Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы
Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
КЕЛІСІЛДІ:
Колледж директорының ҒӘІ
жөніндегі орынбасары
__________ К.Б.Құрабалдиева
«_____»_____________2019ж.
|
БЕКІТЕМІН:
Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
__________ Агимов С
«_____»_____________2019ж.
|
Студенттерге арналған пәннің
БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пәннің атауы: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы
Мамандығы: : 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Құрастырушы:
Қожабергенова Р.Т – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санаттағы оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті педагогика ғылымдарының магистрі
тел: 8775-742-03-70
Пәннің оқу-әдістемелік кешені /силлабус/ 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 010105 1 «Тәрбиелеушінің көмекшісі» 010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктіліктері бойынша оқитын жоғары колледждің студенттеріне арналған.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені /силлабус/ «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚМ жанындағы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысының 2019 жылғы «18» сәуір 2019№5 хаттамасымен бекітілген білім беру бағдарламасы негізінде әзірленді.
Жаркент жоғары гуманитарлық – техникалық колледжінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде ұсынылған.
(№ 1 хаттама, 28 тамыз, 2019 ж.)
Қазақ тілі мен ұйғыр тілдер кафедра отырысында қаралды
№ ___хаттама ____ _____________ 2019 ж.
Кафедра жетекшісі ________ Э.Саурамбаева
Алғы сөз
Балалар әдебиеті пәнінен білім алушыларға халық ауыз әдебиетінің пайда болуы, қалыптасуы және қазақ балалар әдебиетінің дамуы, кезеңдері, орыс және шетел әдебиетінің теориясынан меңгерген білімдік дағдыларын өзінің болашақ мамандығына орай жүзеге асырып жүйелі пайдалануына және мәнерлеп ауызша сөйлеу, әртүрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау ерекшеліктерін күнделікті қызметінде пайдалана білуге үйрету мәселелерін зерделетуді қарастырады.
Оқу пәнінің мақсаты балалар әдебиетінің педагогикамен байланысына, балаларға арналған әдеби шығармаларды меңгертуге, оларға қойылатын талаптарды ашуға, әдеби-теориялық ұғымдарға, жанрлар жүйесіне, балалар әдебиетінің даму кезеңдеріне көңіл бөледі.
Силлабусты жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және т.б.), мультимедиалық жұмыстарды, дидактикалық материалдарды және оқу электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады.
Пәннің мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың төмендегі нысандары ұсынылады: әңгімелесу, пікірлесу, жағдаяттық мәселелерді шешу, өндірістік жағдаяттарға талдау жүргізу, рольдік және іскерлік ойындар, материалдың тұсаукесерін жасау, шағын топтармен жұмыстар, лекциялар, семинарлар, тәжірибиелік оқулар (зертханалық жұмыстар), шығармашылық тапсырмалар, бақылау жұмыстары және тағы басқалар. Теориялық білімдерін бекіту және қажетті тәжірибиелік біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін пәннің бағдарламасында зертханалық жұмыстарды жүргізу қарастырылады.
Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы:
қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік
қазақ халық ауыз әдебиетінің түрлері
XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті
XX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті
отызыншы жылдардағы қазақ балалар әдебиеті
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті
соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ балалар әдебиеті
қазіргі кезеңдегі қазақ балалар әдебиеті
жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |