Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер



жүктеу 102,48 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі102,48 Kb.
#5022
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер
Сабақтың мақсаты:

білімділік – оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету; дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу;

тәрбиелік – ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

Түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілі: топтастыру,талдау,салыстыру, ой қорыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сынып тазалығы.

Үй тапсырмасы бойынша бұлтшалардағы тапсырмаларға жауап беру.




II. Жаңа сабақ.

Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал – мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.



«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды бере алады.

Мақал – халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой - тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі - өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.

Мақал – мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір – біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды туйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса , киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.


Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды. Мәтелде тиянақты тұжырым болмайды.









III Мақал-мәтелдерді одан әрі тереңірек меңгерту үшін сабақты « Жарыс сұхбат» түрінде өткіземін. Ол төмендегідей.

1.Кім көп мақал-мәтел біледі? (әр алуан тақырыпта қамтылған)

2.Суреттерді көрсете отырып, мақал-мәтел айтып бер.(үй,мектеп,кітап,ұстаз)

3.Әңгіме,шағын мәтіндер жаздыру арқылы мақал-мәтелдермен ыңғайлы аяқтау.
IV Қызықты грамматика. Кім Мақалбай атай болғысы келеді?

Мақалбай атай болған бала халықтың мақал – мәтелдері нені үйретеді, немесе неге уағыздайды дегенді түсіндіріп, төмендегі үлгі бойынша берілген мақалдардың тақырыбын тауып жазуы керек те , өзі ойлап әр тақырыпқа сәйкес бір мақал айтып , жолдастарының мақал жайындағы сұрақтарына мүдірмей жауап беруі шарт.

Осы шартты орындап шыққан бала «Мақалбай атай» атағын алады.


Мақалдар

Не жайында? (тақырыбы)

Еңбек адамның екінші анасы.

Білімсіз күнің жоқ.

Өнерлі өрге жүзер,

Ер – ел қорғаны.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Досы көпті жау алмайды.

Әдептілік, ар - адамдықтың белгісі.



Қай жақ тез орындай алады?

Екі жаққа бөлінген балаларға екі – екіден төрт мақал – мәтел жазу тапсырылады.

1 – жаққа:

1) Әр сөзі е әріпінен басталған үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал:



Е ... е ... е ... .

2) Әр сөзі б әріпімен басталатын төрт сөзден тұратын адамның қасиеттері туралы бір мақал Б ... б ... б ... б ... .

2 – жаққа :

1) Әр сөзі к әріпінен басталатын сөзден құралған тәлім – тәрбие туралы бір мақал. К ... к ...

2) Әр сөзі ж әріпінен басталған үш сөзден тұратын ерлік- батырлық туралы бір мақал. Ж ... ж ... ж ... .

Қай жақ бұрын орындап шықса , сол жақ ұтыс алады.



IV. Жаңа сабақты қорытындылау.

Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру.







Мақал – мәтелдер

Тақырыптары


1

Д Денсаулық – зор байлық


.....

2

.. .....

Өнер – білім


3

Д Досы көпті жау алмайды, .....

.....


4

.. .....

Еңбек


5

Ата көрген оқ жонар, .....

.....



6

.....

Ынтымақ, бірлік


7

Ерді намыс өлтіреді, .....

.....



V.Үйге тапсырма
1- топ мақал мен мәтелді ажыратып,баған түрінде жазу (кестемен жұмыс).

2- топ құрамында сан есімі бар он мақал – мәтел жазу.



3- топ шағын әңгіме оқып, мәтіннің мазмұнына қарай мақал-мәтел жазу.

VI.Бағалау
жүктеу 102,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау