Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет40/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56

95
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ
УДК 372.809.434.2:81’367.623:621.921.11 
«СЫН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ. МЕТАЛДАР» 
САБАҚТЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Ә.Б. МҰҚАТАЕВА
кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы,
Жоғары техникалық мектеп, Щучинск қ.
В статье говорится о роли и значении использования на уроках, 
профессиональных  текстов  и  терминов  в  речевой  культуре 
будущих специалистов.
In the article it is told about the role and meaning of professional 
texts and terms usage in speech culture of future experts at lessons.
Сабақтың мақсаты: 
1) Металдар жайлы жалпы мағлұмат беру, сын есім тарауы бойынша алған білімдерін 
пысықтау, бекіту.
2) Ауызша, жазбаша жатығуларды орындай отырып, студенттердің сауаттылығын, ой-
өрісін, логикалық ойлау қабілетін, тілін дамыту. Кәсіби тілде сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
3) Туған жер табиғатын аялап, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Отанға деген 
сүйіспеншілігін арттыру
.
Көрнекілігі: тірек сөздер, кластер, суреттер, үлестірме материалдар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық іздендіру, аударма.
Пәнаралық байланыс: арнайы пән, химия, орыс тілі.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі:
a)
 Сәлемдесу. Студенттерді түгелдеу.
ә)
 Кезекшімен сұхбат. 
б)
 Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
II. Өткен сабақты пысықтау.
III. Жаңа сабақ.
1. Сөздік жұмысы: 
қасиеттері-свойства 
шойын-чугун
төзімділігі-прочность 
сирек-редкий
асыл-драгоценный 
мыс-медь
қорғасын-свинец 
мырыш-цинк
қалайы-олово 
майысқыш-гибкий
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін оқып, жаттығыңыз, сөйлем құрыңыз. 
3. Мәтінмен жұмыс: Металдар туралы мәлімет.
Металдар  адамзат  қоғамына  ерте  кезден  бері  белгілі.  Д.И.  Менделеевтің  периодтық 
жүйесіндегі  100-ден  аса  элементтің  80-ге  жуығы  металдарға  жатады.  Ал  қалғандары 
металлоидтер мен инертті газдар. Металдар ең көп тараған элементтер. Жер астында, өзен, 
көл, теңіз, мұхит суларында, хайуанаттар мен өсімдік ағзасында металдар бар. Металдар 
екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа темір және негізінен темірден құралатын темір қоспалары 


96
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
жатады. Мысалы: шойын, болат және болаттың кейбір сорттары.
Екінші топқа түсті металдар жатады. Бұл топқа темір қосылыстарынан басқа металдар 
кіреді. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, сирек, және асыл түсті металдар деп төртке бөлінеді.
Ауыр  металдарға:  мыс,  никель,  қорғасын,  қалайы,  мырыш,  хром,  марганец  және 
осылардың қоспалары жатады.
Металдар – қатты майысқыш, жылтырауық денелер. Алюминий темірден 3 есе жеңіл, 
магнийден 4,5 есе жеңіл. Метал ішіндегі ең жеңілі – литий. Ол темірден 15 есе жеңіл. 
Өнеркәсіпте  металдарды  негізінен  пирометаллургия,  гидрометаллургия  және 
электрметаллургия әдістерімен алады. Бүгінгі күні металдарды қолданбайтын өндіріс саласы 
жоқ. Оларды құрылыста, тұрмысқа қажет бұйымдар жасауда, ауыл шаруашылығында, т.б. 
кеңінен қолданады.
4. Мәтін бойынша тапсырмалар: 
1) Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 
2) Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.
3) Сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз: 
ә) Саласы, металдарды, бүгінгі, жоқ, өндіріс, қолданбайтын, күні. 
а) Бай, байдың, жері, елі.
4) Шойын, болат, қоспа, темір  – сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
5) Темір, болат, шойын – қандай металға жатады? (Түсті, қара, асыл)
6) Мәтінен сызба бойынша сөз тіркестерін жазып алыңыз: 
 сын есім + зат есім
 зат есім + етістік
 зат есім + зат есім
5. Мәтіндегі сын есімдерді сапалық, қатыстық сын есімдерге ажыратып  жазыңыз: 
таулы,  төзімді,  жылтырауық,  майысқыш,  үлкен,  ащы,  ауыр,  болаттай,  түсті,  қайратты, 
боз, қатты, ақшыл, жеңіл.
Сын есімнің түрлері:
Мағынасы мен 
грамматикалық 
құрылысына қарай:
Сапалық сын есімдер
қара, күрең, жеңіл, ащы, алыс 
Қатыстық сын есімдер
сулы, таулы, таусыз, сусыз, 
түсті.
Құрамына қарай:
Жалаң сын есімдер
ақ, қызыл, торы. 
Күрделі сын есімдер
жирен қысқа, көкпеңбек
6. Мақал-мәтелдердің ішінен сын есімдерді тауып аударыңыз, астын сызып, сұрақ 
қойыныз: 
1. «Темірді қызған кезде соқ»
2. « Егер сен нағыз адам болсаң, болаттай берік бол»
3. « Темір сырын отта танытар, адам сырын жоқта танытар »
4. « Көп сөз көмір, аз сөз алтын»
5. « Қойдың сүті – қорғасын »
6. « Ел іші - алтын бесік »
7. « Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң, мыс та жоқ »
7. Мәтінді қазақ тіліне аудараныз: 
Металлы часто извлекают из земли средствами горной промышленности, результат — 
добытые руды — служат относительно богатым источником необходимых элементов. Для 
выяснения нахождения руд используются специальные поисковые методы, включающие 
разведку  руд  и  исследование  месторождений.  Месторождения,  как  правило,  делятся 


97
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ
на карьеры (разработки руд на поверхности), в которых добыча ведётся путем извлечения 
грунта с использованием тяжелой техники, а также — на подземные шахты.
8. Жағдаяттық тапсырмалар: 
1. Сіз « Васильковский ГОК» комбинатына келдіңіз. Мекеме басшысынан жұмыс туралы, 
жұмысшылардың  еңбек  жағдайы,  еңбекақылары  туралы    сұраңыз.  Сол  туралы  өзіңіздің 
пікіріңізді білдіріңіз. 
2. Досыңыз сіздің оқу орныңызға келді. Ол шеберхана туралы білгісі келеді.  Шеберхана 
жайлы әңгімелеңіз. 
9. Тақырып бойынша кластер құрастырыңыз.
10. Кластер бойынша металл атаулары туралы толық мәлімет беріңіз.
ауыр металдар: мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш, хром, марганец.
түсті металдар: жеңіл, сирек, асыл түсті металдар.
темір металдар: шойын, болат және болаттың кейбір сорттары.
11. Сабақты “Тапқыр аудармашы” өлеңімен қорыту.
Қаратау (свинец) береді, Алтайда (золото) енеді
(Медь) сыйлап Қарсақпай, бәрі байлық төгеді.
(Угольная база) Қарағанды, Ақтауда (нефть) ағады.
(Железо) кені бар Қостанай, ешкашан артта қалмайды.
12.Бекіту. Үй тапсырмасы. Бағалау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Кен ісі және металлургия. » қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі. А., 2000 .
2. И.Мырзабаев, Химиялық элементтер-өмір өзігі. А., 1964 .
3. А.И. Игнатенко. «Тау-кен электромеханиқалық жабдықтарына техниқалық қызмет 
көрсету және жөндеу» мамандығына арналған методиқалық нұсқау., 2007 .
4. Қ. Хайыров, Г. Хайырова. Тау-кен техниқалық түсіндірмелі сөздігі.
5. Қазақ совет энциклопедиясы. А., 1997. 
Металл түрлері
Темір металл
Түсті металл
Ауыр металл


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау