Мамандықтар мен кәсіптер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (
ӨКП) бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдауды және болжамын есепке
ала отырып айқындалады. ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім беру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
сәйкес Техникалық және
15-2) тармақшасына
кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышына сәйкес
білім берудің екі деңгейлі моделі бойынша білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері
бойынша кәсіптер және мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
Оқу орындары мыналары:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне
лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі
болған кезде тізбеге енгізіледі.
Оқу орындары және мамандықтар бойынша орындарды бөлу білім беру саласындағы және халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындалатын облыс
бойынша оқитындар контингентінің жылдық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігі:
1) аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды
даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.
Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен
қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық)
деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың,
жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру
саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады;
2) мобильдік топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан,
жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар
құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге
асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мобильдік топтар бекітілген тізбеге сәйкес оқу
орындары мен мамандықтарды көрсетіп, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады;
3) мобильдік топтар жыл сайын 25 тамызға дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) деңгейдегі
білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) комиссияның
қарауына және бекітуіне шығару үшін қалыптастырылған тізімдерді ұсынады;
4) облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар аудандық (
қалалық) комиссия шешімінің негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орындарымен (аудандық)
қалалық комиссияның шешімін және оқитындардың тізімімен қоса, Бағдарлама шеңберінде ТжКБ бар
кадрларды даярлау туралы шарт жасайды;
5) аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар
облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша
кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы
аудандардың әкімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және оларға
оқу орындарына жолдамалар береді;
6) оқу орындары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді оқушылардың құрамына қосады.
Оқу орындары оқушыларды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайынғы
негізде есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде облыстық деңгейдегі білім беру
саласындағы жергілікті атқарушы органдарға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды
ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса
), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете
отырып, оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;
7) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен Бағдарламаға қатысушыларға білім беру
саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен техникалық және кәсіптік білім туралы диплом,
біліктілік беру туралы сертификат беріледі.
ТжКБ бар кадрларды даярлаудың ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген
мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа байланысты болады.
Оқу орындары Бағдарламаға қатысушыны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды
ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша
оқудан шығарады;
Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен
қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына
сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай
сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.
5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша
қысқа мерзімді кәсіптік оқу