Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 3,62 Mb.
бет14/22
Дата14.02.2018
өлшемі3,62 Mb.
#9588
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

VI. 37-сурет. Кальдераның көлденең қимасы:

1 — кальдера; 2 — конустық еқ алрашқы жағдайы; 3 — вулкандық конустың қазіргі жағдайы.

кейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттік вулкандар деп аталады; 4) вулкандық қопарылыс кезінде вулкан кратерінің опырылып құлауына байланысты, оның орнында кең көлемді (диаметрі 15 км-ге дейін), дөңгелек пішінді апан-шұңқырлар пайда болады. Олар кальдера (италья тілінде қазан шұңқыр деген мағынада) деп аталады (VI. 37-сурет).

Қазіргі кезде орталық (вулкандық) аппараттар түрінде түзілген жанартаулар жер бетінде кең таралған. Ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасып төгілетін вулкандар саны өте аз (Исландияда Лаки вулканы, Камчаткада Толбачик вулканы және т. б.). Олар зор аймақты алып жатады. Мысалы, Исландияда (1873 ж.) ұзындығы 32 км-лік жарықшақ арқылы тасып төгілу нәтижесінде құралған базальт жамылғысының аумағы 557 шаршы километр екендігі белгілі.

Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.

Сұйық күйдегі вулкандык, заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремний тотығыньщ мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тұтқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері вулкан атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (ба-зальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады.

124

Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, андезиттік), температур§сы 750—1000°С лавалардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозралады. Сондықтан мұн-дай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып ұзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.



Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде “пир” — от, “кластикос” — бөл-шектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырылған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң-тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық бөлшектерінен құралады. Осындай жолмен пайда болған заттар қабатталып, жинала келе пирокластикалық (отты кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.

Вулкандық заттар ірілі-ұсақтығына қарай төртке бөлінеді:



1. Вулкандық күлдер (<0,25 мм) дала шпаттары, авгит, алдамшы мүйізше және вулкандық шыныдан құралған шаң-тозаңдар түрінде кездеседі. Олар ауа қабатына 10 км-ге дейін жоғары көтеріледі. Кейде вулкандық күл атмосфера қабатында конденсациялык, процестерге байланысты су буымен араласып, жер бетіне жаңбыр болып жауады. Жанартаулардың беткейінен құлай аққан вулкандық күл аралас жаңбыр суы (лахари) орасан зор қарқынмен жолында кездескен кедергілерді бұзып-жарып селді тасқын туғызады. Вулкандық күл вулкандық заттардыд негізгі құрамын құрайды. Мысалы, Аляскада болған (1912 ж.) вулкан аткылауы кезінде (Кат-май жанартауы) мөлшері 20 км3-дей вулкандық заттар лақтырылғандығы белгілі. Оның 90%-і вулкандық күл түрінде бөлініп шықты. 25 сағ уақыт ішінде вулкандық күл қабатының қалыңдығы 4 м-ге дейін жетеді. Вулкандық күл өте жеңіл болғандықтан шаң-тозаңдар түрінде алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Вулкандық күлдер вулкандық құмдармен аралас кездескен жағдайда, тығыздала келе цементтеліп вулкандық туфтар түрінде түзіледі. Ал вулкандық күл көлдер мен теңіздерге шөгіп, құм мен лай араласқан жағдайда

125

туффиттер түзіледі. Вулкандық құмдар мен күлдер өте құнарлы топырақ қабатын құрайды.

2. Вулкандық құмдар жай көзбен көрінетін ірілі-ұсақты қиыршықтар (0,5 — 2 мм) түрінде кездеседі.

3. Лапиллилер (италья тілінде “лапилли” — ұсақ тастар деген мағынада) вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның ірілі-ұсақты (10 — 30 мм) бөлшектерінен құралады.

4. Вулкандық бомбалар көлденең қимасы 5 — 10 см-ден бірнеше метрге дейін жететін ірі кесектер құрайды. Вулкандық кесек бөлшектерінің орын ауыстыру қашықтығы олардың мөлшеріне тығыз байланысты. Егер вулкандық бомбалар мен лапиллилер вулкандық кратерлер-және вулкандық конустар құрайтын болса, ал вулкандық күлдер алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Мысалы, қазіргі кезде сөнген Қавказ вулкандарының күл-топырақтары Воронеж облысының территориясында шөгінді жыныстар арасынан табылғандығы белгілі. Әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық заттар бірігіп, цементтеліп вулкандық брекчия (женттастар) құралады.

Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында орталық кратер, бүйірлік кратерлер және т. б. жарықтар мен жарықшақтар арқылы бөлініп шығады. Олардың негізгі құрамы (60 — 90%) су буынан түрады. Атмосфера қабатында су буы конденсациялық процестерге байланысты суға айналып, нөсер жаңбыр жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен қабаттаса жүреді.

Газ күйіндегі вулкандық заттардың құрамында су буынан басқа НS2, SО2, СО, СО2, НСІ, НР, NН4С1, NН3> Н3, Н2ВОз және басқа газдар қоса кездеседі. Олардьщ құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180°С-тан жорары температурада фумаролды газдар (латын тілінде “фума” — түтін деген мағынада) бөлінеді. Олардың кұрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-көмірқышқыл-ды) болып келеді. Әсіресе, хлорлы қосындылар басымырақ кездеседі. Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі болып ажыратылады



Құрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп натрий, калий, темір және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды.

Қышқыл фумаролдардық қүрамында (құрғақ фума-ролдармен салыстырғанда) су буы болады, сонымен қа-

126

тар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі. Олар 300—400°С шамасында бөлінеді.



Сілтілі фумаролдар 180°С шамасында хлорльь аммонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос аммиак бөліп шығарады. Кейінірек фумаролды газдар (180—100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья тілінде “сольфатара” — күкіртті ыс деген мағынада) алмасады. Олардың негізгі құрамы су буынан және күкіртті сутек-тен (күкіртті фумаролдар) тұрады.

Төменгі температурада (<100°С) көмір қышқыл газдары және су буы бөлініп шығады. Мұндай газдар мофеттер немесе мофетті газдар (көмірқышқылды фумаролдар) деп аталады.

Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) фумаралды газдар вулкандық атқылау әрекеттерінің өте қарқындылығын, сольфаторлы газдар — орташа қарқындылығын, ал мофетті газдар вулкандық әрекеттердің әлсіздігін сипаттайды.

Магманың құрамында газдардың көптігі оның қатаю жылдамдығын азайтады, ал олардың азаюы (ауа қабатына ұшып кетуіне байланысты) сұйық күйдегі атқылау заттарының (лавалардың) қатаюын тездетеді.



Вулкандардың түрлері. Вулкан өмірінде лава атқылау кезеңдері, белгілі бір уақыт аралығында үзіліс кезеңдерімен алмасып отырады. Бірақ бұл жағдайларды түсіндіретін белгілі бір заңдылық жоқ. Вулкан атқылау процестерінің қарқынды кезеңдерінің арасындағы үзіліс үш-төрт жылға, немесе ондаған, кейде тіпті жүздеген-мыңдаған жылдарға созылады.

Тарихи ұзақ уақыт бойы қарқынды әрекеттерімен байқалмаған вулкандар сөнген жанартаулар — (мысалы, кавказдық вулкандар — Казбек және Эльбрус) деп аталады. Бірақ оларды сөнген (көне) және сөнбеген (қазіргі кездері мезгіл-мезгіл атқылап тұратын) деп ажырату шартты түрде ғана айтылады. Өйткені сөнген деп саналған жанартаулар күтпеген жағдайда кенеттен жанданып, қайтадан атқылауы мүмкін. Вулкан атқылау құбылысы табиғаттың ең қауіпті құбылыстарының бірі болып саналады. Адамзат тарихында оны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Тарихта белгілі Везувий жанартауы біздің эрамыздың 79 жылына дейін тыныштық күйде болған еді. Бұзыла бастаған бір кездегі вулкандық конус беткейлері орманға айналып, ол жерлерде адамдар тұрып жатты.



127

Ал 79 жылы Везувий жанартауы қайтадан жандана бастайды. Ең алдымен жер сілкініп, содан кейін барып лава атқылайды. Вулкан атқылау барысында көптеген қалалар орасан зор апатқа ұшырайды. Аттары аңызға айналған Италья қалалары (Помпея, Геркуланум және Стабия) вулкандық бомбалармен бомбыланып, лава тас-қынымен түгелдей қирап, қалыңдығы 8 м-лік вулкандық күл-топырақ астына көміледі. Аты шулы бұл апат кезін-де отыз мыңдай адам қаза болғаны тарихтан мәлім. Кейінірек, Везувий жанартауының вулкандық әрекеттері 1631, 1794, 1872, 1906 және 1944 жылдары бірнеше рет қайталанады. Осындай бір ірі апаттың мысалы ретінде Зонд бұғазында (Индонезия архипелагы) орналасқан Кракатау вулканын айтуға болады. Бұл апат екі жүз жыл үзілістен кейін барып қайталанған (27 август 1883 ж.) ірі оқиғалардың бірі болды.

Жанартаудың атқылауы бірнеше айға созылады. Вулкандық қопарылыс кезінде Кракатау аралыныд үш-тен екі (2/3) бөлігі (ауданы 75 шаршы км шамасында) жарылысқа ұшырап, оның орнында тереңдігі 300 метр-лік теңіз шығанағы пайда болды. Вулкан атқылау кезінде бөлініп шыққан күл аумағы 800 000 шаршы км ауданды алып жатты. Бұл жағдай Зонд бұғазында кемелердің жүзуіне де кедергі жасады.

Вулкандық қопарылыс кезінде пайда болған ауа толқындары Джакарта қаласына орасан зор зардабын тигізеді. Бұған қосымша, қопарылысқа байланысты мұхиттарда (Үнді, Тынық және Атлантика мұхиттары) пайда болған алып толқындар (цунамдар) 37 мыңға жуық адамның өмірін өзімен ала кетті.

Жанартау атқылау кезінде естілген гуіл Сингапур мен Австралия жеріне дейін жеткен. Осы оқиғадан кейін тынышталған Кракатау вулканы 1930 жылы қайтадан жандана бастайды. Онын, бұдан былайғы уақытта қашан және қалай басталатындырын болжап айту өте қиын.

Вулкандық әрекеттердің қарқындылығы лавалардын, химиялық құрамына, температурасына және газ күйіндегі ұшпалы компонент-тердің мөлшеріне тығыз байланысты.



Негіздік магманың құрамында газ күйіндегі заттар аз болады. Соған байланысты олар сұйық болып, вулкан атқылау барысында, жер бетіне кедергісіз оңай тасып төгіледі. Қышқыл магма қою болғандықтан баяу жылжып, вулкан көмекейінің аузын жауып қалады. Со-

128



VI. 38-сурет. Вулкандық атқылаудың түрлері:

а — гаваялық; б — стромболиандық; в — везувиандық; г — пелелік; 1 — қатайған лава; 2 — балқыран лава; 3 — газ бен күлдің бұлттары; 4 — күл мен бомбылар; 5 — күлдің қара бұлттары; 6 — “шыжып тұрған” (палящая) бұлттар; 7 —тұтқыр лаваның бағанасы (обелискі).

нымен бірге олардың құрамында ұшпалы газдар көп болғандықтан, вулкан атқылау әрекеті қопарылыс тү-рінде байқалып, атмосфера қабатына көп мөлшерде қатты күйдегі кесек бөлшектер лақтырылады.

Сонымен жанартаулар лавалық, аралас және газды-қопарылыс туғызатын вулкандар болып үш топқа ажыратылады. Олардың әрқайсысы вулкандардың бірнеше түрлерін біріктіреді (VI. 38-сурет).

Лавалық немесе эффузивтік топқа жататын вулкандар лавалардың оп-оңай кедергісіз тасып төгілуімен сипатталады. (Мысалы, Исландия жерінде байқалатын лавалық вулкандар мен Гаваялық вулкандар.)

Вулкандық таулар (жанартаулар) қазіргі кездерде де пайда болады. Мысалы, Мексика жерінде 1943 жылы егін даласында (жүгері арасында) Парикутин атты вулкан пайда болып, 10 жыл шамасында вулкан атқылау әрекеттері байқалады. Бірінші жылы 350 м-лік вулкандық конус құралып, үш жылдан соң оның биіктігі 580 м-ге дейін жетеді. Бұл вулканның бір кездегі Танситаро атты (ес;кі) сөнген вулканның етегінде құралғандығы белгілі болды.

Жер бетіндегі вулкандар құрлықтық және су асты вулкандары болып бөлінеді. Құрлықтық вулкандар әдетте тектоникалық ірі және терең жарықтардың бойында мұхит жағалаулары мен аралдық дөғалар тізбегін бой-

129

лай орналасады. Ал су асты вулкандары мұхит түбінде және мұхиторталық жоталарда кездеседі. Кейде вулкандық атқылау кезінде (лавалардың өте көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты) вулкандық аралдар пайда болады (Гавая аралдары).

Вулкандардың жарықшақтық түрлері жер қыртысының тектоникалық ірі жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне лава түрінде тасып төгіледі. Құрамы негіздік лава қатая келе базальтты жамылғылар құрайды. Исландия жерінде кездесетін вулкандардың жарықшақтық түрлері ұзындығы ондаған километрлік жарылыстар бойында базальттық лавалар түрінде (орасан зор мөлшерде) тасып төгіледі. Мысалы, 1783 жылы Лаки атты вулкан ~12,5 км3 мөлшерде лава атқылап, 560 шаршы километрлік ауданды қамтитын жамылғы кұрайды. Мұнан басқа Гекке атты вулкан (1847— 1848 ж. ж.) өте көп мөлшерде лава атқылайды. Жарықшақтық атқылау өнімдері, әсіресе ерте кездегі геологиялық кезеңдерде көптеп кездеседі.

Гаваялық вулкандар тұрі Гавая аралдарында (Мауна-Лоа және Килауэа вулкандарында) кездеседі. Олардың құрамы температурасы жоғары (~1200°С) негізді базальтты лавалардан тұрады. Сондықтан да мүндай лавалар өте қозғалмалы болып келеді. Кратерлік көл-дерде лавалар деңгейі біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, бұрқ-сарқ етіп, ылғи қайнау үстінде болады. Лаванын, құрамындағы газдар фонтан болып жоғары шап-шып (бірнеше метрден жүздеген метрге дейін) атқылайды. Вулкан кратері лаваға әбден толған кезде, лава одан асып төгіліп, вулкан беткейімен аға бастайды. Олардың ағу жылдамдығы 30—40 км/сағ-қа дейін жетеді.

Гаваялық вулкандар биік қыраттар курайды. Олардың беткейлері көлбеу (5—10") болып келеді. Мұндай вулкандардың пішіні жантая орналасқан қалқанға ұқсайды. Сондықтан олар кейде қалқанды вулкандар деп аталады. Мауна-Лоа вулканының конусы мұхит түбінен бастап көтеріліп (4650 метрлік тереңдіктен), мұхит дең-гейінен 4170 м жоғары биіктікте орналасады. Бұл вулканның жалпы биіктігі шамамен 9000 м-ге дейін жетеді. Оның ең биік шыңында (ұзындығы 6 км, ені 1,8—3 км-лік) кальдера байқалады.

Килауэа вулканы биіктігі ~ 1350 м-лік (теңіз деңгейінен жоғары) шағын ғана дене.



130

Аралас (газды-қопарылыс туғызатын және лавалық) вулкандар кейде эксплозивті-эффузивтік (грек тілінде “эксплозио” — қопарылыс деген мағынада) вулкандар деп те аталады.

Мұндай вулкандардың атқылау барысында жер бетіне лақтырылатын немесе тасып төгілетін вулкандық заттар қатты, сұйық және газ күйінде бөлініп шығады. Қатты және сұйық күйдегі вулкандық заттар қабатты конус құрайтын жағдайда стратовулкан (латын тілінде “стратум” — қабат деген мағынада) деп аталады. Мұндай вулкандарда қатайған лава туфты қабаттармен алмаса орналасады (VI. 39-сурет). Олардың жоғарғы бөліктерінде кальдера (ұзынша немесе дөңгелек пішінді) орналасып, оның ортасында жас конустар өсіп жетіледі,

Вулкандардың стромболиандық түрі Жерорта теңізіндегі Липара аралдарында (теңіз деңгейінен 900 м жоғары биіктікте) кездеседі. Лаваның құрамы базальттық болып саналады, бірақ вулкандардың Гаваялық. түрімен салыстырғанда температурасы төменірек (1000— 1100°С) болып келеді. Сондықтан олар ұшпалы газдарға бай болып, ссшан байланысты өте баяу қозғалады. Әрбір жарты сағат сайын қою лава жер бетіне сығыла шығып, немесе вулкандық бомбылар мен лапиллийлер” түрінде лақтырылып жатады. Мысалы, Оцтүстік Америка жеріндегі Исалько атты вулкан және т. б,

Вулкандардың этновезувиандық түрлеріне Неаполйтан шығанағында орналасқан Везувий, Жерорта теңізінде — Вулкано, Сицилия жерінде — Этна, Камчатка жарты аралындағы көптеген вулкандарды (Қлючевск, Карымск, Авачинск және т. б.), Курильск аралдарындағы (Аюлы, Тятя), Жапониядағы және т. б. жерлердегі вулкандарды жатқызуға болады. Олардың құрылысы өте күрделі: вулкандық (ескі) конустың үстінде өте үл-кен кальдера (апан-шұңқыр), оның ішінде жаңадан пайда болған жас конус орналасып, оның өзі де (қосымша) бүйірлік конустармен қосылып онан сайын күрделене түседі.

VI. 39-сурет. Стратовулкая.





131

Эруптивтік әрекеттер мезгіл-мезгіл қайталанып отырады, бірақ олардың арасындағы үзіліс (тыныштық күйдегі жағдайдың ұзақтығы) бірнеше жылдан жүздеген жылдарға дейін созылады (вулкандардың стромболиандық түрімен салыстырғанда). Вулкандардың мұндай түрлерінің негізгі құрамы андезиттік, сирегірек андезитті — базальттық болып келеді.

Вулкандық лава, әдетте баяу қозғалатын қоймалжың балқымалар түрінде кездеседі. Лаваның температурасы 1000°С шамасында, ал тұтқырлығы жоғары болғандықтан олар кейде вулкандык. көмекейдің ауызын бітеп тастайды. Осындай жардайда көп мөлшерде жиналған (вулкан көмекейінде) газдар мен булар ең ал-дымен жер сілкінісін- содан соң барып қопарылыс туғызады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде ауа қабатына вулкандық заттар (күл-топырақтар, лапиллилер және бомбалар түрінде) өте көп мөлшерде лақтырылады. Вулкандық лавалар фонтан болып атқылайды.

Олар (қалыңдығы 4—5 м-лік, ұзындығы 20 км-ге дейін жететін) вулкандық тасқындар түрінде қатаяды. Қопарылыс күші әлсірей келе, біртіндеп тоқтайды. Сонымен, вулкандық атқылау әрекеттерінің әрбір кезеңі эксплозивтік процестерден басталып эффузивтік әрекеттермен аяқталады.

Газды қопарылыс кезінде құралатын вулкандарды эксплозивті-экструзивтік (грек тілінде “эксплозио” — қопарылыс, “экструзио” — сығу деген мағынада) деп атайды. Мұндай жанартауларда газдардың қопарылысы кезінде орасан зор мөлшерде вулкандық қатты заттар атқыланады. Ал лава (андезиттік-дацитты) әдеттегідей емін-еркін жер бетіне тасып төгілудін, орнына, сырылу әрекеттеріне байланысты баяу қозғалып қысыла цщгады. Бұл процестердің нәтижесінде пайда болған күмбез шыңдар мен конусты мүнаралар кейінірек бұзыла келе ірі жартастарға айналады. Қейде лавалар қа-лыңдығы 4—5 м-лік қысқа толқынды тасқындар (вулкандық тілше түрінде) құрап, катаяды.

Вулкандық атқылаудың пелейлік түрі Кариб теңізінің Мартиника аралында (Кіші, Антиль аралдық доғалары) орналасқан Мон-Пеле (Тақыртау) атты вулканның атымен байланысты. Мұндай лавалардың құрамы

андезиттік, темлературалары 700—800°С болып, өте тұтқыр бөлшектерден құралады. Олар жер бетіне атқылау кезінде тез қатайып, вулкан кратері бітеліп қалады.



132

Соған байланысты кратер аузында жиналған вулка”-дык газдар мен булар ірі қопарылыс туғызады.

Бұл процестердің нәтижесінде газды бұлттар түзіліп, вулкандық қатты заттар бомбы болып атқылайды. Ал вулкандық ыстық лавалар өте тез жылдамдықпен тасып төгіліп, мұнаралы күмбез-шыңдар құрайды.

Мон-Пеле атты вулкан атқылауы кезінде апатты оқиға (1902 жылы) болған еді. Бұл апат кезінде 30 мың-ға жуық тұрғындары бар қала (Сен-Пьер қаласы) санаулы минут ішінде ыстық лава астында қалады. Мон-Пеле жанартауының атқылауы баржоғы төрт айдың. ішінде үш рет (1902 ж., 8 май, 20 май, 30 август) қайталанған. Кейінірек 1929—1933 ж. ж. аралығында Мон-Пеле вулканы қайтадан жанданып, кішігірім атқылаулар бірнеше рет байқалды.

Вулкандық атқылаудың бұл түріне Шивелуча (ТМД„ 1944, 1964), Мерани (Ява аралы), Ламингтон (жаңа Гвинея) және т. б. жанартауларды жатқызуға болады.

Вулкандық атқылаудың кракатаулық түрі Зонд бұразында Ява және Суматра аралдарынын, аралығында орналасқан Кракатау жанартауын (Индонезия), Қатмай (Аляска), Бандай-Сан (Жапония) және басқа жанар-тауларын біріктіреді. Құрамы орта және қышқыл магмадан тұратын лавалар өте қою болғандықтан, өз бетінше тасып төгіліп жатпайды. Олар (орасан зор қысым күштерінің әсерінен туатын) газдардың қопарылысы кезінде, қатты күйдегі вулкандық заттар түрінде атқылайды. Соған байланысты вулкандық конустар жарылысқа ұшырап, опырылу нәтижесінде өте ірі қазан-шұң-қырлар (кальдера) пайда болады.

Лаваның құрамындағы газдар жоғары қабаттарға көтерілу барысында лаваны көбіктендіріп, қатая келе кеуек-түтікті жыныстар (пемза) түзіледі.

Кракатау жанартауының атқылауы кезінде, яғни 1883 жылдың август айында үш күн ішінде шамамен 18 км3 тау жыныстары қопарылып, пемза түріндегі вулкандық заттар жоғары (30 км-лік биіктікке дейін) атқылады. Ал вулкандық күл-топырақтар 80 км-ге дейінгі биіктікке көтерілген.

1927—1933 жылдар аралығында қайта байқалған вулкандық атқылаулар кезінде Апак-Кракатау (индоне-зия гілінде “апак” — сәби деген мағынада) атты жаңа конус өсіп жетілді. Жоғарыда аталған вулкандардың барлық түрлері полигендік (грек тілінде “поли” — көп деген мағынада) вулкандар қатарына жатады.

133

Қопарылыс түтіктері моногендік (грек тілінде “моно” — бір деген мағынада) вулкандарға жатады. Олар вулкандық газдардың қопарылысы кезінде (бір-ақ рет байқалып), лавалар атқыламаған жағдайда пайда болады. Мұндай түтіктер (диаметрі 80—100 м-ге дейін) газды қопарылыс кезінде атқыланған қатты күйдегі вул-кандық заттармен толады. Олар көбінесе кимберлитті түтіктер деп аталады. Өйткені мұндай түтіктер алғаш рет Кимберли тауыныд (Оңтүстік Африка) маңайынан табылды. Әдетте, кимберлитті түтіктермен байланысты алмас кен орындары жиі кездеседі. Мұндай түтіктерде құралған брекчия (женттас) түріндегі алмасты жыныс-тар кимберлиттер деп аталады. Олардың негізгі құрамы мантия қабатында кездесетін ультранегізді жыныстарға (гранатты перидотиттерге) жақын. Осындай деректер негізінде алғашқы магма жорарғы мантия қабатында пайда болып, газды қопарылыс кезінде жер бетіне қарай жылдам көтеріледі деген қорытынды жасауға болады. Біздің елімізде кимберлитті түтіктер алғаш рет Якутиядан табылған. Вулкандық түтіктер кейде диатрема (грек тілінде “трема” — тесік, “диа” — арқылы деген мағынада) деп аталады. Мұндай түтіктер ФРГ, Франция, Мексика, Жаңа Зеландия, Шотландия, Оңтүстік Америка жерлерінде де кездеседі.

Мысалы, ФРГ жерінде (Эйфель) шағын ғана ауданда 130-дан астам копарылыс түтіктері табылғандығы белгілі. Бұл түтіктердің өзегі (500 м-ге дейінгі тереңдікте) қопарылысқа ұшыраған жыныстардың сынык, бөлшектерімен толып, ал одан төменгі қабаттарда базальтты жыныстар орналасқан. Мұндай вулкандардың көпшілігі суға толып көлге айналады. Олар жергілікті тілде “маар” (көл деген мағынада) деп аталады (VI. 40-сурет).



Поствулкандык, әрекеттер (латын тілінде “пост” — кейін немесе соң деген мағынада), басқаша айтқанда, вулкандық атқылау процестері тоқталраннан кейін байқалатын жағдайлар (газдардың гейзерлердің, ыстық



VI. 40-сурет. Маардық схемалық құрылысы.

134

VI. 41-сурет. Гейзердіқ схемалық қимасы.



сулардың бөлінуі және т. б.) жердің терең қабаттарында геология-лық әрекеттердін, ешуақытта да тоқталмаи-тындығын көрсетеді.

Мысалы, вулкандық газдар (фумаролдар, сольфатарлар, мофеттер) вулкан атқылау әрекеттері тоқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы сөнген жанартаудын, кратері арқылы және вулкандық конус беткейінде байқалатын жарықшақтарды бойлай галоидтар құрамына кіретін газдар, күкірт, көміртегі, су буы және т. б. газдар түрінде ұшып шығып жатады.

Ыстық су көздері (температурасы 100°С-қа дейін) вулканды аймақтардың бәрінде кездеседі. Біздің елімізде олар Курил аралдарында (Камчатка) кең таралған.

Гейзерлер белгілі бір уақыт аралығында су буы түрінде бөлініп шығатын және дүркін-дүркін ыстық су атқылайтын бұлақтар түрінде кездеседі (VI. 41-сурет). Олар алғаш рет Исландия жерінде Гейзер атты ауданда байқалған. Сондықтан мұндай ыстық су көздері гейзер деп аталады.

VI. 2. 3. Магмалық тау жыныстары

Магмалык, тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабат-тарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.



135

Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.

Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау