хатшы
__________
Комиссия мүшелері
__________
__________