Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет9/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

      Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды 

моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы 

жүргізіледі.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және 

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға 

дейінгі мерзімді құрайды.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жұмыс берушілердің қатысуымен және ӨКП-мен келісілген білім 

беру ұйымы әзірлеген оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы 

жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және 

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша 

мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген

қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.

      Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан 

мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.

      Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру тәртібі білім 

беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды 

даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.

      2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде 

бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылады

.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, кәсіптер, 



дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары және кәсіптер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді 

облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы 

органдардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.

      Кәсіптердің, дағдылардың тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті 

атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін 

өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдау мен болжамды есепке ала отырып айқындалады.

      Білім беру ұйымдары:



      1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдаланған;

      2) біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат 

бере отырып қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу бойынша біржылдық тәжірибесі болған жағдайда 

тізбеге қосылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігі:

      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты 

жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен 

әкіміне жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және

кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру 

қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады;

      2) білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округтер немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс 

күні ішінде үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту 

орталықтарына береді;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары екі жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын 

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, үміткерлердің тізімдерін 

қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді;

      4) аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарап

бекітеді;

      5) халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық

) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама 

береді. Ауылдық елді мекендерде тұратын үміткерлер ауылдық округтер мен елді мекендердің 

әкімдері арқылы хабардар етіледі;

      6) білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдауды аудандық (қалалық) 

комиссия шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары оқушыларды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей және 

есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту 

орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі 

бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес 

белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар 

таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып оқитын Бағдарламаға 

қатысушылардың тізімдерін ұсынады;

      7) қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған 

Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы

сертификат береді.




      Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және 

кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру 

қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссияның 

келісімі бойынша оқудан шығаруға құқығы бар.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті

атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша 

есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде 

статистикалық есептілік ұсынады.

      Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім 

беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру 

бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып 

өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді

.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға 



сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

      Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-әрекетін 



ұйымдастыру

      ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы 

органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 

жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Білім беру саласындағы және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы 

органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Бағдарламаның бірінші бағытының іске 

асырылуы туралы мынадай:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу шеңберінде Бағдарламаға 

қатысушыларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының саны;

      2) оқыту (ТжКБ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу) түрлері, мамандықтар мен кәсіп түрлері, 

оқытудың ұзақтығы бойынша оқушылардың саны;

      3) өтініш бергендердің және оқытуға қабылданғандардың саны;

      4) оқуды аяқтағандардың саны;

      5) оқудан шығарылғандардың және оқуды аяқтамаған адамдардың саны туралы ақпаратты білім 

беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту

мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай сайын 



жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау