Сыйласаң, сый көрерсің.
Теңін тапса, тегін бер.
Күншілдің күні қараң.
Түсі игіден түңілме.
ММ-дер іштей құрамдық бөлшектер санына қарай топтастырылады. Бір тармақты ММ-дер сөйлем мүшелерін құрап тұрған сөздердің санына байланысты екі құрамдық бөлшектен бастап сегіз құрамдық бөлшекке дейін жетеді.
1. Екі құрамдық бөлшектен тұратын бір тармақты ММ-дер өте аз.
Мысалы:
Оғлан біліксіз.
Бала білімсіз (ақылсыз) (МҚ І 444).
Қызленшү келінде.
Жасырылған келінде (MҚ III 326).
Қазақ тілінде: Құтырғаннан құтылған.
Жұтқан – жұтамас.
Ұқсамасаң – тумағыр.
2. Үш кұрамдық бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер
Савын саграққа тегір
Евек евге тегмес (МҚ I 531).
Абдырап сасқан адам үйге жетпес (МҚ, II 36).
Ерді ел теңгерер.
Ер жолдасы – тәуекел.
Ерлік – елдің сыны.
Аурудан әдет жаман.
Еліне сенген еңкеймейді.
3. Төрт құрамдық бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер.
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Бөріден қорыққан орманға бармайды.
Жаман жолдас жауға алдырар.
Батырдың қаһары – еліне қорған.
Am текүзлікі ай болмас.
Ат қасқасы ай болмас (МҚ I 566).
Mұш оғлы муайуи туғар.
Мысықтың баласы мияулап туар (МҚ ІІ 28).
Бip тармақты ММ-дердің көпшілігі төрт кұрамдық болып келеді.
4. Бес құрамдық бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер.
Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.
Өз аулымның түтіні түзу шықсын.
Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме.
Ұланы бар елдің ұраны бар.
Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.
Йырақ иер сабын арқыш келдүрүр.
Жырақ жердің хабарын керуен келтірер (МҚ I 127).
Адзын кіші ненің нең санамас.
Басқа кісінің нәрсесі нәрсе болып саналмас (МҚ 1129).
5. Алты кұрамдық бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер.
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Жауға жанынды берсең де, сырынды берме.
Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді.
Корқмыш кішіге қой башы қош көрүнүр.
Қорыққан кісіге қой басы қос көрінер (МҚ III 181).
Ерңенге елік қары бөзүн өм тікемес.
Бойдаққа елу шынтақ бөзден шынтақ тігілмес (МҚ I 147).
6. Жеті, сeгiз құрамдық немесе одан да көп бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер.
Сашыратқыдын корқмыш құш қырк йыл адзры йығаш үзе қонмас.
Шашыратқыдан қорыққан құс қырық жыл ағаш үстіне қонбас (МҚ II 476).
Биік таудың басы болмасақ та, баурайындағы тасымыз.
Адам бір терінің ішінде арық та болады, семіз де болады.
Мұндай көп құрамдық бөлшектен тұратын бip тармақты ММ-дер бірыңғай мүшелермен немесе күрделенген сөйлемнен болуы мүмкін.
Үш, төрт құрамдық бөлшектерден тұратын бip тармақты ММ-дерде iшкі ұйқас байқалса, eкi кұрамды, көп кұрамды ММ-дерде iшкі ұйқас болмайды.
Бip тармақты ММ-дердің өзіндік қалыптасу жолдары бар. Қaзipгi тілімізде бip тармақты ММ-дер қос тармақты ММ-дерден кeйінгі орынды иеленеді деуге болады.
Елдестірмек – елшіден.
Ел құлағы елу.
Адассаң, елмен адас.
Кек түбі – ойран.
Дұшпан көзі – төртеу.
Жуастан жуан шығады.
Көрпеңе қарап көсіл.
Қарғанған құр қалар т.б.
Бip тармақты болғанмен, құлаққа жағымды, әсерлі естіледі, себебі күрделі ойды әрі қысқа, әрі мәнерлі, анық жеткізіп тұр. Сондай-ақ дыбыс үйлесімділігі де сақталған. Мұндай ММ-дер заманның дамуымен бipгe дамып, кұрылымы жағынан жетіле түскен. Қара сөз түрінде айтылса да, белгілі бір қалыптасқан нормалардың сақталғандығы байқалады.
Қос тармақты ММ-дердің арасындағы дыбыстық үндестік, тұлғалық сәйкестік, мағыналық үйлесімділік – заңды кұбылыс.
Қос тармақты ММ-дерге eкі жай сөйлемнен құралып, үтip арқылы ажыратылатын, мағыналық, кұрамдық жігі анық, үйлесімді симметриялы eкi сыңардан тұратын ММ-дер жатады.
ММ-дер көлемi жағынан шағын және ұйқacқа кұрылған. Сондықтан да болар халықтың жадында жақсы сақталған.
Қос тармақты cөзi фразеологизмдерге байланысты айтылғанда былай дейді: “... іштей тең жарылып, екі бірдей "тірек сөзге" сүйеніш, өзара сәйкес екі топқа (тармаққа) жіктеліп, бөлініп тұрған тұрақты сөз орамы. Мысалы: бетегеден биік, // жусаннан аласа; әулиеге ат айтып, // қорасанға қой айтып; тоғыз ойланып, // тоқсан толғанып т.б. Бұл мысалдардан бірден көзге түceтіні – іштей eкi топ, параллельді екі тіркесті компонент құрап тұрған қос тағандылық [32].
Қос тармақты фразеологизмдер мен қос тармақты ММ-дердiң арасындағы айырмашылық сыңарларының тұрақты сөз тipкeci немесе сөйлем болып келуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |