155
түзу сызық бойымен ұзыннан-ұзақ созылған жолақтар құрап, ал кейде сақина тәрізді болып немесе ирелеңдеген сокпақтар түрінде кездеседі. Еңкею немесе құлау бұрышына қарай олар тік бұрышты (құлау бұрышы 80—90°), тікшелеу (45—80°), доғал бұрышты (10—45°), жалпақ немесе жайпақ бұрышты (0—10°) және көлденең орналасқан жарықшақтар болып ажыратылады.
Белгілі бір ауданның жарықтары мен жарықшақтар жиынтығы жарықшақтық деп аталады, ал бір бағытта созыла орналасқан жарықшақтар жарықшақтар жүйесін құрайды.
Алғашқы орындарынан ауыса орналасқан тектоникалық құрылымдардың (параклаздар) түзілуі жердің ішкі қойнауындағы эндогендік қысым күштерінің белгілі бір бағытта тау жыныстарына әсер ететініне (сығылу, немесе созылу әрекеттері) тікелей байланысты.
Тектоникалық жарылыстар тау жыныстарының барлық түрлерінде кездескенімен, әсіресе олар шөгінді жыныстардың ауысып орналасқан қабаттарынан айқын байқалады.
Тау жыныстарының жарылып ыдырауға ұшыраған жеке бөлшек-терінің орын ауыстыруы жарық бетін бейнелейтін жазықтықтың (жарылу жазықтығы немесе орын алмастырғыш) бойымен жүріп жатады. Кейде мұндай жарықтар (қалыңдығы бірнеше см-ден бірнеше м-ге дейін жететін) тау жыныстарының әр түрлі (ірілі-ұсақ-ты) сынықтарымен толып, тектоникалық брекчия құралады. Осындай зоналарды бойлай көтерілген гидротермалдық ерітінділердің құрамындағы химиялық элементтер желілі минералдар мен рудалық минералдар түрінде түзіледі.
Тау жыныстарының ыдыраура ұшыраған жеке блоктары (бір-бірімен беттесіп жанасқан жерлерінде) жылжып орын ауыстыру барысында үйкеліс әрекеттеріне үшырап, айнадай болып тегістеледі. Осындай жағдайда пайда болған жылтыр бет сырғу беті немесе сырғанау айнасы деп аталады. Айнаның бетіндегі сызықтар мен әр түрлі іздердің бағытына қарап, тау жыныстарының, жеке блоктарының қандай бағытта жылжып орын ауыстыратындығын анықтауға болады.
Жарылу жазықтығыньщ екі жағында орналасқа” тау жыныстары-ның жеке блоктары оның қанаттары деп аталады. Олар (жарылу жазықтығының бетімен) ыдырау барысында жоғары қарай көтерілген және төмен жылжып ығысқан қанаттарға ажыратылады 156
VII. 12-сурет. Жақпарлы (жарылмалы-үзілмелі) бұзылыстардың элементтері:
А _- жата орналасқан қанат; В — үстіңгі ілінбелі қанат; а—б — ығысу амплитудасы (шын мәні); а—в — тік амплитуда, б--в — көлденең амплитуда; б— г _ стратиграфиялық амплитуда;Э — ырыстырғыштық құлама бұрышы.
сурет). Егер жарылу жазықтығы немесе ыдырау сызығы көлбеу орналасса, оның үстіңгі жағында орналасқан тау жыныстарының жеке блоктары үстіңгі қанат, ал астыңғы жағындағы блоктары астыңғы қанат болып сзналады.
Ыдырау кезінде үстіңгі қанат астыңғы қабатқа қарағанда төмен қарай ығысып ауысады (сбросы); ал кей-де керісінше, үстіңгі қанат (астыңғы қанатпен салыстырғанда) жоғары қарай ығыса көтеріледі (взбросы). Олардың ығысып өзара орын ауыстыру қашықтығы (ыдырау сызығының бойымен) ыдырау амплитудасы деп аталады (VII. 13, VII. 14-суреттер).
Тау жыныстарының жеке блоктары (жігінің ашылу барысында) тек тік бағытта ғана емес, сонымен қатар көлденен, бағытта да орын ауыстырады. Соған байланысты ығысу әрекеттері (төмен-жоғары) көлденең бағытталған (оңды-солды) жылжу немесе жылысу әре-кеттерімен қатар байқалады (VII. 15-сурет).
Ыдырау сызығынан жоғары орналасқан үстіңгі қанаттың төмен қарай (құлай) ырысуы жер қыртысының созылу жағдайында, ал жоғары қарай (астыңғы қанат-
VII. 13-сурет. Жақпарлы бұзылулар:
А —• тік және Б — қалыпты жағдайда төмен бағытталған ығысулар (сбросы); В —төбеге қарай жоғары ығысу (взбросы).
157
VII. 14-сурет. Төмен қарай бағытталған ығысудың пайда болу жағдайын бейнелейтін блокдиаграмма:
А — төмен ығысу алдындағы жағдай; Б — төмен ыгысу тоқталысымен байқалған жағдай; В — жер бедерінің тегістелгеннен кейінгі жағдайы.
пен салыстырғанда) ығысуы қысылу немесе сығылу кезінде кездеседі. Көлденең бағытталған жылжу әрекеттерінің нәтижесінде ондаған кейде жүздеген км-ге созыла орналасқан құрылымдар, яғни тектоникалық жамылғылар, ол былайша айтқанда шарьяждар (француз тілінде “шаррье” — тасымалдау, сүйрету деген мағынада) түзіледі. Мұндай құрылымдар қатпарлы тау жоталарында (мысалы, Қарпат, Қавказ, Орал, Тянь-Шань және т. б.) жиі кездеседі.
Дизъюнктивтік құрылымдар қатарында терең қабаттық жарық-тардың алатын орны ерекше. Мұндай жарықтардың жаратылысы алғаш рет А. В. Пейвенің еңбектерінде зерттеліп, жан-жақты сипатталады.
VII. 15-сурет. Жылжу-жылысу (сдвиги) және олардың эле-менттері:
1—қанаттары (блоктар, беттер); 2 — ығыстырғыш; 3 — жылысу сызығы. Жылжу-жылысу түрлері: А — тік; Б — көлбеу; В — көлденең.
158
Терең кабаттық жарықтар (ұзақ уақыт бойы дамып жетілген тереңдігі жоғарғы мантия қабатына дейін жетін, ұзындығы жүздеген кейде мыңдаған км-ге созыла орналасқан) жер қыртысын ірі блоктарға ажыратады. Олар Мохоровичич деңгейінің ауысып орналасуына да әсерін тигізеді.
Кейде тектоникалық жарықтар топтасқан түрде кездеседі. Осындай жағдайда өркеш пішінді горст (үстірт) және опырықтың грабен (ойпат) тәрізді жақпарлы құрылымдар түзіледі (VII. 16-сурет).
Тау жыныстарының жеке блоктары өзара әр түрлі қарым-қатынас жағдайында болады. Мысалы, тектоникалық жарықшақтану әрекет-теріне байланысты жеке блоктарға ажыратылған тау жыныстары-ның орталық бөліктері (шеткі бөліктерімен салыстырғанда) жоғарғы деңгейде сақталып немесе жоғары көтерілген жағдайда пайда болған құрылымдар горст деп аталады. Ал керісінше, шеткі бөліктері (орталық бөліктерімен салыстырғанда) жоғарғы деңгейде сақталып, немесе жоғары көтерілген жағдайда түзілген құрылымдар — грабен деп аталады. Олар көбінесе күрделеніп, сатылы горстар немесе грабендер түрінде жиі кездеседі. Ірі грабендердің классика-лық көрінісін Байкал көлінің құрылысынан байқауға болады. Оның тереңдігі 1731 м-ге дейін жетеді. Сол секілді Жоғарғы Рейн грабені екі жағынан да горты құрылымдармен шектеледі (батысында Вогез, шығысында Шварцвальд); Шығыс Африкада грабенді құрылымдар өзіндік жүйе құрайды. Олардың көпшілігі көлдермен толған. Солардың бірі — Танганьика көл Байкал көліне өте ұқсас, бірақ оған қарағанда саяздау. Қызыл теңіз Шығыс Асфриикалық грабендер жүйесіне
І6-сурет. Жақпарлану (ығысу-ыдырау) жүйелері:
А-атыланған (төмен бағытталған) ығысулар; Б — горст (өркеш тау)- В-грабен (опырық тау).
159
кіреді. Ұзындығы жүздеген, кейде мыңдаған км-ге созылып жататын, ал ені ондаған км-лік, тереңдігі — бірнеі ше км-ге жететін грабенге ұқсас құрылымдар рифттеі (ағылшын тілінде “рифт” — саңылау, жарықшақ деген мағынада) деп аталады. Олар тек континенттерде ғана емес, сонымен қатар мұхиттарда да кездеседі. Мысаль мұхиторталық тау жоталары рифтті жарықтардың орнында пайда болады.
VIII. ЖЕР СІЛКІНУ
Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі — жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды. Ерте кезден сақталған тарихи деректер бойынша, бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі. Жер шарында тәулік сайын (орта есеппен) 200-де астам, ал бір жылда 100 мьщға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Олардың арасында жылына 9 балдық-- 10—15, 8 балдық — 50—100, 7 балдық — 300—500-г жуық жер сілкінісі байқалады. Төмендегі суретті (ЮНЕСҚО-ның мәліметтері бойынша) XX ғасырдағы ең күшті жер сілкіністері (географиялық орны, болған жылы, апатқа ұшыраған адамдар саны) көрсетілген (VIII. 1-сурет).
VIII. 1-сурет. XX ғасырдағы ең күшті жер сілкіністер.
160
Американ сейсмологы Дж. Милннің санағы бойынша адамзат тарихының соңғы 4 мың жыл ішінде жер сілкіну зардабына ұшырап, апат болған адамдар саны 13 млн-нан кем емес екен. Сондықтан да жер сілкінуді зерттеу әдістерін жетілдіру және оның болу мүмкіндігін алдынала болжау мәселелері қаншалықты маңызды екендігін осыдан-ақ байқауға болады.
XX ғасырда біздің елдің территориясында байқалған жер сілкінуі әсерінен: 1911 ж. — Верный қаласы (қазіргі Длматы), 1927 ж. — Қырымның оңтүстік жағалауы, 1948 ж.— Ашгабад, 1966 ж.— Ташкент қаласының ор-талық бөлігі, 1976 ж. — Газли, 1986 ж. — Кишинев, 1989 ж. — Армения қалалары мен Тәжікстан селолары зардап шекті.
Катастрофалық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды: кейбір аудандар (мулит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі, 1960 ж.); кейде құрлықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964 ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911 ж. пайда болған Памирдегі Сарез көлі); лайлы-тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949 ж. Тәжікстанда Хаит селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауларына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.
УІІІ.1. ЖЕР СІЛКІНУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып, өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор алып күш қайдан пайда болады? Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнем қозғалыста болып турады. Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан байқаймыз. Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда) қазіргі кезде жартылай су астында қалған, ал Голландия жері жылы-на 1 мм төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар) болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді; Скандинавия жері, керісінше жылына 1 см шама-
161
сында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған; метр жоғары биіктікте орналасқан жартастардан байқалады.
Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда, олар тез арада морт сынған болар еді. Ал, ұзақ уақыт бойы (мыңдаған немесе миллиондаған жылдар бойы) әсер етсек онда жер қыртысынан сағыздай созылып немесе иіліпі әр түрлі қатпарлар түзілер еді. Қейбір жағдайларда бұлі әрекеттер жер бетінде (өте қысқа уақыт аралырында) серпімді күшті тербеліс немесе жер сілкінісін тудырады.
Жер сілкінудің басым көпшілігі, әсіресе аса күшті дүмпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен (ығысу-ыдырау, қатпарлану, жылжу әрекеттерімен) тікелей байланысты (VIII. 2-сурет).
Тектоникалық козғалыстарға қатысты туатын жер сілкіністері үш түрге ажыратылады (ошақтарының тереңдігіне қарай): 1) “қалыпты” (нормалық) жер сілкіну (ошағының тереңдігі 10—60 км); 2) “аралық” жер сілкіну (ошағының тереңдігі ~60—300 км); 3) “терең фокусты” жер сілкіну (ошағының тереңдігі >300 км).
Орта Азия мен Қазақстан жерінде байқалған жер сілкінулер көбінесе “қалыпты” (нормалық) түрге жатады; Гиндикуш тау аймағында (Ауғанстан мен Тәжікстан
Достарыңызбен бөлісу: |