Сыныбы: 6 сынып



жүктеу 230,5 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі230,5 Kb.
#24631
түріСабақ

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:

Өткен оқу жылында сөзжасам тарауы негізінде алған білімдерін еске түсіру, пысықтау, тиянақтау. Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бірін - бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: білім, білікті арттыру сабағы.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысын орындату, тест жұмысы, 1здендіру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тақта, бор, оқулықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқу - құралдарын түгелдеу.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
29 - жаттығу: Қарапайым сөйлемді тұрақты тіркеспен өрнектеп айтуға ізденіп келу үйге берілген болатын, үй жұмысы тексеріліп, сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарға қорытынды жасаймын.
ІІІ. Бекіту:


VI. Шығармашылық жұмыс.
Ұлттық нақыштағы оюлы себетте 2 мәтін бар. Сол мәтінді оқып шығып, ішінен күрделі сөздерді тауып, семантикалық картаны толтырамыз.
№1 мәтін.
Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт. Ол шөл және шөлейт жерлерде, сай - жыраларда, адырлы жоталарда, жусанды жерлерде көп болады. Қарақұрт үйге кіріп, төсек - орынға тығылады да, жанасқанды шағып алады. Шаққаны бірден сезілмейді, еш жерің ауырмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін денеге уы жайылады да, адам есінен танады.
Қарақұрт шаққанын білген заматта, шаққан жерді сіріңкемен күйдіру керек. Уы тістеген жерден 0, 5 миллиметрден әрі сіңбейді.
Егер жиырма - отыз минуттай кешіксе, у адамның денесіне тарап кетеді де, бұл әдістің әсері болмайды. Қарақұрттың уы – май тәрізді еритін сұйықтық. Оны алпыс градусқа дейін қыздырса, уытын жояды.
(«Жыл он екі ай» кітабынан)
№2 мәтін.
Үй ішіне еркек - әйел, ауыл адамдары сыймай кетті. Шашу шашқан әйел −Сақыш. Сақыш − Дінасылдың өзі әперген Әуездің екінші әйелі. Арынбек, Қасымбек, Ағзам, Ахметтің шешесі. Сақыш − орта бойлы қара сұр әйел.. Жасы қырықтың жуан ортасынан асып қалғанымен, жүріс - тұрысы жинақы, келін - балаларына қысқа - қысқа әмір ете жүріп, үйдегі бар жұмысты басқаруға кірісті.
Шашу шашылып, ду - дүрмек молайған кезде де Мұхтар момын, сылбырлау күйінен өзгере қойған жоқ. Тек шашу шашылып болған соң өзін ұшықтаған әжесіне:
−Әже, мен ауырған жоқпын ғой, неге ұшықтайсың?
−Ой, шіркін, сен не білесің?! Абай атаңды аузыңнан тастамасаң, ол жебеп, демеп жүреді.
Қасымбектің осы сапарда қаладан алып келген сөмкесін қолына ұстап, әжесінің үйретуі бойынша оң аяғымен табалдырықтан аттады. Осы бір сәтті қадағалап тұрған әжесі:
−Бісміллә! − деп баласының соңынан ілесе шықты.
(Қ. Оразалин)
Семантикалық карта

Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз







































Ү. Қорытынды кезең

Деңгейләк тапсырмалар:



І- деңгей
Күрделі атаулардан тұратын қандай жер –су аттарын білесіңдер?

2-деңгей
1.
Берілген сөздерден қосымшасыз, қосымшалы сөздерді екі бағанға теріп жазып, 3 мысалға сөйлем құраңдар.

балықшы, саудагер, су, гүл, білімпаз,құрылысшы, жүрек, айна, білім , егін, дала,нұр,бақыт.

2. Қай сөздер жіктеледі
Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркітші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат.

3-деңгей

1. Төмендегі сөздерді үш бағанға бөліп жаз.

түбір сөздер: туынды сөздер: жалғаулы сөздер:

Мектепте, даңқ, даналық, әсемпаз, ауылға, бәйге, жетілік, сиыршы, түндік, құлынның, мұғалім, жидек, кенші, ағасымен, балалық, қалам, өнегелі, адамға, шаңырағы.

2. Мына сөздердегі қосымшаларды өз орнына қой.

-мемлекет -дей, -гі, -нде, -і, -тер;

-шешен -ге, -дік, -іңіз;

-бауыр -ы, -лар, -ғы,



-естелік -дің, -іміз, -тер.

Ү. Сергіту сәті:
Қызықты мәліметтер: Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен. Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады. Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат. Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек. Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды. Тек екі жануар ғана мойын бұрмай - ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс. екен.. Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.
Осы сөйлемдердің ішінен күрделі сөздерді табу.
ҮІ. Қорытындылау:
Сұрақтар қою арқылы тақырыпты қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру:
Мақал - мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Үлгі: Ақыл+ды мақта+н+са, іс+ті тын+дыр+ар.
ҮІІІ. Бағалау:
жүктеу 230,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау