Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару


“ПолимерМеталл- Т” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысына тоқталып кетейін



жүктеу 1,02 Mb.
бет7/8
Дата25.11.2017
өлшемі1,02 Mb.
#1719
1   2   3   4   5   6   7   8

ПолимерМеталл- Т” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысына тоқталып кетейін.

I. Жалпы ережелер

1.1Әрі қарай серіктестік деп аталатын “ПолимерМеталл- Т” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшының салымы негізінде құрылып отыр. Қазақстан Республикасының заңы негізінде әрекет етеді, шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады (қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайды және активтерінің жалпы құны айлық есеп көрсеткішінің алпыс мың есесінен артық болмауға тиіс).

1.2 Серіктестіктің орналасқан мекен-жайы: 483353 Қазақстан Республикасы, Алматы., Қапшағай қаласы, Индустриальная көш., 1 үй.

1.3 Ресми атауы:

орыс тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью “ПолимерМеталл- Т”, қазақ тілінде – “ПолимерМеталл- Т” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



II. Қызмет тақырыбы мен мақсаттары


2.1 Серіктестіктің әрекетінің негізгі мақсаты болып мекемелер мен азаматтардың өнімдегі (жұмыстар мен қызметтердегі) қажеттіліктерін барынша толық әрі сапалы өтеу, келесі әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында барынша жоғары табыс табу:

  • металлқұрылмалары мен жабын материалдарының өндіру және өткізу;

  • тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы қызметтер;

  • коммерциялық, сыртқы экономикалық қызмет;

  • көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру;

  • транспорттық қызметті ұсыну;

  • жарнамалық қызмет;

  • делдалдық қызмет;

  • импорт-экспорттық қызмет;

  • дүкендер, супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің жүйесін ұйымдастыру;

  • азық-түлік, халық тұтыну тауарлары, өндірістік-техникалық өнімдерін өндіру, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату;

  • автосервис, автожуу, ЖЖМ мен мұнай өнімдерін өткізу;

  • құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;

  • құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;

  • қоғамдық тамақтану жүйесін (ресторандар, жазғы алаңдар, барлар және т.б.) ұйымдастыру;

  • серіктестіктің ойын және шоу бизнес саласындағы қызметпен шұғылдануға құқы жоқ;

  • Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да әрекеттер;

2.2 Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін серіктестік лицензияны заңмен белгіленген тәртіп бойынша алуы тиіс.

III. Серіктестіктің заңды мәртебесі


3.1 Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады, жеке меншік құқы бойынша айрықша мүлігі, атауы жазылған мөрі, фирмалық белгісі, бланкі және басқа да реквизиттері бар.

3.2 Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Өз атынан келісімшарттар жасайды, мүлікті және мүлікті емес құқықтар мен міндеттемелерге ие болады,, сот орындарында даушы әрі жауап беруші болады.

3.3 Серіктестікте жарғы капиталы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін қатысушылар арасындағы үлестерге бөлінген және өздері салған салымдарының мөлшеррінде серіктестік қызметімен байланысты шығынға қатерлі.

IV. Серіктестіктің мүлігі мен қаражаты


4.1 Серіктестік қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымдарынбіріктіру жолымен 87200 теңге мөлшерінде жарғы капиталын құрады, ол серіктестіктің тіркелу мерзімінде 100 пайыз құралады.

4.2 Серіктестік төмендегілердің меншік иесі болып табылады:

- қатысушының жарғы капиталына салған ақшалай және материалды салымдары (ақыл-ой меншігі нәтижелерінің құқығын қоса есептегенде);

- серіктестіктің шаруашылық қызметі нәтиесінде алған кірісінің;

- өзге де кірістердің, сондай-ақ заңдармен рұқсат етілген өзге де негіздер бойынша сатып алынған мүліктің серіктестіктің мүлкі оның балансында есепке алынады.

4.3 Серіктестіктің жарғы капиталынан 25 пайыз есебінде сақтық капиталын құруға құқылы. Сақтық капиталы жыл сайын жарғы капиталының 25 пайызына жеткенше таза табыстың 5 пайызын аударып отыру жолымен құралады.



V. Серіктестікті басқару


Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – қатысушылардың Жалпы жиналысы;

Атқарушы орган – Бас директор;

Тексеру органы – Тексеру комиссиясы.

5.1 Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы болып қатысушылардың жалпы жиналысы табылады, оның ерекше құзыретіне мыналар жатады:



  1. серіктестік Жарғысын өзгерту, сонымен қатар жарғы капиталының мөлшерін, орналасқан мекен-жайын, фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

  2. серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;

  3. серіктестіктің тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің өкілеттігін тағайындау және мерзімнен бұрын тоқтату;

  4. жылдық қаржы есебін бекіту және таза табысты бөлу;

  5. серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылдау және т.б. сұрақтар қаралады.

5.2 Серіктестіктің Жалпы жиналысы кезекті және кезектен тыс ретінде шақырылады.

5.3 Серіктестіктің барлық қатысушылары жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібі сұрақтарын талқылауға қатысуға, шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқылы.



VI. Серіктестікті қайта құру мен тарату


6.1 Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) ерікті түрде қатысушының шешімі бойынша немесе өкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша жүзеге аса алады. Қайта құру кезінде серіктестік құрылтайшы қайта құру туралы шешім қабылдағаннан кейін екі ай ішінде ресми басылым органдарында сәйкес хабарландыруды орнықтыру керек.

6.2 Серіктестік таратыла алады, егер:

- қатысушының шешімі бойынша;

мына жағдайлардағы сот шешімі бойынша:

- банкроттық;

- қажетті рұқсаты жоқ қызметті, заң актілерімен тыйым салынған қызметті немесе заңға бірнеше мәрте, дөрекі қайшылықтар жасаған қызмет түрлерін жүзеге асырған болса жән басқа жағдайларда.

6.3 Мына жағдайлар Серіктестік қызметін тоқтатудың негізі бола алады:

- жарғы капиталын кеміту кезінде оның мөлшері заңмен қарастырылған ең кіші көрсеткіштен кем болса;

- егер қатысушы жарғы капиталын заңмен қарастырылған мөлшерде және мерзімде құрмаған болса;

- серіктестіктің барлық несие берушілермен есептескеннен кейінгі қалған ақшасы мен басқа да мүлігі қатысушының жеке меншігі болып табылады.

Серіктестікті қайта құру немесе тарату бұл жөнінде заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба енгізілгеннен кейін бітті деп есептелінеді.
Өнім негізінен отандық өндіруші ЖШС “ПолимерМеталл- Т” және ресейлік өндіруші Самарлық “Электрощит” өнімі болып табылады. Сонымен бірге Қытайдан әкелінетін панельдің көлемі нарықта 45,2% ішкі өндірісті құрайды, ал таза импорт 2006ж 25,8% құраған. Отандық өндірушілер өздерінің өндірістерін 2005 жылдан бастап белсенді жүргізе бастаған. 2008 жылда болжамдар мәліметтеріне сүйенсек, сэндвич панельдің нарықтық көлемі 25%-ға өседі. Отандық өндірушілер 2005ж - 2006жылдары сэндвич панельді өндірістің көлемі 91 кв.м. құрады, оны құнымен есептегенде (орта есеппен 1 панельдің кв.м. 50$ АҚШ тұрады)4550000(млн $ АҚШ)болды.

Қазақстанның құрылыс нарығының 45%-ын ЖШС “ПолимерМеталл- Т” өндірген өнімі алып отыр. Ал аса маңызды бәсәкелесі ресейлік зауыт “Электрощит”, “Термостепс - МТЛ” иеленіп отыр. 1 панельдің 1 кв.м. орта есеппен 51$ - 80$ АҚШ-на дейін.

Қазақстанда күшті шикізат пен ресурстық база (газ бен мұнай) қалыптасқан. Сэндвич панелі өнім ретінде саудалық желілер мен өндірістік кәсіпорындарда қолданылады және де Қазақстанның көптеген аймақтарында үлкен сұранысын тапқан, көбінесе Қазақстанның Батыс аймақтарында, шикізаттың белсенді өндірілетін территорияларында, яғни, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарын жатқызуға болады. Нарыққа қатысушыларды орта есеппен бағалағанда өндірілетін өнім Шығыс Қазақстан облысында – 10,8%, Батыс Қазақстанда – 12,72%, Қызылорда облысында – 12,45%, ал Алматы облысы 64,03% қолданады екен.

Өнімнің ерекшелігі – оның сапалылығы және қосымша эксплуатациялық шығынды қажет етпейді. 2005жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін 16267 м², ал 2006 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 46830м² сэндвич өндірілген, жалпы барлығы 63097м² құраған.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

2.1-кесте “ПолимерМеталл- Т” ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау






Көрсеткіштер

өнім бірлігі

2005

2006

ауытқу

(+; - )

%

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

Мың, тг

214997,8

545752,0

330754,2

253,8

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Мың, тг

161975

398741,0

236766

246,2

3

Жалпы табыс

Мың, тг

53022,8

147011,0

93988,2

277,2

4

Кезең шығындары

Мың, тг

72347,8

80678,6

8330,8

111,5

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

Мың, тг

- 19325

66332,4

85657,4

- 343,2

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Мың, тг

- 2385,6

14530,4

16916,0

- 609,1

7

Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс

Мың, тг

- 21710,6

80862,8

102573,4

- 372,4

8

Таза табыс

Мың, тг

- 15197,4

56604,0

71801,4

- 372,4

9

1 тг өнімнің өзіндік құны

тг

1,09

0,88

- 0,21

80,7

10

Өнім рентабельділігі

%

- 6,5

11,8

18,3




11

Сату рентабельділігі

%

- 7,1

10,4

17,5




12

Өндіріс рентабельділігі

%













13

Жұмыскерлер саны

Мың, тг

15

34

19

226,6

14

Жұмысшылар саны

Мың, тг

27

40

13

148,1

15

1 жұмыскердің еңбек өнімділігі

Мың, тг

14333,2

16051,5

1718,3

112,0

16

1 жұмысшының еңбек өнімділігі

Мың, тг

7963

13644

5681,0

171,3

17

Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры

Мың, тг

5542,7

19090,0

13547,3

344,4

18

Жұмысшылардың еңбекақысы

Мың, тг

10716,3

19048,0

8331,7

178,0

19

1 жұмыскердің орт. айлық еңбекақысы

тг

30,793

46,789

16,0

152,0

20

1 жұмысшының орт. айлық еңбекақысы

тг

33,075

39,683

6,6

120,0

21

Негізгі құралдардың орт. жылдық құны

Мың, тг













22

Амортизация нормасы

%













23

Айналым құралдарының орт. жылдық құны

Мың, тг













24

Қор қайтарымдылығы

тг













25

Қор сиымдылығы

тг













26

Қормен қарулану

Мың, тг













27

Амортизация соммасы

Мың, тг












Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Кестеде кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 330754,2 мың теңгеге арттырғаны көрсетілген. Өнімді өткізуден түсетін табыс 2005 жылы 214997,8 мың теңгені құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 545752,0 мың теңгені құрап тұр. Яғни 253,8 пайызға өнімді өткізуден түскен табыс нақты құрап тұр.

Екінші көрсеткіш - өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайды. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмыстарының кеңдігін, шаруашылық субъекті деңгейін көтеруге болады. Бізде ол 2005 жылмен 2006 жылды салыстырғанда 236766 мың теңгеге өсіп, 246,2% құрап тұр.

Табыстылықтың үшінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің технико-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша кестені талдау керек.

Жалпы табыстың 2006 жылы көлемі 1470111,0 мың теңге, яғни жалпы табыс көлемі 93988,2 мың теңгеге өскен.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

1.өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

2.өнім бірлігінің бағасы;

3.өткізілген өнімнің бағасы;

4.өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.

Төртінші көрсеткіштен көріп тұрғанымыздай кезең шығындары өсуде, яғни 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 8330,8 мың теңгеге өсіп отыр, 111,5% құрайды. Ол әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың өсуінен болуы мүмкін.

Табыстылықтың келесі көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Дн = Дж – Рк (10)

Мұндағы, Дн – негізгі қызметтен түскен табыс;

Дж – жалпы табыс;

Рк – кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындары білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. 2005 жылы негізгі қызметтен алынатын табыс –19325 мың теңгені құрады, 2006 жылы бұл көрсеткіш 66332,4 мың теңгені құрады. Осыдан қарап негізгі қызметтен түскен табыс 85657,4 артқаны байқалады.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылы –2385,6 мың теңге болды, 2006 жылы ол көрсеткіш 14530,4 мың теңгені құрап, ауытқу шамасы 16916,0 мың теңгеге төмендеп, -6,1% құрайды.

Салық салғанға дейінгі табыс 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 102573,4 мың теңгеге төмендеп, -3,72% құрайды. Оның себебі тауардың өзіндік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

Сегізінші көрсеткіш таза табыс 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 71801,4 мың теңгеге төмендеп, -3,72% құрайды. Оның себебі тауардың өзіндік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

Тоғызыншы көрсеткіш бір теңгеден түскен табыс кестеде көрсетілгендей 80,7% құрап тұр.

Рентабельділік – кәсіпорын табысының қалыптасуын сипаттайтын басты көрсеткіштің бірі болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барасында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

Кестеде қарастырылып отырған кәсіпорынның өнім рентабельділігі 2006 жылмен 2005 жылды салыстыра отырып 18,3%-ға артқанын байқауға болады.

Сату рентабельділігі таза табыстың өнімнің өткізілген көлеміне қатынасы арқылы және 100 пайызға көбейту арқылы анықталады. 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 17,5% артқанын байқадық.

Жұмыскерлер саны 2005 жылы 15 адам болды, ал 2006 жылы 34 адамға жетті. Сонымен жұмыскерлердің саны 19 адамға көбейгенін, яғни 226,6%-ды құрады. Оның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі.

Жұмысшылар саны 2005 жылы 27 адам болса, 2006 жылы 40 жұмысшы кәсіпорында жұмыс істеді. Ауытқу көлемін есептей келе 13 адамға көбейгенін және пайыз мөлшері 148,1 құраған.

Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 1718,3 мың теңгеге өсіп, 112,0% құрады. Сол сияқты 1 жұмысшының еңбек өнімділігі де 5681,0 мың теңгеге өсіп және 171,3%-ды құраған. Оның себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

Келесі көрсеткіш жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 13547,3 мың теңгеге өсіп, 344,4% құрайды. Ал жұмысшылардың еңбек ақы қоры 8331,7 мың теңгеге өсіп және ол 178,0% құрады. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

Бір жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 16,0 мың теңгеге өсті және ол 152,0%-ды құрады.

Бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысын екі жылмен салыстыра отырып ауытқу мөлшерін есептесек ол 6,6 мың теңгеге өсіп, 120,0%-ды құрады.
2.2 “ПолимерМеталл- Т” ЖШС-ң еңбек ақы төлеу жүйесін мөлшерлеу және талдау

Қазақстанның жекелеген облыс тұрғындарының күн көріс деңгейі әртүрлі. Сонымен қатар жалақы деңгейін көтеру мен оның даму жолын қарастыру мақсатында Қапшағай қаласында орналасқан серіктестіктің еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруы мен басқаруына назар аудару керек.

Осыған байланысты еңбек ақыға жұмсалған талдау негізіндегі қаражат үлкен мағынаға ие. Осының негізінде жалақыны (еңбек ақы) жұмсау қорына жүйелік тексерістерді іске асыру жөн, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету мен өнімділікті өсіру арқасында қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін туғызу. Жалақыны төлеу қоры қолданыстағы ҚР статистика агенттігінің нұсқауына кіретін кәсіпорынның ұсталымдарын, еңбек ақыны ғана талдамай, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мен таза табысқа төленетін төлемдер және кәсіпорынның қолданысында қалатын.

ЖШС “ПолимерМеталл- Т” да коллективтік келісім шарт бар екендігін айта кету керек, онда кәсіпорында еңбекті және жалақыны ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер, сонымен қатар кәсіпорынның қызметкерлері мен жұмыс берушінің барлық құқықтары мен міндеттері айтылады. Бұл ЖШС “ПолимерМеталл- Т” да еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру облысындағы оң момент болып табылады, себебі коллективтік келісім шарт жұмыс берушілер мен жалданған қызметкерлер арасындағы қатынасты реттеуші болып табылады.

Келесі кестеде тұтынуға жіберілген қаражаттарды жұмсау мәліметтері көрсетілген.

ЖШС “ПолимерМеталл-Т” да тұтыныста қолданылған қорлардың құрамында ерекше салмақты, жалақыны төлеу қоры алады, өнімнің өзіндік құнын қоса алғанда, талдау жүргізілген жалақыны төлеу қорына кірісе отырып, біріншіден, абсолюттік және салыстырмалы ауытқудың жоспардан нақты қаншалықты үлкендігін есептеу керек.

Абсолюттік ауытқу (ЕТҚабс) нақты (ЕТҚнақ) еңбек ақыға кеткен қорларды салыстыру негізінде жоспарлы (ЕТҚжос) жалақыны төлеу және толық кәсіпорын негізінде анықталады, өнімділік бөлімшелері мен қызметкерлер дәрежесіде:


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау