Программы Занятости 2020



жүктеу 288,71 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі288,71 Kb.
#17480
түріБағдарламасы


Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы

Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуы



«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат

Елбасының алдына қойылған шараларды іске асыру мақсатымен 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жетілдірілді. Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Осы бағдарламаны іске асыру үшін келесі мекемелер ықпалын тигізді: селолық әкімдіктері, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық бөлімдері.

Бағдарлама келесі бағыттар бойынша асырылады:

1.Жұмыссыздарды, өз бетімен қамтылған және аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және оқыту.

2. Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу.

3. Еңбек ресурстарының мобильдігін жоғарлату.

Көкпекті ауданы бойынша 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының аясында қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға- 98 адамдарды жолдауы жоспарлануда. Олардың арасында желтоқсан айына дейін қайта даярланатын болады: бір шөміш эксковатордың машинисті – 13 адам, сату тауарлардың сатушысы- 15 адам, есептеу машиналарының операторы- 10 адам, электрогазпысырушы- 20 адам, автокөлік кранның машинисті- 20 адам, стропальщик мамандығы бойынша біліктілігінін арттыруға- 10 дам, нақты жолданды- ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист-машинист мамандығы бойынша 15 адам.

Жастар іс-тәжірибесіне жоспар 21 адамды құрайды, нақты жұмысқа 2012 жылдың басынан 19 адам жұмысқа орналастырылды және 9 мекемелерімен келісімшарттар жасалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар 50 адамды құрайды, уақытша жұмыс орындарына 50 адам жолданды, 15 кәсіпорындарымен келісім шарт жасалды.

2012 жылы дайындауға 2011 жылынан бері 135 адам оқуын жалғастыруда.

2011 жылы қайта даярлауға 89 адам жоспарланды, барлығы 89 адам бүгінгі күнге оқуларын бітірді, оның ішінде: 2 топ- 18 трактористтар бойынша, 32 электрик, 21 газэлектропысырушы. 89 адамның арасында 50 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 11 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді және 27 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының іске асыруына Самар, Көкпекті, Миролюбовка, Үлкенбөкен селолық округтер белсенді қатысты. Қалған селолық округтер өзінің қатысуын білдірген жоқ.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 14 шаруа қожалықтары 62 адамды жұмысқа орналастырды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Көкпекті ауданында 157 адам шағын несие алуға ниет білдірді, оның ішінде 98 адам құжаттарын толық ұсынды, жалпы сомасы 205,9 млн. теңге. 2011 жылы аудандық комиссия отырысы өткізілді. 34 бизнес-жобалар қарастырылып, жалпы сомасы 60,0 млн. теңгеге келісім берілді. Нәтижесінде аумақтық комиссиясымен 29 жобалар жалпы сомасы 57,0 млн. теңгеге бекітілді.

Бірінші транш бойынша 15 жоба, жалпы сомасы 29,0 млн. теңге.

Екінші транш бойынша 14 жоба, жалпы сомасы 28,0 млн. теңге.

Шағын несилерді беру үшін конкурстар өткізілді, конкурста кепілдіктің қажеттілігіне байланысты, кепілдіктің қойылуы қатысушыларға қиын жағдайды тұғызды. Осыған орай екінші бағытының қатысушыларымен несие серіктестігі құрылды.

Тамыз айынан бастап қараша айына дейін несиені алу үшін 3 несие серіктестігі құрылды.Олар:

«Тобыл-Несие»- басшысы Раисов Р.Т. – несие 28 млн.теңге,

«Көктеу» - басшысы –Б.Бабаев- 23 млн.теңге;

«Самар-Несие»- басшысы Т.Закиров- 6 млн.теңге.
Барлық қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, сертификаттарға ие болды.

Транштар бойынша несие серіктестіктері «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен несие алу үшін келісімшартқа отырды.

Салық басқармасында 28 қатысушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Цехтарға жабдықтар, ірі қара мүйізді малдарды өсіруге мал алынды. Шағын наубайхана, жиһаз цехы жұмыс үстінде. Жаңа жұмыс орындары ашылды.

2012 жылдың басынан шағын несие бойынша аудандық комиссия отырысы өткізілді. 63 жоба, жалпы 156100,0 мың теңге сомасына қарастырылды. Біздің ауданға қажетті 37 қатысушылардың бизнес-жобалары, жалпы сомасы 88500,0 мың теңгеге анықталды. Қажетті құжаттардың толық пакеті жиналды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша төменгі экономикалық деңгейдегі елді мекендерінің талдауы жасалды. Көкпекті ауданы бойынша 56 тұрғын елді мекендері анықталды. Оның ішінде: жоғары экономикалық деңгейдегі -12 , орта экономикалық деңгейдегі- 44, төменгі экономикалық деңгейдегі елді мекендер анықталған жоқ.

«Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені бойынша Көкжайық ауылында 10 екі пәтерлік үйдің салуына республикалық бюджеттен 119658000 теңге, қосымша облыстық бюджеттен 23690,0 мың теңге бөлінді. Үйдің құрылыс бастамасы 2012 жылдың сәуір айынан басталады.



Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының үшінші бағытының қатысушыларына салынатын үйлер жалға, тұрғын үй сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз берілетін болады.
жүктеу 288,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау