О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет13/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69

43
Орынғазы Әбутәліп
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.  Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы қай уақытта, қандай 
жағдайда толтырылады?
2.  Кадрлар жөніндегі іс парағын толтыру үшін өзіңіздің қандай 
құжаттарыңызды пайдалана отырып толтырасыз? Атап өтіңіз.
3.  Кадрлар жөніндегі іс парағының ерекшелігін атаңыз.
Ескерту!
Жеке  іс  парағы  жылма-жыл  толықтырылып,  жаңаланып  отыруына 
байланысты, кейбір жеке іс парағында: азаматтығы, жеке куәлік нөмірі, 
ӘЖК және СТТН нөмірлерін көрсетіңіз деген пункттер де кездеседі.
РНН – СТТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі).
СИК – ӘЖК (Әлеуметтік жеке код).
ИИН – ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі).
1-жаттығу.  Берілген  қосымшалар  арқылы  келесі  сөздерден  қызмет 
иесін айқындаңыз. 
-шы / -ші
-кер / -гер
Қызмет
Қызмет
Жұмыс
Қайрат
Тергеу
Заң
Оқу
Кәсіп
Жазу
Іс
Сурет
Қаржы
Ән
Бап
Тыңдау
Тәлім
Би
Әдіс
Ем
Қалам
Шаңғы
Дәрі
Демеу
Зейнет
Қолдау
Қылмыс
Көмек
Жұмыс
Аударма
Айла
2-жаттығу. Көрсетілген әскер түрінің қазақша аудармасын тап?
1) «ВВ» – внутренние войска.
2) «ВДВ» – воздушно-десантные войска.
3) «П» – пехота. 
4) «МП» – морская пехота. 


44
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
3-жаттығу. Төмендегі кәсіп, мамандық атауларының қазақша балама-
сын жазыңыз.
1)  врач-стоматолог
2)  правовед-юрист
3)  мажилисмен
4)  директор фирмы «Арай»
5)  председатель ТОО
6)  первый заместитель Министра
7)  помощник ректора
8)  Аким Созакского района Южно-Казахстанской области
9)  главный специалист
10)  ведущий научный сотрудник
11)  младший научный сотрудник
12)  секретарь-референт
13)  руководитель организации
14)  заведующий кафедрой
15)  проректор университета
16)  учитель средней школы
17)  исполнительный директор
18)  оперативный работник
19)  чрезвычайный и полномочный Посол
20)  программист
21)  координатор
4-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1.  Ана  тілім  –  ...  .  2.  Орыс  тілін  ...  .  3.  «Парасат»  орденімен  ...  .  4. 
«Даңқ» ... марапатталдым. 5. Әскери қызметке ... . 6. Әскери қызметке ... . 
7. Физика-математика ғылымдарының ... .
Керекті  тілдік  бірліктер:  докторымын,  міндеттімін,  міндетті 
емеспін, жетік білемін, қазақ тілі, орденімен, марапатталдым.
Есте сақтаңыз!
білімі
жоғары 
орта
аяқталмаған жоғары 
азаматтығы
Қазақстан Республикасының азаматы 
Түркия азаматы 
қос азаматтығы бар
азаматтығы жоқ


45
Орынғазы Әбутәліп
отбасы жағдайы
үйленген 
үйленбеген
тұрмыс құрған 
тұрмыс құрмаған 
ажырасқан 
әскери міндеті 
запастағы әскери қызметте 
әскери міндетті 
әскери міндетті емес 
лейтенант
аға лейтенант
запастағы майор 
5-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Қазақ / атындағы / ұлттық / әл-Фараби / университеті.
2. Еуразия / атындағы / университеті / М.Л. Гумилев / ұлттық. 
3. Ұлттық / С.Д.Асфендияров / Қазақ / университеті / атындағы / ме-
дицина. 
4. Техникалық / Қ.И. Сәтбаев / Қазақ / ұлттық / атындағы университеті. 
5. Қызылорда / Қорқыт ата / мемлекеттік / университеті / атындағы. 
6. Атындағы / мемлекеттік / Ш.Уәлиханов / университеті / Көкшетау. 
7. Қазақ-Түрік / атындағы / Халықаралық / Қ.А. Яссауи / университеті. 
  Тілдік бірліктер:
•  саяси
•  қазақ және орыс тілдерін 
жетік білемін
•  әкімшілік
•  тұрмыстамын
•  үйленгенмін
•  жолдасым 
•  жұбайым
•  ер 
•  Ұлттық
•  марапатталған жоқпын
•  техникалық
•  неміс тілінде оқып, түсінісе 
аламын 
•  қатысқан жоқпын
•  ағылшын тілін сөздікпен
•  аяқталмаған жоғары білім
•   атындағы 
•  әскер қатарында болдым
•  №115 әскери округте 
•  қатардағы жауынгер 
•  кіші сержант
•  аға сержант қызметін атқардым
•  марапатталдым
•  пәтер
•  үй телефоны
•  командалық
•  туған
•  оқытушысы 
•  әйел
•  қазақ тілі
•  орыс тілінде еркін сөйлеймін


46
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
•  меңгергенмін
•  факультетінің студенті 
•  аспиранты
•  магистрі 
•  ұлым
•  қызым 
•  ықшамауданы
•  жеке іс парағын толтыру
•  атқаратын лауазымы 
•  тұрмыста емеспін
•  әскери қызметке міндеттімін
•  әскери қызметке міндетті емеспін
•  аудандық әскери комиссариаттан 
•  берілген әскери билет НС 
№3361048 
•  әскери қызметке қатысы
•  әскери атағы
•  бітірмесе қай курстан кетті
ç
 Тапсырмалар:
1. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағын бланкіде толтыру.
2. Әскери атақтарды рет-ретімен жазыңыз. 
3. ҚР мемлекеттік марапаттарын атап-атап жазыңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
кадр есебі жөніндегі жеке 
– личный листок по учету кадров
іс парағы
жұмысқа қабылдау  
– принять на работу
тек / тегі/  
– фамилия
аты  
– имя
әкесінің аты  
– отчество
туған жылы, айы, күні  
– число, месяц, год рождения
азаматтығы  
– гражданство
ұлты  
– национальность
жынысы  
– пол
білімі  
– образование
мамандығы  
– специальность
жоғары оқу орны  
– высшее учебное заведение
дәреже  
– степень
атақ  
– звание
ғылыми еңбек  
– научный труд
өнертабыс  
– изобретение
еңбек өтілі  
 трудовой стаж
сайланбалы органдар  
– выборные органы
әскери қызметке қатысы  
– отношение к воинской службе
әскери атағы  
– воинское звание
толтыру  
– заполнить
көрсету  
– указать
мәлімет  
– сведения
марапаттау  
– наградить


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау