Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж
Б.Б. Мубаракова
ІС ҚАҒАЗДАРЫН
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗУ
Павлодар
Алғы сөз
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.
Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды.
Бұл құрал күнделікті ағымдағы мәселелерді (бұйрық-жарлықтар, хаттамалар,анықтамалар, сенімхаттар, қолхаттар, арыздар т. б. толық қамтиды. Қосымшада құжат толтырудың үлгілері, сонымен қатар коммерциялық хаттар оқырмандарға оңтайлы болу үшін қатарластырылып берілген.
Оқу құралы өзге тілді оқу топтарына арналады. Бұл-іс қағаздары үлгілерін жетік әрі жеңіл түрде меңгеруге ықпал етеді.
Мемлекеттік тілде қатысты
Басшылыққа алынатын қүжаттар
7 – бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін – өзі басқару
Органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Заңынан
8-бап. Тілдердін қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа қолданылады.
9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлеекеттік органдпрың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайды, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
10-бап. Құжаттама жүргізу тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, үйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауапты мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
22-бап. Тіл түралы зандарды бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың біріпші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Хаттар- іс қағаздарының бір саласы.
«Тіл тазалығы үшін, мағына
дәлдігі үшін, тіл өткірлігі
үшін
күрес- мәдениет құрамы
үшін
күрес»
М. Горький
Хаттар кеңселік іс қағаздарында қолданылатын хаттар және қызметтік хаттар болып бөлінеді. Алғашқыларына сенімхат, қолхат және түсініктеме жатады. Ал қызметтік хаттар атқаратын қызметтері, сондай-ақ жазылу мақсаттарына байланысты өтініш хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, жолдама хат, баяндау хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат болып жіктеледі.
Хаттардың бұл түрлері күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Бұлардың әрқайсысының қалыптасқан бірыңғай терминдері, сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Мемлекеттік тілде құжаттар дайындаумен айналасатын қызметкерлер мен мамандардың бұларды жетік білмейінше, сауатты да мазмұнды хат құрастырулары оңайға түспейді.
Қызметтік хаттарды ресімдеуге қойылатын басты талаптар мыналар:
-хаттың мазмұны қысқа, түсінікті, дәлелденген болуы керек; ол үшін баяндалатын мәселенің мазмұнын толық ашатын терминдер мен сөз тіркестерін тапқан жөн; хат мәтінін барынша жай сөйлемдермен жазған дұрыс;
- хаттар хат иесінің ойын нақты жеткізіп, екі ұшты ойдың пайда болуына жол бермеу қажет; бұл хатты оқығанда уакытты үнемдейді; іске байланысты негізгі деректерді назардан тыс қалдыруға уақытты үнемдейдіҢ іске байланысты негізгі деректерді назардан тыс қалдыруға болмайды;
- хаттар хат жолданатын тұлғаға мүмкіндігінше кішіпейліділік көрсеткен дұрыс, өйткені хаттар қойылатын мәселелердің шешелуі көрсетілген құрметке байланысты болып келеді.
Басқа жерлерге жіберілетін хаттар үлгідеген үлгідегі (А4 және А5 нысандағы) бланкілерде ресімделеді. Мекеменің ішінде жазысатын хаттар бланкілерде емес, қалыптасқан мөлшердегі қағазда жазылады.
Хал алушы беттің оң жақ жоғары бұрышында жазылыды. Лауазымның аталуын көрсететін сөздер, хат алушынын тегі мен аты- жөнінің бірінші әріптері жолдың ортасына
орналастырылады. Жолдың ұзындағы 9-10 сантиметрден аспауы және мәтіннің оң жақ шетінен шықпауы қажет.
Ұйымдардын атаулары толық ілік септігінде, басшының лауазымы атау септігіне, тегі барыс септігінде жазылады.
Мысалы: Павлодар Мемлекеттік
Университетінің ректоры
Е.М.Арынға
Республикалық ведомстволардың атаулары ілік септігінде, ал басшының тегі барыс септігінде жазылады.
Мысалы: Қазақстан Респбликасы
Білім және ғылым министрлігі
Жоғары және жоғары оқу орнынан
Кейінгі білім департаментінің директоры
В.У.Ахметовқа
Егер хатта хат алушының лауазымы көрсетілмесе, онда ведомствоның атауы атау септігінде жазылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Әкімшілік – құқықтық
Депортаменті
Егер хатта хат алушының лауазымы көрсетілмесе, онда ведомствоның атауы атау септігінде жазылады.
Мысалы: Павлодар Мемлекеттік Университеті
факультеттерінің басшыларына
Хатта төрттен аса хат алушы көрсетілмеу тиіс. Мұндайда хаттың әрбір данасы ресімделіп, оған басшының тегінің асты сызылады немесе оның сол жағына арнайы белгі қойылады. Ал хат төрттен көп жерге жіберілсе, онда жіберу көрсеткіші жасалып, әрбір хатта тек бір алушы көрсетіледі. Егер хат жеке адамдарға жолданатын болса, ондай жағдайда олардың толық мекенжайы көрсетілуге тиіс.
Хаттың тақырыбы жолдың ортасына жазылады да, оның соңына тыныс белгісі қойылды. Хаттың мәтінін «Құрметті Асқар Шыныбеқұлы!» деген сияқты құрмет көрсете бастауға болады, ондай жазу жолдың ортасына жазылады.
Жауап берілетін хаттарда жауап қайтарылатын құжаттың жазылған күні мен нөмірі былайша көрсетіледі:
2007 жылғы 15 қырқүйектегі
№20-23/166-хатқа
Мүмкіндігінше хат бір бетте болуы керек. Егер де бұл шартты орындауға реті келмесе, онда мәтіннің жазылғасын екінші бетке шығаруға болады. Алайда, мәтінді бір бетке сыйғызу мақсатымен бірінші бетін төменгі жиегін тым түсіріп жібермеген жөн.
Қызметтік хаттарға лауазымды адамдар қол қояды. Арнайы бланкілерде ресімделетін хаттарға қойлатын қолдың құрамына лауазымның қысқарған аталуы, жеке колы, атының бірінші әрпі мен тегі кіреді. Қолдың бұл деректемелері қара қаріптермен басылады.
Мысалы:
Институт ректоры____________________________________ Н.К Сыздыков.
(қолы)
Хаттың соңына орындаушының тегі мен оның телефонының нөмірі (Орындаған Қурманов, телефон 48-58-55) қөрсетіледі. Бұл деректер хаттың соңғы бетінің төменгі сол жағынан № 10 қаріппен басылады.
Егер хаттаң қосымшасы болса, онда «Қосымша» сөзі азат жолдан бас әріппен жазылады. «Қосымша» сөзінен кейін қос нүкте қойылады да, ондағы парақ саны көрсетіледі.
Қосымшалар бірнешеу болған жағдайда, олар рет- ретімен жазылып көрсетіледі.
Мысалы:
Қосымшалар: 1. Бағдарлама жобасы- 20 парақта;
2.бағдарлама жобасына түсініктеме – 4 парақта.
Әдетте, хаттар № 14 Times New Roman, қаріптерімен, 1-1,5 интервалмен басылады. Хатқа қосымша ретінде кестелерді басқанда қаріптердің басқа мөлшерлерін пайдалунуға болады.
Ресімделген әрбір құжаттың ақшеттерінің мөлшерлері мынадай болады:
Сол жағында- 2,75-тен 3,5 сантиметрге дейін;
Оң жағында- 1,25- тен 2,25 сантиметрге дейін;
Үстінен – 2,5 сантиметрден аз болмауы керек;
Астынан- 2 сантиметрден аз болмауы керек.
Құжаттың мәтіні екі, не одан да көп беттерге ресімделсе, онда екінші және басқа беттерге рет саны қойылады. Қосымшалардың бет сандары жеке қойылуға тиіс. Құжаттың және қосымшаның бірінші беттеріне рет саны көрсетілмейді. Беттердің рет сандарынан кейін нүкте белгісі қойылады.
Қызметтік хат мәтіндерінде мынадай кіріспе сөз тіркестері қолданылуы мүмкін:
Сіздің ... хатыңызға байланысты мынаны хабарлаймыз.
Сіздің сұрауыңыз бойынша мына ... жолдап отырмыз.
Сізді ... жөнінде хабардар етеміз.
Сол сияқты, қызметтік хатты жазуға негіз бола алатын сөз тіркестері мыналар:
Сіздің ... өтінішіңіз қанағаттандырылды.
Сіздің ... хатыңыздағы өтінішіңіз оң шешімін тапқаны жөнінде хабарлаймыз.
Өкінішке орай, Сіздің өтінішіңізді мына себептерге байланысты қанағаттандыра алмаймыз.
Сізге ... туралы қосымша мәліметтер қажет.
... жөніндегі Өзіңіз қабылдаған міндеттемелеріңіздің орындауын жеделдетуді өтінеміз.
Ой байланыстыратын сөз тіркестері мыналар:
Мәселенің ойдағыдай шешілуіне үміт артамыз.
Бұған жуық арада жауабын қайтарсаңыз, риза болар едік.
Хатымыздың жауабын уақытында алуға үміт артып, алдын ала алғыс айтамыз.
Сіздің келісіміңізді күтеміз.
Сізден осы мәселе жөніндегі шешіміңіз туралы бізді хабардар етуіңізді өтінеміз.
Сізге біз жақтан көмек кажет болса, оны көрсетуге дайынбыз.
Осы мәселе туралы Сіздің көзқарасыңызды білгіміз келеді
Құтықтау, алғыс және құттықтау хаттар.
Әдетте, хаттың бұл түрлері ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында және кәсіпорындарында жиі қолданылады. Олар ұлттық және мемлекеттік, сондай-ақ елімізде белгіленген кәсіптік және өзге де мерекелерге байланысты болып келеді. Оның үстіне әр ұжымда атап өтілетін мерейтойлар мен мүшелтойларды қосар болсақ, мекемелердегі кадрлар бөлімдері мен мемлекеттік тіл жөніндегі мамандарға, басшылардың қабылдау бөлмелеріндегі хатшыларға артылар жүк жеңіл емес.
Құттықтауға да, алғыс және құттықтау хаттарға да қойылар талап жоғары. Мұндай жауапты құжаттарды дайындаған да маман білікті болу керек. Ол, алдымен, құттықтау, алғыс және құттықтау хаттардың өзіндік ерекшеліктерін есте ұстап, әрқайсысын құрастыруға күні бұрын дайындалуға тиіс. Шүкір, газеттер мен журналдар беттернеде басшылыққа алар материалдар жеткілікті, тек әркім ізденімпаз да талғампаз болса болғаны.
Құттықтау қысқа да нұсқа болып келеді. Ол бегілі біреуді атаулы мерекемен құттықтаудан, мерекенің мәні мен маңызын аша отырып, сол адамға арнайы тілек білдіруден тұрады.
Мысалы:
Құрметті Абай Балтабайұлы!
Сізді өзіңнен көп үміт күттіретін Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жыл егеменді еліміздің экономикалық нығаюы жолында атқарып жүрген қажырлы еңбегіңізге айтарлықтай табыс, жаңе бақыт, игілік пен ізгілік әкелсін.
Ұлыстың ұлы күні Сіздің шаңырағыңызға көктемнің көтеріңкі қөңіл-күйімен және мол да берекелі дастарқанымен кіргей!
______________________ _______________________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Павлодар қаласы
2007 жылғы наурыз айы
Құрметті Дүрия Зейнуллақызы!
Сізді 16 желтоқсан – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің шаңырағын нығайту жолында жас ұрпаққа жан-
жақты білім, өнегелі тәрбие берудегі игілікті істеріңіз жемісті болсын.
Өзіңізғе зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,отбасыңызға баянды бақыт және құт-береке тілеймін!
__________________ ____________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (аты- жөні)
Аксу қаласы
2007 жылғы желтоқсан айы
Құтметті Даулет Казбекұлы!
Ер жасы саналатын кезекті төртінші мүшелтойың құтты болсын!
Бұл белеске тек бір өзіңе тән аңкылдаған күйінде көтеріліп, көңілің тасып, әріптестеріңнің, ағайынтуыстарың мен жолдас- жораларыңның шуақты пейіліне бөленіп отырсың. Лайым, әрқашанң
ұзақ ғұмыр, балашағаңның шаттығы мен думанына бөлене беруіңізді тілеймін!
__________________ _______________________ __________________________
(лауазым) (колы) (аты-жөні)
Павлодар қаласы
20007 жылы маусым айы
Алғыс хат
Алғыс хат- мекеме, кәсіпорін, ұйым басшылығы тарапынын кәсіптік мерекелермен байналысты марапаттадың бір түрі. Ол,, әдетте, өз мамандығы, өз кәсібі бойынша елеулі еңбек сіңіріп жүрген кызметкерлерге беріледі. Алғыс хат тапсыру арқылы ондай қызметкер көтермеленеді, басқаларға үлгі етіледі.
Мысалы:
Ағыс хат
Құрметті Гульмира Мухаметқызы!
Сізді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің облыстағы басқару органдары қызметкерлері арасында төл тілімізді жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тіліне айналдыруға қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймын? Әрі облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік көрсетіп жүргеңізғе алғысымды білдіремін. Майра Рамазанқызы! Сізге мықты денсаулық, тіл майданында табы, отбасыңызға баянды бақыт және құт-береке тілеймін!
_______________ ______________________ ______________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Павлодар қаласы
2006 жылғы қырқүйек
Құттықтау хат
Құтықтау хат құралымы көлемді, қүрделі болады. Онда келтіретін деректер мен айтылатын маңызды ойдың маңызына, мазмұнына ғана емес, олардың қалай беріліп, жеткізіліп отырғанына да көңіл бөлінуі керек. Демек, мұндай хат дайындау мәдениеті мен жазу мәдениеті жағынан ерекшеленуге тиіс. Бар мүмкіндігінше, көп ой аз сөзбен жеткізілгені жөн.
Мысалы:
Құттықтау хат
Құрметті Аблай Хамитұлы!
Сізді 60-қа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз Республикамыз бен облысымыздың әр жерлерінде шаруашылық, партия, Кенес және әкімшілік органдарында біршама жылдын бойы басшылық қызметті абыройлы атқарып келесіз. Қайда жүрсеніз де Май ауданына, ондағы өзіңіз туып-өскен Баскөл ауылына, ондағы жерлестеріңізге деген ыстық сезіміңізді, ерен бауырмалдығыңызды сақтай білдіңіз.
Өзіңізғе сеніп тапсырылған қандай қандай қызметті атқарсаңыз да, Сіз туған халқыңыздың арман – мүддесі үшін еңбек етіп, бойыңыздағы бар күш- жігеріңізді, терең біліміңіз бен мол тәжірибеңізді еліңіздің әлеуметтік – экономикалық дамуын өркендетуге арнадыңыз.
Табандылық, қарапайымдық, еңбек адамдарына деген ерен қамқорлық, басқару өнерінің әдістәсілдерін жетік білушілік сияқты қасиеттеріңіз Сізді жоғары басқару органдары басшылары мен әріптестеріңіздің, жергілікті жерлердегі жұртшылықтың зор ілтипатына бөлеуде.
Осы бір ерекшк күні Сізге, қадірлі Алай Хамитұлы, зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр және отбасыңызға құт-береке тілеймін!
____________________ _______________ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Бұл – құттықтау хаттың бір үлгісі. Мұндай хаттың кейбірі әдеби көркем шығармаларға жақын тілмен жазылады. Әсте, бұл көбінесе іс қағазын дайындаушының тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне байланысты болады. Дегенмен, құттықтау хаттың мұндай түрінде де белгілі бір өзіндік жүйе, тілдік ерекшеліктер сақталады.
Мысалы:
Құттықтау хат
Құрметті Ботығай Есенұлы!
Ауыл-елдің ақылман ақсақалына айналған Өзіңізге сексеннің сеңгіріне келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Жалпы, адамның өткеніне бір бұрылып қарайтын кезе болады десек, соның бірі – осы мерейлі жасыңыз екендігінде сөз жоқ, әрине!
Шындығында, осыншама жасыңыздың бергені баршылық қой, Боке.
Өмірден алатыныңыз болса, оны алып келе жатырсыз, отбасыңыздың отын жағып келе жатырсыз. Тұған-туысқандарға, ағайындарға, жолдастарға деген ерекше қамқорлық өз алдына.
Халқымызда «Ісіне қарап, адамын таны» дейді. Әсіресе, соңғы он-он бес жылдан бері Сіз туған тілімізді насихаттау, сол тілде іс қағаздарын жүргізу, халықтық тәрбие мен дәстүрді өмірге енгізу сияқты өнегелі істеріңізбен өңір жұртшылығына сыйлы болып жүрген жансыз.
Шіркін, өз ортасына абыройлы да сыйлы болудан артық бар ма екен!адамға бірінші кезекте керегі де осы болса керек.
Ботығай аға! Қошаметке толы ғұмыр дарияңызда жүзе беріңіз! Алда да шаңырық қазаны оттан түспесін, үйіңізден береке кетпесін, қызықты күндер алмаса берсін, куаныштар жалғаса берсін.
________________ ________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Ертіс ауданы
2006 жылғы қызан айы
Коммерциялық хаттар
Хаттың мақсаты. Хаттың мәтіні. Жалпы ереже.
Жалпы жағдайда іскерлік хаттар үлкен екі топқа бөлінеді: сатуға ұсыныс туралы хат (өнім, тауар, қазметті ұсыну, жұмысқа қабылдау туралы өтініш т. б.)және сатып алу туралы хат (өнімдер, қызмет түрлері) қалғандары функцианалды хаттар (шағым, есептік төлем туралы ескерту т. б. )
Өнім мен нәтиже туралы хаттар алғашқы хаттың екі категориясына да енгізуге болады.
Сондақтан да мұндай хаттардың түбегейлі жоспары да, жүйесі де әр түрлі. Ең қиын сату туралы хат түрі, қашанда сатып алудан, сату біраз болсын күрделірек болады.
Алтын ереже.
Ешқашан да хатты өз тіліңізден шет тіліне сөзбе-сөз аудармаңыз. Үлгісі әр жерде әр түрлі.
1-Тапсырма. Жоспар бойынша коммерциялық хат жазыныз.
Компанияны ұсыну (таныстру)
Серіктестікке ұсыныс хатының жоспары, компанияның қызметі мен өнімдерін төмендегідей үлгіде ұсынуға болады:
Хаттың жоспары:
Алтын ереже.
Іскерлік хат белгілі бір тулғаға, алушыға, нақты мекен-жайға жазылу керек. Бүкіл әлемдік бизнес жеке қарым-қатынастан тұрады және оны дұрыс құру керек.
1. Компанияны, өнімді қысқаша таныстыру.
Алтын ереже.
Компанияның барлық жетістіктерін, қызметін артық мақтаусыз атап өту керек, өйткені кез-келген ақпаратты тексеру қиын емес.
2. Ұсынылатын өнім мен қызмет түрлерінің негізгі жетістіктері мен жаңалық дәстүрін атап өту керек.
3. Ұсынылатын өнімнің нарықтағы бағасын анықтау.
4.Серіктестікке нақты ұсыныс: көтерме немесе делдал сауда, лицензиялық келісім, дистрибюттың байланыс жасау т. б.
5. Егер сіз өнім түрлерін ұсынсаңыз, бұл өнім ұсынылған өнімнің қай түрінен екенін түсіндіру керек.
6. Өнім бағасына байланысты туындайтын кез-келген сұраққа дайын болу керек.
7. Хатты қалыпты сөздермен, серіктестікке үмітпен аяқтау.
Алтын ереже.
Хат ақпараттық үлгіде болсын, егер хат бір беттен артық болса, алушының оны толық оқуға зауқы болмауы мүмкін.
Сіздің осы компаниядан не күтетініңіз нақты көрсетілуі керек, ең басты назар аудар сөз басқа сөздерден ерекше есте сақталатынын ұмытпаңыз.
Алтын ереже.
Кез-келген хатты жазғанда ағылшын формуласын басшылыққа алған дұрыс.
(Kiss=keep Ir Short and Simple (Қысқа және іс жайында).
2- тапсырма. Ұсыныс-хатқа жауап беріңіз. Серіктестік туралы ұсыныс-хатқа жауап: қолдайтын, қарсы немесе белгісіз болып қайтарылуы мүмкін. Егер хатты алушы серіктесі ұсынған нәтижеге сенімсіз болса, ңақты шешім қабылдауға көмектессетін кейбір сұрақ тудыратын мәселер болуы мүмкін.
Серіктестік туралы хатқа жауап. Егер сіз ұсыныс-хатқа келіскен оң немесе белгісіз жауап қайтарсаңыз, хат жоспары төмендегіше болуы мүмкін.
Хаттың жоспары.
1. Сіздің назарыңызға ұсынылған өнім, тауар, қызмет т. б. Түрлерін атап өтіп, ұсыныс-хатқа алғыс білдіріңіз.
2. Сіздің компанияда ұсынылған тауарларға жасалған тексерудің оң нәтижесін хабарлаңыз.
3. Шарт жасау үшін маңызды деп санайтын сұрақтарды анықтаңыз.
4. Шарттың кейбір мәселерін талқылау үшін өзіңіздің (әлеуетті) дәрежелі әріптесіңізбен кездесуді ұсыныңыз.
5. Келешектегі тиімді серіктестікке үмітіңізді білдіріңіз. Хатты қалыпты, үлгілі сөздермен аяқтаңыз.
6. Қол қойлып, аты-жөніңіз, лауазымыңыз жазылауы керек.
Алтын ереже.
Мүмкіндігінше серіктестік туралы тамаша ұсынысқа тез жауап беруге тырысыңыз. Егер ұсыныз өте ұтымды болса, оның авторы басқа да сіздің бәсекелестеріңізге жіберуі мүмкін.
3-тапсырма. Жоспар бойынша коммерциялық хат жазыныз. Сүрау салу. Талап ету.
Мұндай ақпарат алу хаттарының мақсаты, сіздің тарапыңыздан кейбір әрекеттерге комек мүмкіндігі.
Хаттын жоспары:
1. Компания туралы ақпаратты алған ақпарат көздеріне сілтеме жасау.
2. Өзін, өз фирмасын таныстыру.
3.Хатты жазу мақсатыңыз бен өз мүддеңізді түсіндіріңіз.
4. Хат жолдаушыдан не алғыңыз келетінін түсіндіріңіз.
5. Хатты қалыпты сөздермен аяқтау.
6.Қол қойылып, аты-жөніңіз, лауазымыңыз жазылады.
Бухгалтерлік және қаржылық-есеп құжаттар.
Бұл бөлімде бухгалтерлік қызмет бойынша негізгі бес сұрақ қарастырылады: құрылымдық болымшелерде іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру, қаржылық құжат түрлері мен олардың топтастырылуы және олардың ресімдеуіне қойылатын талаптар.
Осы болімді оқи отырып, студентер білу керек:
қазіргі жағдайда бухгалтерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен алатын орны; қаржылық құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар;
қаржылық-есептік құжаттарды құрастыру, ресімдеу және қолдану туралы білімдерін тәжірибеде қолдана білу.
Қаржылық-есептік құжаттармен жұмысқа жалпы мінездеме.
Қаржылық-есептік құжаттарын қаржы бөлімі мен бухгалтерия қызметкерлері құрастырады. Қаржылық құжаттарының дұрыс құрастырылуы ақшаның дұрыс қолдануын білдіреді.
Есептік құжаттардың жіктелуі:
Қазіргі уақытта шаруашылық қызметінде қолданылатын барлық құжаттарды төмендгі белгілері бойынша жіктеуге болады:
1. Белгілеуіне қарай:
- реттеуші құжаттар- белгілі шаруашылық жағдайындағы шешуші құжаттар (басшының есеп бойынша ақша беру туралы өкім)
- анықтамалық құжаттар- өкімнің орындалуы туралы ақпараттық мазмұндағы құжат (аванстық есеп)
- бухгалтерлік ресімдеу құжаттары келешекте есептік үрдісте пайдалану мақсатындағы бухгалтерлік жазбаларың ресімделуі.
- қисындастырылған құжаттар (аралас құжаттар) – реттеуші, орындаушы және бухгалтерлік құжаттадың жинақталуы (есептік- толем тізімдемесі – еңбек төлемі бойынша).
2. Мазмұнына қарай
- материалдық
-қаржылық (ақшалай)
-есептік
3
- алғашқы құжат (кірістік және шығыстық кассалық ордер)
-жиынтық (кассирдің есебі)
4. Қолдану жағдайына қарай
- бір реттік құжат
- жинақтық
5. Есептік- айқындама есебі бойынша
- бір жолдық
-коп жолдық
6. Құрастырылу орына қарай
-ішкі
-сыртқы
7.Толтыру жолына қарай
-қолымен толтырлған
- есептегіш құралдардың комегімен толтырылған
Бұл аталған құжаттарды төмендегіше топтастыруға болады:
Ұйымдастырушы- жарлықтық құжаттар
Қаржылық – есептік операциялар бойынша негізгі құжат түрлері.
Ақшалай чек – бактен чекте көрсетілген есептік соманы ақшалай алу.
Есеп айырысу чегі – төлеушінің өз есеп шотындағы белгіленген соманы алушының есебіне аудару. Есеп айырысу чегі тек қолма-қол ақшасыз есептесу үшін қолданылады.
Чектер арнайлы қағазда, чек кітапшасында жазылады.
Чек тер есеп беру құжатының бірі ретінде сақталады.
Фактура шоты.
Фактура шот – бұл тауарлық- есептік құжат, жабдық- таушының сатып алушыға тауар өткізгенде толтырылады.
Фактура шоты мынадай негізгі деректемелерден тұрады:
1.Жабдықтаушының немесе өнім беруші ұйымның атауы және мекен- жайы.
2. Жабдықтаушының орналасқан жері мен есеп айырысу номірі.
3. Жүк немесе тауар алушы ұйымның атауы мен мекен – жайы.
4. Жүк немесе тауар алушының орналасқан жері мен есеп айырысу нөмірі.
5. Реттік номірі.
6. Күні
7. Өкізілетін өнімнің тізімі
8. Өнімнің саны.
9. Бағасы.
10. Жиынтық бағасы.
11. Жеткізілу жағдайы.
12. Түбіртек номірі (тауар құжаттамасы).
13. Шартқа немесе тапсырысқа сілтеме, жіберілген тауар бойынша.
Тексеру актісі.
Тексеру нәтижесі актіде ресімделеді. Тексеру актісінде есеп жүргізу негізі бойынша кассадағы ақшаның кем не артық шығу қалдығының дәлелі салыстырылып жазылады.
Акт тексеру жүргізген күні ресімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Тексерушілер кассирден артық не кем шығу туралы жазбаша түсініктеме талап етеді.
Тексеру актісі мынадай деректемелерден турады:
1. Құжаттың атауы
2. Тексеру жүргізілген ұйымның нақты атауы.
3. Акт құрастырылған күн.
4. Комиссия мүшелерінің ата-жөні, лауазымы.
5. Комиссия мүшелерінің тексеруі негізінде ұйым басшысы шығарған бұйрықтың номірі мен күні.
6. Тексеруге қатысушылардың аты- жөні, лауазымы.
7. Тексеру актісінің мазмұны.
8. Артық не кем шығу жағдайының түсіндірмесі
9. Акт құрастырушылардың қолы.
Тексеру актісі кем дегенде 2 дана етіп жасалу керек, оның бір данасы кассирге беріледі. Актіні ұйым басшысы бекітеді.
Төлемдік тапсырыс.
Төлемдік тапсырыс – өз міндетін өтеуде өз есебінен шығарылған белгілі бір сама туралы мекеменің банкте шығарылған өкімі. Ол арнайы олшемі қағазда толтырылады.
Төлемдік тапсырыстың деректемелері:
1. Төлеушінің (мекеменің) атауы мен мекен – жайы
2. Алушы мен жабдықтаушының орналасқан жері, есеп айырысу нөмірі.
3. Толеушінің аударылған төлем сомасы.
4. Күні.
5. Негіздеме.
6. Ұйым басшысының және бас бухгалтердің қолы.
7. Мөр.
Төлемдік – тапсырыс:
1) өнімдік – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу; 2)тауардан басқа операциялар бойынша есеп айырысу.
Бұйрық.
Бұйрық – қандай да бір міндетті ( өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік құжаттардың бірі.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталды. Бұйрық кәсіпорының бланкісінде жазылады. Кажетті деректемелер: мекеменің атауы, күні,айы,жылы, нөмері,тақырыпша, мәтін, басшының қолы. Бұйрықтың екі түрі бөлек нөмірленеді, жеке іске қалыптасады. «БҰЙРЫҚ» бас әріппен жазалады және тақырыпшада не туралы бұйрық көрсетіледі. Мысалы:
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Кәсіпорынның жойылуы туралы
Жұмысқа қабылдау туралы
Уақытша ауыстыру туралы
Үстемақы белгілеу туралы және т. б.
Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен тұрады. Бірінші констатациялық көлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т. б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінең, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, «... байланысты», «... жүзеге асыруда», «...жақсрту мақсатында», «... орындау мақсатында», «...жетілдіру мақсатында», «...үшін», «... сәйкес» деген сияқты тұжырымдауларымен басталады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатацияслық бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол «Бұйырамын» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетілнді. Барлық бұйрықтардың мәтініде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады. Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, босатылсын,белгіленсін, жүктелсін, тағайындалсын, аустырылсын және т.б.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алды. Мұндай бұй рықтарда негіз ( бұйрық шығаруға негіз болған құжат) бұйрық мәтінінен кейін көрсетіледі. Мысалы: Б.Б. Мукашеваның өтініші немесе бөлім менгерушінің А.Т. Жанкаринованың мәлімдемесі және т. б.
Сонымен қатар жеке құрам жөніндегі бұйрықтарды оның себептері көрсетіледі. Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуна байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келсімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуге байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жұмыс жағдайлары үшін және т.б.
Сондай- ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б.) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп аталады.. Мұндай бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу мақсатында беріледі. Онда лауазымжы адамдарға жүктелетін міндет түрлері көрсетіледі. Ал қаржы- экономикалық, мәселен, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сайлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау сияқты мәселелерге байланысты көбінесе арнайы бұйрықтар беріледі.
Негізі сөздік.
Жеке құрам бойынша – по личному составу
Өкімдік құжат – распорядительные документы
Негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности
Штаттық кесте- штатное расписание
Кәсіпорынның жойылуы – ликвидация предприятия
Төтенше жағдай – черезвычайная ситуация
Штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде – с окладом согласно штатному расписанию
Атқаратын қызметінен – с занимаемой должности
Бұйрықтарда қолданылатын сөз орамдары. Олардың кейбіреулері: мақсаты /үшін/ бұйырамын; жұмысқа қабылдансын; болып тағайндалсын; атқаратын қызметінен босатылсын; басқа жұмысқа аустырылсын; кезекті еңбек демалысы/ кезектен тыс еңбек демалысы/ ақшалай сыйлық, материалдық көмек/берілсін; іс-шаралар жоспары/ комиссия құрамы, қазылар алқасы, жұмыс жоспары, ереже, нұсқаулық/бекітілсін; басшылыққа алынатын болсын; осы бұрықтың орындалуын бақылау; жолдасқа/мырзаға/ жүктелсін; айлық/байқау, семинар-кеңес, кездесу, спортшараларда,арнайы мәслихат/өткізілсін; штаттық кестеде/Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, облыс әкімінің шешіміне, министрліктің Ңұсқаулығына/ сәйкес; алғыс, сөғіз жариялансын; ескерту жасалсын; назарға алынсын; қатаң шара қолданылсын; іссапарға /курсқа, оқуға, тағылымдамадан өтуге, тәжірибе алмасуға, білім жетілдіруге/ жіберілсін және тағы басқалар.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
Бұйрық- қандай құжат?
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар неше бөліктен тұрады?
Бйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?
Бұйрықтарда етістік қандай грамматиқалық формада беріледі?
Жеке құрам бойынша бұйрық қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
2- жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз Бұйрық негіздері, бұйрық шығару, акционерлердің жалпы жиналысы, негізгі қызмет бойынша, міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар, жеке құрам бойынша бұйрық, бұйрықтың орындалу мерзімі, мекеме басшысы, өндірістік қажеттілік, келісімшарт мерзімі, кәсіпорынның жойылуы, еңбек тәртібін ұдайы бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, шттатық кестеге сайкес, айрықша жұмыс жағдайлары, үстемақы белгілеу.
.
3 – жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз.
Үлгі: белгілеу- белгіленсін
Енгізу, босату, қысқарту, жүктеу, орындау, тыйым салу.
4- жаттығу. Жұмыстан босату туралы бұйрық жазыңыз.
А.М. Алдашев 2006жылғы 15 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.
5- жаттығу. А.Ж. Сабырбаевты «Қуат» құрылыс фирмасына инженер қызметіне қабылдау туралы.
6- жаттығу.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін үйлестіруші қызметінен босату туралы.
7- жаттығу. Университет ішінде және ауласында шегуге тыйым салу туралы.
Жеке құрам бойынша бұйрықтын үлгісі.
Мекеменің, кәсіпорынның Наименование ведомства,
атауы учереждения
(қазақ тілінде) (на русском языке) БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
00.00.00 Павлодар қаласы
№
Шыгарылган орны Место издания
(қазақ тілінде) (на русском языке)
ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
Омарова Асем Есімқазы маркетинг бөлімінің инженері қызметіне 00.00.00 ден бастап айына 50000 теңге жалақысымен тағайындалсын.
Негіздеме: А. Е. Омараваның өтініші.
Директор қолы қол қоюшының аты- жөні
Бұрыштама белгі
Кадр бөлімі
«Басшы» ЖШС
БҰЙРЫҚ
00.00.00
№
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Өндірістік қажеттілікке байланысты
БҰЙРАМЫН:
1. Тіркеу бөлімінде менеджер қызметі қысқартылсын.
2. Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист қызметі енгізілсін.
3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Д.А.Тогумовқа жүктелсін
«Басшы» ЖШС –ның директоры Д.К.Балтабаев
Азаматтардын өтініші бойынша іс жургізу ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Респудликасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар ( обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аті-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.
Арызда – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралі талап – тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс- қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атынасын айтылады.
Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйым ның, мекеменің жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аудартатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотацмялық парақ толтырылады.
Өтініш.
Өтініш – ресми іс- қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда,қандайда көмек сұрауда,жұмыстан шығарда,
бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа
жағдайларда мекеме башысы атына белгілі бір тәртіп бойынша
жазылады. Ең алдымен,қағаздың оң жақ бұрышына кімге және
кімнен екенін жазылады.Онда мынадай мәліметтер болуы керек:
мекеменін атауы,мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі,
атақ-дәрежесі және аты-жөні(барыс және шығыс септіктерінде).
Сосын қағаздың ортасына “Өтініш’’деген сөз және азат жолдан
өтініштің мәтіні жазылады.Соңында өтініш иесінің қолы қойлады,
күні, айы,жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама
қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады.Демалыс
алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек де-
малысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс),мерзімі көрсетілуі
тиіс. Өтініш таза қағазға,кейде арнайы бланкке жазылады.
Өтініш жазуда қолданылатын тұрақты сөз ормандары:
Жолдасқа, мырзаға; қоңыс аударуыма/үйленуіме, емделуіме, тұрмыс жағдайыма, баламды оқуға түсіруіме\ байланысты; емделу жәрдемақысын төлеп; жұмыс істеген уақытым үшін; кезекті еңбек демалысымды беруіңізді/ материалдық көмек көрсетуіңізді: қабылдауыңызды: жұмыс күніне демалыс беруіңзді; пәтер алу кезегіне қоюыңызды; мәселені қарауыңызды; шара қолдануыңызды; басқа қызметке аустыруыңызды/ сұраймын және басқалар Өтініш таза қағазға,кейде арнайы бланкке жазылады.
Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ, мемлекеттік тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады
«беседа за круглым столом»- «үстелбасы әңгіме»
«молодой человек» - «бозбала»
«проездной билет»- «жүрімақы билеті»
«командировать»- «іссапарға жіберілсін»
«увольнение с работы»-«жұмыстан босату»
«физическая культура»- «дене тәрбиесі»
«иностранный язык»- «шет тілі»
«документационное обеспечение»- «құжаттамалық қамтамасыз ету»
«дочерние предприятия» - «еншілес кәсіпорындар»
«грибковое заболевания»- «бопа ауруы»
«вопрос решается»- «мәселе шешілуде»
«вопрос рассмотрен»- «мәселе қаралды»
«оформить документ»-« құжатты ресімдеу»
Рәсім- церемония
Адрес- мекенжайы
Тізім – список
Тізбе – перечень
Ал тізілім- реестр
Ерекшелік ретінде- в порядке исключения
1-жаттығу.Сұрақтарға жауап берініз.
1. Өтініш кімнің атынан жазылады?
2. Қандай жағдайларда жазылады?
3. Өтініштің құрылымы қандай?
4. Өтініш бойынша не шығарды?
Есте сақтаңыз
Кімге - А. В. Сағатовқа
- К.У. Сағатов мырзаға
- К.С. Суиндыкова ханымға
- «Жұлдыз» ААҚ- ның басшысы М .А. Балахметов мырзаға
- Мектеп директоры М.Маратовқа
Кімнен Оқытушы П.Досановтан
Тіркеу бөлімінің басшысы К Омаровадан
Орыс тілі пәнінің мұғаліиі Г.С.Сериковадан
10 күнге
1 айға
2 аптаға
1 жылға
Отбасы жағдайыма
Денсаулығыма байланысты
Бала күтіміне
Бұрыштаманың түрлері
Қаралсын – рассмотреть
Талқылансын – обсудить
Бекітілсін – утвердить
Тапсырылсын – поручить
Ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения
Комиссия құрылсын – создать комиссию
Баяндалсын – доложить.
2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.
Өтінемін, өз еркіммен, мен, босатуыңызды, қызметінен, бастап, үйлестіруші, 2006 жылдың 5 ақпанынан.
21 наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұраймын, рұқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.
Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, үйлестіруші, жетекші маман, 15 шілдеден, қызметіне, бастап, ретінде.
сұрайын, 2006 жылға, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімімнің.
2 – жаттығу. Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.
Материалдық көмек сұрау туралы
Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы
Кезекті еңбек демалысын алу туралы
Қызметке (хатшы) орналасу туралы
Негізгі сөздік.
Заявление – өтініш
Прошу – сұраймын/өтінемін
Проживающий – тұратын
Прилагается – тіркелген
Рапорт құрылымы, мазмұны жағынан өтінішке ұқсас. Рапорт әскери мекемелерде, әскери жоғары оқу орындарында және құқық қорғау органдарында жазылады.
Арыз- хабарламаның түрі. Арызда азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарының бұзылы көрсетіледі. Өтінішке қарағанда, арыздың мазмұны мен тақырыбы кең, әрі әралуан.
3 – жаттығу. Барыс септік тұлғаларын төмендегі сөздерге жалғаңыз.
Фирма президенті, бөлім бастығы, ректордың орынбасары, Сыртқы істер министрі, бөлім меңгерушісі, қала әкімі,қала әкімінің оранбанбасары, ханым, мырза.
4- жаттығу. Сіздің Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген субъективті құқықтарыңыздың бұзылу фактісі болды. Тиісті мекемеге, өзіңіз тұратын аумақтан сайланған Парламент депутатының атына арыз жазыңыз. Қала әкімінің атына:
Зейнетақыны төлеудің кешікіерілгені туралы
Сіз тұратын көшеде жарықтың жоқ екендігі туралы
Ауладағы балаларға арналған ойын алаңшысының ластануы туралы арыз жазыңыз.
5- жаттығу. Қазақша аударыныз.
Нарушение соседями норм общежития; задержка выплоты пенсии; неправильное начисление зарплаты; нарушение районной избирательной комиссией Закона о выборах; оскорбление чести и достоинства гражданина.
Үлгімен танысыныз.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш.
«Сәуле» фирмасының Бас директоры А.М.Рахметов мырзаға
Черпаева Баян Өшақпайқызынан, Мекен- жайы: 460000, Павлодар қ-сы, Камзин көшесі, 67-үй, 15- пәтер
ӨТІНІШ
Мені тасымалдау бөліміне ЭВМ операторы қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.
00.00.00 қолы
__________________________________________________________________________________
Басқа қызметке аусу туралы өтініш өзгеше толтырылады. Оның қалыпты пішімі ГОСТ талаптарына сәйкес сол мекемеде жасалады.
Павлодар электротехникалық
Зауыты
ӨТІНІШ Зауыт директоры
00.00.00 Г.Т. Каужақпаров мырзаға
Өткізу бөлімінің
технигі А.Ж. Сабырбаевұлынан
Павлодар Мемлекеттік Университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінең инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.
Жеке қолы.
___________________________________________________________________________________
Хаттама.
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талкылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда (оның мәтінінде) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздерінің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздерінің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтыруымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгені көрсетіледі.
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атуы; құжаттың атуы; мәжілістің өтекен күні; индексі (нөмірі); мәжілістің өтекен орыны; бекіту трифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың алқалық органның атуы); мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады. Кәсіпорынды құру туралы хаттаманы машинкада басып толтырудың формуляр – үлгісі мынадай:
ХАТТАМА
00.00.00. № 1
Павлодар
Құрылтайшылар жиналысы
Аты
Төраға – тегі, есімі, әкесінің аты
Хатшы – тегі, есімі, әкесінің аты
Қатысқандар – аты – жөндері
Күн тәртібі:
1. ..................құру туралы
2. ..................Жарғысын бекіту туралы
1.ТЫНДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
2. ТЫНДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Төраға қолы Қойылған қолдың анықтамасы
Хатшы қолы Қойылған қолдың анықтамасы
1-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз.
Хаттама, мәжіліс, қатысқандар, қатыспағандар, дәлелді себептер, дәлелсіз себептер, күн тәртібі, әртүрлі мәселелер, тындалды, сөз сөйледі, қаулы етеді, төраға, төрайым, мәжілістің хаттамасы, мәжілістің №7 хаттамасы, жауап алу хаттмасы.
2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Протокол собрания коллектива Института; протокол №9 заседания Офицерского совета; выписка из протокола; выписка из протокола № 9; постановление собрания; протокол подписан председателем собрания; написать протокол; вести протокол; протокол осмотра; протокол дознания; совместное заседание; расширенное заседание.
3-жаттығу. Хаттаманың үлгісін жазыңыз.
Тындаушылардың жиналысы
Студенттік қоғамның мәжілісі
Ардагерлер кеңесінің мәжілісі
Негізгі сөздік.
Хаттама – протокол
Ұжым – коллектив
Жиналыс – собрание
Мәжіліс – заседание
Грамматикалық минимум
Изафет құралым.
Сан есімдер.
Ырықсыз етіс – ыл/- іл/, -ты/ -ті
Жедел өткен шақ –ды/ -ды, -ты/ -ті
Ауыспалы осы шақ –а-ды, -е-ді, -й-ді
Бұйрық райдвң 3- жағы: -сын/ -с
КЕЛІСІМШАРТ
Келісімшарт — тараптар арасында кандай да 6ipқкатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: сату - сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы баска.
Қатысатын адамдар санына карай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлік берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмері, ТИБ-тің аныктамасы бойынша пәтердің кұны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дауталаста, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның 6ipi нотариалдық кеңседе сақталады. Калған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
Келісімшарт — қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Катысатын адамдар санына карай қандай келісімшарттар жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?
2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |