82
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
9. Место в школе, где можно с удовольствием съесть экономические блага.
10. Место, куда попал Робинзон Крузо и где он смог превратить многие платные блага в
экономические, благодаря своему трудолюбию.
Ответы:
Сок, грибы, деятельность, варенье, мираж, бесплатные, экономика, дорога, буфет,
остров.
УДК 894.342:929
«МҰХТАР ШАХАНОВ – ЕЛІМНІҢ МАҚТАНЫШЫ»
ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН САБАҒЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
А.Ж. ЕРДЕНОВА
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Жоғары техникалық мектеп, Щучинск қ.
В этой статье говорится, что в процессе обучения
казахской литературе особое внимание уделяется развитию
литературного казахского языка, культуре речи, путем
применения игровых методов.
This article says that the special attention in the process of studying
Kazakh literature is paid for studying cultural Kazakh language by using
role-playing methods.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал
бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды
тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты,
мәдениеті, өнері мен шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды
бүкіл адамзаттың ұрпақты тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра
отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өз-өзіне деген сенімін нығайтып, жол ашуына
түрткі жасауымыз қажет.
Оқу орыс тілінде жүретін оқу орындарында студенттердің мектепте алған білімдерін
жалғастырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет пен ХХ ғасырдың басындағы
әдебиеттің көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы
тақырыптар негізінде студенттер қазақ халқының ақын-жазушыларының өмірімен таныса
отырып, олардың шығармалары арқылы қазақ халқының ізгі қасиеттерін, құндылықтарын,
салт-дәстүрін, тарихын, әдебиет пен мәдениетін материалдар негізінде игереді. Техникалық
және кәсіптік білім беру орындарында қазақ әдебиетін оқытудың міндеті – шығарманың
тіл байлығын, сөз өрнегін, олардың әрқайсысының атқаратын идеялық-эстетикалық мәнін
жете түсіндіру, әдеби шығарманы оқыту арқылы көркем ойдың адамгершілік, эстетикалық
байлықтарын игеру, көркемдік талғамдарын қалыптастыру болып табылады.
83
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен
яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату – біздің басты парызымыз. Ұстаз қолында адам
тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай білім беру – мұғалімнің басты
міндеті.
Сабақтың тақырыбы: «Мұхтар Шаханов – елімнің мақтанышы» зияткерлік ойын
сабағы.
І. Мақсаты:
•
М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру;
•
Студенттердің ойлау белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейту, тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу, сөздік қорын молайту,
шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, қазақ тіліне деген танымдық қызығушылығын
арттыру;
•
Отанды сүюге, Отан алдындағы борышы мен міндетін айқын сезінетін, асқақ арман,
биік мұраттарға талпына білетін елжанды, рухани бай студенттер тәрбиелеу.
ІІ. Сабақтың түрі: зияткерлік ойын сабағы.
ІІІ. Сабақтың әдістері: топтық жарыс, талдау, баяндау, сұрақ-жауап;
ІV. Сабақтың көрнекі құралдары:
Слайдтар, нөмірлер жазылған жетондар, жасыл, сары, көк түсті фишкалар, ортақ
бағалау парағы, М. Шахановтың портреті, қазақша күй, ақынның «Төрт Ана» өлеңі, «Туған
күн кешінде» әні жазылған үнтаспа, мультимедиялық проектор.
V. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, мәдениеттану, орыс тілі.
VІ. Ойын барысы: (Ұйымдастыру кезеңі, 3-5-минут):
Оқытушының кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Студенттер түгелденеді.
М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі үнтаспадан оқылады.
Студенттерге жалпы сұрақ қойылады.
-
Балалар, бұл кімнің өлеңі? Студенттердің жауабынан кейін,
М. Шаханов туралы не білетіндерін сұраймын.
Құрметті студенттер, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз ақиық ақын, қоғам қайраткері,
философ, халықаралық «Нобель» сыйлығының иегері, еліміздің абыройын асқақтатқан
белгілі жазушымыз – Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналады.
№1 слайд:
«Мұхтар Шаханов – елімнің мақтанышы»
зияткерлік ойын сабағы
№2 слайд:
«Мемлекет – үш құрылымнан тұратын тұғыр
Бірінші құрылымы – Тарих,
Екіншісі – Мәдениет,
Үшіншісі -Тіл.
Бірақ алғашқы екі құрылымды сақтап,
Ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін ең қажеттісі – Тіл».
М. Шаханов
Оқытушы: Студенттер үш топқа бөлініп отырады. Осы нақыл сөзді тірекке ала отырып,
мен үш топтың атын Тарих, Мәдениет, Тіл деп атағанды жөн көрдім. Олай болса, бүгінгі
зияткерлік ойынымыздың шартымен таныстырайын. Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әрбір
кезеңнің бекітілген ұпай сандары мен уақыты бар, жауап толық болмаған жағдайда ұпай
саны азайтылады.
84
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
№4 слайд:
І кезең «Сен білесің бе?»
ІІ кезең «Сөз тапқанға...»
ІІІ кезең «Ойлан тап» (блиц-турнир)
Оқытушы: Сұрақтар деңгейіне қарай бағаланады.
Ойын кезеңдерімен таныстырып болғаннан соң, қатысушыларға ортақ бағалау парағын
таратамын. Әр топтың жүргізушісін тағайындаймын. Әр топтың жүргізушілері қарсылас
тобын бағалап отырады.
Р/с
Қатысушының аты-жөні
Баға
Ортақ балл
1
2
3
1
2
3
4
№5 слайд:
«Көк түс» І деңгей - «4» балл
«Жасыл түс» ІІ деңгей – «5» балл
«Қызыл түс» ІІІ деңгей – «3» балл
№6 слайд:
І кезең. «Сен білесің бе?»
Оқытушы: Құрметті студенттер, сіздерге М. Шахановтың өмірбаяны жазылған мәтіндер
таратылады, әр топ мәтін бойынша берілген тапсырманы орындайсыздар. Бұл кезеңде
ақынның өмірімен танысамыз.
1) «Тарих» тобы мәтінге хронологиялық жоспар жасайды;
2) «Мәдениет» тобы топтастыру, яғни сызба-тірек түрінде
сипаттама құрастырады;
3) «Тіл» тобы- әдеби тілмен мәтінге жоспар құрастырады;
Бұл тапсырмаға 5-минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтың
мүшелері берілген А3 қағазына жауаптарын жазып, тақтаға шығып
қорғайды. Ұпай санын әр топтың
жетекшілері белгілейді, фишкалар
таратылады. Ойынның бұл кезеңінде қойылатын ең жоғары ұпай саны –
4.
№7 слайд:
ІІ кезең. «Сөз тапқанға...»
№8 слайд М.Шахановтың «Мәрзия» поэмасы.
Поэма – өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс
күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам
тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не
лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттелген шығарма.
(Студенттерге «Мәрзия» поэмасын таратамын. Экраннан Түркістандағы Қожа Ахмет
Иассауи кесенесі туралы №9-24 слайдтар көрсетіледі, «Мәрзия» поэмасы Түркістандағы
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы болғандықтан, арабша азан оқылады. Содан соң,
С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйімен поэма жатқа оқылады.)
Оқытушы: Ал, енді тыңдаған Мәрзия поэмасынан не түсіндіңіздер?
Қысқаша мазмұндау (3 мин). Поэманы мазмұндау барысында басты кейіпкерлерді тауып,
төмендегі тапсырмаларды орындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |