Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару



жүктеу 1,02 Mb.
бет5/8
Дата25.11.2017
өлшемі1,02 Mb.
#1719
1   2   3   4   5   6   7   8

Уақыт мөлшері

Кесімді

өндіріс мөлшері



Мерзімді

Тарифтік тор


Қызмет ету мөлшері

Тарифтік-біліктілік анықтама


Адам санының мөлшері

1.3-сурет Еңбек ақыны ұйымдастыру
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі
Экономиканың реформасы жылдары Қазақстанда еңбек ақыны төлеу, реттеудің белгілі бір тетіктері қалыптасты. Бұл тетіктер мемлекеттік және ұжымдық-келісім ұйымдастыру функцияларына сүйене отырып халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Экономика реформасының алғашқы жылдары пайда болған кейбір негативті бағыттар осы күнге дейін бар. Олар:

- жұмыс күшінің арзандауы мен халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі;

- көптеген өнеркәсіп орындарында және экономиканың кейбір салаларында кәсіптік-білікті жұмысшылардың еңбек ақысын себепсіз саралау сақталып келеді;

- көптеген өнеркәсіп орындарында жиі себепсіз, жұмыстың нәтижесіне қарамай жоғары төлемдер тағайындалады.

Осы негативті бағыттардың кесірінен еңбек ақы толықтыру және ынталандыру жүйелерін жоғалтты.

Еңбек ақының жұмыс күшін толықтыру жүйесінің төмендеуі көп аспектті процесс. Ол келесі түрлермен сипатталады:

- тұтыну тауарларына бағаның өсу қарқыны орташа еңбек ақының өсу қарқынынан артық болуына байланысты еңбек ақының сатып алу қабілетінің төмендеуі.

- орташа айлық еңбек ақы мен өмір сүру деңгейінің мөлшерінің айырмасының төмендеуі.

Орташа өмір сүруге керекті тауарларды сатып алу деңгейі 1995-2004 жылдар арасында екі еседей азайды және бұл бағыт әлі сақталуда;

- еңбек ақының төменгі деңгейі мен өмір сүруге керекті ақшаның деңгейінің айырмасы азайды. Мысалы, 1995ж. өмір сүруге керекті тауарларды сатып алу үшін керекті еңбек ақының төменгі саны 0,85 болса, 2004ж. Ол он есе, яғни 10,3 болды. Мемлекет тарапынан кепілдіктің төмен болуынан еңбек ақының толықтыру жүйесі төмен. Бірыңғай тарифтік топ бойынша бюджеттік жұмысшылар мен қызметшілер үшін 27 тарифтік разряд бар. Жұмыс күшін толықтырудың төменгі деңгейіне бұл мемлекеттік тарифтік жүйе тек 18 разрядтан жоғары ғана мүмкіндік береді. Ал қалғандары кедейлік шектен тыс қалады. Бұл дегеніміз еңбек ақының осы бірыңғай тарифтік топ бойынша төленетін өнеркәсіп орындарында еңбек ақы жұмыс күшін толықтыру, ынталандыру функцияларын атқара алмайды.

- еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі азайған. Мысалы: 1995ж. еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі 73,1% болса, бұл соңғы жылдары тұрақты азайып барады.

Еңбек ақыны ұйымдастыру және реттеу әдістерін қазіргі кезде елімізде 3 тұрғыдан қарастыруға болады:



    • мемлекеттік;

    • нарықтық;

    • әлеуметтік әріптестік жүйесі.

Еңбек ақыны мемлекеттік деңгейде реттеудің маңыздылығы нарықтық реттеушілер толық қалыптаспаған тұста айқын байқалады. Мемлекеттік реттеу 2 түрде жүргізіледі: тікелей және жанама.

Тікелей – белгілі бір сандық өлшемдер мен белгіленген мөлшерлер түрінде жүргізіледі. Ол еңбек заңнамаларда болуы тиіс. Жанама еңбек ақы төлеудің нысандарын, жүйесін және тарифтік ставкаларға қолдану сияқты т.б. әдістемелік ұсыныстар жасау түрінде болады.

Еңбек ақыны нарықтық деңгейде ұйымдастыру мен реттеу еңбек нарығының негізгі заңдылығына сүйенеді (яғни сұраныс пен ұсынысқа). Бұл жағдайда жұмыс берушілер жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс деңгейлерінің ауытқуын есепке ала отыра, жалдамалы жұмысшылар еңбек ақының көлеміне өзгертулер енгізеді.

Еңбек ақыны әлеуметтік әріптестік жүйесі бойынша реттеу – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әлеуметтік әріптестік атқарушы билік органдары өнімдерінің, жұмыс беруші мен қызметкерлер өнімдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен рычагтар жүйесі. Еңбек ақысын реттеуде әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімдердің келесі жүйелері Қазақстанда жұмыс істеуде. Деңгейлері:

1. Республикалық деңгейде – үкімет, кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен бірлестіктер арасындағы бас келісімдер.

2. Салалық деңгей – салалар бойынша осы 3 тараптық тарифтік келісімдер.

3. Аймақтық деңгей – аймақтар бойынша (облыс, қала, аудан) қызметкер кәсіподақтары, жұмыс берушілер бірлестігі және жергілікті билік өкілдері арасындағы келісімдер.


  1. Жергілікті деңгей және кәсіпорын деңгейде – жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы жұмыс келісімдер.

  2. Жеке тұлғалық келісімдер – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шарты немесе шарт жасасу.

Еңбек ақының ынталандыру функциясының төмендеуі еңбек ақының деңгейінің істелінген жұмыс деңгейіне байланысының жоқтығына, өнімнің төмендеуіне, еңбек ақыны себепсіз сараптаудан, еңбек ақыны мөлшерлеу мен ұйымдастыру жоқтығына байланысты. Еңбек ақының ынталандыру функциясының маңызды міндеті: еңбек ақының тарифтік бөлігі еңбек ақы қорында оңтайлы орын алуында. Нарықтық экономиканың қалыптасу жылдарында еңбек ақының тарифтік бөлігі ылғи төмендеп отырды, ал сыйлықтық, ынталандыру өтемақы бөлігі өсіп отырды. Және де сыйлықтық, ынталандыру төлемдерінің өнеркәсіптің өнімділігінің өсуіне байланысты болады.

Еңбек ақының тарифтік бөлігі 2005ж. 58,1%, ал өтемақы бөлігі 3,3%, ынталандыру бөлігі 27,1% болды. Еңбек ақының тарифтік бөлігінің еңбек ақы қорындағы ең төменгі мәні кооперативтік өнеркәсіптік орындарында 24,6% болды, ал сақтандыру – кредит ұйымдарында 32,9%, банктерде 31,2% болды. Еңбек ақының ынталандыру бөлігі кооператив өнеркәсіптерінде 65,7%, банктерде 58,2% болды. Осының әсерінен еңбек ақыны көбейтудің мұндай тетігі оның ынталандыру қызметін атқармайды да, тек өмір сүру дәрежесінің көбеюінің төлемақысы ғана болады.

Қазақстанда еңбек ақына мемлекеттік реттеу тетігінің негізгі элементтері келесі сызбада көрсетілген.

Тұтыну бюджетінің төменгі мәні



Төменгі еңбек ақы – (ЕТЕА)

Салық салу жүйесі


Тарифтік еңбек ақы жүйесі

1.4-сурет Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу тетігінің негізгі элементтері


Тұтыну бюджетінің төменгі мәні – бұл керекті жұмыс күшін толықтыру үшін және еңбекке жарамсыздардың өмір сүруіне керекті игіліктер мен қызметтің төменгі бағалануы.

Осы көрсеткіш негізгі әлеуметтік норматив пен стандарт болып табылады. Бұл көрсеткіш ғылыми түрде дәлелденген азық-түлікке және басқа тауарларға керекті мөлшерге сүйене отырып тағайындалады.

Тұтыну бюджетінің төменгі мәнін есептегенде 4 адамнан тұратын (әкесі шешесі, екі баласы) орташа отбасын есепке алады.

Тұтыну бюджетінің төменгі мәнін есептегенде тұтыну қоржынына байланысты болу керек.

Тұтыну қоржыны екі түрлі :


  1. Төменгі тұтыну қоржыны – адамның алғашқы қажетіне керекті өмір сүру қаражаттарының төменгі мәні.

  2. Оңтайлы тұтыну қоржыны – бұл адамның әржақты қажеттілігін өтеуге керек заттарға байланысты.

Төменгі тұтыну қоржынының ақшалай бағасына байланысты кедейлік шегі

деген ұғым қалыптасқан. Бұл төменгі тұтыну қоржынынан төмен түспеу керек деген шегі.

Қазақстан мемлекетінде ең төменгі еңбек ақы деген еңбек ақыны мемлекеттік реттеудің негізгі злементі болып саналады.


Қазақстанда еңбек кодексі бойынша төменгі еңбек ақы бұл мемлекеттік кепілділік төлемақы. Еңбек ақының төменгі мәні төменгі тұтыну бюджетіне сүйене отырып үкімет орындарымен бекітіледі. Еңбек ақының төменгі мәнінің экономикалық сыры жұмыскердің жұмыс істеу мүмкіндігін, жұмыс күшін толықтыруға жағдай жасау.

Төменгі еңбек ақының негізгі міндеті:



  1. Жұмыс күшін толықтыру;

  2. Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау.

Ұлттық тәжірибе мен талаптарды ескере отырып, Халықаралық еңбек ұйымдарының келісім шарты бойынша төменгі еңбек ақыны белгілеудегі негізгі факторлар келесі :

    • жұмыскерлер мен оның отбасының қажеттілігі;

    • экономикадағы қалыптасқан еңбек ақының орташа деңгейі;

- еңбек өнімділігі мен тұрғындардың жұмыспен қамтамасыздандыру;

Нарық экономикасы қалыптасқан елдерде төменгі еңбек ақыны қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені келесі факторларға әсер етеді:

    • кедейшілік деңгейіне;

    • олардың сатып алу мүмкіндіктерінің өсуіне;

- шаруашылық субъектілердің бәсекелік жағдайының теңесуіне.

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау