Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері.
1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау.
1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау.
2.Тақырыпқа қатысты есеп шығару.
3.Графика.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.
Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы – философы Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.
Qbasic және Pascal программалау тілінде тілдердің алфавитінен бастап,алгоритмдердің түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші алгоритмдер, массивтер,жолдық шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық режим тақырыптары бойынша іріктелген.Сонымен бірге программа құрылымы,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары,берілгендерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру,сызықтық және тармақталушы құрылым бойынша программалау,цикл құрылымы бойынша программалау,пайдаланушының функциясы,көмекші программа (процедура), массивтер,жолдық шамалар Бейсик және Паскаль тілдерінде программалау тәсілдері қарастырылған.
1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері
Экономика және ғылым мен техника өркендеп отырған бүгінгі уақытта программалау негіздерін жете меңгеру информатика саласындағы басты мәселеге айналып отыр. Осы мақсатта ұсынылған оқу құралы дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісіне негіздеп, салыстыру тәсілі бойынша Pascal және Qbasic программалау тілдерін қатар оқытуды қарастырады.
Жалпы жағдайда зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталады. Салыстыру-
тиімді дидактикалық тәсілдердің бірі. Информатика пенінде оқу мазмұнын салыстыра игеру өзара тура және кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Салыстыру тәсілі негізінде жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Бұл кезде алдымен ұғыммдардың ұқсастығы, одан кейін айырмашылығы көрсетіледі. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін мынадай шарттар орындалу қажет:
1.Біртекті объектілерді ғана салыстыруға болады.
2.Объектілерді ортақ белгілері арқылы салыстыру нәтижесі жан-жақты,толық қарастырылуы тиіс. Оқушылардың салыстыра білу дағдысын қалыптастыру үшін салыстырылатын объектінің нақты құрылымын айқын көрсету қажет. Ол үшін:
а) игерілуге тиіс объектілердің елеулі белгілеріне көңіл бөлу;
ә) осы объектіні басқадан бөлектеп тұратын айырмашылық белгілерін табу;
б) осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру қажет.
Демек, ұқсас ұғымдарды салыстыру білім мазмұнын игеруді жеңілдетеді, кейбір ұғымдардың қасиеттерін формальды жаттап алудан сақтандырады және информатикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды тағайындауға жәрдемін тигізеді, оқушылардың өз бетінше іздену іскерлігінің, дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Салыстыра отырып бақылау және өзгерісті айыра алу адамның ойлауын дамытады.
Программалардың құрылымы
Qbasic тілінде
|
Pascal тілінде
|
Input<айнымалылар тізімі>
Тұрақтылар бөлімі (Const);
Процедура және функциялар бөлімі (Procedure,function);
Операторлар бөлімі;
Print<тізім>.
|
Program<атау>(input,output);
Таңбалар бөлімі (Label);
Тұрақтылар бөлімі (Const);
Типтер бөлімі (Type);
Айнымалылар бөлімі (Var);
Процедура және функциялар бөлімі (Procedure,function);
Операторлар бөлімі (Begin,end).
|
Qbasic және Pascal тілінде программа басында және оның денесінде жиі пайдаланылатын сандық, жолдық тұрақтыларды const операторы арқылы сипаттауға болады.Qbasic тіліндегі Input операторы Pascal тіліндегі read қызметші сөзі айнымалылырды енгізу үшін пайдаланылады.Qbasic тілінде айнымалыларды сипаттау міндетті емес.Qbasic тілінде бірнеше операторларды бір жолға енгізу кезінде олардың арасына қос нүкте қойылады, ал Паскаль тілінде нүктелі үтір қойылады.Бұл символ алдында және соңында жазылған операторлар жазылу реті бойынша орындалуы тиіс екенін білдіретін белгі.Екі тілде де программалау қатарын нөмірлеу қажет емес. Қажет болған жағдайда нөмерлеуге болады. Qbasic программалау тілінде айнымалыларды экранға шығару print операторы арқылы орындалады. Тізімге өрнек, айнымалы және тұрақтылардың енгізілуі мүмкін. Олар нүктелі үтір немесе үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.Нүктелі үтір қойылған кезде экранда мәндер тығыз форматта (арақашықтығы екі позициялық бос орын), ал үтір қойылған кезде зоналық форматта (әр мән үшін 14 позициялық орын) көрінеді. Print операторын программаға параметрсіз енгізуге де болады. Бұл кезде оператор экранда кезекті бір жолды бос тастап кетеді. Print операторының мәндерді экранға шығару түрі: Print x,y немесе экранға көрнекі етіп шығару үшін Print “x, y=”; x, y деп жазуға болады.
Pascal тілінде program (программа) қызметші сөзінен басталған бірінші жолды программа тақырыбы деп атайды. Ол программаның келесі бөлімдерінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Атау үшін тіл сөздігіне жатпайтын кез келген латын алфавитінің әріптерін немесе әріптер тізбегін алуға болады. Оны PROGRAM сөзінен соң бос орын қалдырып жазу керек . Паскаль тілінде белгілі мақсатта пайдаланылатын жүйелік файлдар бар. Сонда компьютер оларды тақырыпта бар деп автоматты түрде қабылдайды.
Жадтан мәндерді монитор экранға шығару Write операторы арқылы орындалады (Write- жазу). Мысалы x ,y айнымалыларының мәндерін экранға шығару операторы – write (х , у). Х,У айнымалыларын write операторының параметрлері деп атайды. Параметрлер үтір арқылы бөлініп, жай жақшалар ішінде жазылуы тиіс.
Write операторының жазылу мысалдары:
Экранға х айнымалысының мәнін шығару – Write (х);
х, у мәндерінің арасына бос орын қалдырып экранға шығару қажет болса – Write (х, ' ' , у);
Жақша ішіндегі өрнектердің мәндерін экранға шығару - Write (2*х-1, ' ' , у+1 );
Нақты айнымалының мәнін экранда үлгі бойынша шығару –
Write (х:n:m); Мұндағы n – санның бүтін бөлігі, m – санның бөлшек
бөлігі.
Ескерту. Экранға бүтін типті айнымалының мәнін шығару қажет болса, онда Write (x:n); түрінде қолданылады.
5) Литерлік шамаларды немесе тексті экранға шығару -
Write ('символдар тізбегі ');
6) х мәнін принтерге шығару Write (lst, x ); Мұндағы LST (list pleace ) – принтерге шығаруға арналған стандартты файл атауы.
1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау
Тілдердің алфавиті
Qbasic тілінде
|
Pascal тілінде
|
1
|
2
|
Латын алфавитінің бас және кіші әріптері: A,B,…,Z; a,b,…,z қазақ , орыс алфавитінің әріптері.
2. Араб цифрлары: 0,1,2,..,9
3. Өрнек таңбалары: + қосу, - азайту,
* көбейту, / бөлу, ^ дәрежелеу.
4. Қатынас таңбалары:
= тең не меншіктеу белгісі ,> улкен, >= үлкен не тең , < кіші , <= кіші не тең , <> тең емес.
5. Арнайы символдар:
. нүкте
, үтір
; нүктелі үтір
: қос нүкте
'' '' бос орын
( , ) ашу,жабу жақшалары
“ , ” ашу, жабу тырнақшалары
! леп белгісі
? сұрақ белгісі
# нөмір
' дәйекшк – апостроф
_ астын сызу белгісі
% процент
$ ақша бірлігінің белгісі
& амперсенд
|
1.Латын алфавитінің бас және кіші әріптері:қазақ, орыс алфавитінің әріптері.
2. Араб цифрлары: 0,1,2,...,9
3. Өрнек таңбалары: + қосу, - азайту, * көбейту, / бөлу,дәрежелеу санды өзіне - өзін көбейту арқылы беріледі.
4. Қатынас таңбалары: тең не меншіктеу белгісі, үлкен, үлкен не тең, кіші, кіші не тең, тең емес.
5. Арнайы символдар:
. нүкте
, үтір
; нүктелі үтір
: қос нүкте
' ' бос орын
( , ) ашу,жабу жақшасы
‘ , ’ ашу, жабу тырнақшалары
! леп белгісі
? сұрақ белгісі
# нөмір
' дәйекше – апостроф
_ астын сызу белгісі
% процент
$ ақша бірлігінің белгісі
& амперсенд
|
Qbasic және Pascal программалау тілдерінің стандартты функциялары
-
Qbasic тілінде
|
Pascal тілінде
|
Түсініктеме
|
SIN(x)
COS(x)
ATN(x)
LOG(x)
EXP(x)
X^2
SQR(x)
ABS(x)
FIX(x)
CINT(x)
INT(x)
PI
RND(x)
SGN(x)
TAN(x)
|
Sin(x)
Cos(x)
arctan(x)
In(x)
exp(x)
sqr(x)
sqrt(x)
abs(x)
trunc(x)
round(x)
int(x)
Pi(x)
Rnd(x)
Sgn(x)
-
|
Х-радиандық өлшем
X-радиандық өлшем
Argtgx(-)
Inx (x>0)
Көрсеткіштік функция (e)
Х-тің квадрат дәрежесі
Х-тің квадрат түбірі (x 0)
Х-тің абсолют шамасы
Санның бүтін бөлігі
Санды бүтінге дейін дөңгелектеу
Санның бүтін бөлігі
санының мәні (= 3.1415… )
(0;1) аралығындағы өндірілетін кездейсоқ нақты сан
Сан таңбасы. Оның қабылдайтын мәндері: +1 (x>0), 0 (x=0 үшін ), -1(x<0 үшін)
Tgx(x радиандық өлшемде)
|
0>
Достарыңызбен бөлісу: |