Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 3,62 Mb.
бет16/22
Дата14.02.2018
өлшемі3,62 Mb.
#9588
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

VII. 2-сурет. Қабаттың жату элементтері:

аб — ұзына бойлық созылыс бағыта (простирание); вг — құлау ба-ғыты (падения), а —құлама бұрыш.





149

Шөгінді қабаттардың жатыс элементтері тау компасы арқылы өлшенеді. Оның, бұрыш өлшегіші (клиноме арқылы құлама бұрыштың шамасын дәл анықтауға болады. Құлама сызық пен оның горизонталь жазықты тағы проекциясының арасындағы бұрыш құлау бұршын құрайды. Созылу сызығы оның азимуты арқылы, құлама сызықтың бағыты азимут және құлау бұрыш арқылы анықталады.

Белгілі бір бағыттың азимуты деп, шын меридианның солтүстік бағыты мен анықталуға тиісті бағытынын, арсындағы (оң дәреже-дегі) векторлық бұрышты айтады. Созылу сызығының азимуты қарама-қарсы екі бағытта анықталады. Олар бір-бірінен І80°-қа ажыратылады. Құлау сызығының азимуты тек бір бағытта ғана (құлу бағытында) анықталады. Оның шамасы созылу сызғының азимутымен салыстырғанда 90°-қа ажыратылады.

VII. 2. 1. Қатпарлы (пликативтік) құрылымдар

Қатпарлы дислокация төрт түрлі жағдайда: жоғар қарай иілген (дөңес пішінді) антиклиналдар (VII. 3-с рет); төмен қарай иілген (ойыс пішінді) синклиналдар (VII. 3-сурет); әр түрлі биіктікте көлбеу жатқан қабаттарды байланыстыратын тік бағытта кұлай орналасқан (тізенің бүгілісі секілді) бүгілмелер флексуралар (VI 4-сурет); ылдиға қарай құлай орналасқан қабаттар (еңіс пішінді) моноклиналдар (VII. 4-сурет) түрінде кездеседі.

Ұзыннан-ұзақ созылған жайпақ пішінді моноклинадық құрылым-дар платформалық аймақтарға, ал тікшлеу келген түрлері платформадан қатпарлы-таулы а мақтарға ауысатын аралық зона-ларға тән болып келеді.

Синклиналдық қатпарлардың орталық (ядро) бөлік тері жас қабаттардан, ал антиклиналдарда көне жастағы тау жыныстары қабаттарынан құралады.

Антиклиналдық және синклиналдық құрылымдар бі бірімен жалғаса орналасып, қатар кездескен жағдай-





VII. 3-сурет. Антиклиналды (А) және синклиналды (Б) қатпарлар:

1 — көне қабат; 4 — еқ жас қабат



150

.

VII. 4-сурет. Тау жыныстарының қабатталып орналасу пішіндері немесе жатыс пішіндері:

А — көлбеу жатыс; Б — бір бағытта қисая жату (моноклинді); В — флексуралық жату; Г — қатпарланып жату.

ларда ғана толық қатпар түзіледі. Әрбір қатпардың морфологиялық пішіні оның геометриялық элементтерінің (қанаттары, ядросы, шоқтығы, жоны, қатпарлану бұрышы, ось жазықтығы және осі) өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады (VII. 5, VII. 6-суреттер).

VII. 5-сурет. Қатпарлардың элементтері:



I—2, 5—6 — синклиналдың құлпы; 3— 4, 7—8 — антиклиналдық құлпы (күмбез) 2—3; 4—5, 6—7 — қатпардың қанатгары; а — қатпардың бұрышы; а—б— в—г — осьтік бет; д—е — топса.





VII. 6-сурет. Осьтік сызық (АБ) пен топсаның (ВГ, В' Г') қатпардағы орны:

а—б—в—г — осьтік бет.



151

 

VII. 7-сурет. Қатпардың осьтік беті мен қанатының орналасу жағдайына қарай жіктелуі:

А — тура немесе түзу; Б — еңкіш келген құламалы, В—төңкерілген; Г — жатпа; Д — сүңгіме (аударылған).

Ось жазықтығының орналасу жағдайына қарай олар түзу (екі қанатының да құлау бұрышы бірдей болса), қиғаш (бір қанаты екінші қанатымен салыстырғанда тігірек келсе), төңкерілген немесе аударылған (шоқтығы бір жақ қанатына қарай қисайып, құлай орналасқан жағдайда), жатық немесе жығылған (шоқтығы не тө-менде, не жоғарыда емес, бір жақ бүйірінде болса, былайша айтқанда ось жазықтығы көлденең орналасқан жағдайда) қатпарларға ажыратылады (VII. 7-сурет).

Төңкерілген немесе аударылған және жатық пішінді (жантая орналасқан) қатпарлардың жоғарғы қанатын (ось жазықтығынан жоғары орналасқан) құрайтын шөгінді қабаттарының алғашқы орналасу реті бұзылмай бұрынғыша (жас қабаттар көне қабаттардың үстіне қарай) сақталады. Ал ось жазықтығынан төмен орналасқан қанатында кездесетін жыныстардың орналасу тәртібі керісінше болып (көне жыныстар жас қабаттардың үстінде орналасады) келеді.

Шоқтығының пішітне жэне қанаттарының өзара қарым-қатынасына қарай (VII. 8-сурет) олар дөңгелек пішінді (немесе үшкір), изоклиналды, желпуіш (веер) және сандықша тәрізді қатпарларға ажыратылады.

Дөңгелек пішінді қатпарлардың шоқтығы үшкір бұрышты болып, ал изоклиналды қатпарлардың шоқтығы тар және қанаттары бір-біріне параллель болып келеді. Желпуіш секілді қатпарлардың шоқтығы жалпақ, кең болып және қанаттары желпуіш секілді таралып, жайыла орналасады. Сандықша пішінді қатпарлар өте кең шоқтығымен және қанаттарының тікбұрыштылығымен ажыратылады.

Ұзындығы мен енінің шамасына қарай олар күмбездер (куполалар), брахиқатпарлар және белгілі бір ба-

152


 

VII. 8-сурет. Қатпарлардың қанаттарынын, қатынасына қарай және құлыптарының пішіндеріне қарай жіктелуі. Қалыпты жағдайдағы:

А — үшкір келген өткірлері; Б — жұмырланған, В — изоклиналды; Г — желпуіш тәрізді, Д — сандық (қорап) тәрізді.

ғытта созыла орналасқан (бағытталған) қатпарларға ажыратылады (VII. 9-сурет).

Изометриялық өлшеммен сипатталатын антиклиналдық көтеріңкі қатпарлар күмбез (купола) деп аталады. Олардың ұзындығы енімен салыстырғанда екі еседен артық болмауы тиіс.

Күмбездерге ұқсас синклиналды ойыс қатпарлар шұңғымалар (мульдалар) деп аталады. Күмбез тектес қатпарлардың ерекше бір түрі диапирлік қатпарлар-пластикалық қасиеті өте жоғары жаншылғыш жыныстардың (тұздар, саздар, гипс және т. б.) жоғары қарай көтерілуі барысында (қатпарлы құрылымдардың ядросын құрайды) қалыптасады (VII. 10-сурет).







VII. 9-сурет. Қатпарлардың жоғарыдан қарағандағы көрінісі (планы):

А — түзу сызықты қатпар; Б — брахиқатпарлар; 1 — брахиантиклинал, 2-- брахисинклинал; В — изометриялық қатпарлар: 1 — күмбез; 2 — мульда (табақ тәрізді ойпаттардың ең шұқғыл жері). Қабаттық құлау бағыты стрелкамен көрсетілген.

Сызықтық қатпарлар белгілі бір бағытта ұзыннан-ұзақ созыла орналасады. Олар тау жыныстарының өте күшті жанышталу әрекеттеріне ұшырауы кезінде пайда болады. Мұндай құрылымдардың ұзындығы еніне қара-

153




VII. 10-сурет. Диапирлік (кумбез тектес) қатпар.

ғанда өте ұзын (5:1) болады. Брахиқатпарларда олардың ұзындығы енімен салыстырғанда 2—5 есе артық. Олар брахисинклиналдар мен брахиантиклиналдарға ажыратылады.



Жекеленген антиклиналды және синклиналды қатпарлар топтасып біріге келе күрделі қатпарлар — дөңесі пішінді, ірі антиклинорийлер, ойыс пішінді ірі синклинорийлер түзіледі (VII. 11-сурет). Мұндай құрылымдар қатпарлы таулы (геосинклиналды) аймақтарда ғана кездеседі. Ал брахиқатпарлар, күмбездер, шұңғьшалар (мульдалар) және флексуралар платформалық аймақ- тарда көбірек байқалады. Олар әдетте үзілмелі құрылымдар түзеді.



VII. 11-сурет. Антиклинорий (А) мен синклинорий (Б).

VII. 2. 2. Үзілмелі-жарылмалы (дизъюнктивтік) жақпарлы құрылымдар

Жарықшақтыққа ұшыраған тау жыныстарының жеке блоктары бір жағдайда өзгеріссіз алғашқы қалпында сақталады (диаклаздар), ал екінші бір жағдайда алғашқы орындарынан ауысып орналасады (параклаздар).

Бірінші жағдайда байқалатын бұзылыстар қатарына әр түрлі мөлшердегі кішігірім жарықтар мен жарық-



154

шактарды (сызаттарды) жатқызуға болады. Олар тауныстарының барлық түрлерінде де (азды-көпті мөлшерде) кездеседі. Жер қыртысының белгілі бір аудандарында ғана топтасқан жарықшақтар (немесе сызаттар) жарықшақтану (немесе сызаттану) деп аталады. Олар ездерінің өзара орналасу жағдайының ерекшеліктерімен (әр түрлі бағытта орналасқан сызаттар жүйесінің саны немесе қалыңдығы, өзара орналасу тәртібі және т. б.) сипатталады.

Тау жыныстарының сызаттанып жарықшақтануы, табиғатта өте кең таралған. Жаратылысына қарай олар тектоникамен байланысты және байланыссыз болып ажыратылады.

Тектоникамен тікелей байланысы жоқ жарықшақтар қатарына петрогенетикалық немесе тау жыныстарының алғашқы қалыптасу барысында пайда болған сызаттарды жатқызады.

Магмалық жыныстардың суынып қатаюы кезінде петрогенетика-лық сызаттар, ал шөгінді тұнбалардыц, шөгінді жыныстарға айналу барысында (тығыздалу, кебу, көлемнің азайып температураның өзгеруі және т. б.) диагенетикалық жарықшақтар пайда болады. Бұлардан басқа, тектоникамен байланысы жоқ жарықшақтар қа-тарына жер бетінде (екінші ретте) қайталай пайда болған (экзогендік процестермен байланысты) жарықшақтарды жатқызуға болады. Олар үгілу, жылжу әрекеттерімен байланысты өзен аңғарларында немесе жыраларда байқалатын жарықшақтар түрінде кездеседі.

Тектоникалық жарықтар мен жарықшақтар тектоникалық қозғалыстар кезінде туатын кернеу күштеріне қатысты пайда болады. Олар шөгінді қабаттарды және магмалық денелерді қиып өтіп, ұзыннан-ұзақ созылып жатады. Әдетте, осындай жарықтар мен жарықшақтарда рудалық минералдар жиі кездеседі.

Жарықтар мен жарықшақтар ашық, жабық және жасырынды түрде кездеседі. Ашық жарықшақтар жол-жол болып ұзынша созылған тілік түрінде анық байқалады. Жабық түрдегі жарықшақтардың негізгі барытын (жай көзбен) анықтау оңай болғанымен олардын, қуыстығын анықтау өте қиын (қабырғалары өте жақын орналасқандықтан). Ал жай көзге байқалмайтын жасы-рынды жарықшақтарды тау жыныстарын сындырып Қарау арқылы ажыратуға болады.

Жарықтар мен жарықшактардың жалпы ұзындығы "бірнеше см-ден бірнеше км-ге дейін жетеді. Олар кейде



жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау