"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"
(бұдан әрі – ЖЖК 2020) жұмыс істеген
бағдарламасы
уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам
тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2 %-дан 2014 – 2015 жылдары 5 %-ға дейін
және 2016 жылғы 3-тоқсанда 4,9 %-ға дейін төмендеді. ЖЖК 2020 бағдарламасының нысаналы тобы
болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 5,5 %-дан 2014 жылы 4,2%-ға
дейін және 2015 жылғы 4,3 %-ға дейін төмендеп, 2016 жылғы 3-тоқсанда ғасыр басынан бастап ең аз
3,9 %-ды құрады.
Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де ықпал ететін мынадай
жүйелі проблемалар сақталуда:
1) еңбек ресурстары сапасының төмендігі
Соңғы 10 жыл ішінде (2006 жылдан бастап 2016 жылғы 3-тоқсанды қосқанда) жоғары және
аяқталған жоғары білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 25 %-дан 38,0 %-ға, техникалық және
кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 %-дан 36 %-ға дейін өсті.
Егер 2013 жылы жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 34 %-ды
құраса, 2014 – 2015 жылдары оның көрсеткіші 37 %-ға дейін өскен. Сонымен бірге, техникалық және
кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі соңғы жылдары орташа деңгейде 33 % қалуда (2013 жылы -
32 %, 2014 жылы – 34 %, 2015 жылы – 35 %).
Бұған Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар септігін
тигізді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының
Ұлттық біліктілік шеңбері деген ұғымды көздейтін өзгерістер енгізілді, кәсіптік
Еңбек кодексіне
стандарттарды әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.
Дегенмен қабылданған шаралар жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымының сапасын түбегейлі
өзгерте алмады. Төмендегеніне (48-ден бастап 27 %-ға дейін) қарамастан негізгі, орта, жалпы
және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары күйінде қалып отыр.
Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары түлектерінің қозғалыс
серпіні орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді.
Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен,
жыл сайын жұмыс берушілер тапсырыс берген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды.
Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73 %-
ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға және жұмысшы кәсіптерге келетінін
көрсетті.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін
игеруге қолжетімділігін
қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек
тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет;
2) нәтижесіз жұмыспен қамту
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2013 жылы 2,2 млн. адамнан (27 %) 2014 –
2015 жылдары 2,1 млн. адамға (25 %) дейін қысқарды, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған
тұрғындардың саны бұл ретте, соңғы үш жылда 40 %-ға – 2013 жылы 558 мың адамнан 2014 жылы 430
адамға дейін және 2015 жылы 331 мың адамға дейін қысқарды.
Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де 25 %-ды немесе 2,2 млн
. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 360 мың адам нәтижесіз
жұмыспен қамтылған болып табылады, яғни не олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына
тиесілі және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек, кедейлік алдындағы осалдықпен сипатталады, сол
арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын арттырады.
Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты
жұмыс орындарына қол жетімділікті шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі
бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады.
Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты
жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022
жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады.
Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін
толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв
ретінде қарастыру керек;
3) өңірлік диспропорциялар және демографиялық теңгерімсіздік
Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050
жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Ағымдағы үрдістер сақталғанда 2050 жылға қарай солтүстік
өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі.
Бұл ретте оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.
Егер 2013 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 млн. 943 мың адамды құраса, 2014
жылы – 2 млн. 945 мың адамды, ал 2015 жылы – 2 млн. 950 мың адамды құрады, яғни еш өзгермеген,
ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, халықтың саны 132 мың адамға өскен (2013 жылы – 6 млн. 482
мың адам, 2014 жылы – 6 млн. 505 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 614 мың адам).
Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші
тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші