Жалпылай еңбек ақының жоғары болуы және оның тұрақты өсуі тауар мен қызметтің сұранысының өсуіне әкеледі. Бұл жағдай өнеркәсіптердің өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына себеп болады. Өнеркәсіп саласы өскен елдерде еңбек ақы пайданың негізгі және қалың халықтың күн көріс көзі. Еңбек ақының ынталандыру қызметі басқа түсімдерге қарағанда жоғары және түгел ел мен экономиканы қамтиды. Ақырынды жоғары деңгейдегі еңбек ақы кәсіпорын басшыларын жұмыс күшін дұрыс пайдалануға, өнеркәсіпті ұлғайтуға ынталандырады. Әрине, еңбек ақыны тағайындағанда одан жоғары көтеруге болмайтын белгілі бір мөлшері болады.
Еңбек ақы әрине жоғары болуы керек, бірақта оның шексіз өсуі сұраныстың ұсыныстан жоғары болуына және құнсыздану процесінің тууына себеп болады, еңбекпен айналысудың азаюына жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соғады.
Еңбек ақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шартты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем, кепілді төлем ақы және т.б. болып табылады . Жұмысқа алушы еңбек ақы жүйесі мен нысанын Еңбек туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, персоналдар ережесі бекіткен жұмысшылар категориясы және жұмыс уақыты режімі бойынша өздері белгілейді. Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режімін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындар мен төлемдерді негіздеу мақсатында да қажет.
Барлық дерлік жұмыскерлер есептелген жалақы мөлшерінен аз соманы алады. Оның себебі: бухгалтерия есептелген жұмыскер жалақысынан заң актілеріне, сот шешіміне сәйкес немесе жұмыс беруші нұсқауымен, жұмыскердің сұрауымен орнатылған белгілі шегерімдер жасайды. Бұл шегерімдерді статистикада 2-ге бөліп қараймыз:
Әлеуметтік сақтандыруға нақты аударымдар, олар:
Зейнетақы қорына міндетті аударымдар;
Зейнетақы қорына еркін аударымдар,
Жеке табыс салығы;
Алименттер.
Әлеуметтік сақтандыруға шартты аударымдар:
Қарызды өтеуге ұсталымдар;
Есеп берушілік сомаларды өтеу;
Кәсіпорын жарналары;
Кредитке алынған мүлік сомасын өтеу;
Кәсіпорын жұмыскерлерінің зиян келтірген материалдар үшін ұсталымдар;
Банк шоттарына және депозиттерге аударымдар;
Коммуналдық қызмет ақылар.
Бүгінгі күнде “Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету” заңына сәйкес жалақыдан міндетті зейнетақы қорына ұсталымдар және “Бюджетке салық және басқа да міндетті ұсталымдар” Қазақстан Республикасының заңы негізінде жеке тұлғадан табыс салығын ұстау қарастырылған. Жалақыдан ұсталымдар – бұл меншік құқына ие бола алмайтын жұмыскер табысы, себебі:
Жалақыдан ұсталған салықтар мемлекет меншігі болып табылады;
Жұмыс берушіге зиянның орнын толтыруға ұсталымдар жұмыс беруші меншігі болып табылады.
Алименттер асыраудағы жандарға арналған аударымдар асыраудағы жанның меншігі болып табылады.
Осылардың ішінен әлеуметтік сақтандыруға нақты аударымдарды қарастырайық.
Міндетті зейнетақы төлемдер
Міндетті зейнетақы төлемдері заң негізінде жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталымынан босатылған. Бұл салық жинақтаушы зейнетақы қорына табыстан 10%-ік көлемде аударылады. Міндетті зейнетақы төлемдері Қазақстанда уақытша мекендеген шет ел азаматтарынан басқа жалақы есептелетін барлық жеке тұлғалардан ұсталынады. Бірақ, бұл салық ұсталынбайтын жағдайлар да бар, олар:
өткерілмеген демалыс үшін компенсация төлеу;
материалдық көмек ретінде берілетін жәрдем ақы;
қызмет бабында іс-сапарға төленетін шығындар;
арнайы жұмыс киіміне, қорғаныс заттарының және тағы да басқа жеке құралдарының бағасына ақы;
заңмен бекітілген мереке күндеріне берілетін сыйақы;
бағалы қағаздардан алынатын дивиденттер;
студенттер, оқушылар, аспиранттар стипендиялары;
жұмысшының зиян келтірілген жұмысына төленетін үстетемелер.
Міндетті зейнетақы төлемдерінен басқа еркін төлемдер де қарастырылған. Еркін зейнетақы төлемдері де жеке тұлғалардан 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде табыс салығынан босатылады.
Жеке тұлғадан табыс салығы
Жеке табыс салығынан заңнамаға сәйкес әскери қызметкерлер және Ішкі Істер Министрлігінің жұмыскерлері толықтай босатылады. Бұдан басқа жеке тұлғадан табыс салығы ұсталынбайтын жұмыскерлер төлемдері бар. Олар:
Міндетті зейнетақы төлемдері,
Басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алынатын мүлік құны;
Грант түріндегі гуманитарлық қайырымдылық көмек;
Зейнетақы төлеу кезінде мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақылар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стипендия үшін құрылған заңнамаға сәйкес білім беру мекемелеріндегі оқушыларға стипендия,
Адресті әлеуметтік көмек, жәрдемақы және өтемақы, әлеуметтік шегерімдер (еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы);
Жұмыс кезінде жұмыскер денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы;
50 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі босану кезіндегі, өлім кезіндегі материалдық көмек;
Жұмыскердің біліктілік деңгейін көтеруге арналған жұмыс беруші шығындары;
Сақтандыру мекемелерге аударылатын төлемдер;
Асыраудағы адамдарға және балаларына алименттер;
Бұл салықты төлеушілер болып нақты жеке тұлғалар, ал салық салу объектісі болып жеке тұлғаларға есептелген табыс болып табылады.
Нақты экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру келесі қағидаларды ұстанудан көрінеді:
кәсіпорынның жалақыны ұйымдастыруда жұмыскерлердің еңбек ақы көлемі, жүйесі және нысандарын тағайындаудағы дербестіктерінен;
ең төменгі жалақыны мемлекеттік реттеу;
жалақыны еңбек жағдайы және тұрғылықты аудандар бойынша дифференцияциялау;
жұмыскерлер еңбектерінің нәтижесіне материалдық қызығушылықтары жоқ.
Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруының негізіне мынадай басты қағидалар тиісті:
еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны жүзеге асыру;
кәсіпорынның салалық және аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбек ақыны саралау;
нақты еңбек ақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбек ақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі;
еңбек өнімділігі өсу қарқынының орташа еңбек ақының өсу қарқынынан артып кетуі.
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
Еңбек ақының жүйелері мен нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбек ақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Еңбек ақы нысандары – бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегі кезінде ақылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы.
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі нысаны кең таралған: кесімді және мерзімдік.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбек ақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбек ақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Кесімді еңбек ақы – шығарылған өнімнің есебі бойынша анықталады. Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уақытқа байланысты мөлшерлеу, тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады. Өнімге байланысты еңбек ақы қай мезгілде орындалды – күндіз бе, түн кезінде ме, жұмыстан тыс мезгілде ме, оған байланысты болмайды. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА = КБ * ӨМ, (1)
мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
КБ – өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;
ӨМ – дайындалған өнімнің мөлшері.
Кесімді еңбек ақы, әдетте келесі шарттарда қолданылады:
нақты жұмыскер немесе бригада жұмысының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
орындалатын жұмыс көлемінің анық есебі;
жұмыскерлердің орындайтын жұмыс көлеміне көбейту мүмкіндігі;
еңбектің техникалық жабдықталу мөлшерлемесінің болу мүмкіндігі.
Кесімді еңбек ақы төлеуде төменгі жағдайлар есепке алынады.
Біліктілік ретіне сай өндірілген өнімге жұмсалған уақыт, оның саны белгіленген тариф бойынша анықтау;
Мөлшерден тыс өнімге ақы төлеу, үстеме ақы төлеу;
Мөлшерден тыс өнім өндіру және жоғары сапамен өндіру, өнімде бүлінген т.б. оқыс жағдайлар кездеспесе-сыйақылық жағдаймен ақы төлеу.
Еңбек ақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:
тікелей кесімді;
кесімді-сыйлықақы;
үдемелі кесімді;
жанама кесімді;
акакордтық
Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың мөлшерлемесінде орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өндіріс мөлшеріне кесімді бағалама көбейту арқылы табамыз.
Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала беллгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағанын және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді. Кесімді сыйақылау жүйесі мөлшерден тыс өнімге және оның сапасына байланысты төленеді. Сыйақының мөлшерін еңбек ақы қорына байланысты мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ бірігіп келіскен ұжымдық шартта көрсетіледі. Бұл кезде мына формула қолданылады:
ЕА = P*Q(1+(p+k*n)/100) (2)
мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
P - әрбір өнімнің кесісді бағасы;
Q- шығарылған өнім көлемі;
p- белгіленген көрсеткіштерді орындағаны және сыйақылау шарты үшін сыйақының тарифтік ставкаға проценттік көлемі;
k- әрбір белгіленген көрсеткіштің процентіне мөлшерден асыра орындағаны үшін сыйақы;
n- белгіленген көрсеткіштерді мөлшерден асыра орындау проценті
Үдемелі кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі мөлшерді орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал мөлшерден тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл байланысты жұмыстарды уақытша қолданылады.
Еңбек ақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады . Бірақ еңбек ақы төлеудің мердігерлік нысаны кең таралған. Бұл еңбек ақы төлеудің нысанының маңызы мынада,
яғни, келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.
Жанама кесімді еңбек ақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді ( көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы – істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.
Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбек ақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |